Адамның шығу тегін; дамуын және қалыптасуын зерттейтін антропология ғылымының, бір тарауы антропогенез деп аталады

( грекше «антропос»- адам, «генезис»– шығу тегі). Адам органикалық дүние эволюциясында ең кейін пайда болған биологиялық түр болып саналады. Сондықтан да органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алатынын Ч. Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай әсерлердің ықпал етуінің нәтижесінде өте ертеде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдардың ағзаларында елеулі тәнтанымдық және физиологиялық өзгерістер пайда болды,  сөйтіп олар бірте-бірте бөліне бастады. Қол еңбек қаруларын жасауға дағдылана түсті. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Ф.Энгельс  өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол әсіресе еңбектің, қоғамдық тіршіліктің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.

Еңбек-адам эволюциясының маңызды факторларының бірі. Кез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф. Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалап, « еңбек- бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, мұның өзінде біз белгілі мағынада: адамдыадам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз»- деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты қозғаушы күші болады. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын өзі жасап алады. Кейбір адамтәрізді маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, оларды жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады.

Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің өте ертедегі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне өзгерістер енгізді. Еңбек- адам эволюциясына тән құбылыс. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп, күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүруге жағдай жасады. Осы тік жүру арқылы « маймылдан адамға өту үшін шешуші қадам жасалды» (  Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде омыртқа жотасында «S» әрпі тәрізді имек пайда болып, ол денеге солқылдақтық қасиет берді, ал аяқтың басы күмбезделе түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды.

Сондықтан да адам бірден тік жүріп кетті деген ой тумау керек. Тік жүруге көшудің өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысы тууды ауырлатты, дененің ауыр салмағы  жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Әрі аяқтағы көктамырлар кеңейді. Бірақ оның есесіне қолдың босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір мүмкіндік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге  көшу адам эволюциясындағы ең бір елеулі басқыш болды.

Адамның алғашқы қалыптасу дәуірінде қолы нашар дамығандықтан ол қарапайым  ғана құралдар  жасай білді. Бірте- бірте осы белгілер тұқым қуалау арқылы беріліп отырды. Ф.Энгельс қол еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге қол еңбектің өз жемісі деп түсіндірді. Біздің маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез- қылығына әсер етті, ол еңбек құралдарын бірте- бірте  жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбекке дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпал етуіне жағдай туғызды да, биологиялық заңдылықтардың әсері бірте- бірте бәсендей түсті.

 Адамның қоршаған ортасына әсері.

Кез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен инстинктер арқылы жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең алғашқы маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүретіндіктен, олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан да Ф. Энгельс адамның арғы ата тегін топтасып тіршілік еткен мақұлықтардан іздестіру керек екенін атап көрсеткен болатын. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қарым- қатынас қалыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің топтасуына септігін тигізді, олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Отты пайдалануды және сақтауды үйренді.

Адамның арғы ата тектері бірте- бірте өсімдік текті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды пайдалануға көшті. Ол үшін олар аң аулау және балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу олардың ағзаларында да өзгерістер енгізді. Мысалы, ішектің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т. Б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды.

Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ата тектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады.  Олар бір- бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең алғашқы адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте- бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің  құрылысы сөйлеуге байланысты өзгеріп, тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты.

Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркендірулерден қабылдайды. Бұл бірінші хабаршы жүйе болып саналады. Бұған қоса адам басқа хабарларды сөз арқылы қабылдай алады. Ол екінші хабаршы жүйеге жатады. Екінші хабаршы жүйе адам мен жануарлардың жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты болады.

Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым- қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетіне ықпал жасады. Сөз бірте- бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым- қатынас арта түсіп, қоғмдық байланыс дамыды. Адамның ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік әрекеттер бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым- қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте- бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік әрекет адам әволюциясында негізгі орын алып отыр. Қоғамдық құрылыс өз кезегінде адамның ойлау қабілетіне зор мүмкіндіктер туғызды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық  ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды.

Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Сондықтан да қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпаққа тәрбие және білім беру кезінде беріп отырады.

Адамның эволюциясы қоғамдық  құрылыста К. Маркс пен Ф. Энгельс ашқан қоғамдық заңдарға бағынады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету қабілеті артып, түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін жайып отыр. Тайпалардың бірте- бірте ұлттар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды.

Қорыта айтқанда, биологиялық әрекеттер мен әлеуметтік  әрекеттердің бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады.     

Антропогенді факторлар

Антропогенді факторлар- адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы  ( зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.б.)

Берілген жіктелу шартты болып табылады. Себебі, температураны абиотикалық фактор ретінде қарастырсақ, ол тірі ағзалардың әрекетіне байланысты жиі өзгеріп отырады. Мысалы, ауаның температурасы +13 С –дан төмендеген кезде бал араларының қозғалыстықтық белсенділігі  артады, ал бұл ұядағы температураны 25-30 с-ға дейін көтереді.

Антропогендік факторлардың жануарларға әсері.

Антропогедік әсердің салдарынан көптеген жануар түрлерінің саны азайды және олардың тіршілік ету ортасы қысқара бастады. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1978 жылы бекіткен Қазақстанның Қызыл кітабы осы құдылысты өте көрнекі көрсетеді. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша оған омыртқалы жануарлардың 125 түрі(15 %) және омыртқасыздардың 96 түрі осы кітапқа енгізілген

Жойылып кету қаупі төнген түрлер саны

    Ел Барлығы Қызыл кітапқа

енгізілген

Іс жүзінде

жойылғаны

Қауіп төнген күйде Шартты

Орнықты күйде

ҚР 594 297 71 101 125

Сирек кездесетін жануар ақбөкен (Saiga tatarica) XX ғасырдың басында жоғалып кетуге жақындағанда ғалымдардың қажырлы түрде күш салуы арқылы аман қалған еді. Қазіргі уақытта, оның саны өсіп- өну арқылы қалыпты өндірістік деңгейге жету үшін 2005 жылға дейін ақбөкен аулауға мемлекет тарапынан  тиым салынған.

Қазақстан су флорасы мен фаунасының күйіне ауыл және коммуналдық шаруашылықпен, өнеркәсіппен, транспортпен байланысты су қоймаларының ластану және эвтрофикация үрдістері кері әсер жасауда тұрғындар санының өсуі өзендер мен өзен алаптарын антропогендік түрлендіріп, су жүйелерінің қирауына соқтырады. Сулық ортаның химиялық заттармен ластануы су флорасы мен фаунасының маңызды топтары өкілдерінің қырылуына және тіршілігі  бұзылуына әкеліп соғуда.

Су нысандарының (көлдер, өзендер, су қоймалары) экологиялық жүйесі деградациялануы осылар есебінен болады:

  • Химиялық және биологиялық ( балық бүрлері басқа жақтан әкелінген) ластану.
  • Органикалық қалдықтармен ластанудан болған су қоймаларының  эвтрофикациясы.
  • Суаруға өзеннен су алу және өзеннің суы ағысын реттеу.
  • Биоресурстарды қолдануға бүкіл ел бойынша бақылау нашарлағанда.
  •  Бирационалдық өндіру (шаруашылыққа құнсыздарын аз ұстап, құнды түрлерін артық ұстау) салдарынан биоценоздарды сапалық қайта құру.

Бұл жағдай су флорасы мен фаунасы үшін қауіп төндірді, балықтар бірлестігі құрамының бұзылуына, судың физика-химиялық қасиеттерінің су организмдерінің  тіршілік ету жағдайларын, балықтар қоныс аударды мен уылдырық шашуын нашарлатты, су қоймаларының биоөнімдік мүмкіндіктерін төмендетті.

Қазақстан Республикасының қызыл кітабына балықтардың 14 түрі енді.

Үш категориядағы 800 биологиялық нысандардың (күйреуге жақын қауіптілер, душар болатындар- ұзақ мерзімді әрекеттегі) қауіп төнгендердің ең көп санды нысандарының басымы тауда тіршілік ететіндері (228 түр) және нағыз орташа шөлдерде(151 түр) тіршілік етеді. Онда бірақ экожүйелер мен түрлер саны бар, олар қорғауды және аялап күту тәртібін қажет етеді.                   

 Балық аулау (тонна)

Ел

 

1990 1991 1992 1993 1994 1995 1996 1997
ҚР 42800 —– Орташа бір жылда 43300 36680

 

Жойылып  кету қаупі бар балықтар түрінің саны

Ел Барлығы Қызыл қітапқа енгізілген Іс жүзінде жойылғаны Қауіп төнген күйде Шартты тұрғылықты

Түрде

ҚР 27 14 2 3 10

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика