Көз торының абиотрофиясы

Көз торының абиотрофиясы— көз торының біртіндеп бұзылатын, дистрофиялық сипатқа ие  әркелкі топтағы тұқымқуалаушылық ауру. Көз торының бұзылу салдарынан көз көргіштігі төмепдейді, кей жағдайда соқырлыққа алып келеді. Көз ауруының бұл түрі сирек кездеседі.

Көз торының абиотрофиясында ең әуелі көз торының таяқшалары бұзылады. Бұл фоторецепторлар перифериялық ақ-қара ақшамды көз көргіштігіне жауап береді. Бұл аурумен ауыратындар нашар жарықтанған бөлмеде,қараңғыда тұспал ала алмай қалады. Ауру әр адамда әр түрлі дамиды, кейбірінде жәй, кейбірінде жылдам асқынады. Әдетте, көз торының абиотрофиясын бала кезден табуға болады, алайда кей жағдайда үлкейгенде де бұл аурудың симптомдары мазалап бастайды.

Симптомдары:

Симптомдар әртүрлі келеді.

  • Көздің көргіштігі төмендейді
  • Ақшамсоқырлық (гемералопия)
  • Түстерді қабылдау функциясының бұзылуы
  • Көздің тез шаршауы

Диагностика

Ауруды офтальмологиялық және генетикалық тәсілдермен анықтайды. Олар офтальмоскопия, электроретинография, флуоресцентнті ангиография, отбасылық анамнезді зерттеу және дефекті бар генді анықтау).

Себептері:

  • Тұқымқуалаушылық
  • Гендердің мутацияға ұшырауы

Салдары:

Көз торының пигментті абиотрофиясы көз торының макулярлы дегенерациясына, су қараңғылық (глаукома), катаракта, соқырлыққа алып келеді.

Емдеу:

Көз торының абиотрофиясының көп түрлері емдеуге келмейді, бірақ симптоматикалық және демеуші ем арқылы кейбір симптомдарды жеңілетіп, аурудың асқынуын баяулатуға болады. Ол үшін арнайы көз торын қоректендіретін, көздегі қанайналымды жақсартатын дәрумендер мен дәрі-дәрмектер ішіледі.

Қазіргі уақытта мамандар лазерлі, микрохирургиялық және физиотерапиялық тәсілдермен аурудың асқынуын тоқтатып, соқырлыққа ұласпайтындай етіп мүмкіндік береді.

Профилактика:

Көздің бұл ауруы тұқымқуалаушылық ауру болғандықтан, профилактикалық ем мен амал қарастырылмаған.

 

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика