Глосарий

Тақырыбы: Міндетті әлеуметтік сақтандырудың құқықтық негізі

Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету– мемлекеттің Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепiлдiк беруі.  Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы:
1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;
3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;
4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;
5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгiзу;
6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;
8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.

Әлеуметтік сақтандырудың негізделген жүйесі – бұл әлеуметтік әділеттілікті қатамасыз ету мен саяси тұрақтылықты қалыптастырудағы алғышарттардың бірі. Оның мәні мен мазмұны міндеттерімен, принциптерімен, мақсаты және рөлімен,  сонымен қатар механизмі мен формаларымен анықталады.

Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi- әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдуы.

1) еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлейді;

2) құжаттардың дұрыстығын тексереді;

3) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды белгiлейді.

Жұмысшының міндетті әлеуметтік сақтандыру барысындағы құқықтары-жұмыс жасаушы сақтандыру кезінде пайдалана алатын құқықтар.

Сақтанушының:
1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға;
4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге;
5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөнiндегi шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар.

 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру – еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың субъектілері– төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың объектілері–  әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру заңының талабы бойынша жұмыс берушінің міндеттері-жұмыс беруші атқаруы тиіс шарттар.Олар: сақтанушыны қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңға және қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн және жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеуді жүргiзуге; өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге; сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда, өтінішті және осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап, жеті жұмыс күні ішінде пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге;сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге;осы Заңның 19-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру төлемдерін уақтылы жүзеге асырмаған кезде пайда алушыға аннуитет төлемі бойынша әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қайнар көздеріҚазақстан Республикасының Конституциясы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлері-сақтандырушыға сақтандыру ұйымынан келісім негізінде  ұсынылатын сақтандыру өнімдерінің  түрлері.

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай.

4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай

5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;

6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерi – әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер.

 Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы  мемлекеттік монополия міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырушы ұйым.Ол:қордың қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды; құжаттар қабылдау, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыру, Қордан әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасауды; әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Орталықтың қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсынуды жүзеге асырады.
Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі – әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптері-міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың және орындаудың жалпылығы.

1) әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет кепілдік берген шаралар;

2) әлеуметтік сақтандыру жүйесіне міндетті қатысу;

3) әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлемдер төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды пайдалану;

4)  міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік қатер туған жағдайда әлеуметтік төлем төлеу міндеттілігі;

5) міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар қызметінің жариялылығы.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру төлену шарттары-оның алғышарттары болып табылатын жағдайлар.Олар:

– еңбек ету қабілетінен айрылуы;

– асыраушысынан айрылуы;

– жұмысынан айрылуына байланысты  шыққан табыс бөлігін қайтару үшін ұйымдастырылатын, бақыланатын және мемлекет кепілдік беретін шаралар жиынтығы;

– жүктілігі және босануы;

– нәресте күтімі үшін.

Сақтанушы мүлікті сақтандырушы немесе сақтандырушымен жеке сақтандыру шартын жасаушы жеке адам немесе заңды ұйым.

Сақатандырушысақатандыруды жүргізуші және сақтанушыға немесе сақтандыруға қатысушы басқа да адамдарға зиянды өтеу немесе сақтандыру сомасын төлеу жөніндегі міндеттемені мойнына алушы ұйым.

Сақтандыру компаниялары – сақатандырушы ролін атқаратын , яғни сақтандыру жағдайы болғанда залалды өтеу міндетін мойнына алушы ұйым. Сақтандыру компанияларының  негізігі нысандары – акцианерлік, қарыз беру, Ллойд компаниалары.

Сақтандыру алымы –жолаушыларды міндетті сақтандыру жөніндегі төлем , ол жол жүру билетінің құнына кіреді. 

Сақтандыру сертификаты –сақатандырушы сақтанушыға негізгі куәліктің күші қолданылатын жүктің кейбір тобын қуаттап беретін құжат

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика