Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін де нашарлата түсті. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысыты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.
Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда. Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар шығарылып, су, ауа, топырақ сапасын төмендетті. Зиянды заттардың адам тіршілігіне қажетті азық-түлік, сі, т.б. құрамында мөлшерден тыс көп болуының салдарынан адам мен табиғат зардап шегуде. Осыған байланысты барлық елдерде азық- түлік, су ауа, топырақ сапасына бақылау жасалып, ондағы зиянды заттардың мөлшеріне шек қойылған. Мысалы, азық-түліктің құрамындағы қорғасын 0,001 мг/л-ден аспау тиіс. Осы мөлшерден асқан жағдайда азық-түлік жарамсыз немесе денсаулыққа қауіпті деп есептеледі. Сондықтан жұмыс істейтін орындардығ ауасы, азық-түліктің құрамы, су , көкөністер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мүмкіндігінше үнемі тексеріліп тұруы тиіс.
Қоршаған орта сапасы, негізінен, адам денсаулығымен бағаланады.Табиғи ортаны ластаушы заттар, негізінен, үш топқа жіктеледі.Зиянды заттардың барлығы тірі организмдер мен адамдарға әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Айталық, адам организміне түскен улы заттардың аз мөлшерінің өзі адамның басын айналдырып, құстырып, есінен тандырады. Ал оргаизмге осындай зиянды заттардың шектен тыс мөлшері түссе, тіршілігін жоюы әбден мүмкін.
Қоршаған ортаны ластайтын химиялық заттар тіршілікке өте қауіпті келеді. Қазіргі кезде ауаны ғана ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі.
Өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер, ұшақтар жұмыс істегенде химиялық зиянды заттар бөлініп отырады. Олар – қатты, сұйық, газ күйінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен, көл суын қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті жумай жеуге юолмайды. Әсіресе ірі қалаларда , өнеркәсібі дамыған жерлерже, зауыт, фабрикалар маңында зиянды заттардың мөлшері шамадан тыс көп болады. Сондықтан химиялық заттармен улану бұл жерлерде жиі байқалады. Өйткені улы заттар адам организміне түсіп, бүкіл денеге тарайды да , адам тез шаршап, жұмыс қабілеті нашарлайды, тәбеті төмендеп, ұйқы басып тұрады. Одан әрі организм уланып, ішкі мүшелердің қабынуына, жүйкенің жұқаруына немесе ентікпе, аллергия, қатерлі ісік ауруларына шалдығады.
Улы заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекіні жиі тарту (әсіресе балалар) өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруларына апарып соғады. Есірткі заттары да қолқа мен өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады.
Қоршаған ортаның химиялық ластануы дүниежүзілік экологиялық мәселелерге жатады.
Табиғи ортаның радиациялық ластануы да қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Оның химиялық ластанудан өзіндік ерекшелігі бар. Атом қаруларын сынаған кезде кейбір химиялық элементтерден зиянды сәулелердің бөлінуі радиациялық ластануға апарып соғады. Ол сәулелер көзге көрінбейді, бірақ тірі организм клеткаларына өтіп, оны зақымдайды, қанның құрамын бұзып, тоқтаусыз дамиды. Мұндай қауіпті сәулелер көбінесе ядролық сынақтар жасаған полигондарда, ғарышқа ұшатын және ірі кешенді өнеркәсіп жасаған полигондарда, ғарышқа ұшатын және ірі кешенді өнеркәсіп шоғырланған аумақтарда болады. Қарапайым мысал ретінде кәдімгі рентген аппаратын келтірейік. Адам рентгенге түскенде радиациялық сәуленің шекті мөлшерін ғана алады. Оның зияны болмайды.
Ірі өнеркәсіп, атом реакторының қалдықтары, ғарыш кемелерінің сынақтары – барлығы зиянды сәулелер шығарады.
Сәулелік ауру , аққан ауруы, қатерлі ісік аурулары радиоактивті заттардың әсерінен болады. Сәулелік аурумен, әсіресе қарттар және жас сәбилер жиі ауырады. Оның негізгі белгілері: әлсіздік, бас айналу, көздің бұлдырауы, жүректің айнуы, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының ауытқуы. Мұндай жағдайда адамдар тез арада дәрігерге көрінгені жөн.
Негізгі бөлімі:
Экология мен генетиканың байланысы.
Экогенетика екі ғылым – экология және генетика қиылысында пайда болған ғылыми бағыт болып табылады.
Экогенетика генетикалық үдерістер мен экологиялық қарым-қатынастардың өзара әсерін зерттейді.
Медицина үшін экогенетиканың және ластанудың ең маңызды аспекті қоршаған ортаның мутагендік, тератогендік және канцерогендік қасиеттері бар физикалық және химиялық табиғатты факторлармен ластанудың генетикалық салдарын зерттеу болып табылады.
Бұл факторлардың әсері тұқым қуалайтын патологиялардың, қатерлі ісіктердің, дамудың туа біткен ақаулықтарының, репродуктивті қызметтің бұзылу жиілігінің жоғарлауымен көрінетін популяцияның генетикалық жүгінің көбеюіне алып келеді.
Жүз мыңдаған жылдар бойы қоршаған орта өзгеріске ұшырап отырды, эволюция барысында биологиялық табиғат қалыптасты және сол ортаға адам социальды және биологиялық түр ретінде бейімделді.
Қазіргі кезде қоршаған ортаға адамзат
ертеде кездеспеген жүздеген және мыңдаған ксенобиотиктер түседі.
Адам өмір сүру ортасының жаңа факторлармен (дәрілер, пестицидтер, тағамдық қоспалар) толығуы адам экогенетикасының проблемаларының күрт артуына алып келді.
Эволюция барысында адам мұндай заттармен кездеспеді, сондықтан бұл заттардың әсеріне байланысты сұрыпталу болған жоқ. Сондықтан бұл аллельдер популяцияда кеңінен таралуы мүмкін, алайда қоршаған орта жағдайы өзгергенде олар патологиялық көрініс беруі мүмкін.
Бұл ортаның жаңа жағдайларында ғана қызметі көріне бастайтын «үндемейтін» аллельдер жайында. Мұны факторлардың экогенетикалық әсері деп атайды.
«Үндемейтін» (не нейтральды) гендер туралы ұғым шартты. Кез келген аллельдің биологиялық немесе патологиялық әсері ортаның арнайы (спецификалық) бір факторларының әсеріне байланысты (тәуелді) жарыққа шығуы мүмкін.
Экогенетиканың негізгі мақсаты тұқымқуалаушылыққа тәуелді патологиялық реакцияларды анықтау үшін сыртқы орта факторларының (әсіресе, жаңа) әсерін зерттеу.
Бұл уақытынан бұрын өлімге ұшыраудан, мүгедектіктен, аурушылықтан қорғайтын әрбір адам үшін адаптивті ортаны құруға (жеке диета, климат таңдау, дәрілермен уланудан сақтау, кәсіби таңдау) негіз болады.
Сыртқы ортаның зиянды немесе қандай-да бір жаңа факторларының әсеріне байланысты адамда жағымсыз өзгерістердің қалыптасуы мүмкін.Олар:
Тұқым қуалау материалының құрлысының өзгеруі
Патологиялық геннің экспрессиялануы
Популяция генофондының өзгеруі
Сыртқы орта факторларының әсерінен аллельдердің потологиялық көрністер беруін экогенетикалық реакциялар немесе экогенетикалық аурулар деп атайды.
Сыртқы ортаның ластаушылары:
Табиғи ластаушылар (табиғи апаттар)
- Антропогенді ластаушылар
- Физикалық
- Химиялық
- Биологиялық
Физикалық ластаушылардың әсері:
- Шудың әсері
- Жылудың әсері
- Жарықтың әсері
- Электромагниттік әсер
- Радиоактивті әсер
Химиялық ластаушылардың әсері:
- Бейорганикалық
- Органикалық
Адам ағзасына қауіпті ауыр металдар үш топқа бөлінеді:
I топ – мышьяк, кадмий, сынап, берилий, селен, қорғасын, мырш, барлық радиоактивті металдар;
II топ – кобальт, хром, мыс, молибден, никель;
III топ – ванадий, барий, вольфрам, марганец, стронций;
Биологиялық ластаушылардың әсері:
- Вирустар
- Бактериялар
- Қарапайымдылар мен гельменттер
Экологиялық генетикалық ауруларға себеп болатын факторлар:
Ағзаның экогенетикалық жауап кайтару реакциясы сырқы орта факторларының түріне және әсер ету дәрежесіне байланысты болады. Экогенетикалық ауруларға себеп болатын факторлардың негізгілері мыналар:
Атмосфераның ластануы – ірі қалалардағы зауыт, фабрикалардан, автокөліктерден бөлінетін улы газдар түрлі химиялық қосылыстар, шаң -тозаңға байланысты.
Биологиялық агенттерге cезімталдық – иммунитеттің болуы тұқым қуалайтын қасиет екені белгілі.Әр адамда иммунитеттің көріну дәрежесі әртүрлі,сол сияқты вакциналардың бірдей дозасына сезімталдық та түрліше болады.
Физикалық факторлармен ластану – Ультракүлгін сәулесіне жоғарғы сезімтадыққа байланысты адамда Пигменттік ксеродерма ауруының дамуы.
Бұл аурудың сирек кездесетін гені жыныстық Х-хромосомасымен тіркес тұқым қуалап ұрпақтарына беріледі. Күн сәулесінің әсерінен алдымен теріде күйіктер пайда болып жараға айналады,соңынан ол жерде қатерлі ісіктің жаңа түзілістері көрінеді.
Пигменттік ксеродерма кезінде ДНҚ құрлысының репарациялық жүйесі бұзылады. Өйткені ДНҚ репарациясын қамтамасыз ететін ферменттерге жеуапты бірнеше ген мутацияға ұшырайды.
Семей ядролық полигон зонасындағы жағымсыз негізгі экологиялық фактордың әсері.
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады.
1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонында ауада және жер бетінде 200 дей ядролық жарылыс жасалып, жер астында әрқилы қуатты 343 сынақ жүргізілгені мәлім болды.
Арал өңірінің негізгі жағымсыз факторлары.
Арал теңізінің табаны соңғы 40 жылдан аса уақыттың ішінде 2003 жылдан бастап алғаш рет қайырлануын тоқтатты.
Арал – ағынды суы жоқ тұңғыйық көл болып саналады.
Оған келіп құйылған су ешқашан басқа бір көздер арқылы сыртқа ағып кетпейді.
Ал айдынның бетінен бу болып ұшқан судың орнын Әмудария мен Сырдариядан құйылған ағын әрдайым толықтырып тұрған.
Арал теңізінің кей жерлері жағалаудан 112 километрге кейін шегініп, көлемі 2 миллион гектардан астам Аққұм атты жаңа кеңістік пайда болды. Сол жерден жыл сайын 75 миллион тонна тұзды дауыл көтеріп, Торғай даласына Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына дейін апарып шашуда.
Арал апатына себеп болған факторлар:
Жергілікті жердің тарихи табиғи
ерекшеліктерін ескермеу;
Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау;
Күріш, мақтаны барынша көбейтіп жіберу;
Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау;
Суды үнемді пайдаланбау
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басына дейін теңіздің акваториясы,ондағы аралдарды алып тастағанда,64 мың шаршы шақырым атрапты алып жаткан.Мұншама алаптан жылына 60-65 миллионы текше метр су буланып кететін болған.Жоғарыдағы екі өзеннен түсетін судың жылдық мөлшері де осы көлеммен шамаласқан.Бірақ,осы кезеңнен бастап дариялар бойындағы суғармалы егіншілікке алынатын судың ауқымы жылдан –жылға көбейіп,ол көлдің балансын бұзып жіберген.
Бір замандары әлемдегі көлдердің арсында көлемі жағынан төртінші орын алып тұрған Арал теңізі қазір жирмасыншы белеске қарай сырғыған.Мұның өзіде кейінгі қырық жыл ішінде қалыптасты.Дегенмен содан бері жыл сынап қысқарып келе жатқан теңіздің 2003 жылдан бері қайырлануы тоқтап, табаны құрғай түсуіне тосқауыл қойылды.Ал,кіші теңіздің айдыны суға толатын шағы тым қышық емес.Сол кезде теңіздің табанынан ұшып жатқан тұзды тозаң да бәсеңси бермек.Осының өзі арал өңіріндегі экологиялық апатты ахуалды айтарлықтай түзете түседі.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы
Бұл маңдағы адамдардың ең ауыр ауруларға: қатерлі ісік, инфекциялық іш ауруларына, бауыр ауруларына, сарысу, бүйрекке тас байлану, туберкулез, балалардың әр түрлі патологиялық ақаулықтармен туылуы, өкпе, тыныс жолдарының қабынулары т.б.
Байқоңыр Қызылорда облысының Қармақшы мен Қазалы ауданының нақ ортасында орналасқан , бұрынғы ескі аты Төретам деп аталады. 1955ж. №5 ғылыми зерттеу сынақ полигоны ретінде аса құпия түрінде салынған ғарыш айлағы бүгінгі таңда адамзат тарихындағы ең қуатты және ең қауіпті кешен болып танылуда.Бұл қалада қазіргі кезде 60 мың халық тұрады, космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын 90-150мм – дей аз жауады. Малға азық болатын шөптердің барлығы қурап, уланып біткен. Байқоңыр космодромының көлемі 6717 шаршы шақырым. Ол солтүстікке қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысты 20000 гектр жер шаруашылық айналымынан шығып қалған.
Балалардың ауруы 2001 жылы 1000 балаға 1800-ден, яғни әрбір бала екі аурумен аурады деген сөз. Соңғы уақытта қиялы аурулар өсіп, адамның ойлау, есте сақтау қабілеттері төмендеп кеткен. Егер 1991 жылы орта жас 61 болса, 2001 жылы 52 жас, 2003 жылы 48 жасқа дейін жеткен. Босану жасындағы әйелдердің аурушандығы 48-ден 76% ке дейін артқан.
Шаңды боран 5-8 күн бойы тұрады. Соның салдарынан облыста гепатит вирусы, ішек инфекциялары және басқа да жұқпалы аурулар көбейген.
Оттегінің ауа құрамындағы аз ғана ауытқушылығы, тек қана тыныс алуға емес, адам ағзасындағы зат алмасу процестеріне де кері әсерін тигізіп, анемия, лейкемия, рак, тері ауруларымен көптеген медицинаның шамасы келмейтін ауруларды да көбейтуде.
Қарағанды облысы – Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркәсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркәсіп орталығы.
Жер шары бойынша адам бірнеше тарихи радиациялық апаттардың куәсі болып, зардап шекті. Мысалы, 1945 жылы АҚШ-тың Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауының салдарынан күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар сәулелік аурудың зардабын шегуде. Одан кейінгі жылдары атом қаруларын суда, жер астында және атмосфеарада сынау басталды. Сол сияқты ірі елдерде атом электр станциялары , мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылар ы бар сүңгуір қайықтар кең түрде пайдаланыла бастады. Әрине, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану өте тиімді әрі арзанға түседі. Атом электр станциялары мен кемелерде сәтсіздіктің болуы қоршаған ортаға өте қауіпті. Оған Чернобыль АЭС-індегі апатты мысалға келтіруге болады. Апат кезінде атмосфераға радиоактивті заттар 300 шақырым көлемінде тарады.
Біздің республикамызда 40 жылдан астам уақыт бойы Семей өңірінде, сол сияқты Тайсойған, Азғыр , Нарын жерінде 500-ден астам ядролық сынақ жасалғаны белгілі. Оның әрбіреуінің қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан кем болмады.
Табиғи ортаның биологиялық ластануы да ерекше орын алады. Биологиялық ластанушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауа, су, топырақта, тірі организмдердің ішінде адамда кездеседі. Тек адам организмінде 500-дей паразиттер тіршілік етеді. Паразиттер, мысалы, бүрге, маса, сүлік, кенелер адам денесін уақытша мекендеп, безгек, тырысқақ, қотыр, сүзек, оба ауруларын таратады. Бұл аурулардың көбісі жұқпалы әрі тез таралады. Ауру адамнан сау адамға ауру түрлері бірнеше жолмен жұғады. Мысалы, тұмау, қызылша, күл, шешек аурулары адам түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы жұғады. Кейбір ауру түрлері азық-түлікпен таралады. Оларға дизентерия, тырысқақ, сальмонеллаз, полимиелит,т.б. аурулар жатады.