БАЛАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСШРІМДЕРДІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ГИГИЕНАСЫ

Жалқы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің гигиенасы

Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдердің өмірі бұдан 10-20 жыл бұрынғы балалар өмірінең едәуір басқаша жағдайда жүріп жатыр. Үздіксіз етіп жатқан әр түрлі хабарлардың барысы және оқу жүктемелерінің жоғарылауы балалардың организміне ерекше талаптар қояды.

Қимыл-қозғалыс белсенділігінің жеткіліксіздігі мен таза ауада ете аз уақыт болу балалардың дене еңбегі қабілеттілігіне жане психикалық денсаулығына қолайсыз есер етеді. Мұндай жағдайлар оқу-тәрбие жұмыстарының сапасына өсер етеді, қажу және қатты қажу уақытының ертерек басталуына екеліп соғады. Сондықтан, оқу процестерінің гигиеналық ережелер мен нормаға сөйкестігіне санитарлық бақылауды күшейтудің қажеттілігі туды. Бұл процесті жақсарту екі негізгі бағытта жүреді: оқу бағдарламасын жетілдіру және мектеп пен жанүяда гигиеналық шараларды жақсарту. Екінші бағыт өте перспективті және бұл бағытқа күн тертібі, апталық, жылдық тертіптерді жақсарту, демалысты дұрыс ұйымдастыру мен қолайлы тұрмыс жағдайлары жатады.

Бүл меселенің гигиеналық. бөліміне көшудең бұрын, кейбір физиологиялық аспектілерді айта кету керек. Атақты физиолог И. Е. Введенскийдің көзқарасы бойынша, оқу жұмыстарының енімділігін мына негізгі шараларды орындау арқылы арттыруға болады: 1. Кез-келген еңбек процесіне ақырындап, еппен кірісу; 2. Жұмыста мөлшерлік пен ритмді сақтау; 3. Іс-әрекетте дағдыланған бірізділік пен жүйелілікті сақтау; 4. Еңбектің бір түрін екінші түрімен дұрыс алмастырып отыру; 5. Психологиялық қолайлы орта.

Көрсетілген физиологиялық принциптер оқу процесін жақсар-туға арналған барлық гигиеналық шаралардың негізіне жатады.

Мектептегі қатты қажу. 1984 жылғы мектеп реформасы бойынша, балаларды жалпы білім беретін орта.мектептерде оқыту XI жылға созылды. Қазақстанда балаларды бастауыш мектепте оқыту, жазу, есептеу және басқа да еңбекке баулып, дағдыландыру мерзімі 4 жылды қамтиды. 5-9 сыныптарда (орта сыныптар) – негізгі гылымдарды оқыту, жалпы еңбекке баулу жөне жасөспірімдерге мамандық тандауға бағыт көрсетіліп, 10-11 сыныптарда (жоғарғы сыныптар) — орта білім беріледі жене жастарды мамандыққа дайындау жүргізіледі.

Балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері салыстырмалы түрде төмен болады және үлкен оқу жүктемелері ол мүмкіндіктердің жойылып кетуіне – қажу және қатты қажудың басталуына екеліп соғуы мүмкін. А. Г. Сухаревтің түсінігі бойынша (1986 ж.) «Қажу тек кеп еңбектенудің салдарынан ғана емес, сонымен қатар сол жұмысты орындау кезіндегі жағдайлардың дұрыс болмауына да байланысты» болады. Гигиенистер мектеп оқушыларын қатты қажуға ұшырататын себептердің үш тобын анықтады: І.Мектептегі оқу процестерінің дұрыс үйымдастырылмауы; 2.0қу жүктемесінің оқушылардың функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі; 3. Оқу жағдайларына, оқу тәртібіне қойылган гигиеналық талаптардың сақталмауы.

Дұрыс ұйымдастырылған оқу жағдайы, тек терең білім беріп қана қоймай, оқушының дұрыс есіп, дамуына, денсаулығының нығаюына жағдай жасайды. Оқу процесін ұйымдастыруды балалар мен жасөспірімдердің қызмет қабілетінің өзгеруінің физиологиялық принциптерін ескере отырып жасау қажет.

Оқушылардың қызмет қаблетінің динамикасы үш кезеңнен тұрады: үйреніп, дагдылану; жоғары онімділік, жұмыс қабілетінін төмендеу кезеңі (сурет). Сондықтан ербір аптаның, ербір тоқсанның жене әрбір жылдың басында сабақ жүктемесі жеңіл болу керек. Оқу жүктемесінің ең үлкен келемі, керсетілген диклдардың (сабақтың, күннің, аптаның, тоқсанның, жылдың) ортасына сейкес келіп, қызмет қабілеті темендейтін кезеңдерде оқу жүктемесін жеңілдету қажет.

Біздің мектептерде сабақ ұзақтығы бірыңғай 45 минут болатын. Бірақ гигиеналық зерттеулер 1-сынып оқушылары үшін мұндай уақыт ұзақтығы рационалды емес екенін көрсетті. Бұл кезенде, балаларда бала бақшада қалыптасқан динамикалық стереотип бұзылатындығы және олардың сабаққа кеңіл қою ұзақтығы 30-35 минуттан аспайтындығы анықталды. Осындай жағдайларға байланысты оқушылардың қызмет қабілеті тез темендеп кететіндіктен, оқу сабақтары тиімді болмайды. Сондықтан бірінші сынып оқушылары үшін сабақ ұзақтығы 35 минуттан аспауы керек деп бекітілді.

Қатты қажудың алдын алу шаралары сабақ ұзақтығын ғана регламенттеумен шектелмей, оқушылардың барлық іс-әрекеттерін де нормалауы қажет. Оқу іс-ерекеттерінің кейбір түрлерінің ұзақтыгын регламенттеу шаралары, негізгі пөндердің (жазу, оқу, математика) балалар организмінің функционалдық жагдайы мен қызмет қабілетіне тигізетін есеріне негізделеді, яғни бірінші сыныпта ең қиын сабақ жазу мен оқу екендігі анықталған, сондықтан 6 жастағы балалардың үздіксіз оқуының ұзақтығы 8 минуттан аспайды. 7 жастағы оқушылардың үздіксіз жазуының дұрыс ұзақтығы сабақтың басында 2 минут 40 секунд жене сабақтың соңында 1 минут 45 секунд екендігі анықталған, осыған байланысты 14-15 жаста үздіксіз жазу (диктант) ұзақтығы 20 миңуттан жоғары болмауы тиіс.

Техникалық оқу құралдарын – ТОҚ (теледидар, бейне- кино-диафильмдер, ұнтаспалар) оқу үрдісінде пайдаланған кезде, олардың едеттегі сабақтың монатондылығын болғызбай, сабаққа эмоционалдық бояу беретінін жене балалардың қызмет қабілетін жо-ғарылатып, оқу үлгерімін жақсартатынын ескеру қажет. Бірақ ТОҚ қолдану орталық жүйке жүйесіне, есіресе керу және есту анализаторларына үлкен жүктеме түсіреді. Сондықтан гигиенистер ер түрлі сыныптарда диафильм, кинофильм жене теледидар арқылы жүргізілетін сабақтардың ұзақтығын регламенттеу қажеттігін ұсынды (кесте). Осы бағытта жүргізілген зерттеулерге байланысты бастауыш сыныптарда кинофильмдер керу ұзақтығы 15—20 минуттан, жоғары сыныптарда 25-30 минуттан жене апта ішіндегі ТОҚ қолдану арқылы жүргізілетін сабақтардың саны бастауыш сыныптар үшін 3—4, жоғары сыныптар үшін 4—6 сабақтан аспауы қажет.

1-кесте. Оқушылырдыц сабақтарда техникалык оқу кұралдарын үздіксіз пайдалану ұзақтығы.

Сыпыптар Кору ұзактығы, мин.
Диафильмдср, диапозитивтср Кииофильмдср Тслсдидар
1-2 7-15 15-20 15
3-4 15-20 15-20 20
5-7 20-25 20-25 20-25
8-11 25-30 25-30

Сонымен қатар экраннан санау жұмыстарын жүргізген кезде, саналатын объекттің өлшемі 6О мм және ең шеткі қатардын бірінші столында отырған оқушының көру бұрышы 20 градус болса, жоғалатын ақпараттар саны өте аз болады. Жазық экранда жұмыс істеген кезде, козден экранға дейінгі оптималды жазықтықтың тереңдік бұрышы 90 градус, рүқсат етілген тереңдігі 110 градус болып келетін үшбұрыш қабырғаларымен шектелген болып келеді (Назарова Е.Н., 1979).

Балаларды алты жастан бастап оқыту. Кеңестер одағы кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы балаларды алты жастан бастап оқыту институты 6 жастағы балаларды дайындық сыныптарда оқыту жағдайына толық гигиеналық баға берді. Балалардың күнделікті, аптадағы, жыл бойындагы қызмет қабілетің динамикалық зерттеудің нәти-желерінің қорытындысы мынандай болды:

  1. Балалардың жас мөлшерінің ерекшеліктеріне көбінесе, сабақ ұзақтығының 30 минут болуы сөйкес келеді екен. 45 минуттық сабақтардың ортасында 5 минуттық үзіліс жасағанның өзінде, сабақтан-сабакқа өткенде балалардың оқу белсенділігі тез төмендеп кететіндіктен, мүндай сабақ уақыты жарамсыз болып табылады.
  2. Алты жастағы баланың қызмет қабілеті 6,5 жастағы балаларға қарағанда едәуір төмен болатындығын, яғни 6 жастағы балалардың функционалдық дайындығының толық емес екендігін көрсетті.
  3. Функционалдық мүмкіндігі төмен балалардың арасында, денсаулық ауытқулары мен созылмалы аурулары барлар басқа балаларға қарағанда 2 еседей кеп кездесетіндігі анықталды.
  4. Үш мезгіл тамақтану, 1,5 сағаттық ұйықтау жене 2,5-3 сағат таза ауада серуендету уақыты қарастырылтан толық ұзартылган күн, жартылай ұзартылған күн (15 сағатқа дейін) төртібіне қарағанда балаларға қолайлырақ өсер ететіндігі анықталды.
  5. Бастауыш сынып оқушыларын салыстырмалы зерттеу кезінде, 6 жастан бастап оқыған балалардың арасындағы денсаулығындағы ауытқулары мен созылмалы аурулар 7 жастағы балаларға қарағанда 2 еседей кеп кездесетіндігі анықталды.

Қазақстан Республикасы Білім министрлігі 1991 ж. «Он бір жылдық орта мектептің бірінші сыныбына қабылдау ережелерін» бекітті, осы ереже бойынша бірінші сынып оқушыларының оқу үрдісіне темендегідей талаптар қойылды: 1. Сынып-толықтыгы 25 баладан артық болмауы керек; 2. Оқу жылы 32 аптадан артық болмауы керек; 3. Оқу сабағының үзақтығы 35 минуттан артық болмауы керек; 4. Әрбір үзілістің үзақтығы 20 минуттан кем бол-мауы керек; 5. Екінші сабақтан кейін динамикалық сабақтар жүргізілуі тиіс; 6. Үйге тапсырма берілмейді, бага балл өлшемімен қойылмайды (сезбен мақтау немесе қателіктерін түсіндіреді); 7. Үшінші тоқсанның ортасында қосымша бір апталык каникул беріледі.

45 минуттық оқу екіңші сынып оқушыларына да үлкен жүктеме болып саналады. Сондықтан сабақтың соңгы 10 минуты қажуды болгызбауға арналуы керек (столдағы ойындар, әдебиеттер оқу т.с.с). Барлық бастауыш сыныптарда сабақ арасында денешынықтыру үзілістері жүргізілуі»тиіс. Барлық сыныптарда еңбек сабағы мен денешынықтыру сабағынан басқа екі еселенген сабақтарды жүргізуге болмайды. Сабақтың құрылысы барлық сыныптарға бірдей болуы керек – оқу жүктемесін сабақтың соңында ақырындап көбейтіп, соңынан ептеп азайта бастау қажет.

Сабақтагы монотондылықты болғызбауға да жағдай жасау керек. Ол үшін техникалық оқу құралдарының кемегі қажет (кино-фильмдер, слайдтар, диафильмдер өрсету т.с.с). Бірақ оқудың бұл түрі жүйке-жүйесіне едәуір жүктеме түсіретіндіктен, өрбір сыныптарға сәйкес қатал регламенттелуі тиіс

Мектептегі оқу сабақтарының гигиенасы. Мектептегі оқу сабақтары әрбір сыныпқа арналып жасалған сабақ кестелеріне сөйкес жүргізіледі. Оқушылардың қызмет қабілетінің дүрыс болуы, негізінен гигиеналық тұрғыдан дұрыс жасалған сабақ кестесіне байланысты. Бірақ сабақ кестесін құрастыруда негізге алынатын мектептегі пөндердің қиындық дәрежесі, оларды өзгерте салуға немесе қатал регламент жасауга келе бермейтін көптеген нақты факторлаға бай-ланысты болып келетіндіктен, сабақ кестссін дұрыс жасау оңай емес.

Сабақ кестесін жасауға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:

1) Әр түрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру;

2) Оқу пәндерін күнделікті және апталық қызмет қабілетіне сәйкес бөлу.

Оқу үрдісін қалыптастырган кезде, міндетті түрде оқушылардың өр түрлі іс-әрекеттері мен демалыстарын кезектестіруді және қызмет қабілетінің қалыпына келуінің классикалық қисық сызығын (сурет) ескеру қажет.

Оқу пәндері іс-әрекеттің қиындығының сипатына, бірінші және екінші сигналдық жүйеге түсетін жүктемелердің дәрежесі мен осы жүктемелердің статикалық және динамикалық компоненттерінің қатынасына байланысты өр түрлі болып келеді. Оқу күнінің басында оқушылардың қызмет қабілеті жоғары болып түрған кезде, негізінен екінші сигналдық жүйеге жүктеме түсіретін (өдебиет, математика, шет тілдері т.б.), яғни сезбен айтуға, ойлануға арналған сабақтарды қойған дүрыс. Оқу күнінің соңына қарай, жүмыс өнімділігі азайған кезде сабақ кестелеріне нақты заттар, образдар арқылы, яғни ауызша айтқаннан жеңілірек қабылданатын (сурет салу, сызу, бастауыш сыныптарда аппликация, жапсыру т.б.) сабақтар қойылганы дүрыс.

Үлкен ақыл-ой жүктемесін, есте сақтау мен санауды қажет ететін қиын сабақтарды дағдылану қалыптасатын бірінші сабақтарға және қажу басталатын соңгы сабақтарға қоюға болмайды.

Әсіресе, 2 сыныпта – табигат тану, 4 сыныпта – тарих, 5 сныпта — география, ботаника, өдебиет, 6 сыныпта — физика, 7 сыныпта – химия сияқты балалар алгаш рет кездесетін сабақтар қажудың дамуына ете жоғары әсер етеді.

Бастауыш сыныптарда көз жүгіртіп оқу процесінің қалыптасуы өте күрделі процесс жөне ол қажудың дамуын жеделдететіндіктен оларға кітап оқу сабақтары өте қолайсыз өсер етеді. Химия пөнінің тақырыптарының көбі  өте  күрделі,  түсінуге қиын болып келетіндіктен, география курсы нақты материалдармен шектен тыс қанықтырылғандықтан және бұл пәндерді көру арқылы қабылдау мүмкін болмағандықтан мектеп қабырғасындагы барлық кезеңдерде, сонымен қатар 8-10 сыныптарда да оқушылар үшін химия мен география пәндері өте қыийн сабақтар болып есептеледі. Мұндай өте қиын пәндерді олардың қызмет қабілетінің ең жоғары болатын сағаттарына, ал еңбек және денешынықтыру торбиесі сйяқты жеңіл пөндерді оқу күндерінің ортасьща (мые. ақыл-ой еңбегін көп-қажет ететін сабақтарды дене еңбегіне ауыстыру қажеттігін ескере отырып 3—4 сабақта-рға, яғни қажу басталатын уақыттарға қою) қойган дүрыс. Мектепке алғаш келгенде балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі 50%-ға дейін төмендейді, сондықтан гигиенистер оқу тәртібіне күнделікті дене тәрбиесі сабагын енгізуді немесе оқу күнінің ортасында күнделікті бір сагаттық динамикалық үзіліс беру тәртібін енгізуді үсынады.

Бір сабақты, мысалы орыс тілі, математика, сызу сияқты сабақтарды екі еселеп жүргізу дұрыс емес. Орташа қиындықтағы сабақтарды да сабақ кестесінде бірінші немесе соңгы сабақтарга қоймай, мүмкіндігінше екінші немесе үшінші сабақтарға қойған дүрыс. Екі немесе үш қиын сабақтарды, мысалы, физика, мате-матика, шет тілдерін қатарынан қойған да дүрыс емес. Одан да оларды жеңілірек сабақтармен (тарих, биология, география т.с.с) араластырып қою қажет. Оқушылардың ақыл-ой еңбегінен дене еңбегіне ауысуына мүмкіндік беру үшін табиғат тану, математика және гуманитарлық циклдарды денешынықтыру тәрбиесі, еңбек, әуен және суретсалу сабақтарымен кезектестіріп отырган тиімді. Мұндай кезектестіру оқушылардың тек оқу күнінде ғана емес, бүкіл оқу аптасында қызмет қабілетінің жақсы сақталуын қамтамасыз етеді.

Балалардың оқу, еңбек жүктемесі ҚР БМ бекіткен (14.04.94. №156 бұйрық) базалық жөне типтік жоспарға сәйкес болуы керек (кесте).

