Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кең-байтақ  жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай – 2,925 км. (Каспий теңізі  мен Орал  ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке  қарай – 1,600 км. Батыс Сібір  жазығы мен  Орал тауларының  жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дейін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн.  шаршы км) Франциядан бес есе артық. Бірнеше ландшафты белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала (28%), шөлейт (18%), шөлді (40%). Қазақстанның Оңтүстік  және Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн.-нан астам адамды құрайды. Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.

А аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұл аймақтағы приоритетті мәселе – табиғи  ортаның  мұнаймен ластануы.

А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілер болып табылатын Атырау және Маңғыстау облыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5%-ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің  шамамен 16%-ын береді. Каспий маңы аймағында мұнайгаз өнеркәсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігінде мұнай қоры – 3-3,5 млрд. тонна және газдың – 2-2,3 м3. Ағымдағы мұнай өндіру барлық қордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.

Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы  уылдырықтың 95%-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар теңіз суының мұнаймен ластануы оның  санын кемітеді. Сондықтан, биокөптүрлікті  сақтау мәселесіне  көңіл аударылуы керек.

Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шағындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырады. Топырақтың деградациясы, судың мұнай мен ластану адамның денсаулығына және  экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биокөптүрліліктің жойылуына әкеледі. Тыныс алу жолдарының  қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандарға орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді  көмірсутектердің  концентрациясының  жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі  ісіктен болатын өнімнің басқа аймақтармен  салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкеледі. Жас балалардың  өлімі мың  адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша  ең жоғарғы көрсеткіш.

Мұнай өндірілген жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен  адамның ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкеледі. Жыл сайын шамамен 740 млен. м3 серіктес газдар жатады.  Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана  әкеліп  соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның  азот және күкірт тотықтарымен, парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы  температураның жоғарлауына әкеледі.

В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының  өнеркәсібі  жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтығы  мәселелер – қоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған территориядағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы, ерекше қорғауға алынған  территориялардың жеткіліксіздігі.

В аймағына солтүстік-шығыс облыстар – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақ тау-кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың   экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық-түлік  және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын  алады.

Территорияның басым бөлігін (4 млн.га) ормандар  алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресурстарының айды. Ресурстардың көп  бөлігі Шығыс Қазақстан облысына келеді.

Ертіс-Нұра – Есіл өзендерінің бассейіндерінің су ресурстары – негізгі су көзі.

Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселелер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.

Аймақтың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс және  Нұраның өзен  бассейіндері 4,1 млн.  халықты сумен  қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіп қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейнаралық  су  беруді жоспарлау, Қара ертістен суды Қытай халық республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.

Тек бір Шығыс Қазақстан облысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары (елде жиналғанның 90%) сақталған. Олар 32 мың га жерді алып жатыр.

Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы керосиннің төгілуі қаупі төндіруде.

Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі  ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.

С аймағына – оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік   аудандардағы негізгі экономикалық мәселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің  шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени  ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан және Қызылорда облыстары жатады.  Халық саны шамамен 5 млн., негізгі  қызметі – ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал және Алакөл-Балқаш бассейнінің өзендерінің суын пайдаланады.

Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе Арал  теңізі. Арал теңізінің  кеуіп қалған түбінен   сарапшылардың мәліметтері бойынша 50-70 мың  тоннадан  астам тұз  көтерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы  балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.

Су ресурстарын тимсіз пайдалану, Қытайға судың көптен  берілуіне байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50 % ғана  орындалып отыр.

Аймақтың әдеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен тығы байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы  миграциясы  байқалуда. Халықтың ауруға алдығу деңгейі соңғы жылдарда 2-3 есе артқан. Негізгі себеп – суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық  дамуына кедергі келтіреді.

1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

 Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.

Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949-дан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.

Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді, Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерге байланысты туған аурулар туралы маліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядрлық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдың өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радио-активті қалдықтар.

Семей ядролық полнгоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген программа, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий — 137 активтілігі 65—100 мкм/сағ. болғанын көрсетті.

Кейбір жерлерде 120—500 мкм/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120—150 мкм/сағ. құраған.

Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияларда да қалыптасуына теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған.

Халық шаруашылық  мәселелерін шешу мақсатындағы  жер асты ядролық  жарылыстар. 1995 жылға дейін  Қазақстан территориясында  әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық  жарылыстар жасалған. Олар әртүрлі халық  шаруашылық міндеттерін шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларды жер асты кеңестерін  жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориялардағы  жер асты суларының  ластану  дәрежесі  және мониторингі бойынша  ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.

Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 0137 концентрациясы  айына 0-0,42 Бк/кв м шамасында аутқиды. Бұл республика халқына  қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті  аэрозольдердің  мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес.

Радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының  техногенді қызмет әсерінен радиоактивті  ластануы уран  өндіру  кен орындарымен ядролық зерттеу және  энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өңдеу  жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий  және торий қатарының элементтерінің  әсерінен радиоактивтіліктін  жоғары болуымен сипатталады.

Зерттеулер нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында 1995 жылы бірқатар аномалиялар анықталған. “Үлбі” комбинатының өнеркәсіптік территориясында 15 радиоактивті ластану учаскелері  табылып, оның 13-і жойылды. Маңғыстау облысында Иранға жөнелтілетін металл қалдықтарының радиоактивті ластануы анықталады. Жамбыл облысында “Нодфос” АҚ-да 1995 жылы ылғал өлшегіштің  нейтронды сәулелену көзі жоғалған. Семей облысында кедендік бақылау  жүйесімен бірлесе  отырып жүргізілген тексеру нәтижесінде Қазақстан территориясынан сыртқа радиоактивті ластанған сым қабельдерінің шығарылуының 3 фактісі тіркелген.

Радиоактивті қалдықтар. Қазақстан территориясының табиғи радиоактивтілігі оны құрайтын метереологиялық әртектіліктін түзілуімен генетикалық байланысты, сонымен қатар уран, радий мен торий қатарының элементтерімен және космостық сәулеленумен  байланысты.

Елімізде үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың қызметін саяси, құқықтық негізде дамытуға да  қолайлы  жағдайлар жасалуда.

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ

Қазақстанның су артериялары шамамен  85 мың өзендерден құралған.  Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр.  Бұл өзендер ағысының шектен  тыс реттелуі мен олардың  деңгейінің  табиғи аутқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз  жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр.

Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі  ластаушыларға иондық ағыс, азотты органикалық қосылыстар, фосфор қосылыстары, цинк жатады.

Табиғи суларды ластайтын негізгі  химиялық  элементтердің  барлығы дерлік су  ортасына  өнеркәсіп орындарының  шайынды суларымен  келіп түседі.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және  жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің  көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында  қалған  жерлерге тағы  да 1,2-2,2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында  қалу  қауіпі  әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-шығыс  жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қауіпі  төніп отырған  43 мұнай кен орындарының  32-сі  Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі  дүние  жүзіндегі  бекіре тәрізді  балықтардың ең  ірі мекен  ету ортасы   болып табылады. Сондықтан каспий  мәселесі  тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың  жұмысы.

Арал теңізіңің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл  шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тәнь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-тен астам  қысқартып жіберді.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі  бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар  әлеуметтік  және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген  қазіргі заманға қоғам өзінің  болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық  тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды  тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Арал теңізі Орта азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде  төртінші орында болған.

Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.

Арал теңізі  табиғи  температура  реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер  етіп отырады.

Судың  сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен  шалғындықтар  жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл  кеуіп кеткен. Сырдария грунт сулардың  деңгейі төмендеп  кеткен.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі  Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр.

Балқаш жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және  шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған.Балқаштың шығыс бөлігіне  келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге  жұмсалады.

Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі  құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауындағы тоғайлы ормандар жоғала бастады. Бүкіл жағалауда шөлдену процесі басталуы қолдің жағасындағы  қамыстар жойылып бара жатыр.

Балқаштағы эколгогиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана  емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының  келешегін ойлауды талап етеді. Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау. Оңтүстік Қазақстандағы үш ірі облыстардың келешегін қамтамасыз ететін экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРМАН ҚОРЫ  ЖӘНЕ ОНЫ  ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ

Қазақстан  территориясының 3,8-ы орманды жерлер алып жатыр. “Қазақстан-2030” стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1% -ке дейін көтеру жоспарланған.

50 мың га орман алқабында зиянкестер мен аурулар анықталған. Ең  ірі орманды территориялар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында анықталған.

Орманды далалы алқапқа – Қазақстанның  солтүстігіндегі шоқ болып өсетін қайыңды ормандары жатады. Бұл ормандарда өсетін  ағаш  тұқымының  көбі  қайыңнан құралады. Одан басқа мұнда терек, ал бұталардан түрлі талдар, қарақаттар, дала шиесі, мойыл, итмұрын, тобылғы кездеседі.

Далалы алқапта – қайыңды шоқтардың оңтүстігін алып жатқан қарағайлы  ормандар өседі.  Олар ертеде Орал мен Алтай аралығын  тұтастырып жатқан. Жергілікті  халықтың өртеп, кесіп, мал  бағуының  салдарынан кеміп кеткен.

Шөлді алқапқа  – Қазақстанның бүкіл оңтүстігі, орталығы мен  батысының көп жері кіреді. Мұнда ақ сексеуіл мен қара сексеуіл  өседі және қоянсүйек, жыңғыл, жүзгін, шеркез, қандым кездеседі. Ағаш тұқымдарынан тоғайларда көбіне жиде мен тораңғы, албұталардан  әр түрлі тал, шеңгел өседі.

Бақылау  қызметінің  қысқаруынан және қазіргі  техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты сулардың деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерден жағдайы нашарлады, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде  – даланың шөптесін өсімдіктері басым. Далалы жерлерге орман отырғызу тәжірбиесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар 15-20 жасқа  жеткенде  өздігінен кеуіп кетеді.

4 ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ  КЛИМАТЫНЫҢ ӨЗГЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1992 жылы қабылданған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенциясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың жылынуы мен оның зиянды зардаптарын болдырмау  мәселелерін қойды. Климаттың өзгеруі туралы конвенция адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын  өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қауіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар – жер бетінің орташа температурасының  көтерілуі  және ауа  райының  кең ауқымды аймақтарда өзгеруі т.б. эффектілер болуы мүмкін.

Үкіметаралық өзгеруі мәселесімен айналысатын топтың  сарапшыларының мәліметтері бойынша өнеркәсіптік даму басталғанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін ғаламдық температура 0,50С –ға дейін көтеріледі.

Болашақта температураның көтерілуінің адамзатқа және қоршаған  ортаға әсері туралы болжамдар жасау қиын, себебі ғаламдық климат жүйесі  өте күрделі. Оның құбылыстары атмосфера өзгерісімен байланысты ғана емес. Мұхиттағы процесстермен қатынаста болады. Жер бетіндегі  климаттың әр түрлі бөліктері өзара күрделі қарым-қатынастардағы өзгерістер нәтижесінде климат табиғи өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселе қазіргі  уақытқа дейін жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.

Қазақстан климатын бақылау оның жылдан жылға құрғақтануын анықтады. Жалпы территорияның орташа айлық температурасының өсуі байқалған.

Антропогенді ықпалдың әсерінен шөлейт ландшафтар шөлге айналып қоймай, республиканың негізгі жері дала зонасы да шөлге айналып келе жатыр.

Климаттың ғаламдық жылынуының салдарынан туған мәселелер алдымыздағы екі-үш ұрпаққа зиянды әсерін тигізбесе де, бұл  мәселе ойлануды талап етеді. Ғаламдық жылынуға қарсы жүргізілетін саясатайтарлықтай қаржы жұмсауды қажет етеді. Егер парникті  газдардың  ауамен  араласуын қысқартатын шараларды дер кезінде қолданатын болса, онда климаттың  өзгеруінің нәтижесінде  туатын шығын  да мұндай  қатерлі, қайтымсыз болмас еді.

5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ  ЖАҒДАЙДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының экология және табиғат ресурстары  министірлігінің экологиялық  ақпараттық бюллетеннің мәліметтёріне сүйене отырып. 1997 жылдың Қазақстандағы демографиялық жағдайға тоқталайық.

Статистикалық комитетпен стратегиялық жоспарлау мен реформалау Агенттігінің  сараптамасы  бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарында  Қазақстан халқының саны 15671,8 мың адам, оның ішінде 8642,6 (55%) қала тұрғындары, 7029,2 мың адам (45%) ауыл тұрғындары құрайды.

Қазақстанда халық санының тұрақты кемуі сақталып отыр. Қазақстандықтардың  жалпы саны 1987  жылы 1,2% кеміген.

Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының артуына байланысты болып отыр.

5 жылдағы  жалпы туылу  коэффициенті  әр 1000 адамға 19,1-ден 14,7 төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи  өсім  2,1 есе кеміді.

1997 жылы  туылудың кемуі  барлық аймақтарда байқалды, ал Орталық  Шығыс, кейбір Солтүстік облыстарды және Алматы қаласында депопуляция байқалып отыр. Яғни өлгендердің саны  туғандардан артық.

Өлімнің негізгі себебін қан айналу жүйесінің  аурулары  құрайды. 1996 жылмен салыстырғанда жұқпалы және паразиттік аурулардан 17%, ал туберкулезден 5%-ке өлім саны артық.

Соңғы бес жылда балалардың өлімі төмендеп, 1993 жылмен салыстырғанда 3,9  промиллеге төмендеп, 1997 жылы 1 жасқа дейінгі  1000 адамға 24,2 өлген  балалар  саны сәйкес келген.

Мемлекет аралық көші-қон айналымында (көшіп келген және көшіп кеткен) Қазақстанда соңғы 5 жылда 1997,5 мың адам қатысты. Алыс шет елдерден де көшіп келгендер 25 мың адам, алыс шет елдерге көшіп кеткендер 440,4 мың, жақын шет елдерден көшіп келгендер саны 319,8 мың, көшіп кеткендер  1212,3 мың адамды құраған.

Елдің демографиялық жағдайына  мигранттардың  жастық және  білім деңгейлері  ерекше әсер етеді. Жалпы алғанда республика бойынша еңбеке жарамды жастағы  әрбір көшіп  кеткен адамға орташа білімі барлар  6 адамнан, орташа арнайы – 8, жоғары және аяқталған жоғары – 7 адамнана сәйкес келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика