СӨЖ           

Тақырыбы:  Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән – жайлар.

 

Аса қажеттілік-адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл ретте аса қажеттiлiк шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру, құқық қорғау мүдделеріне болдырмай тасталған зиянға тең немесе оған қарағанда неғұрлым елеулі зиян келтірілген жағдайда, аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Қажетті қорғаныс- қорғанушының және басқа да адамдардың жеке басы мен құқықтарын, сондай-ақ қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан, оның ішінде қолсұғушы адамға зиян келтіру жолымен заңды түрде қорғау. Қажеттi қорғаныс жағдайында, яғни қорғанушының немесе өзге де адамдардың жеке басын, тұрғынжайын, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қолсұғушыға зиян келтiру арқылы қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан қорғау кезiнде қолсұғушы адамға зиян келтiру, егер бұл ретте қажеттi қорғаныс шегінен шығуға жол берілмеген болса, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Тұрғын үйге, үй-жайға басып кірумен ұштасқан өзге де қолсұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру, сондай-ақ егер қорғанушы қолсұғушылықтың кенеттен болуы салдарынан шабуыл қаупінің дәрежесі мен сипатын объективті бағалай алмаса, қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды. 

Қылмыстық процесс — күрделі процесс, оған әр түрлі адамдар қатысады. Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға сот және мемлекеттік органдар мен қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жатады (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).

Қылмыстық жаза – мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдары бірі ретінде қолданылады. Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолдана отырып, қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануға ең негізгі басты күрес деп санамайды. 
Жазаның мақсаты – әлеуметтiк адiлеттiлiктi қалпы¬на келтiру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ, сот¬талғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды icтеуден алдын ала сақтандыру екендiгi айтылған. Әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, соттаған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, cөйтіп жаңа қылмыс icтеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы eскepтyi болып табылады.                                          

Орынды тәуекел-егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа, тәуекелге байланыссыз, әрекеттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады. Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел орынсыз деп танылады. Заңға сәйкес орынды тәуекелге байланысты әрекеттер екі түрлі шартқа  байланысты қылмыс болып табылмайды. Бұл шарттарды екі түрлі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тәуекел әрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады.

Share This Class:

Яндекс.Метрика