Сүт безі ісігін емдеу және профилактика

Емдеу:

Ісіктің көлемі мен лимфа түйіндерінің қаншалықты зақымдалғанына байланысты 2 түрлі ота  жасалады:

  1. Ішкі ағза мүшелерін сақтап қалатын (лампэктомия, квадраетэтомия)
  2. Мастэктомия.

Жағымсыз болжам факторлары:

  • 35-тен төмен жас
  • Ісіктің жоғарғы қатерлі түрі
  • Аумақтық лимфо түйіндердің ісігінің өсуі
  • Эстроген мен прогестеронға деген рецептрлердің жоқ болуы
  • HER-2/neu онкогенінің жоғары белсенділігі

Сәулелі терапия

Ота жасалған соң барлық әйелдерге сәулемен емдеу көрсетілген.

Химиотерапия (доксорубицин, циклофосфамид, доцетаксел, паклитаксел)

Химиотерапия ота жасалғаннан соң, немесе ота жасалғанға дейін, метастаз кезінде де пайдаланылады.

Гормонотерапия

Егер тексеру кезінде ісікті алып тастағаннан кейін эстрогендерге сезміталдық байқалса, гормонды бұғаттайтын ем қабылданады. Мұндай бұғаттауларға келесілер жатады:

  • Аналық безді алып тастау
  • Антиэстрогенді дәрі-дәрмек ішу(тамоксифен)
  • Ароматаз ингибиторлары(летрозол, анастрозол, эксеместан)

Онкогенді өшіру

HER-2/neu онкогенінің белсенділігінде оған оның ингибиторы герцептин және оның аналогтары пайдаланылады.

Сүт безі ісігін емдеу төмендегі тізімдегілерге байланысты:

Ісіктің көлеміне

Аурудың кезеңіне

Көкіректің өлшеміне

Гормондарға ісік рецеторларының болуы

Әйелдің жалпы жағдайы

Әйелдің жас шамасы

 

Терапиядан кейінгі тексеру

Кеудені тұрақты тексертіп тұру

Дәрігердің бақылауында болу

Жыл сайын екі сүт безін маммографиядан өтікізу

Рецидив пен метастаз байқалған жағдайда компьютерлік томография, онкомаркер және т.б. арқылы тексеруден өту.

Профилактика

Қатерлік ісіктен сақтайтын 100 пайыздық тәсіл, өкінішке орай, жоқ. Бірақ барлық әйелде ауруды ерте кезеңнен бастап тауып, оны асқынып кетуден алдын алуға мүмкіндік бар.

Жасы 40-тан асқан әйлдер 2 жылда бір рет маммографияға түсіп тұру керек, ал жас 50-ден асқан соң жылына бір рет, ал туыстарда қатерлік ісік болса, онда 35-жастан бастап жыл сайын маммографиядан өту керек.

Көкіректі тұрақты тексертуден өткізіп тұру

Ісіктің симптомдары байқалған бойда дәрігерлерге қаралу қажет

Жүктілікті жоспарлау, баланы толық емізу

Салмақты қадағалау, қант диабеті және басқа да эндокринді ауруларды қадағалау

Туыстарда сүт және аналық бездерінің қатерлі ісігі болса, тұрақты тексеруден өтіп тұру

Дәрігердің консультациясынан кейін ішке қабылдайтын контрацептивтер ішу және толық гормонды терапиядан өту

Тамоксифен ішу, профилактикалық мастэктомия жасау және тұқымқуалаушылық ісік дәлелденген жағдайда аналық бездерді алып тастау.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Менингитті қалай дер кезінде анықтауға болады?

Менингит – ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуы. Жас...

Созылмалы панкреатит

Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы...

Панкреатит

Панкреатит – бұл ұйқы безінің дегенеративті қабыну процессі. Бұл аурумен...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика