1. Тіршіліктің көзі-су болып табылады.Адам баласы сусыз өмір сүре алмайды. Сусыз адамның, жануар және өсімдіктердің тіршілігі мүмкін болмас еді, себебі өсімдіктер мен жануарлардың ағзасының басым көпшілігі судан тұрады. Сонымен қатар, тіршілік үшін қажетті температура диапозоны 0-ден 100∙С, бұл сұйық күйдегі судың температуралық шектеріне сәйкес келеді. Көптеген тіршілік иелері үшін су тіршілік ортасы болып табылады. Осылайша, судың ең басты ерекшелігі ондағы тіршіліктің мүмкінділігі болып табылады.

Биосфера мен адамның тіршілік етуі суды пайдалану арқылы өмір сүрді. Адамзат әрқашан суды пайдалануын ұлғайтып, гидросфераға үлкен әсер етті. Қазіргі кезде техносфераның дамуында, әлемде адамның биосфераға әсері күшті қарқынмен өсіп келе жатыр, ал табиғаттық жүйе өзінің қорғаныштық қасиетін жоғалта бастады, яғни қажетті жаңа жолдар тенденцияны іске асыратын нақтылықты сезіну болды, ол табиғат пен бүкіл әлемнің және оны құрайтын құбылыстарында пайда болды. Ал ол жамандыққа негізделді, яғни біздің уақытымыздағы жер үсті мен жер асты суларының бүлінуі. Су қабаттарының бүлінуі, ол биосфералық функциямен және экологияның мәніне ауыр әсерінің тигізуіне әкеліп соқтырады, нәтижесінде оған жаман заттардың түсуі болды. Судың ластануы органолептикалық күшінің қасиетінің өзгерісінде көрінеді, олардың үлкеюі және құрамында сульфат, хлоридтер, нитрат, уытты ауыр темірлер, азайып, еріп, ауаға араласып, тарап кетті де, соның әсерінен радиоактивтік элементтері, ауру туғызатын бактериялар және т.б. ауыр лас заттар бар. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық өзгерістердің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

Гидросфера – биосфераның элементі. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар мен мұздық суларында түгелдей қамтиды. Физикалық қасиеттері мен құрамына қарай үшке ажыратылады: 1) мұхиттық сулар (теңіздер мен мұхиттар); 2) құрлық сулары мен мұздықтар; 3)жер асты сулары ( шекаралық сулар).  Гидросфера – жердің су қабығы. Жер гидросферасының 94%-ы мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары, ал 75%-ы Арктика мен Антарктиданың тұщы сулары.
Жер шарындағы су барлық 3 агрегаттық күйде де кездеседі, ал ең үлкен бөлігі барлық тірі ағзалардың жаратылысы үшін маңызы жоғары болып табылатын сұйық күйде кездеседі. Барлық табиғи су комплексі біртұтас жүйе ретінде қызмет етеді, ол үнемі қозғалыс, даму және жаңару үстінде болады. Жер шарының 71%-ға жуығын алатын дүниежүзілік мұхит беті атмосфера және литосфера қабаттарының аралығында орналасқан.
Планетаның климатының тұрақтылығын ұстап тұруда да судың маңыздылығы ерекше. Ол бір жағынан жылу аккумуляторы ретінде атмосфераның бірқалыпты орташа температурасын ұстап тұрса, екінші жағынан ондағы фитопланктондар атмосфераның оттегісінің жартысын өндіреді.
Сулы орта балық аулау, басқа теңіз өнімдерін өндіру, өсімдіктер қоры, суастылық рудаларды (марганец, никель, кобальт) және мұнайды өндіру, жүктерді және жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылады. Адам өнідіріс және шаруашылықта суды тазалау, жуу, құрал-саймандарды суыту, өсімдіктерді суару, гидротранспортировка, электр энергиясын өндіру және т.б. мақсаттарды пайдаланады.
Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің, т.б. жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС – жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы. Олардың жиілікті реттеуде, қосымша жүктемелерді атқаруда және энергетикалық жүйенің апаттық қорын қамтамасыз етуде тиімділігі жоғары.
Қазақстан аумағындағы Сырдария, Талас, Шу, т.б. өзендерінің қосынды энергетикалық потенциалы 23,2 млрд. кВт сағатқа тең. Солтүстік және Орталық Қазақстанда су энергетикасы қорларының негізгі үлесі Есіл өзенінде, Торғай үстіртіндегі өзендер тобында және Теңіз бен Қарасор көлдеріалабында шоғырланған.

Су қорларын қалай пайдаланатына байланысты халық шаруашылығының        салалары екі категорияға жіктеледі

Су тұтынушылар – бұл суды су қоймаларынан алып, көбінесе қайтымсыз қолданатын салалар. Ең iрi су тұтынушылар (әсiресе АЭС) теплоэнергетиктерi болып табылады, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiптен – химия және металлургиялық.1 миллион тұрғыны бар қазiргi қала 300 мың м3 суды 1 тәулiкте тұтынады, оның 75-80% сарқынды суларға айналады.
Су қолданушылар – бұл су қорларын әр түрлі мақсатта қолданып, бірақ қайтымсыз су жиналғы жасамайтын салалар. Оларға гидроэнергетика, су көлігі, суды халықтың қажеттілігіне пайдаланатын жергілікті органдар т.б. жатады.

Табиғи суларды мақсатты пайдалану бойынша жіктеу
Ауыз суы – улағыш химиялық заттардың көрсеткіштері мен бактериологиялық,  органолептиялық көрсеткіштері ішуге жарайтын сумен жабдықтаудың нормалары шегіндегі су.
Минералды су – компоненттік құрамы емдік талаптарына сәйкес су..
Өнеркәсіпті су – компоненттік құрамы мен ресурстары осы компоненттерді өнеркәсіптіауқымда алуға жеткілікті су.
Жылу энергетикалық су – халық шаруашылығының кез келген саласында жылу энергетикалық ресурстары пайдаланыла алатын термиялық су.
Техникалық су – ішуге жарамды, минералды және өнеркәсіпті судан басқа, халық шаруашылығында пайдалануға жарамды су. Сонымен қатар:
шаруашылық-тұрмыстық сулар – тұрғындармен тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттарға, сондай-ақ, кір жуатын орындармен, моншалармен, асханалармен, ауруханалармен және т.б. пайдаланылатын сулар;
– жерді сулау және ауылшаруашылық өсімдіктерін суаруға пайдаланатын суармалыь су;  буды алуға және жайларды, жабдықтарды, ортаны жылытуға, сондай-ақ, жылуалмастыратын аппараттарда сұйық және газ тәрізді өнімдерді суытуға, ал қатты денелерді – тікелей пайдаланатын, энергетикалық су.Суды жылуалмастыратын аппараттарда сұйық және газ тәрізді өнімдерді суыту үшін жиі пайдаланады. Бұл жағдайда ол материалдық легімен түйіспейді және ластанбайды, тек жылынады.

Өнеркәсіптегі су шығынының 65-80 % суытуға пайдаланылады. Технологиялық суды ортаны құратын, жуып-шаятын және реакциялық түрлеріне бөледі. Орта құратын суды қойыртпақтарды жасауға және ерітуге, кенді байыту мен өндеу кезінде, өндіріс өнімдері мен қалдықтарын гидротранспорттауда;жуып-шаятын суды газ тәрізді (абсорбция), сұйық (экстракция) және қатты өнімдер мен бұйымдарды жуып-шаюға, сондай-ақ, реакциялық суды реагенттер құрамында, айыру мен ұқсас үрдістерде пайдаланады. Сонымен, технологиялық су өнімдермен және бұйымдармен тікелей байланысады.Салқын суды пайдалануды азайтудың ең болашақты жолы – табиғи суды пайдалануды 10-50 есе азайтуға мүмкіндік беретін, сумен жабдықтаудың айналма және бекітулі жүйелерін құру.
Таза сумен қамтамасыз ету проблемасын шешудің негізгі жолдары:

  • Ағынды суды ластанудан тазарту;
  • Тұтынушыға түсетін тұщы суды тазарту;
  • Су нысандарындағы судың сапасын реттеу және тәртібін қамтамасыз ету.

Су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары:
1. Үстіңгі сулардың артық жұмсалуы. Ұзақ мерзімді жоспарлау кезінде, өзен ағуы нормадан төмен деңгейге дейін түсетін кезде, болмай қалмайтын құрғақшылық жылдарды есепке алу қажет. Су тапшылығын бастан кешіру тәуекелсіз ортажылдық өзен ағуының 30%-нан артық пайдалануға болмайды деп саналады. Кейбір өзендер қатарында судағы қажетсінулер ортажылдық өзен ағудың 90% -нан асады. Үстіңгі   суларды артық жұмсаудың экологиялық салдары өзеннің өзіне ғана емес, сонымен бірге өзенмен байланысты биоценозға (батпақтардың құрғауы, өсімдіктер мен жануарлардың өлуі және т.б.) тиеді.
2. Жер астындағы сулардың артық жұмсалуы. Жерастындағы су қоймалары, егер ондағы суларды жұмсау толықтырудан тезірек жүрсе, басқалары сияқты, таусылады. Жауын-шашын мөлшері төмен өңірлерде бұл проблема әсіресеқауіпті, себебі, толықтыру жылдамдығы зор емес, ал үстіңгі су айдындарының жетіспеушілігінен су қажеттігі жоғары.
Жерастындағысулардеңгейніңтүсуіүстіңгі су айдындарынаәсеретеді, өйткені, бұлтүсу, экологиялықпроблемалардыұлғайтатын, бұлақтар мен оларменбайланыстыүстіңгі су айдындардыңқысқартылуынаәкепсоғады.
3. Жердің отыруы. Жерастындағы сулар, жер қойнауындағы сумен толтырылатын қуыстарды жуып шығарады. Судың өзі жоғарыда жатқан тау жыныстары мен топырақты ұстап тұрады. Жерастындағы сулар деңгейі түскен кезде, бұл тірек жоғалып кетеді, және құрлықтың үстінгі қабатының бірте-бірте төмендеуі болуы мүмкін, ол жердің отыруы деп аталады. Оның жылдамдығы жылына 15-30 см.  құрауы мүмкін.
Жердің отыруының ерекше түрі – кар асты шұңқырлардың пайда болуы – кенет және апатты салдарына әкеп соғуы мүмкін.
4.Ащы судың астына ағуы. Жерастындағы сулар қорының таусылуынан тағы бір проблема туындайды – ащы судың астына ағуы. Жерастындағы сулар деңгейінің төмендеуі немесе оны пайдаланудың үлкен жылдамдығы сулы деңгей жиектегі қысымын төмендетуі мүмкін, сондықтан да құдықтар мен артезиандыскважиналарғатұздысудыңтүсуімүмкін.
5. Судың ластануы. Су айдындарының тазалығын әсіресе мұнай майлары қауіп төндіреді. Мұнайдан тазарту үшін бетінде қалқып жүрген жұқа қабықты ғана емес, сонымен қатар мұнай эмульсиясының тұнбасын да ұстап алу қажет. Ластаушылар ретінде целлюлоза-қағаз өнер кәсібінің ағынды сулары өте қауіпті. Бұл мекемелердің ағындары органикалық заттардың тотығуы есебінен оттегін жұтып алып, суды ерімейтін затармен және талшықтармен ластайды, суға жағымсыз дәм мен иіс беріп, түсін өзгертеді, түбі мен жағалауы бойынша саңырауқұлақтың қаптап өсуінің дамуына себептеседі. Әсіресе су айдындарын түрлі химия зауыттарының ағынды сулары ластайды және су организмдерінің дамуын құртуға әкеп соғады. ТЭЦ-тардың тастаулары әдетте су айдындарының суымен  салыстырғанда 8-10* С жоғары ысытылған болады. Су айдындарының температурасы жоғарылаған кезде оларда микро-және макро планктонның дамуы күшейе түседі, судың «гүлденуі» пайда болады, оның иісі мен түсі өзгереді. Өзендерді орманның күйе ағуы қатты ластайды. Орманның ағып жатқан қоспасы балыққажарақаткелтіреді, уылдырық шашатын орынға жолды бөгейді, балықтар уылдырық шашатын әдеттегі орнын көбінес тастап кетеді. Қабықтар, бұтақтар, су айдындарының түбін ластайды. Бөренелер мен ағаш қалдықтарынан суға смола және балықтарға зиянды басқа да заттар бөлінеді. Ағаштан бөлініп шыққан заттар, оттегін жұтып алып, суда шіриді де, балықтардың қырылуына әкеп соғады. Әсіресе ағудың бірінші тәулігінде оттегінің жетіспеушілігнен уылдырық пен балықтардың шабақтары, сондай-ақ, азық омыртқасыздар қырылады.
Бөлігінің көбі қойнаулар мен тармақтарда жиналып қалатын орман зауыттарының қалдықтарын – жоңқаларды, қабықтарды және т.б.тастау өзендердің ластануын күшейтеді. Орманның бөлігі батып кетеді, бөренелер саны жылдан жылға көбейе береді. Шіріп жатқан ағаш сүрегі мен қабығы суды улайды, ол «өлі» болып қалады. Халық саны көбейіп келеді, ескі қалалар үлкейіп, жаңа қалалар пайда болып жатыр. Өкінішке орай, тазартқыш ғимараттарын салу тұрғын үй құрылысының қарқынына үлгере алмай келеді.
Су қорларының ластану себептері, Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
  • химиялық ластану: уыттыжәне су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
  • физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар;

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу.Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру;
халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды:
Ø қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер),
Ø      лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42% тей болады. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған. Нәтижесінде су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды
Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш. Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп. Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 см төмен түскен. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл даланың ортасында ірі көлдердің бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің көлемі 19 мың шаршы километр. Бұл көлдің халық шаруашылық мәні өте күшті. Осы көл аркылы республикамызда тау кен металлургия өндірістер ідамыды.  Көл жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз жүргізілген бақылау көл суының минералдануының аса өзгермегенін көрсетті.

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары. Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріщ, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;
  • тұрмыстық қалдықтар;
  • жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
  • ірі құрылыс учаскелері;
  • күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.’

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Адам денсаулығына судың химиялық әсері 

 Мышьяк. Мышьяк мыс және қорғасын кендерін балқытқанда пайда болады. Мышьяк қосылыстарының улылығы оның химиялық, физикалық түрлеріне байланысты. Сіңірілген мышьяк мөлшері адамдардың шашында байқалуы мүмкін. Ауыз судағы 0,2 мг\лмышьяктың шоғырлануы терінің қауіпті ісігі дамуына 5 % әсер етеді. Мышьяк суда мышьяктың немесе мышьякты қышқылдардың тұздары түрінде кездеседі.

Хром. Шаруашылықта хромды пайдалану нәтижесінде атмосфералық ауаның, топырақтың, судың және тағамдық өнімдерінің онымен ластануы жүзеге асады.

Жоғары дозаларда хром адамның ас қорыту жүйесінің қатерлі ісігінің (рак) факторларының бірі болады. Хромның жоғары дозаларымен жұмыс істеуші жұмысшыларда өкпе қатерлі ісігі болады. Судағы алтывалентті хромды организмнің сіңіру дәрежесі үшвалентті хромға қарағанда 9 есе жоғары, тыныс жолдарындағы хром сіңуі оның ерітілуіне тәуелді.

Кадмий. Кадмий асқазан-ішек жолдарынан немесе өкпеден қанға жақсы сіңеді. Кадмийдің қанға сіңуі адамның жас шамасына, кальцийдің, темірдің, мырыштың және белоктың тапшылығына әкеледі.

Қорғасын. Соңғы жылдары биосфера антропогендік қорғасынмен жедел түрде ластануда. Ол көбінесе, өнеркәсіп орындарындағы шаң тәрізді, газ тектес, бу тәрізді және сұйық қалдықтардан шығады, әртүрлі отын түрлерін (көмір, мұнай, газ) жағудан, автокөліктерден бөлінеді. Қорғасын негізінен, қан түзетін, жүйке, ас қорыту жүйелеріне және бүйрекке әсер етеді.

Сынап. Қоршаған ортада сынаптың негізгі шығу көзі жер қыртысының табиғи газдануы. Сынаптың антропогендік шығу көзі жер қыртысының табиғи газдануы. Сынаптың антропогендік шығу көздеріне отын жағу, электромеханикалық, целлюлозалық өнеркәсіп жатады. Сынаптың қомақты мөлшері сулардың түбіне шөгеді, онда олар ондаған жылдар сақталады. Осы жерде сынап қосылыстары микроорганизмдер әрекетімен органикалық (метилсынап) жақсы ерітілетін қосылыстарға айналады және олар суды екінші рет ластайды. Сынаппен уланудың түрі Жапонияда байқалған (Минамата ауруы). Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды, сөйлеу қабілетін бұзады, көру мен есту қабілеттерін нашарлатады.

Темір марганец. Ауыз судағы судың темір тотығы құбырда темір бактерияларының өсуін үдетеді.

Барий. Судағы барий жүрек бұлшықеттеріне және  асқазан-ішек жолына әсер етеді, жүрек тамыр ауруларының өлім-жітімін көбейтеді.

Асбест талшықтары тағамдық өнімдермен, сумен, сусындармен жұтылады және де деммен кірген асбесттің қомақты бөлігі тыныс жолдарынан қайтып шығып, ол да жұтылады. Асбест тыныс алу жолдарына түседі. Тәжірибе жүргізілген егеуқұйрықтардың асқазанына асбестті тура енгізгенде ол ішек қабырғасынан өтіп қаңға, іш майға, миға және басқа ұлпаларға тараған.Су – адамның түр-келбетін жақсартып, терінің ерте әжімденуінен сақтайды».  Ирандық ғалым Ферейдун Батмангелидж ұзақ жылдар бойы су құрамын зерттеп, оның емдік қасиетін пайдаланып, дерттен айықтыру әдісін жасаған еді. Соңғы уақытта әлем бойынша химиялық дәрі-дәрмекпен емдеуден гөрі, табиғи жолмен сауығу жодары дамып келе жатыр.  Өйткені, химиялық дәрілер бір мүшені емдеп жатса, екенші ағзаны зақымдап жатады.

Бүгінгі күні ерте кезде өмір сүрген адамдар суды өзеннен алып, сүзгіден өткізбей ішті дегенді елестету мүмкін емес. Ерте кезде өмір сүрген адамдар өзен суын қасиетті деп санаған, оны таза судың бастауы деп білген. Таза су адамдар үшін өте бағалы және қажет, бірақ ХХІ ғасырда оның көлемі азайып бара жатыр. Жердің 70%-ы су болғанымен, 1%-ы ғана ішуге жарамды. Ғаламшар экологиясының күрт өзгеруі, ғаламдық жылыну құбылысы, өзендер мен көлдердің ластануы таза судың толық сипатының сақталмауына алып келеді. Өзінің денсаулығын ойлайтын адам таза суды ғана пайдаланғысы келеді. Күніне 8 стақан су ішу керек, себебі, су көптеген жасушалардың негізі болып табылады. Су ағзадағы зат алмасу үдерісін қалпына келтіреді, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына көмектеседі, иммунитетті күшейтеді және ағзаны шаршау мен күйзелістен қорғайды. Ағзадағы судың жетіспеушілігі терінің қартаюына алып келеді. Суды қажет мөлшерде қолдану – денсаулық пен әдеміліктің негізі.

Суды тазарту және ластанудан қорғау

Судың сапасы дегеніміз – шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы және техникалық қажеттілікті анықтайтын судың құрамы мен қасиетінің сипаттамасы.Ауыз су эпидемиологиялық тұрғыдан және химиялық құрамы бойынша қауіпсіз қасиеттері жағынан қолайлы болуы керек. Судың сапасының физикалық көрсеткіштері: температура, лайлылығы, концентрациясы және тағы басқалары.

Қалдық суларды тазалауда ауыр жағдай Өскеменде, Қарағандыда, Павлодарда және Петропавлда. Қазақстан Республикасы халық шаруашылығы дамуы, әрине, су қажетінің артуына әкелңп соғады, бұл жағдайда үлкен көмекті жерасты суларынан күтуге болады. Жерасты суларының елеулі қорлары Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Суды жарамды ету үшін жүргізетін негізгі үрдістер мыналар:

1)    судағы ірі дисперсті заттарды реагенттік өңдеумен қатар тұндыру және сүзу;

2)    судағы еріген газдардан құтылу (дегазация);

3)    жағымсыз иісі мен дәмінен арылу (дезодарация);

4)    суды жұмсарту және тұзсыздандыру;

5)    патогенді микроағзалардан арылу (суды хлорлау, йодтау, озондау).

Осы уақытқа дейін суды хлорлау арқылы тазалайды, бұл әдіс халықтың денсаулығына нұқсан келтіруде. Қазір Батыс Еуропада және АҚШ та суды озондайды немесе ультракүлгін сәулелермен өңдейді, ал біздің ел және ТМД мемлекеттері оңай экологиялық жақсы жағдайға әлі қол жеткізе алмай жатыр

Табиғи суларда олардың өздігінен тазару құбылысы жүреді. Бірақ бұл процесс өте жай жүреді. Өндірістік-тұрмыстық қалдықтар мөлшері салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздігінен тазару құбылысы жеткілікті дәрежеде жүрген болар еді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда ғылыми — техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейінің қарқыны өте мөте жоғарылап отыр. Сол себептен, ағызынды суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттілігі туындап отыр.
Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар — механикалық, физико-химиялық және биологиялық болып бөлінеді.  Бұл әдістердің әрқайсысын таң- дап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалардың зияндылығына байланысты.
Суды тазартудың механикалық әдісі бойынша суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазартады. Көлемі түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әртүрлі конструкциялы торлармен, су бетілік қоспалар — май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Физико-химиялық әдісте ағызынды сулардан еріген органикалық емес қосылыстар бөлініп, органикалық заттар ыдыратылады. Көбінесе электролиз қолданылады. Электролиз кезін- де ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлініп алынады. Электролиттік тазарту электролизер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту әсіресе, қорғасын, мыс өнеркәсіптері мен бояғыш заттар өндіріс орындарында тиімді.

Суды тазартудың биологиялық әдісі сулардың биохимиялық және физиологиялық өздігінен тазару құбылыстарының заңдылықтарына негізделген.                                Ағынды суларды тазартудың биологиялық қондырғыларының бірнеше типтері бар: биофильтрлер, биологиялық тоғандар мен аэротенклер, метантәнклер.
Аэротенклерге активті- микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағынды сумен толтырады да, ағынды суларды төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді. Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде (ағызынды судағы) активті илде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, бактериялар бір-біріне жабысып, кесектеліп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді.

Тұнған таза суды бөліп алып, ал актив­ті илдің суды тазарту функциясы әрі қарай жалғаса береді. Ағынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі нейтралдау.

Өнеркәсіп орындарының ағызынды сулардың көпшілігінің құрамында күкірт қышқылы, тұз және азот қышқылдары көп кездеседі.

Осы қышқылдар бола- тын суларды нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады. Әдетте химиялық тазартудан соң биологиялық тазарту жүзеге асырылады. Ағызынды суларды тазартуға жұмсалатын шығын өндіріс орындарынаң жалпы сметалық құнының 10-15%, кейде 20­25% құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының өте қымбатқа түсуі, сол сияқты көбінесе тек қана тазарту қондырғылары арқылы үздіксіз даму үстіндегі өндіріс орындарының зиянды әсерінен биосфераны қорғау проблемасын шешу мүмкін еместігі су көздерін ластанудан қорғаудың неғұрлым тиімді жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр. Ал мәселені шешу үшін экологиялық жағынан қауіпсіз, аз қалдық шығаратын, тіпті кейбір жағдайларда қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу қажет.
Су ластануының алдын-алу шаралары.
1)Шаруашылық және ауыз су ретінде пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шептік мөлшері арнайы ережемен белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.
2)Өндірістік мақсатта пайдаланылатын судың өзі жұмыс істеушілерге зиянсыз, құрал-жабдықтардың жемірілуін, олардың түбіне тұз тұруын туғызбайтындар жәнеөнім сапасына кері әсер етпейтіндей болуы тиіс.ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.
3)Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады.                                                                                                                      «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтау ережелері» бойынша судың былғнубелгісіне оның дәм арқылыбілінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс. Соңғы жайт бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауында да арнайы көрсетіледі, онда «егер су, оның құрамын немесе түбінің бедерін өзгерту салдарынан су пайдаланудың кез келген түрінің бірі үшін жарамсыздық танытса, оны былғанған деп есептеу керек» деп жариялаған. Су сапасына қатысты жасалған «Тазалық ережесі және жерүсті суларын былғанудан сақтау ережесінің су бөгендерін, олардың тазалық дәрежесіне қарай екі топқа бөледі. Бірінші топқа ауызсу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы су бөгендерін, (олардың ) екінші топқа балық шаруашылығы мақсатындағы су тағамдары жатады.

Жалпы мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда, еліміздің су шаруашылығы мәселелері көп жағдайда әлем қауымдастығымен бірлесіп, ауқымды әрі кешенді тұрғыдан шешім қабылдауды талап етеді. Бүгінгідей су ресурстарының тапшылығы өсіп отырған және әлемдегі климаттың жаппай өзгеруі жағдайында елді сумен қамтамасыз етуді арттыру ісіне бассейн аралық және бассейн ішілік ағысты қайта бөлу және соған сәйкес оларды тиімді пайдалану жолымен ғана жетуге болады. Осыған орай, экономика саласының одан әрі дамуы елдің су ресурстарын реттеу және басқару стратегиясының дұрыс таңдалуына тікелей байланысты.Жылына бір адамға 1,0 мың текше метр су ресурсы жұмсалатын елдер мен өңірлер – су ресурстары тапшы елдерге; 1,0 және 1,7 мың текше метр аралығындағылар – су жетіспейтін елдерге жатқызылады; ал 1,7 мың текше метрден жоғары көлемде су жұмсай алатын елдер жеткілікті су ресурстары бар елдер болып саналады. Егер Еуропада су тапшылығы мәселесі жоқ болса, Орталық Азияда су тұтынуды азайту мәселесі аса күрделі сипатта тұр, өңірдегі су ресурстарының көлеміне әсер етіп отырған климаттың өзгеруі бұл проблеманың мүшкіл халін одан сайын қиындата түседі. Соңғы 50 жылда елді мекендерді су ресурстарымен қамтамасыз ету 3,5 есе азайып кетті. Сондықтан, өңірдегі су қауіпсіздігі мәселесі әлеуметтік қауіпсіздік мәселесіне айналуда, бұл өз кезегінде өңірде гуманитарлық апаттың өршуіне себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты, су ресурстарын басқару міндеттерін күшейтуге стратегиялық қажеттілік пайда болады, бұл БҰҰ-ның Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы конвенциясында расталып отыр, аталған құжат Үкіметтің иығына халықты сапалы сумен қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Гидрографиялық ерекшелігі, су ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың динамикалығы, елдің мемлекетаралық және халықаралық міндеттері экономиканың әрбір даму кезеңінде уақыттың өзгерісіне бірдей әсер ете алатын су шаруашылығы бойынша өкілетті орган Қазақстан Республикасының Су ресурстарын қорғауды және пайдалануды реттеу жөніндегі агенттігін құруын қажет етеді.

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика