Сүт безінің қатерлі ісігі

1
2248

Сүт безінің қатерлі ісігі – әйелдер арасында ең жиі кездесетін онкологиялық ауру.

Ауруды 55-60 жастан кейін табады, бірақ соңғы кезде ауру «жасарып келеді», яғни 30-45 жас аралығындағы келіншектерге де бұл диагноз қойылып жүр.

Сүт безінің қатерлі ісігінің дамуына себепші факторлар:

Сүт бездерінің қатерлі ісігін тудырушы факторлар әлі табылмаған. Ісікті үлкейтетін ғана қауіптер бар:

Әйелдің бала туушылық жағдайы

Етеккір жүйесі

Бала туу саны

Емізудің ұзақтығы

Сыртқы факторлар:

Иондаушы радиация

Химиялық канцерогенді заттар

Майға бай диета

Келесі жағдайларда қауіп өсе түседі:

Етеккірдің ерте келуі (12 жастан ерте)

Етеккірдің кеш үзілуі (менопауза)

Жүкті болмау немесе бір ғана жүктілік

Кеш жүктілік (30 жастан кейін)

Сүттің келмеуі немесе аз ғана сүт шығу

Ұзақ толықтырушы гормонды терапия

Генетикалық бейімділік

  • Туыстарда сүт безінің қатерлі ісігі болуы
  • Сүт безінің қатерлі ісігі бар синдромдар

Тұқымқуалаушылық сүт безі ісігінің белгілері:

  • Аурудың жас кезінде табылуы( әдетте 40-45 жаста)
  • Екі безде де ісіктің жиілігі
  • Басқа ісіктермен жиі қабысуы
  • Бірінші көп ісік (кеудеде ісіктің көп ошағы болуы)

Профилактикасы:

  • Екі сүт безін алып тастау
  • Аналық безін алып тастау
  • Антиэстрогенді дәрі-дәрмектер ішу

Симптомдары:

Алғашқы 1 және 2 кезеңінде симптомдар байқалмайды. Ісікті тек қана узд тексеру мен басқа тексеру құралдарымен табады. 45 жасқа дейінгі әйелдерде узд арқылы, ал жасы 45-тен жоғары әйелдерде рентгенологиялық маммография арқылы табады. Қанның құрамында экстрогенді гормондардың көп болуы бұл тексерулерден өтуге міндеттіейді. Өйткені, осы гормондар сүт безінің қатерлі ісігін туғызатын себептердің бірі. Ұзақ мерзімді (7 тәуліктен артық), көп мөлшерде, ауырсынумен келетін етеккір, етеккір келер алдындағы кеуденің ауыруы, етеккір келер алдындағы көңіл-күйдің өзгеруі де алғашқы симптомдар болып саналады.

Егер емдеп бастамаса, бірақ ісік өсе берсе, келесі симптомдардың біреуі немесе бірнешеуі байқалады:

  • Көкіректе түйін түзіледі.
  • Емшектің қатаюы және ұлғаюы
  • Емшектің тартылуы
  • Ісіктің үстінен болатын «лимон қабықшасы» симптомы ( бір немесе бірнеше жерде тері «лимон қабықшасы» сияқты өзгереді, сол жердің астында ісік бар деген сөз)
  • Сүт безі терісінің қызаруы
  • Ісік үстіндегі теріні ойықтар мен қабықшалардың пайда болуы, әсіресе емшек пен емшек айналысында пайда болса.
  • Сүт безінің көлемінің өзгеруі
  • Бір көкіректің үлкейюі
  • Сүт безіндегі ауырсыну (әсіресе етеккір келгенде)
  • Қолда ісік пен ауырсынудың болуы (бір жағында). Алғашқы білінер симптом қолды қимылдатқанда иықтың ауыруы.
  • Мұқият қарағанда ісікті байқауға болады.
  • Емізіп болғанына 3 жыл өткеннен соң емшектен сулы, қанды іріңдер бөлінуі
  • Мастит тәріздес сүт безі ісігінде дене қызуының жоғарлауы, бездің қызаруы, бездердің қатты.және ұстағанда жылы болуы байқалады. Емшектен ірің ағуы мүмкін. Мұндай жағдайда жағдай нашарлайды: әлсіздік пайда болады, жүрек айнып, бас айналады.

Жоғарыдағы симптомдарды байқаған бойда маммолог немесе онколог дәрігерге көріну керек. Ісік алғашқы кезеңнен 4-ші кезеңге кейде тез өтіп кетеді. Төртінші кезеңде метастаз байқалады.

Медициналық тексеру

  • Дәрігердің тексеруі
  • Кеуде жасушыларының ренгенографиясы
  • Кеуде, құрсақ қуысы және миды компьютерлік томографияға түсіру
  • Маммография
  • Сүт бездері мен аумақтық лимфа түйіндерін узд арқылы тексеру
  • Цитологиялық зерттеу
  • Ісіктің иммуногистохимиялық тексеруі
  • Генетикалық консультация
  • Сүйектерді радиоизотопты тексеру
  • Бауыр, кіші жамбас және басқада да метастазға күдікті жерлерді узд арқылы тексеру.
  • ЭКГ
  • Онколог, химиотерапевт, радиолог дәрігерлерінің консилиумі

 

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді жазыңыз!
Өтінеміз, аты-жөніңізді дазыңыз