Базалық оқу жоспары бойынша мектеп оқушылары үшін үш деңгейдегі оқу жүктемесі анықталған: инварианттық (базалық), өзгермелі (оқушылардың вз қалауы бойынша қосымша сабақтар факультативтік курстар) және жалпы дамуға арналған (топтық, жеке жүргізілетін сабақтар, үйірме жұмыстары, қогамға пайдалы еңбек т.с.с).

Тектептеп апталык оку жүктсмесінін гигиеналық рұксат етілген деңгейі.

Апталык оқу жүктемесі, сагат. Сыныптар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Міндетті

түрдс,

міп

18 22 23 24 27 29 29 29 29 29 20
Міндетті

түрде,

тах

20 23 24 25 29 30 31 32 33 34 34
■ ШРЕД 22 25 27 28 33 34 36 37 38 39 39

ШРБД – шекті рұқсат етілген деңгей

Таңдап оқитын және факультативтік сабақтар баланың (ата-анасының) тілегіне, қабілетіне сәйкес бірінші сыныптан бастап жүргізіледі. Ондай сабақтардың да көлемі анықталған (кесте).

Қосымша сабақтардын жүктемесі

Аіггалык оқу

жүктемесі,

сагат

Сыныптар
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Таңдамалы сабақтар _ _ 2 2 2 3 3 4- 5 7 8
Факультатив-тік сабақтар 2 2 2 2 3 3 3 3 3 4 5
Жалпы

даму

жүктемссі

2 2 2 2 3 3 3 2 2 2 2

ҚР БМ бекіткен типтік оқу жоспарында оқушыларының сабақ ұзақтыгы бірінші сыныпта 35 минуттан, 2-11 сыныптарда 45 нуттан жогары болмауы керек деп көрсетілген.

Оқу күнінің  ұзақтыгындағы айырмашылықтар өсіп келе жатқан организмдердегі биологиялық немесе әлеуметтік жагдайға байланысты болатын кризистік кезендерін ескере бермейді.

Оқушылардың жыныстық жетілу кезеңінде оқу жүктемесіне жауап ретіндеі реакциялары мен психикалық жағдайлары өзгереді. Бұл кезенде Қызмет қабілетінің тұрақтылығы бұзылады. Көптеген авторлар осы кезеңдегі оқушылардың қызмет қабілеті біршама төмендеп, іс-әрекетке, оқып-үйренуге, білім алуға деген сұраныстары біраз бацулайды деп жазды.

Оқу аптасында ұйымдастырылмауы үлкен психогигиеналық маңыз атқарады. Оқушылардың қызмет қабілетінің апталық динамикйсына Жүргізілген көптеген зерттеулер, аптаның балалардың кызмет қабілетінің жоғары болатын күндерін анықтауға мүмкіндік берді.

Оқу сабак тарына баға беру тәсіддерінің бірі ретінде пәндердің қиындығының рангалық шкаласы алынды (кестелер). Берілген кестелердегі мәліметтерге қосымша ретінде ағарту мекемелеріндегі оқушыларға жүргізілген сұрақтар зерттелді, яғни оларцың көбі сабақтардың қатарына информатиканы профильдік пиндерді жатқызады және жаңадан қосылатын басқа да пәндердің қиындығы 10 баллдан төмен емес сияқты.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған қиындықтарын бағалау шкаласы

Орта және жоғарғы сынып оқушыларына арналған пәндердің қиындандығ тарын шкаласы

Пәндердің қиындығының шкаласын мектепте сабақ кестесіне гигиеналық баға беруде қолланады. Ол үшін орбір сыныптың аптадагы күндер бойынша барлық баллдар жиынын санап анықтайды. Мысалы, 6-сыныпта пәндердің қиындыгының рангалық шкаласы бойынша алынган баллдар жиыны, аптаның жеке күндерін 36,38,47,40,35,32 құрайды. Осы сандар арқылы алынған мәліметті қисық сызық арқылы бейнелеп көрсетуге болады (сурет).

Егер сәрсенбі немесе бейсенбі күндері шкаланың бір рет котерілу немесе сөрсенбі, жұма күндері екі рет көтерілуі бар болса мектептің сабақ кестесі дұрыс құрастырылғаны туралы баға беріледі. Егер баллдың көбі дүйсенбі, сенбі күндерге сәйкес келіп, немесе апталық циклда оқу жүктемесі біркелкі таралган болса, сабақ кестесі «дұрыс құрастырылмаган» деп бағаланады.

Сонымен, мектеп оқушыларының қызмет қабілетін жоғарылатып, олардың денсаулықтарын сақтап, нығайту үшін ұтымды құрастырылган күнделікті және апталық сабақ кестесі ең тиімді гигие-налық шаралардың бірі болып саналады. Өкінішке орай, іс жүзінде әр түрлі себеп-сылтаулармен бүл принцип сақтала бермейді.

Сабақ кестесін үтымды қүрастыруға кедергі келтіретін себептерді объективті жөне субъективті себептер деп екіге бөлуге болады. Объективті себептерге: сынып жеткіліксіздігі; оқытатын мамандардың жеткіліксіздігі; орын басушылықтар т.с.с. жатады. Субъективті кемшіліктерге, оларды жою үшін материалдық шығын қажет етпейтін: сабақ кестесін қүрастырушы адамның білімінің аздыгы; сабақ беретін мүгалімдердің сабақтан бос қүндерінің болуы; оқу жүктемесін мүғалімдерге дұрыс бөліп бермеу сияқты жедел түзету-ге болатын себептерді жатқызуға болады.

Мектеп оқушыларының қызмет қабілетінің айтарлықтай  төмендеуі ушінші тоқсанда байқалады жөне ол оте қиындау, ұзақ болады. Тортінші’тоқсанда қызмет қабілетінің көрсеткіштері оқу жүктемесінің азаюына, соған сәйкес оқушылардың жылдың жылы мезгілінде таза ауада ұзағырақ болуына байланысты біршама жақсаруы мүмкін.

Бірақ жылдың аяғында жекелеген физиологиялық функциялардың қызмет қабілетінің төмендеуі анықталады.

Оқу үрдісінің ұйымдастырылуында сабақ арасындағы үзілістердің регламентациясы, әсіресе олардың ұзақтығының регламенті ерекше маңыз атқарады.

Сабақ арасындагы үзілістер арқылы организмге берілетіи дема-лыстың үзақтығы, оның «функционалдық потенциалдарын» қалпына келтіру және қызмет қабілетінің қайтарылған деңгейін бекіту сияқты екі фазасын да қамтамасыз ете алатындай мерзімде болуы керек. Егер демалыс ұзақтығы жеткіліксіз және жаңадан түсетін жуктеме 1-фазаға сөйкес болса, онда қызмет қабілеті күрт төмендеп, қажу жоғарылай бастайды.

Сабақ арасындағы үзілістер балалардың іс-әрекетінің түрін өзгертуге, яғни организмді қимыл-қозғалыстар арқылы сергітуге арналса гана өзінің міндетін орындайды. Оқушылардың қызмет қабілетін жылдамырақ қалыпына келтіретін ең жақсы демалыс — жақсы көңіл-күймен таза ауада жасалатын қимыл-қозғалысты ойындар. Мұндай үзілістерді жыл мезгіліне қарамастан ашық ауада өткізу, балалар организмнің шынығуына ықпал етеді, олардың жоғарғы жүйке жуйесінің қызметін жақсартып, оқу жылындағы, тоқсандағы, аптадагы, оқу күндеріндегі оқу жүктемесінен болатын қажудың дамуын төмендетеді (болғызбайды).

Жалпы білім беретін мектептерде бірінші сынып оқушыларына сабақ арасында ұзақтығы 20 минуттан үзілістер беріледі. 2-11 сынып оқушылары үшін 10 минуттан кіші үзілістер, 2—3 сабақтан соң 30 минуттық бір үлкен үзіліс немесе мүндай үлкен үзілістің орнына 2 жоне 3 сабақтан соң 20 минуттан 2 үзіліс беріледі.

Үзілістерді ұйымдастырылған түрде жасауга мүлде болмайды, өйткені ондай үзілістер сабақ оқу түріне айналып кетеді.

Мектептердің оқу сабақтарын ұйымдастыру бағдарламасы оқу аптасының, оқу тоқсандарының аралықтарыядагы демалыстардың да дұрыс ұымдастырылуын қарастыруы қажет.

Оқу апталарының аралығындағы демалыс күні – жексенбі (кейде екі күн – сенбі, жексенбі) оқушылардың апта бойындагы қызмет қабілетінің темендеуін толық қалыпына келтіре бермейді, оны дүйсенбі күні балалардың кызмет қабілетінің төмен болып келетіндігінен байқауга болады.

Оқушыларды 5 крідік оку багдарламасы бойынша оқыту. Кеңестер одағы кезінде мектептерде оқушыларды аптасына 5 күн оқытудың эксперименті жүргізілген еді. Ең алғашында эксперимент дайындық сыныптарының оқушыларына жүргізілді, соңынан қалған сыныптарға таралды. Сол кезде мектептерде аптасына 5 күн оқыту тәртібінің 2 түрі берілген еді: РСФСР, ДСМ ҒЗИ мектептерге және ССРО педагогика ғылым. академиясының оқыту мазмүны мен тәсілдсріне ҒЗИ жасаган тортібі үсынылды. Бұл скі түрлі эксперн-менттің алдыма қойган мақсаттары – мектеп оқушыларының оқу жүктемелерін нормалау; оқушылардың талап-тілегіне, бейімділігіне. және қабілетіне сәйкес жағдай жасау; 2 күндік демалыс күндері есебінен ата-аналарының балаларына өсерін күшейту болды.

Берілген екі тортіп арасында елеулі айырмашылық бар: Біріншісі, жұмыс аптасын 1 күнге қысқарта отырып, оқу сағаттарын қысқартпайды немесе кейбір сыныптарда, керісінше оқу сабақтарын көбейтіп, сол себептен күндік оқу жүктемесін жоғарылатады. Оны нормаға келтіру үшін, әрбір сабақтың ұзақтығы 45 минуттың орнына 40 минутқа дейін қысқарады.

Екінші эксперименттік тәртіп, міндетті түрде болатын оқу жүктемесін қысқартуды қарастырды, бірақ факультативтік (міндетті түрде емес) сабақтарды енгізеді және қалған «резервтегі сагаттарды» мектеп кеңесінің шешуіне байланысты пайдалануды қарастырды.

Керсетілген тәртіптердің екеуі де 9—11 сынып оқушыларын мамандыққа баулып, оқытуды қамтиды, ербір оқушы өзі ұнатқан мамандыққа оқыту багытын таңдап, өздерінің қабілетіне, козқарастарына сәйкес пайдалануын қарастырады.

Бұл екі төртіпке гигиеналық бага беру арқылы, оқу процесіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптардың бірінші вариаиттағы тәртіпте кебірек бұзылатыны анықталды. Мөскеу қаласының осы варианттагы мектептерін тексерген кезде мынандай жагдайлар анықталды: 1. Бастауыш сыныптарда сабақ саңы 5-ке дейін, одан жоғарырақ сыныптарда 7—8-ге дейін көбейген; 2. Үлкен жене кіші

үзілістердің ұзақтығы (15 жөне 5 минутқа дейін) қысқарған; 3. Орта жене жоғарғы сынып оқушыларына сабақтарды екі еселеу ксңінен пайдаланылган; 4. Сабақтардың тыгыздығы үлғайған; 5. Децешынықтыру жене эстетикалық төрбиеге берілген уақьптар қысқарған; 6. Барлық мектеп оқушыларының арасында денсаулық жағдайяарының ауытқулары жоғарылаган; 7. Сабақ уақытындағы қажужиілігінің жогарылағандығы (6 күндік оқу тәртібіне қарағанда 10-20%) айқын байқалган, яғни бастауыш сынып оқушыларының 50%- га жуығы бас ауруына шагым айтатындығы жене бүндай балалар-

дың пайызы сыныптан-сыныпқа кешкен сайын жоғарылап отыратындығы,   невротикалық реакциялардың (ашуланшақ, жылауық, едепсіздік, жаман түстер көру т.с.с.) жиілігінің жоғарылауы мен ақыл-ой қабілетінің төмендейтіндігі байқалған.

Балалар мен жасеспірімдер ҒЗИ ғалымдары бұл экспериментті мектеп тәртібіне енгізуге болмайды деп санайды.

Екінші варианттағы төртіп гигиеналық тұрғыдан қабылдауға жарамдырақ, бірақ кебінесе «резерв сағаттары» немесе «мектеп резерві» тек қана оқу мақсаты үшін пайдаланатындықтан, бар-лық жақсы жақтарын азайтып жібереді.

Бұл екі төртіптің екеуінің де елеулі кемшіліктеріне темендсгілер жатады:

Қимыл-қозғалыс қажеттілігінің 2 еседен де жоғары азаюы және соған байланысты балалардың арасында жедел аурулардың өсуі; Еркін қимыл қозғалыс қажеттігінің жеткіліксіздігі, бүл жағдаң аптасына 6 күн оқитын мектеп оқушыларына да тен, бірақ онда мүндай кемшіліктерді жою үшін қимыл-қозғалыс тәртібіне қажетті түзетулер енгізуге болады, ал бес күндік оқу төртіптеріңде қимыл-қозгалыс қажеттілігінің 2 есе азаюынан мүндай түзетулер ешізуге мүмкіңдік болмайды. Бүл балалар организмінің қолайсыз жагдай-ларға қарсы түру мүмкіндігін азайтып, жедел аурулардың кебеюіне әкеліп соғады; Екі демальіс күннің болуы, онсыз да сабақты жеңілдетіп еткізуді жоспарлауды қажет ететін дүйсенбі күні үйреніп-дағдылану уакытын ұзартып жібереді. Оқу тәртібінезгерту, көптеген мектептерде оқушылардың қызмет қабілетінің функционалдық динамикасының ерекшеліктеріне сабақ кестесінің сәйкес келмеуіне өкеліп соғады; Қосымша демалыс күні балаларға ата-ана тәрбиесінің әсерін күшёйтуге арналғанымен, балалардың жартысы ғана сенбі күні ата-анасымен бола алады. Сондықтан бүл күнді балалар уақытының кебін теледидар алдында еткізеді, өз бетімен кешеде 3 сағат жене одан да кеп уақыт қыдырады, Ягни, ата-ананың назарынан тыс қалып қөюға жағдай туады.

Мектепте аптасына 5 күндік оқуға көшетін болса, көрсетілген жағдайларды ескере отырып, санитарлық дерігер мектептерде гигиеналық төртіпті сақтау қажеттігіне арналған шаралар еңдеп, уақытыңда бағыт керсетуі керек. Олардың негізгісі – оқу жүктемесін оқушылардьщ функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес касау жөне оқу мен мектептен тыс уақыттың рационалды тәртібін сақтау. Күн тертібінің дүрыстығына ерекше кеңіл белу керек.

Жоғарьща айтылғандай, мектепте оқудың алғашқы кезендерінде, есіресе бірінші жылы мектепке дейін қалыптасқан динамикалық стереотип бүзылатындықтан балалардың денсаулық жағдайлары-ның ауытқуларына өкеліп соғады. Бұндай жағдайлар, өдетте балалардың дене салмагының азаюынан байқалады. Дене еңбегіне берілген жүктемеден кейін де жүрек, қан тамыры жүйесінің ауытқулары байқалады.

Мұндай жагдайларда, көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша бала бақшадағы және мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің бірізділісі ең маңызды профилактикалық шаралар болып саналады. Бүл пробле-ма оқу-ағарту және денсаулық сақтау органдарының қатысуымен кешенді шешілуі керек.

Сонымен қатар балалардың бала-бақшадан мектепке көшуі, қимыл-қозғалыс қажеттілігінің күрт темендеуіне үшыратады. Мүңдай өзгерістер әсіресе музыкамен, шет тілмен айналысатын балаларга тән. Қимыл-қозғалыс ойындарын кинофильм көрумен, әдеби кітаптар оқумен алмастыруға болмайды. Мүндай жағдайда есіп келе жатқан организмнің қимыл-қозғалысқа деген биология-лық қажеттілігі қанағаттанбайды да, гипокинезия дами бастайды. Мектептегі узартылган кун тәртібі. Мектеп оқушыларының ата-анасының 90 пайызы қызмет істейтін болғаңдықтан, балаларды 17-18 сагатқа дейін мектепте қалдыру қажет екені анықталды.

Алғашқыда 6 жастағы балаларға, одан соң ересектерге  мектепте ұзағырақ болу үшін, үзартылған күн жүйесін үйымдастыру қажеттігі туды. Егер ұзартылған күн топтарына оқушылардың 80%-дан көбі баратын болса, ұзартылған күн мектептері ашылды.

Мұндай оқытудың төртіп кезеңдерінің озіне тен ерекшеліктері бар (толық жөне жартылай үзартылган күн), бірақ қандай жаг-дайда болса да негізгі гигиеналық принциптерді сақтау қажет бо-лады: 1. Ұзартылган күн тәртібі сабақтан соң толық бағалы демалыс болғанда ғана тиімді болады. Сондықтан 6 жастағы балаларға 2 сағаттық күндізгі үйқы қарастырылады және үзартылған күн мектептері немесе топтары үшін спорт сағаты (күнделікті таза ауада денешынықтыру) ұйымдастырылуы керек. Сонымен қатар 2-3-сыныптарда оқитын ауырушаң, әлсіз балалар үшін дөрігердің қортындысы бойынша күндізгі ұйқы қажет. 2. Бастауыш сынып оқушылары таза ауада барлығы 2 сағаттан ал, жоғарғы сынып оқушылары 1,5 сағаттан кем болмауы керек. 3. Гигиеналық зерттеулердің нөтижесі бойынша ұзартылған күн тәртібіндегі мектеп оқушылары, шамамен уақыттың 2/3 бөлігін салыстырмалы түрде қимыл-қозғалыссыз тыныштықта өткізеді, сондықтан мек-тептерде рационалды күн төртібін сақтау үшін барлық жағдай жасалуы қерек. 4. Үй тапсырмасының орындалуын үйымдастыру да дүрыс көңіл аударуды қажет етеді: бірінші сынып оқушыла-рында үй жүмысы болмайды, 2-сынып оқушылары үшін үй тап-сырмасын орындау уақыты 1 сағаттан артық болмауы керек, 3-5-сыныптарда 1,5 сағаттан, 6-7-сыныптарда 2 сағаттан және 8-9-сыныптарда 3 сағаттан аспауы тиіс. 5. Телехабар кору үзақтыгы бастауыш сыныптарда 1 сагаттан, 5—9-сыныптарда 1,5 сагаттан артық болмауы керек.

Мамандандырылган мектептер. Жекелеген пәндерді (шет тілі, математика т.б.) тереңірек оқытуға арналған мамандандырылған мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі шындап коңіл болуге тұрарлық мәселе. Гигиеналық зерттеулер, мұндай мектептердегі оқу жүктемесі кобінесе оқушылардың функционалдық мүмкіндіктерінен асып кететіндігін корсетті. Осындай мектептерде оқитын балалардың арасында денсаулық жагдайларының ауытқулары жиірек кездеседі. Мысалы, шетел тілдерін оқытатын мектептерде жалпы білім беретің мектептерге қараганда алыстан көрмеушілік пен балалардың дене мүсінінің бүзылуы, ал математикаға бейімдеу мектептерінде арте-риялық қан қысымының жогарлауы 2-3 есе коп кездеседі. Мұндай мектептсрдің оқушылары  педагогтар  мен  медицина қыз-меткерлерінің ерекше коңіл бөлуін қажет етеді.

Емтихан кезіндегі стресс. Мектеп оқушыларының арасында, психикалық бүзылыстардың шиеленісуін туғызатын өр түрлі себептердің ішіндегі, емтихан кезіндегі стресс бірінші орын алады. Емтиханға дайындалу кезінде қимыл-қозғалыс белсенділігі ең теменгі шегіне дейін -азайып, демалыс пен ұйқы тәртібі бүзылады, көптеген оқушылардың дене салмағы азаяды. Организмге жогары статикалық және үдемелі ақыл-ой еңбегінің жүктемесі түсетіндіктен, емтихан тапсыру балалар организмнің»өте үлкен күш жұмсап, зорлануына әкеледі.

Емтиханда кездейсоқ билет» алу жөне оған жауап беруге дайындалу үшін уақыттың ете аз болуы да есіп келе жатқан жас организмге үлкен эмоционалды жүктеме түсіреді. Бұл күндері оқушылар организмінде катехоламиндердің қызметі күшейеді, ер түрлі вегетативтік функциялар бұзылады, артериялық қан қысымы жоғарылайды. Оқушылар бас ауыруына, асқазан-ішек ауруларына жиі шағым айта бастайды.

Гигиеналық тұрғыдан емтихандар қажет емес, бірақ іс-жүзінде оны толық алыатастау, мектептегі оқудың тиімділігін өте төмендетіл жіберетіндігін көрсетті. Дүние жүзі ғалымдары емтихан проблема-сына ете кеңінен зерттеулер жүргізіп жатыр, олардың басты мақсаты – мүмкіндігінше балалардағы психологиялық жүктемені азайту. Оқу үрдісінің негізінде, оқушылардың білім деңгейіне жүйелі түрде жекелеген бақьшау жүргізілуі керек. Сонымен қатар компьютерлерде бақылау тест жүргізу жөне басқа формалары үсынылды.

Ауырушаң, әлсіз балаларды оқыту. Іс жүзінде орбір сыныпта белгілімелшерде қызмет қабілеті томендеген, үлгёрімі нашар балалар болады. Егер сыныптарда рационалды күн тәртібі сақталатын болса, онда балалардың қызмет қабілетінің түрақты болмауының себебі, олардың созылмалы ауруларына және морфофункционалдық дамуы артта қалушылыгына байланысты болады. Осындай ауру-лардың қатарына кебінесе тонзиллит, ревматизм, жүйке жүйесінің қызмстінің бүзылуы т.с.с. жатады. Үлгерімі нашар балалардың 60%-дан көбінің созылмалы аурулары, ал 30%-ның морфофункционалдық ауытқулары байқалды.

Осындай ауырушаң, елсіз балалардың қызмет қабілетінің темен, қажу дәрежесінің жоғары екендігі байқалды. Жүйке жүйесінің қызметі бүзылған балаларда әдеттегідей үйреніп дагдылану кезеңі, бірінші сабақтан соң қызмет қабілетінің жоғарлауы, қызмет қабілетінің тұрақтану уақыты әне оның төмендеу дәрежелері байқалмайды. Мұндай оқушылардың функционалдық көрсеткіштері сабақтың басында-ақ төмендейді немесе шүғыл асинхрондық тұрақсыздық көрсетеді. Қызмет қабілетінің төмендеуі төулік соңында ғана жоғарылап қоймай, жылдың басынан аяғына дейін және де жылдан жылға төмендей береді.

Осыңдай балалар мектепке дейінгі кезенде қалыптасқан динамикалық стереотиптің бұзылуын, оның оте тез арада өзгеруін өте қиыи кабылдайды. Оларда жаңа ортаға үйреніп, дағдылану процестерінің өзі баяу жүреді, күн тәртібін орындай алмайды, қимыл-қозғалыс белсенділігі азаяды. Бұндай балалар денсаулық жағдайы бойынша мектепке баруға болады, бірақ оларға оқу жағдайы қолайсыз өсер етуі мүмкін. Сондықтан олар мүғалімдердің жеке қадағалауын, өсіресе, гигиеналық талаптардың қатал орындалуын қажет етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мөліметі бойынша барлық балалардың 25% құрайтын бүндай балалар үшін жалпы білім беру мектептерінде олардың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, дифференцияддық сабақтар жүргізетін түзету сыныптары ашылуда. Осындай оқушыларға жеке кеңіл белу, олардағы жүйке-психикалық ауытқулардың алдын алу шаралары болып табылады. Сонымен қатар балалардың оқу үлгерімі мен қызмет қабілетін жоғарлатады.

