Қауіп— адамдардың іс-әрекеті негізінде табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қаупін бұзатын, нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен зиян келтіретін процесс, құбылыс, объект, субъект. Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды. Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет.
Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер мен қайшылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды құлдыққа сату, жасырын миграция, аштық (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б. қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына зардаптарын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі.
Табиғатқа қауіп. Экологиялық проблемаларды түбегейлі шешу – көптеген аспектілері және бағыттары бар жауапкершілігі мол экологиялық саясат жүргізу жағдайында ғана мүмкін. Кез- келген шаруашылық іс-әрекет нәтижесінде экологиялық зардаптардың мөлшерін минималды, мейлінше төмен жасауды білдіретін экологиялық қауіп концепциясы осы ережелердің бірі болып табылады. Бұл жағдайда қоршаған ортаға тигізетін зардаптың қауіптің деңгейі басты мәселе болып табылады. Экологиялық қауіп концепциясының талабына сәйкес алдымен адамның тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін факторлар кешенін анықтау қажет. Осының негізінде әртүрлі шешімдердің ішінен ең қолайлысы таңдап алынады. Экологиялық қауіп — бұл қазіргі кезде немесе болашақта жоспарланып отырған адамның іс-әрекеті әсерінен, қоршаған табиғи ортаның экологиялық деградацияға немесе тұрақсыз, құбылмалы жағдайға ұшырау ықтималдығы. Экожүйе өздігінен дамиды, табиғи тепе-теңдік пен жүйенің орнықтылығын бұзатын факторлар болмаған жағдайда өзін-өзі толтырып, қалыпқ а әкеліп отырады. Тепе-теңдікті бұзатын, қауіпті көздер – табиғи стихиялы құбылыстар (жер сілкінісі, топан су), тірі табиғат (эпидемиялар, эпизотиялар), сондай-ақ антропогендік факторлар (авариялар, катастрофалар) болуы мүмкін. Экологиялық қауіп – адам қателігі, адамзат қоғамының іс-әрекеті нәтижесінде тіршілік ағымының бұзылу ықтималдығы. Жақсартуға талпынамын деп, адам көбіне керісінше қарама- қарсы нәтиже алып жатады. Бір жүйені жақсартамын деп, басқа жүйелердің мүмкіншілігін ескере бермейді. Техникалық ғимараттар мен коммуникацияларды пайдалану кезінде экологиялық қауіп арта түседі. Республика аумағында құбыр желілерінің зақымдануы, темір жол апаттары, өнеркәсіптегі үлкен авариялар жиі болып тұрады. Мәліметтер бойынша, АЭС-ғы қатерлі жағдайлардың 45%, авиаката- строфалардың 60%, теңіз катастрофаларының 80% адам Қателіктеріне байланысты. Қоршаған ортаның деградацияға ұшырау мен болып жатқан экологиялық жағдайларға бақылаудың жоқ екенін мысал түрінде айта кетуге болады. 1972 жылы қант қамыстарына зиян келтіретін көртышқандармен күрес жүргізу үшін Ямайкаға мангустар (Herpestes) алып келінді. Бірақ ол жануарлардың тек көртышқандарды ғана емес, жергілікті фаунаның көптеген түрлерін де құртып жіберетінін ешкім ескерген жоқ. Бар болғаны 10 жыл ішінде Ямайкада биоценоздарда үлкен өзгерістер жүріп, көртышқандар өздері үшін жаңа экологиялық қуыс тауып дәл бұрынғыдай қант қамысына зиян әкелуде. Ал жергілікті жерде жануарлардлың пайдалы түрлерінің саны күрт төмендеп кетті. Шығыс Африкада леопардтарды (Panthera pardus) жаппай қыру, үй жануарларының қас жауына айналған павиандардың санының кұрт көбеюіне алып келді. Ал Колорадо штатында койоттарды (Canis latrans) қыру фермерлер үшін үлкен проблемаға айналған қояндардың көбеюіне алып келді
Атмосфераның ластануы Атмосфера – әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын жердің газ тәрізді қабықшасы.Ол биосферадағы физико – химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе мұхитпен байланысы жатады. Атмосфераны ластаушы заттар: Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті. Көміртегі (ІІ) оксидінің көп мөлшері өте қауіпті, бірақ ол тұрақсыз және жылдам СО2 мен басқа да қосылыстарға айналады. Химиялық белсенділігінің жоғары және тұрақты көп мөлшерде 150 – 200 млн тн шығарылуына байланысты күкірт диоксиді немесе күкіртті ангидриттің қауіптілігі зор. Ол өткір иісі бар, түссіз газ. Оның сумен қосылыстары адам мен жануарлардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, зақымдайды. Ұзақ уақытқа созылған улану қан айналымының бұзылуы мен өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Күкіртті газ, әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Өсімдіктер газдың ошлардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын – шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ – өазіргі кездегі қоршаған ортаның әр түрлі элементтері мен биотасына әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы. . Күкірткөміртек улы қосылыс, түссіз, оңай жанатын сұйық. Ауамен жарылғаш қоспа түзеді. Адам ағзасына тыныс алу жолдары мен тамақпен бірге түседі. Орталық жүйке жүйесінің қызметінің нашарлауын туғызады, есірткілік әсері бар. Атмосфералық ауаның әртүрлі зиянды заттармен улануы, адамдар органының ауыруынан тыныс мүшелерінің ауыруына әкеліп соғады. Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әртүрлі қосындылар әр кезде де болады. Атм-ң ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсәп орындарының кейбір салалары, автокөлік және жылу энергетикасы жатады. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп қосылатын бірден-бір қосылыстар.ҚР-ң қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңнын аммиактык, фенолдың, қорғасынның және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлдеқайда атық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100есе артып кеткен.
Атмосфераның ластануының негізі көздері:
- жылу электр станциялары;
- өнеркәсіптер(химиялық, мұнай, түрлі-түсті металлургия т.б. );
- автотранспорт;
- Атмосфераның негізгі ластаушылары:
- газдар (азот, көмір, күкірт тотықтары, көмірсутектер т.б.)
- күйе;
- шаңдар;
- микроағзалар т.б.;
Ауаны тазарту арқылы жабық орындарда және сыртқы орындарда қажетті температураны, ылғалдылықты, газдық және иондық құраманы, ауа орталарындағы иістерді, сонымен қатар ауа жылдамдығын ұстауға болады. Әдетте қоғамдық және өндірістік орындарда ауа ортасының тек көрсетілген параметрлерін ұстауға болады. Ауаны тазарту жүйесі, ауаны өңдеуді (фильтрлеу, желдету, салқындату) жүзеге асыратын, техникалық құрылғылар кешенін құрайды. Ауаның жылу ылғалды-лығын өдеуге және оны тазалауға қажетті құрылғы, ауаны тазарту құрылғысы немесе желдеткіш деп аталынады.Ауаны тазарту өндіріс, жұмыс орындарында, қалыпты технологиялық процестің жүруіне қажетті микроклиматты қамтамасыз етеді.
Гидросфераның ластануы Гидросфера – біздің планетамыздың аса маңызды құрам бөліктерінің бірі.Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері- атмосфера және литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір – бірімен байланыс-тырып, біртұтас жабық жүйе:мұхит – атмосфера – құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Жер планетасындағы судың жалпы мөлшері 1386 млн.км3. Бұл судың 96,5 % әлемдік мұхитқа тиесілі. Гидросфераның ластаушы заттар:
- Өндіріс орындарынан шыққан полютанттар бар ағызынды сулар;
- фекаллилер, детергенттер, микроорганизмдер бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;
- улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштармен ластанған ауыл шаруашылық ағызынды сулары;
- атмосферадағы ластаушы заттар, газдар мен қатты заттар;
- мұнай өндіруші және өңдеуші өнеркәсәп орындарының ағызынды сулары.
Атмосфераның ластануына қарағанда, сулардың ластану көбірек қауіп туғызатын себептерін төмендегіше деуге болады. Сулы ортада өздігінен тазару, ауаға қарағанда әлдеқайда жай жүреді. Судың ластану көздері өте көп; Сулы ортада жүретін табиғи процестер ластаушылар әсеріне сезімтал және олар атмосферада жүретін процестерге қарағанда, жер бетіндегі тіршілік үшін аса маңызды болып табылады. Гидросфераның ластану көздері:
- өндірістік өнеркәсіп;
- коммуналдық шаруашылық;
- ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы т.б;
Ормандардың азаюы.
Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшыр ап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар. Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы. Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады.
Шөлейттену
Экожүйедегі тепе-теңдіктің бұзылуына және белгілі бір территориядағы органикалық тіршіліктің барлық формаларының деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын қырқу, жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің барлық табиғи аймақтарында жүруде. Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі — табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі, антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену процесі жалпы жер көлемінің Азияда — 19%, Африкада — 23%, Австралияда — 45%, Оңтүстік Америкада — 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.
Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар – түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т.б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі – тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда – 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.
Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл – ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды.
Адамзат өркениетпен бірге қадам басуда. Бірақ бұл процесс адамға тек пайдалы жағы ғана емес, оның денсаулығына қауіп те төндіреді. Мысалы: Химиялық қару Химиялық қару – Ұрыстық қолданылуы құралдармен бірліктегі улағыш заттар . УЗ – өздерінің физика – химиялық қасиеттері мен жоғары биологиялық белсенділігі арқасында қару ретінде , адамдарды,өсімдіктер мен жануарлар әлемін қырып – жоюға қолданылуы мүмкін уға арналған химиялық құрамалардың арнайы тобы. Оларды жеткізу құралдары – снарядтар,бомбалар, ракеталар.1954 жылы химиялық қаруды қолдануға тыйым салынды.Бірақ АҚШ оны Вьетнамда қолдануды жалғастыраберді.Мысалы,қызғылт – сары газ құрамында диокайн бар, бұл – газ өсімдіктерді жою үшін,яғни дефолиант түрінде ойлап шығарылды.Бірақ оның кейін адам ағзасыда үлкен өзгерістер туғызатыны анықталды.Мысалы,Вьетнамдағы соғысқа қатысқан АҚШ – тың 200 мың солдатының 14%балалары неше түрлі кемтарлықпен дүниеге келсе , ал Вьетнамның жергілікті халқында шаш,тырнақ, тістің тым ерте түсуі, қартаю байқалады. Қатерлі ісік, психоз, қан ауруымен ауыратын адамдар саны едәуір көбейді.Бұрын АҚШ химиялық қаруға тактикалық қару ретінде қараса, ал қазір стратегиялық қару ретінде қарайды.Химиялық қару барлық тіршілік йелеріне әсер етеді,ал материалдық құндылықтар сау қалады,оның көмегімен адамдарды қырып-жоюға немесе қатардан шығаруға болады. Қарудың бұл түрі басқаларға қарағанда арзан дайындалады.Мысалы,улағыш заттар тактикалық қолданылуына байланысты өлім қатерін туғызатындар:зарин,зоман,В-газдар,иприт;қатардан уақытша шығаратын : ипкапостанттар (дене жағдайына әсер етеді),кереңдік, соқырлық , анафилактикалық шок; Тітіркендіргіш әрекеттік: аданет,хлориникрит болып бөлінеді. Химиялық қаруды қолдану мақсаттары: 1.Уақытша қатардан шығару 2.Жою 3.Адамдарды тірі роботқа айналдыру. 4.Өндірістік процестерді тоқтату үшін пайдалану. Биологиялық қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. Бұл қарудың қауіптілігі приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтау үшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат. Бактериологиялык қару дегеніміз — адамдарды, ауыл шаруашылық малдарын, азык-түлік корларын, жем-шөпті залалдауға арналған жөне жеткізудің техникалық кұралдарына орналасқан жұкпа көздері—кеміргіштер мен тасығыш-жөндіктер, ауру туғызатьш микробтар жөне олар бөлетін уыттар.Бактериологиялық зақым ошағы биологиялык кұралдардьщ тікелей өсеріне тап болған халык, жануарлар, су қоймалары, өсімдіктері, кұрылыстары мен баска да объектілері бар аумак болып табылады. Егер закымдану ошағын залалсыздандырмаса, онда закьімданған адамдар мөн жануарлар арқылы ауру одан тыс аймакка да тарап кетеді..
БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды.
Патогендік микроорганизмдер жұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді. Иондаушы сәуле – дегеніміз сәулелердің бір затпен қосылып, сол затта электр зарядын түзуі немесе иондауы.Иондауыш сауле иондану сәулесі белгілі бір ортаның атомдарымен молекулаларын иондайтын болшектер мен электромагниттік кванттар ағыны.Иондану саулесіне рентген, алфа, бетта, гамма саулелері сннымен қатар электрондар, позитрондар, нейтрондпр ағыны жатады.Иондаушы сәулелердің корпускулярлы және фотонды түрлері бар.Корпускулярлы иондаушы сәулелер – радиоактивті заттардың ыдырауының нәтижесінде пайда болатын қарапайым бөлшектерден тұрады. Оларға: альфа (α) және бета (β)-бөлшектері, нейтрондар (), протондар () және де басқалары жатады.α-бөлшектер – екі единицалық заряды бар гелий атом ядросы. α-бөлшектер заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойы толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Радионуклидтерде α-бөлшектердің энергиясы шамамен 2-8 МэВ.β-бөлшектері – электрондар мен позитрондардың ағыны. Қазіргі кездегі өзімізге таныс радионуклидтерде β-бөлшектерінің максималды энергиясы 3,0-3,5 МэВ-ге тең. β-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада олар 20 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жұтылуы үшін қалыңдығы бірнеше милиметр қабат жеткілікті. Фотонды сәулелер – электромагниттер ағыны. Оларға: гамма (γ)-сәулелері, рентгенді және де басқалары жатады. Электромагнитті сәулеленудің осы түрлерінің өзара айырмашылығы: толқын ұзындығы мен энергиялары. (γ)-сәулелері бөлшектердің аннигиляциясы кезінде түзіледі. Гамма-кванттар ауада жұтылмайды, ал олардың ағынының әлсіреуі гамма-квант пен жұту материялының энергиясына тығыз байланысты. Мысалы, цезий – 137 гамма-сәулеленуін әлсірету үшін қалыңдығы 30 см алюминий немесе қалыңдығы 8 см қорғасын қабаты мыңдаған есе қажет. Екінші жағынан гамма-кванттар ((α) және бета (β)-бөлшектер сияқты ) барлық бағыт бойынша кең мүмкіндікті көздер ретінде шығады. Сондықтан да олардың жиілігі қашықтық квадратына сәйкес керісінше азаяды. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады.
Радиоактивтілік– табиғи процесстердің және адам іс әрекетінің нәтижесінде түсетін радиоактивті газдар мен аэрозольдердің атмосферада болуымен байланысты. Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. «Иондық сәулелену» атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жаныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам үлпасы мөн мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты, ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран түзының сәулеленуін анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған рентген сәулелеріне үқсастыру бойынша бүл қүбылыс радиоактивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті. Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды. Осы қүбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты. 1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады. Олардің кейбірін — радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты. Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты. Бүдан кейін радий өзінің «сәулеленуші» атауына ие болды. Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды.
Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады.
Иондаушы сәулелердің әр түрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әр түрлі жылдамдығымен байланысты болып шықты. Альфа бөлшектөр заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойын толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Сондықтан альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлкен емес — олар ауада 3 — 8 см өтеді, металда — 10 микрон, ал тіпті тығыз қағаздың бір бет парағы да альфа бөлшекті толығынан үстайды. Бета-бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие, ауада олар 2 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жүтылуы үшін қалыңдығы бірнеше миллиметр қабат жеткілікті. Гамма-кванттар ауада жүтылмайды, ал олардың ағынының әлсіреуі гамма квант пен жүту материалының энергиясына тығыз байланысты. Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер жер қыртысында болуы, табиғи суларға түсуі, желдету процестеріне қатысуы мүмкін. Көп жағдайда тау жыныстарындағы уран су бетіне шығып, оны едәуір қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандай да бір мөлшері кездеседі.
Электро магниттік өрістің адам ағзасына әсері олардан қорғану жолдары. Электромагнитік өрістің әсері – электр заряды не магниттік моменті бар бөлшектер арасындағы электромагнитік өріс арқылы берілетін әсерлі . адам өмірге келгеннен бастап, электромагнит сәулесінің әсерінде болады. Адамға әсер ететін жердің магниттік өрісі – табиғи электрломагниттік өріс, планетарлық сарқылмайтын ресурс. Магниттік өрістің күші әржерде әртүрлі. Радиожиіліктік өрістер адам организіміне қолайсыз әсерін тигізеді. Адамға, жануарларға, өсімдіктерге, микроорганизмдеоге жер қыртысынан бөлінетін гамма сәулелер жіне ғарыш сәулелері сырттан,организмде болатын радиоактивті элементтер сәуелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе, клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру жабысады.Радиожиілікті қондырғылар шығаратын электромагниттік сіулелерді мөлшерден көп қабылдаған жағдайда ол адамда мамандық ауруға акеліп согады. Нәтижесінде нерф жуйесі жуек кан тамырлары эндокриналды жүйе ж\е де басқа да ағзаларға әсер етуі мумкін. Электромагниттік өріс әсерінде ұзак уакыт болған жағдайда адамдар тез шаршаайды. Ұйқышылыдық пайда болады,ұйқысы бұзылады,жиі жиі басы ауырады,нерф жүуесі бұзылады т.с.с. системетикалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру қан қысымы өзгеру жүрек сооғысының баяулауы шашының түсуі байқалады.Қорғану әдістері: сәуле шыгару көзіндегі сіулеленуді азайту. Өте доғары жиілікті ж\е ультра жиілікті қондырғыларды дұрыс орнату. Экрандалған бөлмелердегі қондыргыны алыстан бақылау. Жқмыс істеу орнын ж\е сәуленің сшығц көзін экрандау немесе мыстан жасалтын жогары өткізгіштік касиеті бар тор металдар шағылдырғыш жерлету экран ретінде пайдалану қйымдар шаралар « электормагниттік сәулеленуді дазиметр көмегімен кемінде айына бір рет тексеру,жылына медициналық тексеруден бір рет өткізу. Қосымша демалыс қысқартылған жұмыс күнін жасау жасы он сегізге толмаған ж\е орталық нерф жүйесі жүрегі көзі ауыратын тұлғаларды жұмысқа қабылдамау». Жеке қорғанысты қолдану.
Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар.Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе күнделікті өмірі мен жұмысы төрт бұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердәң маңызы да зор,одан тиетін зияны да зор. Бірақ кез келген мәселенің шешімі бар екенің ұпытпаған жөн..
- компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру
- монитордың электромагнитті сәулелерінің әсері
- көзге салмақ түсуі
- шаршау
- білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі
- мәлімет жоғалтуына орай стресс жаңдайы
Адамдар компьютерде босаң қалпында отырады. Ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; Омыртқа,мойын,бастың бұлшық еті,қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады. Көздер мәтін немесе суреттің майда дірілдеулерін, перденің жылтырауын тез тіркейді. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көруде мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасы мен қоса зияны да бар. 1. дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан сколиоз ауруы қалыптасады. 2. көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды 3. Саусақ ұштарына пернетақтадан элетрленген сәулелер зиян әсер етіп, қол буындары ауырады.
Ұялы телефонның ағзаға әсері және қауіпсіздік шаралары Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан. Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал. Біріншіден, аталған қондырғыларды тұйықтау жүйесіне міндетті түрде енгізу қажет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да басқа құралдардың орналастыру талабы мен пайдалану уақыты сақталынуы тиіс. (Күндік тиісті уақыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір сағат сайын, балалар әр 30 минут сайын үзіліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнындағы электромагниттік өріс деңгейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұруы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. «Сотка» балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні «соткаға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.
Қоғамның тұрақты дамуына қауіптер:
Ашаршылық — саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі — мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі — үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады Ашығу жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп,халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті Ашаршылықтарға жиі ұшырап тұрған.Қытайда, Үндістанда,Ресейде, Африка елдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демогр. дүмпуінен кейін, 21 ғасырда экон-сы, әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде Ашаршылық жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара халықар. ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады.[1]
Жұмыссыздық
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік–экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады
] Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық – елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық – кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық – барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.
Секта ұйымдары.Секта дәстүрлі діннен бөлінген және оған қарама қарсылықта болатын діни ұйым.ИЕГОВА куәгерлері 6000 адам. 1976 жылы АҚШта Чарльз Рассель негізін қалаған діни ағым. Олар крестті жоққа шығарады, мерекелерді атап өтпейді, мемлекеттік іс шараларға ұарсы, әнұранды айтуға, әскерге баруға қарсы идеяны ұстанады. Бақай 2008 жылғы мәлімет бойынша 600-дей адам кірген, 19 діни бірлестігі бар. Кришнова тану қоғамы Вхават Гита саентология шіркеуі Хабборттың жеке бақылаулары және буддисттік көзқарастан құралған саентология болып табылады. 5000-дай адам кірген. Ахмедия жамағаты 1989 жылы *нд3станда Катманада шыққан.12000000 адам кірген. Орталығы Лондонда орналасқан. Қазақстанда 1984 жылдан белгілі. Олар өздерін исламды қалыпқа келтірушілерміз деп есептейді. Алля Аят Алматы обл,негізін қалаған Фархат Абдуллаев.Өзі өлгеннен кейін әйелі Нина жалғастырған.Күнге қарап сандарды санау арқылы,адам психикасына әсер етеді.Ата жолы 1997ж ұйым ретінде құрылған.2001 ж коммерциялық ұйым ретінде құрылады.Хизбуд Тахир олар бүкіл әлем ағылшын және араб тілдерәнде ғана сөйлеу керек дейді.Бахабистер адамдарда қабір азабы жоқ деп түсіндіреді.ЗИЯНДАРЫ:уйінен безеді,уйіндегілерден ақша талап етеді.
Өзіне тарту жолдары: Материалдық көмек көрсетілуі мүмкін;Кітаптары;Дәрі дәрмектері;Гипноз арқылы;Жиналыс өткізіледі,аптасына 5 рет. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған секталарға тоқтау жасайтын жаңа заңды күткенімізге қай заман. «Иегова куәгерлерінен» бастап ірілі-ұсақ дін атын жамылған ағымдарды санайтын болсақ тіпті саусақ жетпейді..) Сананы жаулаған сансыз сұраққа жауап тапқым келді. «Мың естігенннен бір көрген артық», шамамның келгенінше зерттеп білгім келіп солай қарай бет алған едім.Маңдайшасына «Иса мәсих миссенерлік орталығы» деген жазуы бар үлкен қорғанға имене басып кірдім. Кімге жолығарымды білмей аңырып тұрғанымда қарсы алдымнан қазақ жігіті ұшыраса кетті. Жөн сұрастым, осында Алматыда тұрады екен, есімі Бауыржан. Ол менің тасырлата жаудырған сұрақтарыма тосылмай еркін жауап беріп жатты: «білесің бе, діндер көп, бірақ Құдай жалғыз және Құдайдың баласы бар. Ол – Иса мәсих. Ақиқат тек осы жолда ғана. Иә, барлық бауырларыма айтар едім өтіңдер деп. Айтпақшы, кеше бір досымды ертіп келдім осында. Баста Исаға иланбаймын деген, кейіннен құлшылыққа қатынасып ақиқатпен қауышты. Қазір ол бақытты, жұмысы да ілгері басуда. Солай, ал сіз айтқан мұсылмандардың мешітіне кіріп көрмеппін, кИса мәсих ұйымының құрылғанына біраз болған, өте кең тараған. Филалдары Түркияда, Германияда, Англияда т.б мемлекеттерде бар көрінеді. Дін басыларын пастор деп атайды. Бұлардың қазіргі пасторлары Ким сан кон. Ұлты кәріс. Еліміздің барлық қалаларына қоныс тепкен. Алматының өзінде 51 құлшылық жасайтын орындары бар. Бір өкініштісі 60 пайызы қазақтардан құралған.,. шамалы уақыттан кейін қазақша құлшылықтарының болатынын естіп, әдейі күтіп отырдым… Орта жастағы жігіт ағасы микрофонды алып «қазір біз Иса мәсихке арнап ғибадат әнін айтамыз, дайын болсаңыздар…» деді. Масқараның көкесі осы екен, бәрі хормен 7-8 әннің басын қайырды.
Жаңа өмір сүргісі келетін бауырларымыздың саны күн санап артуда. «Біз дін емеспіз, дін өтірік нәрсе, біз жаңа өмір сыйлаушылармыз» дейтін ұстанымдары бар. Аптасына болатын құлшылықтары орыс, ұйғыр, ағылшын, қазақ тілдерінде өтеді. Әр топқа ат қойып уақытын белгілеп қойған. Соңғы кездері матурудиттер, ашғариттер деп бөлетіндер шықты жамағатымыздың арасында. Бұл не сонда? Секта ма? Матуруди Ханафи мәзхабының ғұламасы емес пе? Олар секта болса, нақты қай жерден адасқан? «Әһли-сүннет жамағатымыз» деп жиі айтатындар бар өздерін.
Әр адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамды өзі жасайды. Сондықтан да оны жақсарту өз қолымызда. Ғаламдық проблемалардан шығу жолдарының негізгі бағыттары: -Жаңа планетарлық сананы құрастыру -Асқынған проблемалардың шығуына алып келген себеп-қайшылықтарын зерттеу -Ғаламдық проблемаларды шешуде барлық елдер күшінің тең көлемде шоғырлануы