Лактостаз

Лактостаз –емізулі әйелдің сүт безіндегі түтікшеде сүттің тұрып қалуы.Лактостаз түтікшенің қысылып қалуымен, гиперлактациямен, емізуде қиналғанда, емізуді бірден тоқтатқанда, тар іш киім киюмен байланысты пайда болады. Бездердің ауырсынуы, олардың қызарып, нығыз болуы, емізгенде және сауғанда ауырсыну байқалады. Дер кезінде емделмеу бастапқыда инфекциялы емес маститке, сосын ота қажет ететін инфекциялы маститке алып келеді.

Себептері:

  • Емшектен сүттің толықтай шықпауы. Оған ұзақ уақыт бір емшектен емізу, түнгі емізуден бас тарту, емізу уақыт аралығын ұзарту алып келеді.
  • Баланы жайсыз емізу
  • Емізу кезінде емшек ұзын екі саусақпен, қайшы сияқты ұстап тұру. Бұл сүт ағызу түтікшелеріне салмақ түсіреді.
  • Дұрыс таңдалмаған, тар іш киім.
  • Ет бетімен жату әдеті
  • Сүттің көп бөлінуі және сүтті сауып тастауға дұрыс мән бермеу
  • Сүт бездерінің патологиялық дамуы: сүт өткізу түтікшелерінің тар келуі, ішке батқан емшек ұшы, бездердің төменгі жағының салбырауы
  • Салқындап қалу
  • Емшек ұштарының жарылуы
  • Лактация кезінде емізуден бас тарту
  • Емізуді тоқтату үшін кеудені дәкемен орау
  • Сүт бездерінің зақымдануы

Симптомдары:

Көкіректердің ассиметриялы ұлғаюы

Сүт бездерінің нығыздалуы

Емшектің бұдыр болуы

Тысыраю сияқты сезіну мен ауырсыну

Егер бір-екі тәулікте емдемесе, лактостаз маститке ұласады.

Емдеу және профилактика

  • Түтікшелерден сүтті еркін ағызуға қыздыру, массаж көмектеседі
  • Дем алу, тынығу, стрессті болдырмау
  • Көкіректі қысатын тар іш киім кимеу
  • Ет бетімен, арқамен жатпау керек, жанымен жатқан дүрыс
  • Баланы жиі емізу керек. Алдымен ауырып тұрған емшекпен емізіп, сосын екінші емшекпен емізу керек
  • Баланы қолайлы емізу керек
  • Қалған сүтті сауып тастап отыру қажет

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Дальтонизм

Дальтонизм – бұл көздің тума (сирек жағдайда жүре келе)...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...