Жалпы алғанда, 3-4-денсаулық тобындағы балалар үшін, оларға төменде керсетілгендей жеңілдетілген күн тәртібін жасау керек: І.Ұйқыға арналған уақытты ұзарту; 2. Тамақтануға ерекшекөңіл белу: балалардың рационынан озіне ұнамайтын тамақтарды алып тастау, көрсетілген диетаны қатал сақтау, рационды кекеністермен, жеміс-жидектермен толықтыру, баланы еркінен тыс тойғызып тамақтандыруға жол бермеу; З.Қимыл-қозғалыс белсенділігін жақ-сарту; 4.Міндетті түрде өткізілетін сабақтардың және статикалық компоненті бар қосымша сабақтардың жүктемесін азайту; 5.Қажудың белгілері пайда болысымен (қан тамырының соғуы мен тыныс алудың мелшерден тыс жиілеуі, бетінің бозаруы, терлеуі, шағым айтуы т.с.с.) жүктеменің қандай түрі болса да тоқтату; б.Шынық-тыру процестерін жақсарту; 7.Жекелеген емдеу-салауаттандыру шараларын (витаминдер, симптомдық қүралдар, физиотерапия, арнаулы диета, жедел тыныс жоддары ауруларының профилактикасы т.б.) жүргізу.

Қимыл-қозғалыс аппараттарының бүзьшуы, созьшмалы ауру-лары бар оқушылар және психоңеврологиялық ауытқулары бар балалар жалпы білім беретін санаториялық мектеп-интернаттарға жіберіледі. Толық клиникалық салауатгандырылғаннан кейін мұндай оқушыларды жалпы білім беретін мектептерге ауыстырады. Мектеп-интернаттарда оқу жүктемелері азайтылған және салауаттандыру шараларымен қатар жүреді. Алтаның ортасында сабақ тәртібі жеңілдетіледі де, өте әлсіз балалар үшін қосымша демалыс күні беріледі.

Сабақ жүргізу төртібі баспалдақты бағдарлама бойынша жасалады. Мысалы, 1-сыныпта қыркүйек, қазан айларында күніне 30 миуттан 3 сабақ, қараша, желтоқсан айларында күніне 30 минуттан 4 сабақ, ары қарай 35 минуттан 4 сабақ өткізіледі. Тек қана мектеп-интернаттан шығаруға 30-40 күн қалғанда жалпы білім беретін мектептердегідей толық жүктемемен оқиды. Мұндай бала-лар үшін сабақ басталарға дейін, үлкен үзіліс кезінде, сабақтан соң, үй тапсырмасын орындаған соң, кешкі тамақтан кейін жөне күндізгі ұйқыдан соң таза ауада болу уақыты үзартылады.

Арнаулы оқу орындары. Жалпы көпшілікке арналған мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін мектептерде оқуы мүмкін емес, дамуында кемшіліктері бар балалар ерекше топ қүрайды. Халық ағарту жүйесінде арнаулы бағыттары бар, арнаулы типтегі мекемелер бөлінген. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін осындай мекемелердің 5 түрі бар: 1. Есту қабілеті бүзылгандар үшін (саңыраулар, нашар еститіндер); 2. Сөйлеу қабілеті бұзылгандар үшін; 3. Көру қабілеті бұзылғандар үшін; 4. Ақыл-ой қабілеті бұзылгандар үшін; 5. Тірек-қозғалыс аппараттары бұзылгандар үшін. Жалпы білім беретін мектеп-интернаттардың 6 түрі бар: 1. Есту қаблеті бұзьшғандар (саңыраулар, нашар еститіндер) үшін; 2. Сөйлеу қаблеті бұзылгандар үшін; 3. Көру қаблеті бүзылғандар(соқырлар мен нашар көретіндер) үшін; 4. Ақыл-ой кемшілігі барлар үшін; 5. Полиомиелит және орталық ми сарыптарынан қалған зардабы бар балалар үшін; 6. Психикалық дамуы тежелген балалар үшін.

Бүндай балаларды оқыту арнаулы жоспар бойынша жүргізіледі. Ондай оқытуды ертерек, әсіресе мектепке дейінгі жастарда, негізгі кемшіліктерін түзету мүмкіндігі бар кезінде бастаған дүрыс. Өйткені, негізгі кемшіліктер баланың барлық анализаторларына әсер етуі мүмкін. Мысалы, нашар еститін балалардың жас мөлшеріне сәйкес тіл даму динамикасы бұзылады, ал нашар көретін балаларда қимьш-қозғалыс анализаторларының қызметі бұзылуы мүмкін, осының бөрі басқа органдар мен жүйелердің дамуына кері әсер етеді.

Осындай мектептердегі (мекемелерде) балалар мен жасөспірімдер гигиенасы белімінің санитарлық дөрігерінің қызметі негізгі тертіпті сақтауға қойылған санитарлық талаптарды қатал бақылау болып табылады. Өкінішке орай, гигиена гылымында дамуында ауытқу бар балалар үшін күн төртібі мен оқу процестеріне негізделген нақты үсыныстар жоқтың қасында. Сондықтан ондай балаларға да кепшілікке арналган мекемелердің талаптары қойылады. Қолданылып жүрген қүжаттарда мүндай балалар үшін мектептерде сыныптардың толықтығын азайтудан. басқа ещқандай ерекшелік жасалмайды. Мұндай мекемелёрдің жеке типтерінің арасында да ешқандай айырмашылық жоқ. Керсетілген кемшіліктер санитарлық дерігерлердің осындай мектептерді (мекемелерді) тексерген кезде жауапкершілігінің жоғары болуын талап етеді.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика