Бронх демікпесі– ең жиі кездесетін тыныс жолдарының ауруы. Бұл тыныс жолдарының әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығынан пайда болатын созылмалы қабыну ауруы.

Демікпенің негізгі белгілері:

  • Тыныстың тарылуы
  • Жөтел немесе демнің ысқырып шығуы
  • Ентігу

.Ауру әдетте ерте жастан басталады. Балалардың 50 пайызы дұрыс емделсе, аурудан толық айығады.

Бронх демікпесінің себептері:

Балалар да, үлкендер де демікпемен не үшін ауыратыны әлі күнге дейін толық зерттелмеді.

Ең жиі себеп – ауру ағзаның сыртқы тітіркендіргіштерге деген гиперсезімталдығынан пайда болады

Ал үш жастан жоғары балаларда ауру көп жағдайда ингаляциялы аллергеннен пайда болады.

Қазіргі таңда бұл аурудың созылмалы қабыну ауру екені дәлелденді. Суықтан тыныс жолдарында шырыштың бөліну көбейіп, биологиялық белсенді заттардың бөлінуі бұзылады.

Инфекциялар, вирустар, бактериялардың әсерінен тыныс жолдарының қабынуы да осы ауруға әкеп соқтырады.

Кейбір балаларда демікпе тұқымқуалаушылық арқылы беріледі. Демікпенің аллергиялық түрі әртүрлі аллергендер қоздырады: олар үйдегі шаң, өсімдік тозаңы, бактериялар, вирустар және т.б.

Түрлері мен даму кезеңдері

Демікпені пайда болу себебіне байланысты әртүрге бөледі, сонымен қатар клиникалық сипаттамасына қарай даму кезеңдерін бөледі:

  1. Аллергиялық демікпе. Аллергендерден пайда болған демікпенің түрі.
  2. Аллергиялық емес демікпе. Бұл түрі аллергендерден емес, басқа себептерден, мысалы, гормондық өзгерістерден пайда болатын түрі.
  3. Аралас. Жоғарғы екі түрі бірге кездесетін жағдай.

Аурудың жеңіл-ауырлығына байланысты демікпені үш кезеңге бөледі:

  1. Жеңіл деңгей. Ауру айына бір-екі рет асқынып, тез қайтады. Емсіз кетеді.
  2. Орташа деңгей. Түнде асқынады. Жылына 5 реттен артық болмайды,симптомдары анық емес.
  3. Ауыр түрі. Жедел түрде емдеу керек.Аурудың жиі асқынуы, симптомдардың пайда болуынан жұмысқа жарамдылық шектеледі. Ұйқы бұзылады, спирометр көрсеткіші бойынша сыртқы тыныс алу бұзылады.

Науқасты аурудың асқыну  деңгейіне байланысты емдейді.

Симптомдар:

  • Тыныс алудың қиындауы
  • Кеуде тұсының қысылуы
  • Тыныстарылу, тұншығу( ауа жетпей жатқан сияқты сезім)
  • Үздіксіз жөтел (әсерісе түнгі уақытта үдейеді)
  • Көп науқастарда ысқырық дем немесе сырылдау байқалады

Емдеу:

  • Ингаляциялық формадағы глюкокортикостероидтар
  • кромондар («Интал», «Тайлед»);
  • антогонистер(«Аколат», «Сингуляр»);
  • ксантиндер (эуфиллин);
  • моноклональды антитела («Ксоляр»).;
  • адреномиметиктер.
  • Қосымша қақырық түсіретін және басқа да көмекші дәрмектер пайдаланылады

Демікпе кезінде диета ұстау

Аллергия тудыратын тағамдардан бас тарту

Көкөніс, ет, балық және сүт тағамдарын пайдалану (егер аллергия жоқ болса)

 

Профилактика

Аурудың профилактикасымен ерте жастан бастап айналысу керек. Егер отбасы мүшелерінің біреуінде аллергияға бейімділік бар болса, онда демікпеге профилактика жасау міндеттеледі. Демікпені дұрыс емдеп, аллергенді жою керек. Бұл аурудың асқынуынан сақтап, науқас жағдайын бір қалыпқа түсіреді.

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика