Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп — тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

Ортаның экологиялық факторларын топтастыру

(И.Н.Пономарева бойынша, 1975)

Абиотикалық факторлар Биотикалық факторлар
Климаттық: жарық, температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, қысым.

Эдафогенді: («эдафос» – топырақ): механикалық құрам, ылғалдылық, ауа өткізгіштік, тығыздық.

Орографиялық: рельеф, теңіз деңгейінен биіктігі, баурай экспозициясы.

Химиялық: ауадағы газ құрамы, судың тұздық құрамы, топырақ ерітінділерінің концентрациясы, қышқылдығы және құрамы.

Фитогенді: өсімдік ағзалары.

Зоогенді: жануарлар

Микробиогенді: вирустар, қарапайымдар, бактериялар

Антропогенді: адам әрекеті

1.Тіршілік ортасы – организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Кез-келген тіршілік иесі үнемі өзгеріп отыратын күрделі әлемде, сол өзгерістерге бейімделіп, өмір сүруін сол өзгерістерге қарай реттеп отырады. Жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар, олар: тіршілік алғаш пайда болған – су ортасы; кейіннен тірі организмдер игерген құрылық-әуе және топырақ орталары; сонымен қатар басқа симбионттар мен паразиттер үшін организмдердің өздері де тіршілік ортасы болып саналады

Тіршілік етуші негізгі орта және оларға ағзалардың адаптациялануы (бейімделуі). Жер бетіндегі  тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік  ортасына бөлінеді.

1.1.Сулы орта

Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді. Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.Гиробионтар – суда  өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.Судың жоғарға  қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады.Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

Гидробионттардың  бейімделу ерекшеліктері.Су жануарларының  сулы ортада бағытын табуы,көру бағытының  шектеулілігі, дыбысқа  жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының  таралуын қабылдау (киттәрізділер)) Фильтрация (сүзу)-қоректену көзі.Кейбір  гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар  көп мөлшердегі суды  сүзіп, ондағы  кездесетін  органикалық заттар текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді.Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері.Бұндай су тоғандары негізінен  өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға  ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық  кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

1.2.Құрлықты орта.

Ауа ортасындағы тіршілік сулы ортаға қарағанда эволюциялық дамуда кейінірек пайда болды.Сулы ортаға қарағанда бұл ортадаға өмір күрделірек.Жанурлар денесі ауамен қоршалған- газтәрізді ортада қысым төмен, оттегінің мөлшері жоғары,су тамшыларының мөлшері керісінше төмен. Бұлар тыныс алу жағдайын күрт өзгертеді,сонымен қатар, су алмасу мен тірі ағзалардың қозғалысы да өзгереді.Көптеген түрлерде  ауа лектерінің  көмегімен таралу – анемохория дамыған. Ауа лектерінмен ағзалардың пассивті қабылдануы –аэропланктондар деп аталады.  Бұл ортаның өзіндік ерекшелігі –температураның жылдам  өзгеруі болып табылады.Құрлық —  ауалы ортаның  жағдайы ондағы ауа – райының өзгерісіне  тікелей байланысты.Ауа – райының өзгерісіне байланысты  жер бетінің 20 км. бетіндегі  атмосферасының   үздіксіз өзгерісіне әкеледі (тропосфераның шегі).Ауа –райының көп жылдық  тұрақты өзгерісі сол жердің климатына сәйкес сипатталады.Сонымен қатар, жерүсті тіршілігі үшін ол жердің  жарық түсу жағдайы, жергілікті жер рельефі және  грунтының құрамы, жауын – шашындардың (жауын, бұршақ, қар) мөлшеріне де көп байланысты.

1.3.Топырақ–тіршілік ортасы.

Топырақ – құрлық үстінің  жұқа борпылдақ, ауамен  байланысып жататын бөлігі. Бұл  үшфазалы жүйе, оның  қатты бөлігі ауаме, сумен  қоршалып жатыр. Олар газ бен сулы ерітінділермен  толтырылған жолақтардан  тұрады. Бұндағы температура  өзгеріп отырады, жер беті  өлген жан- жануарлар мен өсімдіктер қалдықтарының шіріндісінен пайда болған органикалық және  минеральдық қорлармен жинақталған. Сондықтанда топырақ тіршілікке бай.

Топырақтағы ағзалардың экологиялық топтары:

Микрофауна-топырақтағы өте ұсақ ағзалар (қарапайымдылар, колораткалар, тихоходтар мен нематодтар және т.б.). Олар үшін  топырақ – микросу тоған жүйесі.

Мезофауна – недәуір ірілеу ағзалар (0,1-ден 2-3 мм-ге дейінгі) жиынтығы, негізінен буынаяқтылар (кенелер,алғашқы қанатсыз жәндіктер мен қанаттылардың ұсақ түрлері, қырықаяқтар және басқалар).Олар үшін топырақ ұсақ үңгірлер жүйесі сияқты.

Макрофауна-2-20мм.-ге дейінгі көлемдегі денелі жәндіктер (құрттар, қырықаяқтар,жәндіктер,шаянтәрізділер).

Оларға топырақ – қатты орта болып есептеледі де, қозғалыс кезінде  аздаған  механикалық кедергілер келтіреді.

Топырақ мегофаунасы – бұлар ірі жер қазушылар, негізінен сүтқоректілер болып келеді (слепыштар,слепушонкалар,цокорлар,көртышқандар және басқалар), олар  өмірін топырақ астында өткізеді де,қазуға бейім келеді.

Інде тіршілік етушілер (суырлар,борсықтар,саршұнақтар,тушкандар, қояндар және т.б). Олар негізінен жердің  үстінде қоректенеді де, көбеюі, қыстаулары, тынығулары, өз жауларынан қорғанысы топырақта  жүреді. Топырақ жануарлардың эволюциялық дамуында өте үлкен роль атқарды.

1.4.Тірі ағзалар – тіршілік ортасы.

Тірі ағзалардың денесін тіршілік ортасы ретінде пайдалану – табиғаттағы бұрыннан келе жатқан табиғи құбылыс. Тіпті микроағзалар (бактериялар, біржасушалы балдырлар) паразиттер мен симбионттардан тұратын  бірлесе тіршілік ететін ағзалармен қатар өмір сүреді.Паразиттік өмір сүру жағдайларының өзіндік  оңды жақтары мен кемшіліктері бар.

Оңды жақтары:a)Қорекпен  өзінің тіршілік етуші  қожасының  ағзасы арқылы үнемі  толық қамтамасыз етіліп тұрады.Паразиттердің  тез өсуі  көбеюге және басқа  ағзаларды  залалдауға себепші болады.б)Сыртқы ортадан туытын әсерлерден толық қорғанышта болады.

Кемшіліктері: а)Ткандар мен  жасушаішіндегі өмірсүрушілер үшін тіршілік кеңістігі  шектеулі.б)Оттегімен қамтамасыз етілуі күрделі.в)Қожа ағзасының прпзттерден қорғанысы да шектеулі.

Осындай жағдайларға қожа ағзасы да,паразитер де эволюциялық даму жағдайында  әркімнің өзінше бейімделушілігі қалыптасқан.

          2.Қоршаған ортаның экологиялық факторлары– тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген  әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет;

1.Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының  теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің  азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері  температураның, атмосфералық қысымның  төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның  экологиялық  факторлары ретінде білінеді.

2.Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген  себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді.Экологиялық факторлардың  аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.

Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар  минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады.Бұл өз кезегінде  планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің  концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді.Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.

Экологиялық факторлар табиғаты жағынан  қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;

1.Фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.

2.Фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты  қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.

3.Фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады.

Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:

1.Абиотикалық  факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.

2.Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.

3.Антропогенді факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.

2.1Абиотикалық факторларға  айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);

Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.

2.2Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.

2.3Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.

Антропикалық фокторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері.Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін  табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бұкіл  тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға  және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады.Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.

  1. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.

1)Орта және орта факторлары, оларды топтау.

2)Ағзаға орта факторларының әсері етуінің кейбір жалпы заңдылықтары.

3)Адаптация биологиялық  құбылыс ретінде.

4)Тіршілік ету ортасы.

1.Мекен ету ортасы деп, әдетте ағзалардың табиғи денелермен және құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз.

2.Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді.

1.Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар тәулік уақытының  уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.)

2.Маусымдылықсыз  әсер етуші факторлар – кейбір уақыттарда қайталанады-ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.

3.Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, тар. бетпақталада т. б.).

4.Белгісіз әсер етуші факторлар-бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестікреті үшін өте қауіпті.

Жарық және мінез-құлық бағдарлануы.

Жануарлардың мінез-құлығындағы бағдарлануы жарық әсері өте маңызды.

Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз. Күн сәулесі осы жануарларға әсер ете отырып, олардың әрекетін басқарады және олардың тіршілік салтын, мінез құлығын, ұйқы мен демалу ритмдерін анықтайды. Мысалы: олардың әрекет сипаттары, тамақтану тәсілдері, жыныстық белсенділіктері т. б.

Ағымдар және оттегі.

Көптеген тіршілік орталарында жануарлар ағымының әсер етуін сезінеді. Ауа және су ағымдар болып бөлінеді және жануарлардың таралуында қоршаған ортаның реттеуші факторы болып табылады. Олардың әсері екі жақты: біріншіден, ағымдар жануарларға әртүрлі заттар және жылу әкелсе, екіншіден, олар жануарлардың өзін басқа жаққа орнын ауыстыртады.

Ауа ағымдары горизантальды түрде тұратын жел сипатта және жер бетінен шығатын термальды түрде болып бөлінеді.

Суда да ағымдар бар. Су ағымының жылдамдығы ауа ағымына қарағанда  аз болып келеді. Ол сарқырамаларды  үлкен шамада-6 м. секундқа дейін. Ең қуатты су ағымы мұхитта болады, жылы Гольфстрим  ағымдарында немесе суық компенсациялық  ағымдарында.

Зат алмасу процесінде көпшілік жануарлар үшін оттегінің ролі өте зор. Ол тыныс алуға қатысады.

Ересек адамдардың қанында гемоглабиндік байланысқан оттегінің мөлшері 1 метрге дейін болады. Гемоглобин көмегімен О2-ткандерге таралады және сіңіреді.

Жануарлар үшін О2 негізгі зат тіршілік үшін қажетті. Жер бетіндегі оның таралуы түрлердің таралу шекарасын анықтайды. Оттегінің болуы шешуші фактор болып табылады, одан жануарлардыңәртүрлі мекен ету орталарына таралуы тәуелді. О2 таралуы: Ауадағы оттегі, топырақтағы О2, таяз судағы О2, теңіз О2-сі, паразиттердегі О2.

Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу.

Температура  мен ылғалдылықтың  әсер етуі. Антрактиканың шөлді  мұзында  t0-ра -880С дейін төмендесе,  Жердің сусыз шөлдерінде көлеңкеде    +580С   дейін көтеріледі. Орталық   Европаның  ормандарында оңтүстік  жағында  ыстық жазда 400С дейін жетсе, солтүстік жағында 200С дейін барады. Жердің  барлық  жерінде  тіршілік  таралған.  Бірақ  бір тіршілік иесі әлемде бүкіл жердегі   t0-ра диапазонын көтеруі мүмкін емес. Сондықтан  кез – келген  жануарлардың  таралуы  мекен  еткен  жерімен шектеледі, сол температурамен бейімделеді.

Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өзгеруінің дене температурасын реттей алмайды, және пойкилотермдік жануарлар деп аталады.

Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермдік деп атайды.

Қоршаған ортаның температурасының  өзгеруіне  өте төзімді жануарлар эвритермдік , ал тек белгілші температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.

Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері- Жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі  шарты.  Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері  су ерітіндісінде жүреді.

Әдетте жануарлар денесінің 50% астамы судан тұрады. Мысалы : үй жануарларының  59%, адам денесі 64%, ұлу 70%, балықтарда 75% және жоғары, медузаларда 99% т. б.

Көптеген жануарларда  ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организімдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.

Август Тинеманн деген биологтың айтуынша «космостық шырмалымға» барлық тірілер кіреді және соған бағынышты. Тіршілік көзі- күн сәулесі.

Биотикалық факторларға адаптация.

Тамақтану және түр аралық байланыстар.  Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.

Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузорилер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.

Гүлдер мен өсімдіктер.

Ертеде ассириялықтар мен вавилондықтар  Екі өзендік мемлекетінде  құрма пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік).

Х.К.Шпренгель «Табиғаттың ашылған сыры» еңбегінде 1793ж. гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында гүлдердің балауыз қасиеттері сол өсімдікті тозаңдыратын насекомдарға тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасы  кектар соратын мүшесі ұзын болып келеді. Оңтүстік америка көбелегі- тұмсықтар өте ұзын гүл формасына байланысты.

Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.

1)Қоректену немесе трофикалық байланыс.

2)Топикалық байланыс-(грекше топо-орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.

3)Форикалық (латынша форас-сыртта) – бұл байланыс бір ағзаныцң басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.

           4.Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы  заңдылықтары.

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.

Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін .Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Ю.Либихтың «Минимум» заңы немесе  шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы)  организмнің күйіне  ықпал етеді, сонымен бірге , басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік)  заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес.Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзаларэврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

      Тіршіліктің ұйымдасу деңгейлері. Бізді қоршаған биосфераның тірі ағзалар әлемі – әртүрлі құрылымдық тәртіптегі және түрлі ұйымдасу жағдайындағы саналуан биологиялық жүйелердің жинағы. Осы жағдайларды ескере отырып, тірі ағзалардың ірі молекулалардан бастап түрліше ұйымдасқан өсімдіктер мен жануарларға дейінгі әртүрлі тіршілік ету деңгейін ажыратуға болады. Қазіргі таңда тірі материяның төмендегідей ұйымдасу деңгейлері анықталған:

1.Молекулалық. 2.Жасушалық. 4.Мүшелік. 5.Ағзалық. 6.Популяциялық. 7.Биоценоз және биогеоценоз. 8.Биосфералық.

Ағзаның сыртқы ортамен өзара әрекеті зат алмасу, яғни, қоректену, тыныс алу, экскремент бөлу жолымен жүзеге асырылады. Қоректену тәсілі бойынша барлық ағазалар автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді. Автотрофты ағзалар сыртқы ортаның бейорганикалық заттарымен тікелей қоректенеді. Оларға фотосинтезді жүзеге асыратын өсімдіктердің басым бөлігі жатады. Гететрофты ағзалар автотрофты ағзалардың денелері және олардың қалдықтары сияқты органикалық заттармен қоректенеді. Гетеротрофты ағзаларға жануарлар және микроағзалардың басым бөлігі жатады. Алайда, автотрофтар мен гетеротрофтар арасында нақты шекара байқалмайды. Мысалы эвгленалар (жіпшелі) автотрофты және гетеротрофты қоректену жолдарын ұштастырады. Олар миксотрофтарға жатады және бір жасушалы су ағзаларын құрайды, олар мол жарық түскен жағдайда автотрофты жолмен қоректенеді, ал қараңғыда (суда еріген органикалық заттар бар болғанда) гетеротрофты жолмен қоректенуге ауысады.

Биосфераның көпшілік ағзалары еркін оттегі бар жағдайда тіршілік ететін аэробтыларға жатады. Микроағзалар жататын шамалы бөлігі оттексіз ортада тіршілік етуші анаэробтыларға жатады, олар тұйық суаттар түбі мен топырақтың қабаттарында тіршілік етеді.

Экологиялық экожүйелерде маңызды рөл атқаратын тірі ағзаның сыртқы ортамен өзара іс-әрекеті атмосферамен, гидросферамен, топырақпен зат алмасу жолымен жүзеге асырылады және биосферада көптеген химиялық элементтердің динамикасын анықтайды.

Қорытынды

Осы тақырыпты қорытындылай келсек,тіршілік ортасы деп — қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар. Тіршілік ортасы  белгілі бір организм (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

     Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшарадамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады.

    Су — тіршілік ортасы. Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы — гидробионттар (грекше «hydor» — су, «biontos» — тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген.

     Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы: азот (78,09%), оттек (20,95%), инертті газдар (0,94%), көмірқышқыл газ (0,03%). Тығызд. 1,2928 г/л, суда ерігіштігі 29,18 см3/л; Ауа – адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы.

     Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақта тіршілік ететін организмдер — педобионттар деп аталады.

     Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке организм тіршілік ортасына айналган. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер тобын — эндобионттар (грекше «endon»—ішкі) деп атайды. Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне сәйкес паразиттер, симбионттар (селбесіп тіршілік ететіндер), комменсалдар және т.б. деп бөледі.

Экологиялық фактортірі ағзаға оның жеке даму фазасының ең кемінде бірінде тура немесе жанама әсер етуге қабілетті ортаның кез келген шарты.

Ортаның экологиялық факторлары екі санатқа бөлінеді:

1) жансыз табиғат факорлары (абиотикалық);

2) тірі табиғат факторлары (биотикалық).

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика