Өткір гастрит
Өткір гастрит– асқазанның шырышты қабығын зақымдайтын қабыну процессі.
Гастриттер – гастроэнтерологияда ең жиі таралған потологиялық аурулар. Статистика бойынша, планетамызда гастриттің әр түрімен әрбір екінші адам ауырады. Өткір гастритте әдетте тек жоғарғы эпителий қабаты мен безді қарын ғана қабынады. Кейде ғана қабыну процессі асқазанның терең шырышты және тіпті бұлшық етті қабырғасына тарайды. Өткір гастрит шырышты эрозияға, асқазан-ішектен қан кетуіне, асқазанның тыртықтануына, іріңді-септикалық асқынуға, созылмалы гастритке ұласу қаупін туғызады.
Себептері:
Гастриттің дамуына қарай екіге бөледі: эндогенді және экзогенді гастритттер.
Өткір эндогенді гастриттің ағзада инфекцияның болуына байланысты дамиды. Әдетте ең жиі этиологиялық агент ретінде хеликобактериялар ауруды туғызады. Хеликобактериялар әртүрлі зиянды заттар мен ферменттер бөліп, асқазан қабығын қабындырады. Хеликобактериялық инфекциялар сонымен қатар, асқазанның ойық жарасын да туғызады.
Этиологиялық факторлары ретінде тағам агенттері(ыстықтан өткен, механикалық және химиялық тағамдар) экзогенді гастритті туғызады. Тым ыстық, ащы және құнарсыз тағамдар асқазанның шырышты қабығын тітіркендіріп, өткір гастритке алып келеді. Сонымен қатар, шылым шегу, алкоголь және кофе ішу де асқазанның шырышты қабығына зақым береді.
Экзогенді гастриттің себептері ретінде сонымен қатар, тағамнан улану, кейбір фармокологиялық дәрі-дәрмектерді қабылдау, радиациялық ем қабылдау, асқазанға химиялық заттардың түсіп кетуі, улы заттарды көп мөлшерде пайдалану да жатады.
Өткір аллергиялық гастрит – қандай да бір тағамға болған аллергиялық реакциядан пайда болатын түрі. Қосымша есекжем, ангионевротикалық ісік, демікпе сияқты басқа да аурулармен қоса пайда болады.
Симптомдары:
Этиологиялық факторлар әсер еткеннен соң гастрит 6-12 сағаттан кейін пайда болады.
- Тәбеттің жоғалуы
- Эпигастрияда жайсыздық пен ауырлық сезімнің пайда болуы
- Бірқалыпты ауырсыну
- Ауызда жағымсыз дәмнің келуі
- Кекіру
- Жүрек айну, құсу
Тағам инфекцияларынан болған гастритте:
- Сұйық нәжіс
- Метеоризм
- Дене қызуының көтерілуі
- Қайталама құсу мен іш өту дене құрғауына әкелуі мүмкін, ал ол ағзада әлсіздік, бас айналу мен бас ауру туғызады.
Өткір аллергиялық гастритте:
Жоғарыдағы симптомдардан бөлек бөртпе, эритема, қышыма, Квинке ісігі және т.б. аллергиялық симптомдар байқалады.
Эрозиялық гастритте қан аралас құсу байқалады.
Өткір флегмонозды гастритте жоғары дене қызуы, дене түршігуі, ірің аралас қусу, асқазан тұсында қатты ауырсыну байқалады.
Химиялық заттарды пайдаланғаннан болатын өткір коррозиялық гастриттің симптомдары ауыр келеді. Науқаста қайтала беретін іріңғ қан аралас құсу байқалады. Науқастың еріндерінде химиялық заттардан болған күйік байқалады, ұдың көмейге түсуінен ларингоспазм мен тұншығу болады. Жалпы жағдайы шок, гипотония қысымның төмендеп кетуі), тахикардия, өңінің бозарып кетуімен, жоғарғы тыныс алумен нашарлай түседі.
Диагностика
Объективті жағдайда науқастың терісі құрғақ әрі боздау келеді, эпигастральді аумақта саусақпен басып тексергенде ауырсыну байқалады. Ауыщ қуысын тексергенде ауыздан жағымсыз иіс шығады, тіл сұрғылт түсу(налет) байқалады.
- Қан талдауы. Биохимиялық талдау, нәжіс, несеп талдаулары
- Асқазан-ішек жолдарын капрограмма арқылы тексеру
- Нәжісті бактерологиялық себу арқылы талдау
- Гастроскопия
- Эндоскопиялық биопсия
- Ренгенография
- Мультиспиральді компьютерлік томография
Емдеу
Өткір гастриттің негізі емі – гастритті туғызған себептерлі жою, асқынудың алдын алу.
Өткір гастритте алғашқы 12-24 сағат бойы аштық көрсетілген. Кейін диета ұстау көрсетіледі. Тағамнан және химиялық улануда асқазанды жуады.Асқазанды тітіркендіретін дәрмектертен, темекіден, алкогольден бас тарту қажет.
Дәрі-дәрмектерден антисекреторлы қасиетке ие гистаминді рецепторларды бұғаттаушылар(ранитидин, циметидин, фамотидин), протонды сорғыш ингиюиторлар (омепрозол және оның аналогтары), антацидті заттар(алюминия фосфат, алюминия гидроксид, магния карбонат, магния оксид), гастропротекторлар ( висмуттың дәрілері) пайдаланады.
Өткір гастритте ауырсынуды басу үшін атропин, платифилдин, папаверин, ал құсқанда метоклопрамил, домперидон, ағзаның құрғауына тұзды сұйықтықпен емдейді.
Салдары:
Өткір катаралды гастрит уақыты және дұрс емдеген жағдайда 3-4 күннен кейін науқас сауығып кетеді. Ал өткір коррозиялық гастритте науқас шоктан, асқазанның тесіліп қалуынан және перитониттен өліп қалу қаупі бар. Химиялық күйік алған науқастың өңеші тарылып, асқазанында тыртық қалуы мүмкін.
Өткір флегмоноз гастриттің де салдары ауыр келеді. Асқазанның тесілуі, іріңді перитонит, өкпеқап эмпиемасы, медиастинит, бауырдың іріңдеуі, сепсис және т.б. сияқты ауруларға алып келеді.
Профилактика
Темекі және алкогольдан бас тарту, дәрі-дәрмекті мұқият ішу, эндогенді инфекцияны емдеу.