Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы  жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының деңгейі децибелмен (дБ) көрінеді. Инфрадыбыстардың  ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз болғандықтан олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтарды тудырады.

Өндірістік инфрадыбыстар – акустикалық тербеліс аймағы 20 Гц төмен. Өндірістік орындардың кез келген аппаратының барлық спектрлерінен инфрадыбыс бөлінеді, ол кей жағдайларда есту диапазонының жиілік деңгейін жоғарлатады, дыбыс қысымының максималды деңгейі 8, 16, 31, 5 Гц құрайды

Су және ауа транспорттары, өздігінен жүретін машиналар, дизелді двигателдер, айналмалы бөлшектері бар ауыр машиналар, мартеновты және электрлі доғалы пештер, вибрациялық алаңдар, өндірістік вентиляторлар, кондиционерлер, компрессорлар қазіргі кездегі өндірістердегі және транспорттардағы инфрадыбыстардың көздері болып табылады.

Инфрадыбыстардың әсер ету патогенезі толығымен оқылмаған. Адам ағзасы төмен жиіліктердегі дыбыстардың  тербелісіне сезәмтелдықтары жоғары болып саналады. Тітіркендіргіштерге жауап ретінде сәйкес рецепторларда (тері, есту анализаторлары) нерв импулстары пайда болады, олар бас миының қыртысты орталығына ең алдымен таламиялық орталыққа түседі. Адам ағзасында өзіне тән тербеліс жиіліктері болғандықтан, инфрадыбыстардың әселері кезінде, ағзада жағымсыз сезімдер туу мүмкін.

Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатар кохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты.

Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады: тітркенгіштік, жүрек айну. Инфрадыбыстардың есту босағасы төмен деңгейде орналасуына қарамастан, инфрадыбыстардың тербелістерінің жоғары деңгейлері есту ағзасымен қабылданады. Осы қабылдау ортаңғы құлақта инфрадыбыстардың әсер етуі кезіндегі дыбыс жиіліктерінің гармониктерінің орналасуына байланысты.

Көптеген зерттеушілердің айтулары бойынша инфрадыбыстардың тербелістері вестибулярлы анализаторларға әсер етеді.  Тексерілген адамдарда бас айналу және тепе теңдіктің бұзылулары анықталған.

Инфрадыбыстардың әсері кезіндегі  жүрек тамыр жүйесі жағындағы өзгерістерге жүректің жиырыду жиіліктерінің бұзылыстары, көбінесе брадикардаия, диастолалық қысымның жоғарлауы  жатады.

Осыған байланысты инфрадыбыс жалпы биологиялық тітіркендіргіш болып табылады.  Сенсорлы жүйенің вестибулярлы, жүйке және жүрек тамыр жүйесі инфрадыбыстарға өте сезімтал болып табылады.

Еміне келсек симптомды шаралар жүргізіледі.

Ал алдын алу жағдайы жұмыс орындарындағы инфрадыбыстар деңгейі гигиеналық тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын қолдану керек. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек. Жұмысқа қабылдаған кездегі медициналық қарсы көрсеткіштеріне  жатады: құлақтың сүлелі аурулары, вестибуллярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары, наркомания, токсикомания, гипертониялық аурулар. Алдын алу шараларын міндетті түрде орындау қажет.   

     Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. Әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі  децибелмен өлшенеді. Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған,  өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында сонымен қатар газ трубалары және басқада процестерде. Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық  әдістермен алынады. Өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін  алу үшін (200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі  жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға қолданады. Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу  жиіліктері  төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады.

Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц – тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары  деңгейде тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы   ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц  дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ құрайды.

Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін.

Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі:

  • алғашында – вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады;
  • шамалы айқындықта – астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы;
  • айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология.

Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары  бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті полиневриті дамуы мүмкін.

Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде  капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды.

Еміне келетін болсақ, вегетативті полиневрит кезінде  емдік шаралар қолданылады. Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса,  жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан шектелінеді.

Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары болу керек. Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс  басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады.

Лазерлі құрылғылар, күшті жарық көзі болып табылады, оптикалық диапазондағы электромагниттік сәулелермен,  ол қалыпты жарық көздерінен монохромдылығымен, когеренттілігмен, сонымен қатар күн сәулесінен бөлінетін энергияға тең 109 Вт көлеміндегі энергияның жоғарғы қарқындылығымен бөлінуі. Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде, тіндерде, тірі жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже, лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады. Лазерлі сәулелердің биосубстраттармен әсерінің нәтижесіне, лазерлі сәулелердің белгілерінен басқа,  сәулелену құрлымының арнайы қасиеттері, олардың жылу сыйымдылығы және жылуды өткізгіштігі, пигменттер және сумен қанығуы, олардың механикалық және акустикалық қасиеттеріде белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіндердің биологиялық сәулелену қабілеті жұтылған және нәтижесінде көрінетін энергияның  көлеміне байланысты. Лазерлі сәулелер үшін көрінбейтін ағзадағы тіндер мен клеткалар жоқ. Бірақта жұтылған лазерлі сәулелердің деңгейінің  энергиясы біршама ерекшеленеді. Пигменттелген тіндер мен  жасушаларда көп мөлшерде жұтылу байқалынады. Аққа қарағанда қара тері энергияны көп жұтады. Лазерлі сәулелер гемоглобин, меланин, мидың ақ затымен салыстырғанда сұр затында, роговицамен салыстырғанда нұрлы қабатында белсенді түрде жұтылады.

Биосубстраттармен жұтылған лазерлі сәулелердің энергиясы жылынып, фотохимиялық процестерге қолданылатын флюоресценциялды ұзын толқын түрінде бөлініп, электр өтімділіктерін қоздырып, өз кезегінде сәулеленген тіндердің зақымдануына әкелуі мүмкін.

Лазерлі сәулелердің жылу және термиялық нәтижелері өте жақсы оқылған, ол әсіресе пигменттелген тіндерде ерекше көрінеді және жұтылған энергияның көзіне байланысты зақымдалған жердегі заттың бір мезгілде жоғалып кетуіне немесе әр түрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйіктердің пайда болуына әкеледі. Лазерлі  сәулелердің қысқа уақыттық әсерінен, температураның тез қалыптасуынан және көптеген биологиялық құрылымдардың аз жылу өтімділігінен пайда болған күйіктер қоршаған тіндерден өте жақсы шектелінеді, олар электро тоқтар және найзағай кезіндегі зақымдануларды еске түсіреді. Термиялық нәтиже қатаң түрде  шектелінеді, бірақта  зақымдалмаған тері кезіндегі, сәуленің өту жолы бойынша, зақымдану ошақтары тереңірек орналасуы мүмкн. Бұл сәуле жолы бойындағы пигменттенулердің деңгейіне байланысты, және сәулелену нәтижесінің тереңдігіндегі сәуле фокусының мүмкіндігіне байланысты.  Мысалы, көздің әйнекті денесімен лазерлі сәулелердің фокустануының әсерінен зақымдалған ошақ көздің торлы қабатында орналасады.

Лазерлі әсердің соққы эффектісі жылу эффектісімен тығыз байланысты, себебі жылу энергиясы лазерлі сәулелермен бірге бөлініп, сәулеленген тіндердің көлемді жылуын шақырады, ол қоршаған тіндерге қысым тудырып, оның деформациясына әкеледі. Тіндердің бөліктерін бір сәтте жоғалтып жіберетін толқындардың соққылы эффектісінің дамуына аз көңіл аударылады.

Зақымдалған ошақта пайда болған толқындардың соққысы қоршаған тіндерде алғашында ультрадыбыспен, сосын дыбыспен, және соңында дыбыстан аз жылдамдықпен таралады. Сондықтан толқындар соққысының эффектісі сәулелену жерінің аз қашықтығындада анықталуы мүмкін. Сәулелер толқындарының соққысы өте жоғары биіктерге дейін жетуі мүмкін (106 атм дейін). Әсіресе жабық қуыстардағы (бас сүйек, көз, кеуде клеткасы және т.б) толқындардың соққысының әсерінен пайда болған жылу көлемінің кеңеюі өте қауіпті, егерде осы жағдайларда толқындардың соққысының әсері будың түзілуімен жүретін болса, тіндерде ультрадыбыстардың тарауынан, толқындардың   соққысы кавитацияны тудыруы мүмкін, яғни  заттардың бөлшектерінің тез жоғалып кетуінің нәтижесінен қуыстар түзіледі. Пайда болған қуыс, толқындардың соққысынан кейін төмендеп, өз кезегінде қосымша компрессорлық толқынды тудырады.

Лазерлі сәулелердің жылулық және соққылық эффектісінен басқа, электрлі және магнитті аймақтардағы биообьектілердің өзгерістерін тудырады. Күшті сәулелердің әсерінен пайда болған электрлік аймақ 107 В/см2 жетуі мүмкін, ол химиялық байланыстың әлсіреуі мен үзілуіне, бос радикалдардың түзілуіне, әртүрлі химиялық реакциялардың катализіне  жеткілікті болады. Осыған орай, лазерлі сәулеленудің әсерінен әртүрлі фотоэлектрлік және фотохимиялық нәтижелер пайда болады. Лазерлі сәулелер биологиялық обьектілерге күшті әсер етуіне байланысты, бұндай жағдайлар өндірістердегі техникалық қауіпсіздік бұзылыстарының күрделі бұзылыстары кезінде кездеседі. Лазерлі құрылыстармен жұмыс істейтін адамдар ұзақ , созылмалы аз күштіліктегі тура сәулелердің әсері адам ағзасында әлі күнге дейін оқылмаған

Өндітірсте жұмыс істейтін адамдарға өндірістік ортадағы бірқатар қолайсыз факторлардың  әсері бар:

  1. жұмысшылар бірқатар технологиялық операцияларды орындау кезінле қолдарына тура лазерлі сәулелердің әсер етуі. Сонымен қатар, юстировка үшін қолданылатын, аз күштіліктегі гелий-неонды лазерлердің әсерінен тура лазерлі сәулелер жұмысшының көзіне түсуі мүмкін.
  2. диффузды көрінетін және жайылмалы лазерлі сәулелер, минималды тура сәулелену кезінде көру ағзасын тура зақымдау деңгейін жоғарлатады.
  3. факел және лампаларды үрлеу кезіндегі жарық светтерден пайда болған жарық импульстарының жиілігі бір лазеолік құрылымда бір тәулік ішінде 230 000-250 000 жетуі мүмкін.
  4. жұмысшылардың кей жағдайларда жартылай немесе толық жарығы жоқ мекемелерде лазерлі сәулелермен жұмыс істеуілері керек.
  5. технологиялық операциялардың бірқатар ерекшеліктеріне байланысты қөру ағзасына жоғары мөлшерде көру ағзасына күш түсіреді (микроскоптың көмегімен лазерлі сәулелердің юстировкасы кезінде, микросхемаларды пайкалау кезінде және бинокулярлы ұлғайғыштардың бақылауымен тастардағы тесіктерді тігу және т.б).
  6. лазерлі құрылымдардың жұмысы кезіндегі тұрақты және импульсті шулар.
  7. лазерлі сәулелердің әсерінен жұмыс орындарындағы ауаның ионизациясы өзгереді, озон, азот қышқылы және металл және қосындыларының  конденсациясының аэрозолдары. Осы заттардың барлығының ауадағы РБК жоғарлаған кезде адам ағзасына токсикалық әсер етеді.
  8. лазермен жұмыс жоғарғы электрлік тоқтың кернеулігімен, тура лазерлі сәулелердің қауіптілігі және үлкен жауапкершілігіне негізделген, нервтік эмоционалдық бұзылыстармен жүреді.

Клиникасына келсек көз және тері жабындылары лазерлі сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады. Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді. Лазерлі сәулелермен шыны дененің  күйігі катарактаны шақыруы мүмкін, ол туа пайда болған немесе жасына сай өзгерістер түрінде болады, нұрлы қабаттың күйігі  меланоманы тудырады.

    Көздің тура немесе айналы көріністегі сәулелермен сәулелену кезіндегі зақымданулар ауыспалы  қызметтерінің бұзылысчтарымен сипатталуы мүмкін: қараңғылық адаптациясының бұзылулары, мүйізді қабаттың сезімталдығының өзгерістері, ауыспалы соқырлық және т.б.

Ауыр жағдайларда лазерлі сәулелердің қарқынды түрде ұзын толқынды көрінетін жәнеде жақын инфрақызыл спектрлердің  көру аймағына түсуі ауырсынусыз көрудің шектелуімен (скотоманың дамуымен) жүреді. Бұндай жағдайларда көз түбінде торлы қабаттың ісінуі және әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы күйіктер, әйнекті денеге және торлы қабатқа қан құйылулар  анықталынады. кейін хориоретиналды күйіктің орнында, әдетте макулярлы немесе парамакулярлы аймақта көрудің төмендеуімен жүретін тыртық пайда болады. Ультрафиолетті лазерлі сәулелер және спектрдің инфрақызыл бөліктері  негізінен  оптикалық жүйенің беткей элементтерімен жұтылады: роговицца, хрусталик, әйнекті дене. Сондықтан ультрафиолетті диапазонда жұмыс істейтін лазерлер  роговицаның ауырсынумен жүретін күйіктерін тудыруы мүмкін, ол доғалы сваркілеу кезіндегі күйіктерге ұқсайды. Ұзақ уақыт бойы лазерлі сәулелермен қатынаста болған жұмысшыларда көру аймағы жағынан әртүрлі органикалық және функционалды бұзылыстар болуы мүмкін. Қараған кезде науқастар жұмыстың соңында көздерінің шаршауына, көз алмасындағы тұйық және кесіп ауырсыну «жарықты көтере алмау» сезімі, жылағыштық және көздің құрғауы «құм құйылғандай», қабақтың ісуі және ауырлық сезімінің болуына шағымданады. Көру өткірлігі өзгермейді, бірақ түстерді ажырату босағасы, қараңғылық адаптациясының ұлғаюы, кейде көру аймағының тарылуы мүмкін. Лазермен жұмыс істейтін науқастардың көбінде хрусталиктің әртүрлі қабаттарындағы бірен саран немесе көптеген  лайланулар анықталынады. бұлар арнайы өзгерістерге жатпайды, және көптеген жағдайларда әртүрлі жастағы топтарда кездеседі. Бірақта аз қарқындылықтағы лазерлі энергияның сүлелі әсерінен хрусталиктің субкапсулярлы аймағында ұсақ нүктелі немесе сызықты бұлдыраулар болуы мүмкін, ол хрусталиктің мезгілінен ерте қартаюына әкеледі. Тура немесе айналы көріністі лазерлі шоғырлармен адам терісінің зақымдануларының сипаты әртүрлі болады. Ауыр жағдайларда электр тоғы кезіндегі электрокоагуляциялық  күйіктерді еске түсіретін күйіктер болуы мүмкін  немесе  тері жабындыларының жыртылулары және  толық бұзылыстары болады. Жеңіл жағдайларда тері ішілік ферменттердің қызметтерінің белсенділігінің және терінің электрлік өткізгіштігінің  немесе сәулеленеген жерде жеңіл эритеманың  дамуы болады.

Лазермен жұмыс істейтін науқастардағы бұзылыстар көру ағзалары және тері жабындыларындағы өзгерістермен ғана шектелмейді. Оларда нерв және жүрек тамыр жүйесінің қызметтерінің бұзылыстары, бірқатар биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштердің өзгерістері болады. Алайда, лазермен жұмыс істеген кезде пайда болған ығысулардың барлығын кәсіптік ауруларға жатқызуға болмайды.

Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі кездесетін  клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс стаждарының ұлғаюларына байланысты науқастарда гипертониялық ауру дамуы мүмкін.

Лазермен жұмыс істейтін жұмысшыларға тән шағымдарға жоғары шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жұмыс күнінің соңында өзін нашар сезіну жатады. Обьективті бұзылыстарға келетін болсақ, жоғарғы тітіркендіргіштік, жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, басының ауруы және жиі бас айналу, сонымен қатар жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер мен сұққылап ауырсынулар болады. Осы шағымдардың сипаты бойынша, олардың көбі ОНЖ қызметінің бұзылыстарына, жүрек дистониясына негізделген.

Обьективті неврологиялық симптомдар негізінен сіңір рефлекстерінің  пайда болуымен, қол треморларымен, дермографизмнің тежелуі немесе күшеюімен, жалпы және жергілікті гипергидрозбен көрінеді.

Лазермен жұмыс істейтіндерде орталық генездің басымдылығымен вестибулярлы анализаторлардың қызметтерінің бұзылыстары анықталынады. осы вестибулярлы бұзылыстар әдетте есту ақауларымен қатар тепе теңдіктің бұзылуларымен және бастың айналуымен сипатталады.

Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары пульс және АҚ тұрақсыздығымен сипатталады. Жиі аритмия анықталынады, аускультацияда жүрек ұшынан  жүрек тонының тұйықталуы естіледі.

Шеттік қанда эритроциттердің санының күрт жоғарлауы, сирек ретикулоциттердің жоғарлауы, түсті көрсеткіштермен гемоглобин деңгейлерінің шамалы төмендеуі, аз мөлшердегі лейкоцитоз анықталынады. стажы жоғары жұмысшыларды қанның қызыл түйіршіктерінің сандық емес сонымен қатар сапалық өзгерістеріде байқалады, яғни эритроциттердің диаметрі мен көлемінің өзгеруі, эритроциттердегі қышқылдық фосфатазасының белсенділігінің жоғарлауы. Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер шамалы тромбоцитопения, протромбин құрамының төмендеуі, қан ағу уақытының ұзаруы түрінде көрінеді.

Бірқатар ферменттер мен медиаторлардың(холинэстераза, гистамин, сілтілі фасфатаза, катехоламин)  белсенділігінің өзгерістері, белок, май, көмірсу және минералды алмасулардың айқын ығысулары  биохимиялық зерттеулер кезінде анықталуы мүмкін.

Емі.  Аурудың бастапқы кезінде арнайы дәрілік ем қажет емес, ол ддемалыс және еңбек тәртібін сақтаған кезде қайтады. Айқын көріністер кезінде науқастар амбулаторлы  немесе стационарлық емді қажет етеді.

    Симптомды және комплексті ем ағзаның қызметтерін қалыптастыруларға бағытталған. Дәрілік емді(седативті, транквилизаторлар)  бас ауруын немесе бас айналуын  қайтаратын, вегетотамырлық бұзылыстарға негізделген (галбваниялық жаға, массаж және т.б физиоемдік процедуралармен кезектестіру керек.  Невростениялық синдромдар кезінде сумен жасалынатын физиоемдік процедуралар нәтижелі (жалпы ванна, душтар). Құрамында витаминдері жеткілікті жоғары калориялық диета тағайындалады. Ем еңбек және демалыс тәртіптерімен сәйкес келуі керек.

    Алдын-алу.   Санаторлы курортты  шаралар арасында жұмыс орындарындағы лазерлі сәулелердің РБД жүйелі түрде бақылануы, сәулелену  көзінен сақтану шараларын жүргізу, автоматты түрде блокировка жасау, лазер шоғырларын шектеу, дистанционды басқару, сонымен қатар жеке басының қорғанысының шараларын , яғни арнайы киімдер, көз әйнектер және т.б.

    Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан кезде) және кезеңді (12 айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық қараудан өту, онда терапевт, невропатолог, окулист қатысады. Медициналық қараулар кезіндегі сапалы тексерулерге лазерлі сәулелерге сезімтелдығы жоғары ағзаларды тексеру жатады. Емдеу сауықтыру шаралары медициналық алдын алуларға жатады. Жұмыс кезінде 10-15 минут арнайы физкультура жаттығуларын жүргізу ұсынылады. Қыс көктем мезгілдерінде жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету керек, витаминмен қамтамасыз  ету үшін аэровит препараттын қолданамыз. Аэровитті 30-60 күн ішінде күніне бірден қолданамыз. Аэровит болмаған жағдайларда В1 виаминін және аскорбин қышқылын қолданады.  Витаминнен бөлек глютамин қышқылының, аминалон  және т.б профилактикалық курстар ұсынылады.

Лазерлі құрылымдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда функционалды бұзылыстардың диапазоны кең болғандықтан ағзаның әртүрлі жүйелерін қалыптастыруға және белсенділігін арттыруға әсер ететін кең спектрлі дәрілерді қолданады. Осындай заттар ретінде адаптоген тобының препараттары, оның ішінде қоршаған ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне ағзаның қарсылығын күшейтетін элеутерококты қолдануға болады.

Элеутероккокты тәулігіне 1 рет 1 ас қасықтан тағайындайды, 1 ай бойы, емдеу курсын 2-3 айдан кейін қайталайды.

Адам ағзасына шудың әсері

Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі  әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Кәсіби кереңдіктің клиникасы, шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз.  Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.

Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары  алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар  есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.

Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде  тұрақсыздық байқалынады.

Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы  рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.

ЭЭГ мәліметтер ретикулярлы формацияның әлсіреуін және басқада қыртысты құрылымдардағы қыртыс асты түзілістердің  өзгерістерін көрсетеді. Баяу регулярлы белсенділік, қалыпты ЭЭГ өзгерістер, альфа-белсенділіктің төмендеуі дені сау адмдарда да және шулы жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда да кездеседі. Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық  қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н.Н., 1971ж). Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М.Е. Хаймович  және  С.В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған  қанның систолалық және минуттық  көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі  орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.

Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған,  арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.

Алдын алу. Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар: 1) параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде; 2) техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін шуды төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі кезінде.

Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын  бірқатар талаптар бар, олар  шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек. «Шудан  жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.

Жеке қорғаныс заттарын қолдану кезінде белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы   аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей  тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын  қолдануды енгізу, бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика