Тұрғын үй гигиенасы

Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше, бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктер мен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады. Температураны жоғарылату үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пеш жаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады.

Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдан тазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқа шалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн. Ваннаны пайдаланған сайын жуып, су ағатын тесікті, унитаздарды күн сайын арнайы щеткамен тазалау керек. Ванналарды, унитаздарды, қоқысқа арналған шелекті жуу және дезинфекциялау үшін сауда орындарында «Санита», «Сосенка», «Дезипон» т. б. арнайы препараттар сатылады.

Тұрғын үй салуға жер ауданын және көлемiн таңдау.

Тұрғын үйлердiң ауданы жанұяның әрбiр мүшесiнде кемiнде 8, 25 квадрат метрi дәл келетiндей етiп болуы керек. Көпқабатты тұрғын үйлерді салуға орналасқан жерді таңдауда тұрғындар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Тұрғын үйдің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, тұрғын үйге арналған жерді босату мерзімі шешіледі. Тұрғын үйдің территориясы тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Тұрғын үй жерінің 30 % үй ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Тұрғын үйдің ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, спорт және шаруашылық зоналары.

Қорғаныс аймағы.

Қорғаныс аймағs (0,1-1,0 га) тұрғын үй кешенінің көше жағында орналасады. Ол тұрғын үйді транспорт шуынан, газынан, көще шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Тұрғын үйдің терезелері мен Бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, үй бөлмелерінің жарығын азайтады.

Д е м а л ы с аймағы.

Д е м а л ы с аймағы (0,2-0,3 га) үй ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз тұрғындардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында тұрғындардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек. Тұрғын үйді салғанда оның бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады. Ғимараттардың қабаттылық және созылымдығы құрылыс ошағының жобаларымен анықталады. СНиП II-7-81, СНиП 2.07.01-89 және СН 429-71 талабы бойынша қабаттылықтар және сейсмикалық аудандардағы адамдар тұратын ғимараттарды созылымдығының анықтауында қатаң бақылауды орындау керек. Пәтер үйлердің қабаттары тоғыздан жоғары емес қылып жобалау керек, жарымжан-мүгедектері бар жанұялар үшiн – бестен жоғары қабат болмауы тиіс емес. Жарымжандары бар жанұялар үшiн адамдар тұратын ғимараттардың басқа түрлерiндегi пәтерлерi бiрiншi қабаттарда орналастыру керек. Ғимараттардың өртке қарсы қорғауын СНиП 21-01-97-iң талабы, осы нормаларда әдейi аталып өткен кейбiр жайларды ескерілмегенде, қосымша сәйкес отқа қарсы заттармен қамтамасыз ету керек. Функционалдық өрт қауiбi бойынша адамдар тұратын ғимараттарды классификацияны СНиП 21-01-97 бойынша қабылдау керек: 1. Ф1.2 – жатақхана; 2. Ф1.3-көп пәтерлi үйлер, соның iшiнде жарымжандары бар жанұялар үшiн. Тұрғын бөлмелерден басқа асханасы, iлгергi бөлмесі, дәлiздi жасау керек. Егер асхана кең болса, ол асханалық қызмет көрсете алады.

Шыбындармен күрестiң бiрiншi ережесi – үйде, үй-жайға және тұрғылықты емес бөлмелердегi мүлтiксiз тазалықты сақтау. Қоқыс және азық-түлiк қоқыстарын сақталатын шелектер немесе қақпақпен жабдықталған жәшiктердегi керек – арнайы кең қабылдағыштарда сақтау. Тұрғын үй гигиенасы адам денсаулығына негізгі әсер етуші фактор ретінде бағаланатындықтан, оған ерекше назар бөлуіміз міндетті. Осы себептен қазіргі кезде елімізде жаңа бағдарлама тұрғын үйлерді барлық жағынан жауап беретін «Еуро 4» үлгісінде салу қолға алынып жатыр. Бұл бағдарламаның тиімділігі Қазақстанның сейсмикалық аймақтарына маңызды болмақ.

Үй шаруашылықтар тұрмысының санитарлық-гигиеналық жағдайлары мен ауыз суға қол жеткізуі туралы

Үй шаруашылықтарын ішінара зерттеу өңірде халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесін алуға мүмкіндік береді. Бірден-бір негізгі ақпараттық блогты ауыз сумен жабдықтау және тұрудың санитарлық-гигиеналық жағдайлары туралы мәліметтер бар, үй шаруашылықтардың тұрғын үй жағдайлар көрсеткіштері құрайды.

Тұрғын үйдың су құбырымен абаттандырылуы ауыз суға қол жеткізудің ең басты индикаторы болып саналады. Халықты ішінара зерттеу нәтижелері бойынша сұралған қалалық үй шаруашылықтардың 99,3%-ында су құбыры бар. Жеке құдықтан немесе колонкадан суды ішуге және тамақ дайындауға қалалық отбасының 0,5%-ы жұмсайды, 0,2% қоғамдық колонкамен пайдаланады. Ауылдық жерде су құбырымен сұралған үй шаруашылықтардың 40,6%-ының үйі абаттандырылған. Суды қоғамдық колонкадан және жеке кұдықтан сәйкесінше 39% және 18,7%, жеткізілетін суды – 1,7% ауылдық отбасылар пайдаланады.

Себезгісі бар ванна қалалық үй шаруашылықтардың 97,5%-ында бар. Ауылдық жерде ваннамен сұралған респонденттердің 20,1%-ы қолданады, респонденттердің 31,8%-ында жеке монша бар, айтарлықтай дерлік осыншамасы қоғамдық моншаға немесе саунаға барады.

Қалаларда сұралған респонденттердің 96,5%-ында тұрғын үй кәрізі орталық жүйеден тартылған дәретханамен абаттандырылған, үй шаруашылықтардың 1,7%-ында жеке ұңғыма дәретхана бар. Ауылдық жерде тиісті көрсеткіштер 12,4% және 10,6% құрады.

Сәнді де мәнді тұрмыс кепілі
Адамзаттың ұрпағы ежелден-ақ айналасындағы табиғаттың терең сырлары мен құпияларын білуге, қоршаған ортасымен үйлесімді өмір сүруге талпынып келеді. Соның нәтижесінде олар дамып, жетілу сатысына сәйкес үңгірлерде тіршілік кешуден бастап жеркепе, лашық, жер үй тәрізді баспаналарды ойлап тауып, қазір көп қабатты жайлы да жарық ғимараттардағы пәтерлерде, жеке котедждерде өмір суретін ахуалға ие болды. Енді оларды үй ішіндегі үйлесімді тірлікті қалай орнатуға болады, осы мәселе қатты толғандыруда. Осыған орай біз Шығыс ілімдерінің негізінде үйде үйлесімді өмір сүру қағидалары туралы ұсыныстарды, ақыл-кеңестерді ортаға самақшымыз.
Баспанадағы басты талаптар
Бірінші талап. Ол – бөлмелердегі тазалық. Бұл мұнда өмір сүрушілердің көңіл күйлері мен денсаулығы үшін аса қажет. Сол себепті бөлмелерді жиі тазалап, ауасын жаңартып, шаң-тозаңын кетіріп, иісін жақсартып тұру қажет. Бөлмелерге әртүрлі жиһаздарды толтырып, заттарды жинай беру шаңның көбеюіне жол береді, үйді таза ұстауды қиындатады.
Тазалық сақтау үшін мынандай жұмыстарды атқару қажет:
1. Күн сайын бөлменің, ондағы заттардың шаңын сүртіп тұру.
2. Еденді дымқыл щеткамен, сыпырғышпен жайлап сыпыру.
3. Аптасына екі рет еденді жуып отыру.
4. Терезені, жақтауын кірлетпей сүрту.
5. Жұмсақ мебель мен кілемдерді шаңсорғышпен тазалау.
6. Күніне 3 рет терезе желдеткішін 30 минуттай ашып, бөлмелерді желдету: а) таңертеңгілік дене шынықтырғанда. ә) бөлмені жинастырғанда. б) ұйықтар алдында.
7. Жазда терезеге тор ұстап, ашып қою.
8. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштерді де пайдалану.
9. Үйдегі, дәретханадағы, ас бөлмесіндегі ауа тартқыштарды тазалап, ашық ұстау.
10. Жуылған кірді балконда, аулада жайып, кептіру (үйде кірді кептіргенде сыз тартады, ауаны ылғалдайды).
Мұның бәрі «Тұрғын үй гигиенасы» деп аталады.
Екінші талап. Бұл киім-кешек, заттарды шашып тастамай, жинақы ұстау. Сырттан үйге кірісімен-ақ шешкен киімдерді, қолға ұстаған заттарды өз орнына апарып қою қажет. Сыртқы киімдерді жатын бөлмеге апармайды. Ол бөлменің тазалығын, иісін, жинақылығын бұзады. Киім-кешектерді ерлер мен әйелдердікін араластырып ілмейді. Кеңсе заттары, крем, дәрі-дәрмектерді салған сөмке, портфель, қалталарды ас үйге апармайды. Керексіз заттардың жиналып қалмауына, автокөлік бөлшектерінің дәліз, бөлмелерде, балкондарда сақталмауына назар аудару қажет. Олар жан-жағын ластап, улауы мүмкін.
Үшінші талап. Ол – үй ішінің санитарлық жағдайын қатаң сақтау. Ас үйде тамақты ашық қалдырса, тағам қалдықтарын уақытында төгіп, ыдысын тазартып, жуып тұрмаса, үйде шыбын-шіркей, түрлі құрт-құмырсқаның қаптауы ықтимал. Ыдыс-аяқ уақытылы жуылмай, ас үйде үйіліп қала беретін болса, ол кеміргіштері мен жәндіктерінің пайда болуына жағдай жасайды, үйдегі ауаның иісін бұзады. Жуынғаннан кейін ваннаны да жақсылап тазалап, су ағатын тесікті арнайы щеткамен тазартып тұрған жөн. Дәретхананың ішін де дезинфекциядан өткізіп тұру қажет. Қабырғаның, төбенің сылағы түскен, жарылған, көгерген жерін уақытында жөндеп, әрлеп тұрмаса, бұл да үй ішінің санитарлық жағдайын нәшарлатады. Жатын бөлмесінде, ас үйде, қонақ бөлмесінде иісі күшті лактар мен бояуларды қолданбаған дұрыс. Терезелерді тұмшалап, бөлме ішіне күннің сәулесін, жарығын түсірмеу – үй ішінің санитарлық жағдайын ауырлатады.
Төртінші талап. Бұл – үй жиһаздары мен мебельдерді дұрыс орналастыра білу. Мұнда әр заттың пәтерге көрік, жайлы жағдай туғызуына айрықша көңіл бөлінеді. Ең бастысы, олардың бөлмеде жүріп-тұруға, дем алуға, жұмыс істеуге, қонақ күтуге қолайлы болғаны, терезеден түсетін жарықты көлегейлемеуі, батарея жылуын жауып тастамауы, үйдің ішін жуып, сыпырып тазалауды қиындатпағаны, құлап кету қаупінің жоқтығы, бір-бірімен жарасымды үйлестік табуы. Жиһаздар мен мебельдердің әр бөлмеге арналған түрлері бар. Оны шатастырмай, қалыптасқан дәстүрден ауытқымай өз орнына қоя білген оңды.
Бесінші талап. Ол – есік, терезелердің еркін ашылып, жабылуы, қауіпсіздігі. Үй бөлмелерінде алынып тасталған есік болса, орыны бос тұрмасын. Оған жаңасын салыңыз. Өйткені, есігі жоқ босағадан жағымсыз қуаттар ерсілі-қарсылы еркін өтетін болады. Сөйтіп, үй ішінде ретсіздік қалыптасады. Егерде есік топсасынан дыбыс шықса, уақытында майлап, кірін тазалап, жуып тұрады. Есік екі бөлек болса, екеуін де бірдей ашып, жабады. Мұны шығыс ілімі талап етеді. Терезелерге де қойылатын талап осындай. Үйдің сыртқы есік, терезесі мықты болса, ұрылар ішке кіре алмайды. Тек, үй ішінде өрт тәрізді кездейсоқ апатты жағдайлар туа қалса, есік, терезе тысқа шығуға қолайлы болсын. Есік, терезе суық, су өткізбесін. Одан сырттағы дауыс ішке естілмесе, тіпті жақсы. Және де төменгі қабатта тұратын болсаңыз, терезеңіздің түбінде автокөліктің тұрмағаны жөн.
Алтыншы талап. Бұл – пәтердің зиянсыз заттармен әрленуі, әсемделуі. Оған әр бөлмеге тән түстерді дұрыс таңдап оны сырлау, сылау, түсқағаздарын жапсыру, шамдарды іліп, зоологиялық мүйістерді орналастыру, қабырғаға суреттерді ілу, өсімдіктерді, тұрмыстық заттарды қою, ою-өрнектерді пайдалану жатады. Өйткені, әр нәрсені орналастырудың өз заңдылығы, тәртібі бар. Одан ауытқысаңыз, оның денсаулығыңызға, өмір жолыңызға зиянын да тигізуі ғажап емес. Сондықтанда үйде зоологиялық мүйіс ұстағыңыз келсе, өсімдіктер өсірмек болсаңыз, әрқайсының жеке қасиеттерін, табиғатын біліп алыңыз. Сонда қателеспейсіз. Және үйде өсіретін де, өсірмейтін де, қабырғаға ілетін де, ілмейтін де заттар бар. Мұнан да хабардар болғайсыз.
Жетінші талап. Ол – жеке үйдің, пәтер бөлмелерінің табиғатпен үйлесімділік заңына сәйкес салынуы, орналасуы. Мұның қалада көп қабатты тұрғын үйлер саларда ескеріле бермейтіні белгілі. Егерде жеке үй, котедж салатын болсаңыз, оның құрылысы жөнінде Шығыс ілімінің мамандарымен пікірлескеніңіз абзал.
Бөлмелердің дұрыс болуы
Біз өзіміздің үй ішіндегі үйлесімділік жөнінде газет бетінде жариялаған мақалаларымызда ас үй, жұмыс бөлмесі туралы айтқанбыз. Енді жатын бөлмесі, балалар мүйісі, қонақ бөлмесі жөнінде әңгіме қозғасақ.
Жатын бөлмесі. Ғылыми зерттеулер бойынша ой қорытсақ, адамдар өз өмірінің төрттен бірін, яғни 70 жыл жасаған кісінің 23 жылы ұйқымен өтеді екен. Осыған орай Шығыс ілімі, оның ішінде Фэн-шуй жатын бөлмесінің дұрыс жабдықталуына, оңды орналасуына ерекше мән-маңыз береді. Мұнда қойылатын басты талаптар:
1. Жатын бөлмесі баспананың кіреберіс бөлігінен, ас үй мен дәретханадан алыс болсын.
2. Ұйықтап демалатын бөлменің есігі өзге бөлменің есігіне қарама-қарсы тұрмасын.
3. Жатын бөлмесінің төбесі тегіс, ақ түсті болсын.
4. Жатын бөлмесінің солтүстік-шығыс жақта орналспағаны дұрыс.
5. Егде тартқан кісілердің жатын бөлмесі солтүстік-батыс жақта орналассын.
6. Бизнес, өнер, шығармашылықпен айналысатындардың жатын бөлмесі оңтүстік-шығыс жақта болғаны жөн.
7. Жатын кереуетінің бас жағы қабырғаға қарап орналассын.
8. Иіссудың бос құтылары жатын бөлмесінде жиналып қалмасын.
9. Жатын бөлмесіне жөндеу жұмыстары жиі жүргізілмесін.
10. Керует орталық жылу батареясына жақын орналаспасын.
11. Жатын бөлмесінің қабырғасы жуынатын бөлме, дәретхана, ас үймен жапсарлас болмасын.
12. Жатын бөлмесінде адамдардың басын төр жаққа, аяғын есік жаққа қаратып жатқаны дұрыс.
Түсініктеме: Жатын бөлмесінің есігі басқа бөлмелердің есігіне қарама-қарсы болса, үй иелерінің арасында жиі түсінбеушілік, кикілжің болып тұрады. Жатын бөлмесінің төбесі ою, өрнекті, түрлі-түсті болса, бөлмеге жиі жөндеу жасалса ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс-керіс көбейеді. Баспана тұрғындарының қаржылық дағдарысқа ұшырауы жиілейді. Әрине, мұның бәрі Шығыс ілімінің болжамдары. Оған сену, сенбеу, оны орындау, орындамау әркімнің өз еркінде.
Балалар мүйісі. Отбасындағы балалардың жеке бөлмесі болмаған жағдайда оларға арнайы мүйіс жасап беруге болады. Оны пәтердегі бөлмелердің ыңғайлы бір бұрышынан жасайды. Мұнда олар өздерінің ойыншықтарын, кітаптарын қойып, сонда ойнап, сабаққа дайындалады. Балалар мүйісі олардың жасына сәйкес жабдықталады. Олар мынандай екі түрге бөлінеді.
1. Мектеп жасына дейінгі балалар мүйісі. Оған кішкентай стол, орындық, шағын шкаф немесе этажерка қояды. Олар баланың бойына шақталып жасалады, әйтпесе таңдап, сатып алынады.
2. Төменгі сыныптағы оқушы балалардың мүйісі. Мұнда сабаққа дайындалатын, ойыншықтарды сақтайтын орын болуы керек. Үстіне жарық жақсы түсетіндей етіп шағын жазу столын да қояды. Бұл жастағы балалар әртүрлі заттар жасауға құштар. Мүйіс оған да қолайлы болсын.
Қонақ бөлмесі. Оған пәтердегі ең үлкен бөлме таңдап алынады. Ол барлық отбасы мүшелерінің, шақырылған қонақтардың бас қосуына, ән-күй тыңдауға, мерекелік дастарқан жаюға қолайлы болуға тиісті. Қонақтардың жақсы дем алуы үшін бұл бөлмені бірнеше бөлікке бөледі. Олар: ас ішетін жер, дем алатын орын, жұмыс істейтін мүйіс.
Демалатын мүйістің жаз кезінде терезеге жақын болғаны дұрыс. Оған кресло, диван, журнал столын, кітап шкафын, сөресін, теледидар қоюға болады. Қонақ бөлмесін аймақтарға бөлгенде оған жарықтың дұрыс түсуі ескеріледі. Қонақ бөлмесіне аквариум қойсаңыз, ішінде балығы көп болсын және оны байлық бағытына сәйкес орналастырыңыз. Сонда отбасының ырысы тасып, шаңырақ береке, байлыққа бөленеді.
Бөлмені суретпен безендіру
* Акварельмен салынған суреттерді ақ және түрлі-түсті (ашық емес) қағаздан жасалған паспартуға қоюға болады.
* Сурет көзі кішірейіп көрінбеуі үшін паспартудың ені тым жіңішке болмауға тиіс.
* Майлы бояумен салынған суреттерді қоятын раманың түсі, ені, бедері мен тереңдігі оған салынатын суреттің түсі мен сипатына сәйкес келсін.
* Қоңырқай түсті суреттерді ашық рамаға салса, сурет одан әрі күңгірт болып көрінеді.
* Қоңырқай рамаға салынған ашық түсті суреттер көз тартпайды.
* Көлемді суреттің рамасы оған лайық болсын.
* Кейде үлкен рамаға салынған шағын суреттер де жақсы үйлесім табады.
* Акварельмен, пастельмен салынған суреттерді әйнектелген рамаға салып, сыртынан қатты қағазбен бастырып, біріккен тұсын жіңішке қағаз және коленкормен, басқа да заттармен желімдейді.
* Суреттерді қабырғаға немесе бұрышқа сәл еңкейтіп іледі.
* Егер сурет тіктеу ілінсе, жоғары жағы жылтырап нашар көрінеді.
* Сурет тым еңкіш ілінсе, сиықсыз болып көрінеді. Тым биік, тым аласа ілінсе де солай.
* Акварель күн сәулесінен оңып кетеді.
Ауызғы бөлме. Пәтеріңіздің кіреберісіндегі ауызғы бөлмені таза ұстау міндет. Қонақ үйге кіргенінде ол алдымен көзге түседі, үй иелері жөнінде хабардар етеді. Ауызғы бөлме ластанып, тазартылмаса, ол ішке жағымсыз қуаттардың енуіне жол ашады, жағымды қуаттардың үйге кіруін тежейді. Кіреберістегі айнаны да таза ұстаңыз. Сынған айнаны пайдаланбаңыз. Айна басыңыз көрініп тұратындай биікте ілінсін. Айна сегіз қырлы болса жағымсыз қуат «ша»-ны жолатпайды. Бетінде сурет жапсырылған айнаны да пайдаланбай қажет.
Үй ішінде заттардың, киімдердің шашылып жатуы «ци» ағымын азайтады. Керексіз заттардан, жарамсыз, ескі киімдерден, аяқ киімдерден дереу арылып отырыңыз. Оларды үйде сақтаудың қажеті жоқ. Шам, компьютер, пештен, каминнен жылу бөлініп, «ци» ағымы жоғары көтеріледі. Оның қалыпты болуы үшін үйде желдеткіштің болғаны жөн. Ішкі есіктің алдына, артына қалдық, қоқыстар салынған пакеттерді үйіп қойып, пәтерге жағымды қуаттардың енуіне бөгет жасамаңыз, оларды үйде ұстамай, сырттағы қоқыс жәшіктеріне апарып салыңыз.
Үй ішінің тазалығы, жайлылығы, табиғатпен үйлесімділігі кіреберістен басталсын.
Түс таңдасаңыз: оңтүстік – қою қызыл; оңтүстік шығыс – қызыл, сары; шығыс – қою жасыл; солтүстік шығыс – жасыл, солтүстік – көк, қара; солтүстік батыс – ақшыл сары; батыс – ақ; оңтүстік батыс – қоңыр сарғыш.
Үй салсаңыз: үйдің іргетасын көктемде немесе жазда қалайды; үйді аю бадам өскен жерге, жол торабына, моланың үстіне, адам өлген жерге салуға болмайды; құрылыс заттарын өрт болған жерден, жанұясы оапт болған үйден сатып алмайды; найзағай түскен орында құрылыс бастамайды; өртенген моншаның орнына да үй салмайды. Осы дәстүрді сақтамаса үй салған адам бақытқа бөленбейді, дейді халық ырымы.
Кейбір келелі кеңестер
Ас үйде тоңазытқышты оңтүстік-шығыс бөлікке қояды. Сонда қаржылық жағдайың жақсартады, дейді Шығыс ілімінің мамандары. Ол әрі үй иелерінің өзара қарым-қатынасын да нығайтатын көрінеді.
Тоңазытқышты ас үйдің оңтүстігіне қоюға болмайтын көрінеді. Себебі, төменгі температура мен оңтүстіктен берілетін от элементі бір-бірімен ұштаспайды екен.
Қысқа тоқынды пешті «ци» қуатының молырақ бөлінетін тұстарына қойғаныңыз дұрыс. Электрлі шәйнек, миксер, тостерлерді де жағымды қуаты мол орындарға қойыңыз.
Ас үйді түрлі өсімдіктермен толтырып қоймаңыз. Бөлменің ауасын тазарту үшін терезе алдына өзіңіз ұнататын гүлдің бір құмырасын егіп қойсаңыз жеткілікті.

Share This Class:

Яндекс.Метрика