CӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі:қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары.
Жоспары:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет Қызметі
2. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет
қызметiнiң мiндеттерi
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Заңда нақты көрсетілуі .
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет Қызметі
ҚР Президентінің 1995 ж. 3 қазандағы Жарлығымен[1] мемлекеттік орган ретінде ҚР Президентіне тікелей бағынатын арнайы әскери құрама[2] болып құрылды.
- ҚР 2002 ж. 4 шілдедегі Заңымен[3] мемлекеттік органның құқықтық
мәртебесі белгіленді.
- ҚР Президентінің Күзет қызметі —ҚР
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзірет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсізідігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган.
- Осы Занда ҚР Президентінің Күзет қызметі күзетуге жататын
адамдар белгіленді: ҚР Президенті; ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы; ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы; ҚР Премьер-Министрі;
- Республика Президентінің зайыбы (жүбайы) және Президентпен
бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері; ҚР Тұңғыш Президенті;
- ҚР Тұңғыш Президентінің онымен бірге тұратын отбасы мүшелері
немесе оған еріп жүрушілер; ҚР экс-президенті; тізбесін ҚР Президенті бекітетін ҚР лауазымды адамдары; қауіпсіздігі ҚР аумағында болуы кезеңінде шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары; қауіпсіздігі ҚР аумағында болуы кезеңінде халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары.
- ҚР Президентінің Күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін. ҚР Президенті бекітеді.
ҚР Президентінің Күзет қызметінің негізгі міндеті толықтырылды: өз құзіретінің шегінде терроризммен күресті жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. ҚР 1997.06.19 N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша өзгерiстер енгiзiлдi – ҚР 2002.07.04 N 335 Заңымен.
Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «әскери қызметшiлердiң», «әскери қызметшiсi», «әскери қызметшiсiнiң», «әскери қызметшiлерiнiң», «әскери қызметшiлерiне», «әскери қызметшiлерi», «әскери қызметшiлер», «әскери қызметшiсiне», «әскери қызметшiлерiн», «Әскери қызметшiлердiң» деген сөздер тиiсiнше «қызметкерлердiң», «қызметкерi», «қызметкерiнiң», «қызметкерлерiнiң», «қызметкерлерiне», «қызметкерлерi», «қызметкерлер», «қызметкерiне», «қызметкерлерiн», «Қызметкерлердiң» деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiнiң мәртебесiн, өкiлеттiгiн және ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның қызметiн бақылау мен қадағалауды айқындайды.
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн күштерге жататын және осы Заңмен белгiленген құзырет шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк орган.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, мөрi, мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi бланкiлерi, өзiнiң нышаны мен айырым белгiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шоттары болады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР Президентiнiң 1995.12.08 N 2674 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 1997.05.16 N 110, 2002.07.04 N 335, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енедi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
1-1-бап. Күзет iс-шаралары
Күзет iс-шаралары – күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, жедел-iздестiру және техникалық шаралардың жиынтығы.
Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шаралары терроризмге қарсы операцияларға жатады.
Күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша терроризмге қарсы операция жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң бастығы оралымды штабты басқаруды жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 1-1-баппен толықтырылды – ҚР 2002.07.04 N 335, өзгерту енгiзiлдi – 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.
1-2-бап. Күзетiлетiн адамдар
- Күзетiлетiн адамдар – Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi күзетуге жататын адамдар.
2. Мыналар күзетiлетiн адамдар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Президентi;
2) Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң төрағасы;
4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрi;
5) Республика Президентiнiң зайыбы (жұбайы) және Президентпен бiрге тұратын басқа да отбасы мүшелерi;
6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы;
7) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң – Елбасының онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерi немесе оған ерiп жүрушiлер;
8) Қазақстан Республикасының экс-президентi;
9) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;
10) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етiлетiн шет мемлекеттердiң, шет елдер парламенттерi мен үкiметтерiнiң басшылары;
11) қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының өкiмдерi негiзiнде қамтамасыз етiлетiн халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердiң өзге де адамдары.
3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетiледi.
4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң бастығына күзетушi адамдар қызмет мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы.
Ескерту. Заң 1-2-баппен толықтырылды – ҚР 2002.07.04 N 335, өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2010.06.14 № 290-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
1-3-бап. Күзетiлетiн объектiлер
Күзетiлетiн объектiлер – күзетiлетiн адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға iргелес жатқан аумақ пен су айдыны.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi күзететiн объектiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Ескерту. Заң 1-3-баппен толықтырылды – ҚР 2002.07.04 N 335 Заңымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi
Президент Күзет қызметiнiң мiндеттерi:
– күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
– күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау;
– күзетiлетiн адамдардың меншiгiн күзету, күзетiлетiн объектiлерде және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
– өз өкiлеттiгi шегiнде терроризмге қарсы iс-қимылды жүзеге асыру;
– күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнген қатердi болжау және анықтау, одан сақтандыру мен залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар жиынтығын жүзеге асыру болып табылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР Президентiнiң 1995.12.08 N 2674 заң күшi бар Жарлығымен, 1997.05.16 N 110, 2002.07.04 N 335, 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.
3-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының принциптерi
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары мен кәсiптiк этиканы құрметтеу принциптерiне сәйкес құрылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi.
4-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
4-1-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне басшылықты Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын, лауазымнан босататын және (немесе) арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығаратын Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң бастығы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi бастығының ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.
Ескерту. Жаңа 4-1-баппен толықтырылды – ҚР 2002.07.04 N 335 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Президентi Күзет
қызметiнiң кадрлары
14-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң кадрлар құрамы
Президенттiң Күзет қызметiнiң кадрларын қызметкерлер мен жұмыскерлер құрайды.
Президенттiң Күзет қызметiндегi қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, бiлiмi мен денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң штаттық санының лимитiн Президенттiң Күзет қызметi бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң санын осы мақсаттар үшiн бөлiнген қаражат шегiнде Президенттiң Күзет қызметiнiң бастығы белгiлейдi.
Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
15-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде қызметте тұрған адамдар Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi болып табылады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi Президенттiң Күзет қызметi кадрларында немесе қолданыстағы резервте тұрады.
Қызметкерлердi қолданыстағы резервке алу және олардың қызмет өткеру тәртiбiн Президенттiң Күзет қызметiнiң бастығы белгiлейдi.
Президенттiң Күзет қызметi күзететiн күзетiлетiн адамдардың, объектiлер мен көлiк құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн мемлекеттiк органдарда және меншiк нысанына қарамастан ұйымдарда олардың келiсiмiмен белгiленген тәртiппен штаттағы лауазымдарды атқара тұру үшiн Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметте қалдырыла отырып, iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
16-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң
жұмыскерлерi
Президенттiң Күзет қызметi жұмыскерлерiнiң еңбек қызметi Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiмен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасымен реттеледi.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
17-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
қызметi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде билiк өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiне оның жеке басы мен өкiлеттiктерiн растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң қызметтiк әрекеттерiне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң заңды талаптарын азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
Қызметкерлердiң, Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiн қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндiру немесе күш көрсету, олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкiне қол сұғу, олардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауына кедергi жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi заңды басшылыққа алуға мiндеттi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi партияларда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық мiндеттерi болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесiнiң құрамына кiруге құқылы емес.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
18-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерi мен
құқықтары
- Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң қызметкерлерi:
1) алдарына қойылған мiндеттердi бiлiктiлiкпен және дәлме-дәл шешуге;
2) кәсiптiк және құқықтық бiлiмнiң, дене күшi дайындығының, арнайы және жауынгерлiк даярлықтың қажеттi деңгейiн сақтап тұруға мiндеттi.
2. Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қолданыстағы заңнамада көзделген шектерде және тәртiппен:
1) күзет iс-шаралары өткiзiлетiн орындарда азаматтар мен лауазымды адамдардан белгiленген тәртiптiң сақталуын талап етуге;
2) қылмыстарды, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) қажет болған кезде азаматтар мен лауазымды адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруге;
4) құқық бұзған немесе қылмыстар жасаған жағдайда азаматтарды ұстауға, iшкi iстер органдарына, өзге де құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметтiк үй-жайларына әкелуге;
5) ұйымдарға, ал шұғыл жағдайларда азаматтарға да тиесiлi байланыс құралдарын қызмет мақсатында пайдалануға;
6) қылмыстарды болғызбау, қылмыстар жасаған немесе олардың жасалуына күдiктi адамдарды қудалаумен ұстау үшiн, жедел медициналық жәрдем қажет адамдарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ оқиға болған жерге бару үшiн қызмет мақсатында ұйымдардың көлiк құралдарын (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiне тиесiлi көлiк құралдарынан басқа) пайдалануға;
7) егер кешеуiлдеу күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге нақты қатер төндiруi мүмкiн болса, күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге қатер төндiретiн қылмыстардың жолын кесу кезiнде, сондай-ақ осындай қылмыс жасаудағы күдiктiлердi қудалау кезiнде азаматтарға тиесiлi тұрғын үй-жайлар мен өзге де үй-жайларға, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың (шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық, консулдық және өзге де өкiлдiктерiнен басқа) аумақтары мен үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
8) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгi мақсатында «Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел-iздестiру iс-қимылдарын жасауға;
9) күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң көшелер мен жолдардағы қозғалысын уақытша шектеуге немесе бұған тыйым салуға, азаматтарды жерлердiң жекелеген учаскелерi мен объектiлерге жiбермеуге, олардың жерлердiң нақты учаскелерiнде немесе объектiлерде қалуын немесе бұл учаскелер мен объектiлерден кетуiн мiндеттеуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiнiң дене күшiн, арнайы құралдарды, қару мен жауынгерлiк техниканы қолдануы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн олардың қызметтiк мiндеттерiне қатысы жоқ функцияларды орындау үшiн тартуға тыйым салынады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
19-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi
қызметкерлерiнiң жеке қауiпсiздiгi мен құқықтық
қорғалу кепiлдiктерi
Президенттiң Күзет қызметiнiң қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оны әкiмшiлiк ұстауға, сондай-ақ жеке қарап-тексеруге, оның өзiмен алып жүрген заттарын, пайдаланатын қызметтiк көлiк құралдарын қарап-тексеруге жол берiлмейдi.
Президенттiң Күзет қызметi қызметкерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал, сондай-ақ Президенттiң Күзет қызметi қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залал бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелiп, кейiннен залал келтiрген адамнан толық көлемде өндiрiлiп алынады. Залалды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
20-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
қызметi қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
Ескерту. 20-бап алып тасталды – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6 тарау. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн
қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
21-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет
қызметiнiң жұмысын қаржыландыру
Ескерту. 21-бап алып тасталды – ҚР 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
22-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық
қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiн қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7 тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
23-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет
қызметiнiң жұмысына бақылау жасау
Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысын Қазақстан Республикасының Президентi бақылайды, ол тексерушi органдарды тағайындайды, олардың мақсатын, мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды, бақылау нысандары мен оларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
Президенттiң Күзет қызметi мен оның жұмысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президентiне табыс етiледi.
Ескерту. 23-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР 2002.07.04 N 335 Заңымен.
24-бап. Прокурорлық қадағалау
Президенттiң Күзет қызметiнiң жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылуын қадағалауды бас прокурор мен ол арнайы уәкiлдiк берген прокурорлар жүзеге асырады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi – ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
25-бап. Осы Жарлықты жүзеге асыру мен күшiне енгiзу
тәртiбi
Ескерту. 25-бап алынып тасталды – ҚР 2002.07.04 N 335 Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi
1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап әлемдік қауымдастыққа кіре отырып жаңа демократиялық принціптегі мемлекеттілік ұстанымды қолға алған кезде Кеңес Одағы республикасының көптеген мемлекеттік басқару органдарын тәуелсіз мемлекет аясында қайта құру мәселесі алда тұрды, ал кейбір органдар жаңадан құрылды.Қазіргі уақытта өткен он жылдықтарға көзжүгіртсек, жаңа мемлекеттік органды, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметін құру мәселесі уақыттың, заманның талап еткенін көпшілік біле бермейді. Қазақ КСР ҰҚК 9 бөлімін жеке құрылым ретінде бөліп шығаруға көпшілік қарсылық білдіргенін қазіргі әркеттегі қызметкерлердің еске алуынан білеміз. Алайда халық қалауымен сайланған еліміздің бірінші Президентінің шешімімен ел басының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, басқа органдардан тәуелсіз жаңа құрылым құрылды.Қазақстан Республикасының Президентінің 1992 жылғы 6 ақпандағы №598 рс өкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі құрылды. Өкімде көрсеткендей, ҚР басқармасы және мемлекеттің жоғарғы органдары басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰҚК Күзет бөлімі базасында ( бұрынғы Қазақ КСР ҰҚК 9 бөлімі), ҚР Президентінің Аппарат басшысына және ҚР Министрлер кабинетіне бағынышты Күзет қызметі деген арнайы әскери құрылым құрылды. Содан соң Күзет қызметі Ел басының тікелей бағынышына өтті.Күзет қызметінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында, Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 30 сәуірдегі №403-2қ қаулысы бойынша ҚР ҰҚК күзет бөлімінің қызметкерлері Күзет қызметіне өтті, сондай-ақ қару-жарақ табілді міндеттілікке сәйкес, оқ дәрілер және басқада әскери заттар өтеусіз негізде тапсырылды.1995 жылдың қазан айында ҚР ПКҚ құрамына ҚР ҰҚК үкімет байланыс Агентігі мен Республикалық Ұлан енгізілді, бірақ өте келе қайта бөлініп шықты. 1997 –1999 жылдар аралығында Күзет қызметі еліміздің жаңа астанасына толығымен көшті.Күзет қызметі өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабына және ҚР “ Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі туралы” заңдарына сәйкес жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының күзет қызметі мемлекеттік орган ретінде, арнайы әскери құрылым және Республика Президентіне тікелей бағынышты болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін және Президенттің бекітілген тізімі бойынша мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының және шетел мемлекеттерінің, үкімет басшылары және халықаралық ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасына іс сапармен келгенде қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Күзет қызметінің алдына қойған тапсырмалары «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Заңда нақты көрсетілген:
– күзетілетін тұлғалардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– күзетілетін тұлғалардың меншігіне және беделіне, еркіндігіне, құқығына, денсаулығына, өміріне қарсы бағытталған әкімшілік құқықбұзушылық және қылмыстарды ашу, жолын кесу және ескерту;
– күзетілетін тұлғалардың қызмет бөлмелерінде және басқа да қатынайтын объектілерде және қоғамдық тәртіпті және меншігін күзетуді қамтамсыз етеді.
– күзетілетін тұлғаларға және күзететін объектілерге төнген қауіптерді ашу және болжау, сондай-ақ оларды ескерту және жою үшін кешенді жедел іс шараларды жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметі адам құқықтарын құрметтеу және кәсіби этикалық негізде, гуманистік, заңдылық принціптерге сәйкес құралады.Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі алдына қойған тапсырмаларды жекелеген азаматтармен және ұйымдармен, лауазымды тұлғалармен және мемлекеттің басқа да органдарымен бірлесе отырып шешеді.Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің құқықтық негіздегі қызмет барысын ҚР Конституциясы және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері құрайды.Күзет қызметі қысқа мерзім аралығында құрылды. Уақытты ұзарту мүмкін болмады, қызметкерлер тәжірибені қызмет барысында алды. Елбасымыз Қазақстан мемлекеті егемендігін алған соң, алғашқы тәуелсіз жылдар кезеңінде әлемдік қауымдастық мүшесіне кіру мақсатында халықаралық қатынастарда ұдайы болып отырды. Сол уақыт аралығында шетелдердің мемлекет басшылары бірінен соң бірі аранайы шақырулармен келіп жатты. Күзет қызметінің қызметкерлері қатаң тәртіппен жұмыс істей отырып кәсіби шеберлікпен тәжірибеленді. Күзет қызметі қысқа мерзім ішінде күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзіндік жүйесін құрды. Осылайша дербес мемлекеттік құрылым ретінде құрылды.Күзет қызметі элиталы әскери құрылым ретінде, өзінің атауы немесе жеңілдіктерінің арқасында емес, мемлекеттің қауіпсіздігі мен Елбасының қауіпсіздігін қамтамсыз етудегі шешетін тапсырмалардың негізінде есептеледі.Күзет қызметі күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамсыз ететін біртұтас кешен болып табылады. Күзет қызметі өзінің шешетін тапсырмаларына сәйкес құрылымдық бөлімшелерден құралады.ҚР ПКҚ үміткерлерді (кандидат) зеріттеп алу жұмысы Қызметтің қызметкерлеріне жүктелген міндеттемелер мен жауапкершіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Үміткерлердің физикалық дене бітімі ғана емес олардың интелектуалды ой- өрісі, айналадағы болып жатқан жағдайларға дұрыс баға беруі және дұрыс шешім қабылдай алатындықтары да ескеріледі.Әскери қызметке қабылданған барлық әскери қызметкерлер уақыт өте қызмет барысында қажетті арнайы дайындықтардан өтеді. Яғни Таулы аймақтарда шаңғы тебу, атқа мініп жүре білу және су астында жүзу курстарынан өтеді. Олар тәуліктің кез-келген уақтында, жедел жағдайларда күзетілетін тұлғаларды физикалық тұрғыдан қорғай алулары керек.Күзет қызметі қызметкерлерінің кәсіби дайындықтарының жоғарғы деңгейлігі ТМД елдерінің арнайы қызметтерінің қатысуымен өтетін жарыстар мен Республикамыздың мемлекеттік оргнадар арасында өтетін жарыстарда жүлделі орындар алғандықтарынан көрінеді.Күзет қызметінде штат бойынша кинологтарда қызмет атқарады. Бөлімшеде жарылғыш құрылғыларды таба білетін және зиянсыздандыратын арнайы жинақталған кешенді құралдар бар. «Мерседес» микроавтобус көлігіне жинақталып орналасқан. Ол соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Мини роботпен қол жетпейтін кеңістіктерді тексеруге болады және жарылғыш заттарды зиянсыздандырады. Сондай-ақ медициналық қызметтің қызметкерлері күзетілетін тұлғалар қатынайтын объектінің және жейтін тағамдардың санитарлық эпидемиологиялық жағдайын тексере отырып бактериологиялық, радиологиялық және басқада анализдер жүргізеді. Аталған бөлімше қызметкерлері күзетілетін тұлғалар қатынайтын объектіге кіріп шығу жұмыстарын ұйымдастырады және жүктелген міндетемелерге сай шетелдік күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамсыз етеді.
Бөлімше қызметкерлеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жоғарғы деңгейде өткізгендіктері үшін, шетелдік күзетілетін тұлғалар тарапынан бірнеше рет алғыс жарияланған.Күзет қызметінің құрылуы жас мемлекеттіміздің дамуы мен нығаюы кезеңімен тұспа-тұс. Кемшіліктер де аз еместі.