Радиация деген не? Радиацияның қандай түрлері бар,Қазақстан аумағына  қанша көлемде күннен радиация түседі? Деген сұрақтарға жауап берейік.

Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия.Белгілі бір уақытта 1 см жер бетіне түсетін күн радиациясы Дж/м мен есептеледі.Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады.Неғұрлым оңтүстікке орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де,атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді,жылуды да соғұрлым көп береді.Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып,атмосфераны ұзаз жолмен,көлбеу бұрышпен кесіп өтеді.сол себепті жылуды да аз алады.

Радиация дегеніміз-Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20 пайызын атмосфера кері шағылыстырад.Қалған бөлігі жер бетіне жетеді,яғни жер бетіне тура түскен күн сәулесін т у р а  к ү н  р а д и а ц и я с ы деп атайды.

-Күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары,мұз түйіршіктері,шаң-тозаңдар,бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып таратады.Мұндай жағдайда Жер бетіне ш а ш ы р а н д ы радиация жетеді.

-Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысын ж и ы н т ы қ  радиация деп атаймыз.

-Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ,су,қар жамылғысы арқылысіңіп жылынады,оны ж ұ т ы л ғ а н радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны ш а ғ ы л ы с қ а н радиация дейміз.Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана емес,атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына да байланысты

 

Ядролық жарылыстың өткір радиациясы дегеніміз – гамма сәулелену мен нейтрондар ағыны.

Биологиялық ұлпа арқылы өткен гамма кванттар мен нейтрондар тірі жасушылардың құрамына енетін атомдар мен молекулаларды иондандырады, нәтижесінде қалыпты зат алмасуы бұзылып, сәуле ауруының туындауына әкеп соғады.

Сәулелену мөлшеріне қарай сәуле ауруы 4 түрлі дәрежеге бөлінеді:

  • 1) 1 дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 150-250 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 аптаға созылады, содан кейін сырқаттың күйі нашарлап, жалпы әлсіреу, лоқсу, басы айналу, температурасы көтерілу сияқты белгілер байқалады. Қанда ақ түйіршіктер азаяды. 1 дәрежелі сәуле ауруын емдеуге болады.
  • 2) 11 дәрежелі сәуле ауруы (орташа) сәулеленудің жиынтық мөлшері 250-400 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 1 аптаға созылады. Ауру белгілері айқын білінеді. Белсенді түрде емдесе, ауру 1,5 – 2 айда сауығады.
  • 111 дәрежелі сәуле ауруы (ауыр түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 400-700 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағатқа созылады. Ауру жылдам және ауыр түрде өтеді. Сәті түссе, 6-8 айдан соң жазылып кетеді.
  • 1V дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 700 радианнан асқанда басталады, өте қауіпті болып саналады. 5000 радианнан асқан мөлшерде адам бірнеше минуттан кейін-ақ ұрысқа қабілеттілігін жояды.

Күші 1 мың т нейтронды оқ-дәрінің әуеде жарылуы кезіндегі сәулелену мөлшерінің есептік мәні.

Жарылыс эпицентрінен қашықтығы, м Сәулелену мөлшері, радиан
Гамма сәулелену бойынша Нейтрондар бойынша Жиынтық
300 100 000 400 000 500 000
500 30 000 70 000 100 000
700 5 000 10 000 15 000
1000 800 1200 2000
1200 350 500 850
1500 100 100 200
1800 45 30 75
2000 15 5 15

Сәулелену тығыздығы жоғары (қорғасын, құрыш, бетон) материалдарда көбірек әлсірейді. Нейтрондар сығымы жеңіл элементті ядролары бар (су, полиэтилен) жеңіл материалдарда жақсы әлсірейді.

Өткір радиацияны әлсіретудің ең үлкен шамасына фортификациялық (бүркемеленген орлар) құрылыстар ие.

Адам ағзасына иондалған сәулелену әсерін әлсірету үшін әр түрлі радиацияға қарсы құралдар (радиопротекторлар) қолданылады. 

Қазіргі  кезеңнің  өзекті  мәселелерінің  бірі – радиациялық  ластану  болып  қалып  отыр.  Радиоактивті  ластанумен  күресу  тек  алдын  алу  сипатында  ғана  болады.  Себебі  табиғи  ортаның  мұндай  ластануын  нейтралдайтын  биологиялық  ыдырату  әдіс-турі  де , басқада  механизімдері  де  жоқ . Қоректік  тізбек  бойын-ша  тарала  отырып  радиоактивті  заттар  азық-түлік  өнімдерімен  бірге  адам  ағзасына  түсіп , адам  денсаулығына  зиянды  мөлшер-ге  дейін  жиналуы  мүмкін.

Қазақстан  териториясында  қуатты  ядролық  сынақтардың  ең  көп  мөлшері  жасала   Адамзат тарихында бірнеше өте үлкен яадролық және атом электр станцияларында жарылыстар болды. Тек Қазақстанның өзінде семей полигоны, Капустин Яр, өте қауіпті  радиациялық заттар шығаратын Байқоңыр ғарыш аймағы т.с.с.

Олар  қазақстан  территориясының  біраз  бөлігінің  радиа-циялық  ластануына  әкелді. Шығыс  қазақстан  тұрғындары  Хиросима – Нагасаки  мен  Чернобыльдан  кейінгі  ең  үлкен  иондаушы  сәулелену  дозасын  алған. Радиациялық  әсерғе  бай-ланысты  туған  аурулар  туралы  мәліметтер  1989  жылға  дейін  құпия  сақталып  келді. Ресми  емес  көздердің  мәліметтеріне  сүйенсек  лейкемиядан  қайтыс  болғандар  саны  ондаған  мың  адамды  құрайды.

Қазақстан  территориясында  радиациялық  ластану  себеп-теріне  мыналар  жатады: Семей  ядролық  полигонында  жасалған  жарылыстардың  салдары,  радиоактивті  материялдарды  пайда-ланатын  атомдық  өнеркәсіп  орындары,  ғаламдық жауын-дар,халық  шаруашылық  маселелерін  шешу  мақсатында  жасал-ған  жер  асты  ядролық  жарылыстар,  табиғи  радиоактивтілік,  радиоактивті  қалдықтар.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.

Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді.

Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9)  ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып келеді.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Үйден шықпай тұрғанда, сыртқы киімдердің түгел төмелелерді салып, биік аяқ киімді киіп, ауызын және мұрынды марльдан жасалған повязкамен жабу керек.
  2. Радиация жерінен желге перпендикуляр бағытымен шығуі керек. Сонымен бірге жерге отыруға, шылым шегуге, шанмен журуге, орманда жидектерді жеуге және суға түсуге болмайды.
  3. Егер сіз далаға шыға алмай қалсаңыз, онда үйдің есіктерін, терезелерің, вентиляционный тесіктерді жабыныз. Терезенің тесіктерің бегітіп және скотчпен жабыстыру керек. Кірер есіктің алдында суға толған шелекті және аяқты сүрту үшін дымқыл шөберекті қойып қою керек.

Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды сабынмен жуып және ауызды аз қосылған содамен шайю керек. Азық-түлікті жақсы жабылатын банкілерде және холодильникте сақтау керек

 

Арал теңізі.

Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.                Семей полигоны.

Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма?

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада – Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада – Семей» қозғалысын құрдық».

Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.

Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

 

1.Арал теңізі

Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.

2.Семей полигоны

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.

Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.

Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.

КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау,  жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.

А)Теңіз туралы түсінік

Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.

Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» \саяхаттар мен мемлекеттер кітабы\ атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух \қара таулар\ деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді.

Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш \Сырдария\ және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам \шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары\» атты қол жазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке  қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\  ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни, 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам, бұл күндері нақты шындыққа  айнала бастады.

Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес»  аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен дген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмідария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және сіды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.

А)Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

ә)Арал теңізінің экологиялық ахуалы

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9)  ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.

Ә)Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты.

Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.

Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.

Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді.

Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

б)Арал тағдыры-адам тағдыры.

Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

Арал теңізінің болашағы дүние дүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді.

Б) Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды.

Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.

Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.

Суарылған ядролық темірмен

Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды.

1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.

Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.

Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.

Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.

1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Қорытынды

Арал теңізі.

Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.                           

Семей полигоны.

Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаданғаны ма?

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада – Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада – Семей» қозғалысын құрдық».

Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.

Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика