КЛИМАКСТЫҚ КЕЗЕҢ

Климакстық кезең: бұл не? Климакстық кезеңнің пайда болуының ең айқын көріністерінің бірі – ыстықтау. Ол қысқамерзімді ыстықтаумен, тершеңдіктің жоғарылауымен, беймазалықпен, жүректің жиі соғуымен, кейде дірілдеумен сипатталады. Одан бөлек психоэмоционалды жағдай да өзгереді: көңіл-күйдің тез өзгеріп, ашуланшақтық пайда болып, ұйқы бұзылады. Климакс — ауру емес. Бұл — әйелдің ерекше жағдайы, олардың бойында кездесетін жаңа кезең. Климакс […]
Өткір гастрит

Өткір гастрит Өткір гастрит— асқазанның шырышты қабығын зақымдайтын қабыну процессі. Гастриттер — гастроэнтерологияда ең жиі таралған потологиялық аурулар. Статистика бойынша, планетамызда гастриттің әр түрімен әрбір екінші адам ауырады. Өткір гастритте әдетте тек жоғарғы эпителий қабаты мен безді қарын ғана қабынады. Кейде ғана қабыну процессі асқазанның терең шырышты және тіпті бұлшық етті қабырғасына тарайды. Өткір гастрит […]
Көз торының абиотрофиясы

Көз торының абиотрофиясы— көз торының біртіндеп бұзылатын, дистрофиялық сипатқа ие әркелкі топтағы тұқымқуалаушылық ауру. Көз торының бұзылу салдарынан көз көргіштігі төмепдейді, кей жағдайда соқырлыққа алып келеді. Көз ауруының бұл түрі сирек кездеседі. Көз торының абиотрофиясында ең әуелі көз торының таяқшалары бұзылады. Бұл фоторецепторлар перифериялық ақ-қара ақшамды көз көргіштігіне жауап береді. Бұл аурумен ауыратындар нашар жарықтанған […]
Лактостаз

Лактостаз –емізулі әйелдің сүт безіндегі түтікшеде сүттің тұрып қалуы.Лактостаз түтікшенің қысылып қалуымен, гиперлактациямен, емізуде қиналғанда, емізуді бірден тоқтатқанда, тар іш киім киюмен байланысты пайда болады. Бездердің ауырсынуы, олардың қызарып, нығыз болуы, емізгенде және сауғанда ауырсыну байқалады. Дер кезінде емделмеу бастапқыда инфекциялы емес маститке, сосын ота қажет ететін инфекциялы маститке алып келеді. Себептері: Емшектен сүттің толықтай шықпауы. […]
Сүт безі ісігін емдеу және профилактика

Емдеу: Ісіктің көлемі мен лимфа түйіндерінің қаншалықты зақымдалғанына байланысты 2 түрлі ота жасалады: Ішкі ағза мүшелерін сақтап қалатын (лампэктомия, квадраетэтомия) Мастэктомия. Жағымсыз болжам факторлары: 35-тен төмен жас Ісіктің жоғарғы қатерлі түрі Аумақтық лимфо түйіндердің ісігінің өсуі Эстроген мен прогестеронға деген рецептрлердің жоқ болуы HER-2/neu онкогенінің жоғары белсенділігі Сәулелі терапия Ота жасалған соң барлық әйелдерге сәулемен […]
Сүт безінің қатерлі ісігі

Сүт безінің қатерлі ісігі – әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық ауру. Ауруды 55-60 жастан кейін табады, бірақ соңғы кезде ауру «жасарып келеді», яғни 30-45 жас аралығындағы келіншектерге де бұл диагноз қойылып жүр. Сүт безінің қатерлі ісігінің дамуына себепші факторлар: Сүт бездерінің қатерлі ісігін тудырушы факторлар әлі табылмаған. Ісікті үлкейтетін ғана қауіптер бар: Әйелдің бала […]
Ларингит

Ларингит— суық тию, немесе қызылша, қызамық, көкжөтел сияқты инфекциялы аурулардың салдарынан болатын көмейдің қабынуы. Аурудың асқынуына салқындап қалу, ауызбен демалу, шаңды ауа, көмейге күш түскенде, темекі және ішімдік ішу әсер етеді. Ларингиттің екі түрі бар: өткір және созылмалы. Симптомикаларына байланысты бұл екі түрі бірнеше түрге бөлінеді. Атрофиялық ларингит: Ларингиттің бұл түрінде науқастар ауыз құрғақтығына, жөтелге, […]
Пневмония (Өкпенің қабынуы)

Пневмония (өкпе қабынуы) – төменгі тыныс жолдарының өткір инфекциялы ауруы. Пневмонияның түрлері: Аурухананы қажетпейтін түрі. Ең кең таралған түрі. Госпитальді пневмония. Бүл науқас ауруханада 72 тәуліктен артық жатқанда ауыратын түрі. Бірақ науқаста ауруханаға түскенде өкпе қабынуының книликалық сипаттамасы болмаған. Аспирациялық пневмония. Тыныс жолдарына бөтен заттардың (тамақ, су және т.б.) тұрып қалуы. Пневмонияның ерекше түрі. Бұл […]
Миокард инфарктісі

Миокард инфарткісі – жүректің ишемиялық аурударының бір түрі. Жүрек бұлшықеттеріне қан жетіспей, қанжетпеген орында физиологиялық процесстер бұзылып, бұлшықеттердің өлуі Симптомдар: Кеуде тұста ауырсынудың ұзақ және интенсивті болуы Асқазанның жағымсыз ауруы, іштің ауырсынуы Жүрек соғысының бұзылуы Тыныс алудың қиындауы Үрейлік сезім Суық тер Бас ауру Бас айналу, ентігу, әлсіздік және есінен тану Себептері: Темекі шегу Артық […]
Бронх демікпесі

Бронх демікпесі— ең жиі кездесетін тыныс жолдарының ауруы. Бұл тыныс жолдарының әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығынан пайда болатын созылмалы қабыну ауруы. Демікпенің негізгі белгілері: Тыныстың тарылуы Жөтел немесе демнің ысқырып шығуы Ентігу .Ауру әдетте ерте жастан басталады. Балалардың 50 пайызы дұрыс емделсе, аурудан толық айығады. Бронх демікпесінің себептері: Балалар да, үлкендер де демікпемен не үшін ауыратыны әлі […]