Мұрагерлік құқық – азаматтық құқық бөлімі; қайтыс болған адамның құқығы мен міндетерінің мұрагерлік құқық бойынша өту тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мұра
- Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы токтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.
- Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
- 1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
- 2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
- 3) алименттік міндеттемелерден туындайтын кұкықтар мен міндеггер;
- 4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы зан актілерінін негізінде басқа да төлемдер төлеу кұқығы;
- 5) мүліктік құкыктармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
- Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін
II.Негізгі бөлім
- Өсиет бойынша мұрагерлік туралы түсінік
ҚР-ның АК-нің мұрагерлік негізі өсиет бойынша және заңды мұрагерлік бойынша жүзеге асырылады. ҚР-ның АК-нің 54 тарауы «өсиет бойынша мұрагерлікке» арналған, ал 59 тарауы, «заңды мұрагерлікке» арналған, Мұрагерлік құқық мәселелерінің әртүрлі негізде өнделу дәрежесі байқалады.Өсиет бойынша мұрагерлікке 14 бап, ал заңды мұрагерлікке қатысты ережелер 10 бапты қамтиды.
Өсиетті әрекет қабілеттілігі бар тұлға өзіне тиесілі мүлікті өз ықтиярымен кімге бергісі келетін туралы мәлімдейтін заңды күші бар құжат. Өсиетті өсиет қалдырушы тірі кезінде жазады, ал оның еркі ол қайтыс болғаннан кейін, яғни мұра ашылғаннан кейін ғана өсиеттің заңдық себеп-салдары пайда болады. Өсиет біржақты мәміле. Өсиеттің басқа мәмілелерден айырмашылығы осында деп айтуға болады. Осыған орай, өсиет қалдырушы өсиеттің талаптары мен шарттарына байланыссыз, кез келген уақытта өсиетте көрсеткен мұрагерлер қатарын және мұралық массаны өзгерте алады, сонымен қатар өсиетті түпкілікті өзгерте отырып, оны жоюға да құқы бар. Осы құжат (өсиет) негізінде мұра мүлкінің тағдыры қай негізде жүзеге асатыны белгілі болады.
ҚР-ның АК-нің заңды мұрагерлік бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) жақын туыстарына қатысты кезек тәртібі мен оның үлестері нақты қарастырылған.
Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-сін салыстырмалы түрде қарастырсақ, қазіргі ҚР-ның АК-де мұра қалдырушының мұрагерлерінің кезек тәртібі ұлғайған.
Ал, Ресей Федерациясында заңды мұрагерлікке шақырудың 8 кезегі қарастырылған. Бұл тұрғыда Н.В. Ростовцевтың айтуынша, мұрагерлікке шақырудың кезек тәртібінің көп болуы, мұра қалдырушының мүлкінің иесіз мүлік ретінде мемлекетке өтпеуіне бірден-бір себеп дейді. Н.В. Ростовцевтың пікірін орыс ғалымдары Щербаков пен Ю. Харитонов та қолдайды. Осыған байланысты шын мәнінде бұл ғалымдардың пайымдауларына келісеміз.
Адамзатқа қатысты туыстық жұртты үшке бөледі, олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Бұл туыстық қарым-қатынастың бағытын, орнын көрсетеді. Қайын жұрт мұра қалдырушының қандық туысы емес, қайын жұрт мұра қалдырушының көлденең туысы болып табылады. Біріншісі –өз жұрты (жеті ұрпаққа таратылады); екінші жұрт –нағашы жұрт. Екі жаққа да (ері мен жұбайына) бірдей шешелерінің төркіні, үшіншісі –қайын жұрты, ері мен жұбайының елі. Осыған орай, ҚР-ның АК-нің 1064 баптың 3 тармағының 2 азат жолын толықтыру келесі түрде ұсынылады: «Егер алдыңғы кезектердегі мұрагерлер болмаса, сегізінші кезектегі мұрагерлер ретінде мұра қалдырушының зайыбына қатысты туыстары (еріне қатысты туыстары), соның ішінде зайыбының ата-анасы (қайын атасы, қайын енесі) немесе ерінің (атасы мен енесі), сонымен қатар зайыбының (ерінің) туған аға-інілері мен апа-қарындастары шақырылады».
Өсиет бойынша мұрагерлік – азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлер біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу қүкығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра калдырушы өзінің кез келген мүлкі, онын ішінде болашакта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да әкімі бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердін мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әр түрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уакытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудін себебін көрсетуге міндетті емес.
2.ҚР Конституциясының 58 тарауындағы өсиет туралы ережелері
1046-бап. Жалпы ережелер
- Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
1-1. Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасайды.
2. Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
3. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
4. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
5. Мұра қалдырушы өзiнiң кез келген мүлкi, оның iшiнде болашақта сатып алуы мүмкiн мүлкi туралы да өкiм бар өсиет жасауға құқылы.
Өсиет қалдырушы мұрагерлердiң мұрадағы үлесiн кез келген түрде белгiлеуi мүмкiн, әртүрлi мүлiкке қатысты бiр немесе бiрнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкiне немесе оның қандай да бiр бөлiгiне билiк ете алады.
6. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.
7. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.
Ескерту. 1046-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1047-бап. Талап қойылған өсиет
- Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы.
2. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
3. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
1048-бап. Мұрагерлердi қосымша тағайындау
- Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе осы Кодекстiң 1045-бабындағы тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагердi қосымша тағайындау).
2. Осы Кодекстiң 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн.
3. Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.
1049-бап. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
- Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi осы Кодекстiң 1061-1064-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi.
2. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.
Ескерту. 1049-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1050-бап. Өсиеттiң нысаны туралы жалпы ережелер
- Өсиет оның жасалған жерi мен уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.
2. Мыналар:
1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;
2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады.
3. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн.
4. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:
1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;
2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;
3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;
4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;
5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
1051-бап. Нотариатта куәландырылған өсиет
- Нотариатта куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы жазуы керек не өсиет қалдырушының айтуымен куәның қатысуы арқылы нотариус жазуға тиiс. Өсиет қалдырушының айтуымен өсиет жазылған кезде нотариус жалпы жұрт қабылдаған техникалық құралдарды (жазу машинкасы, дербес компьютер және т.б.) пайдалануы мүмкiн.
2. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиеттi өсиетке қол қойылғанға дейiн нотариус пен куәның қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға тиіс.
Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиеттi өзi оқи алмайтын болса, ол үшiн оның мәтiнiн нотариустың қатысуымен куә оқып бередi, ол туралы өсиет қалдырушының өсиеттi өзi оқи алмауының себептерi көрсетiлiп, өсиетте тиiстi жазба жасалады.
3. Егер нотариат куәландырған өсиет куәның қатысуымен жасалса, өсиетте куәның тегi, аты және тұрақты тұратын жерi көрсетiлуге тиiс. Осындай мәлiметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға қатысты да енгiзілуi тиiс.
4. Өсиет қалдырушының тiлегi бойынша нотариус өсиеттiң мазмұнымен таныспай-ақ оны куәландырады (құпия өсиет).
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екi куәның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге тиiс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi.
5. Нотариус жоқ елдi мекендерде тұратын адамдардың өсиетiн заң актiлерiнде нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар куәландырады.
1052-бап. Нотариатта куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
- Нотариатта куәландырылған өсиеттерге:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;
4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
1053-бап. Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
- Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
2. Өсиеттiң күшi:
1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру;
2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн.
3. Өсиет:
1) нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру;
2) бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.
1054-бап. Өсиеттiң құпиясы
Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
1055-бап. Өсиетке түсiнiк беру
Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде ондағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. Өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
1056-бап. Өсиеттiң жарамсыздығы
- Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы осы Кодекстiң 4-тарауының мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы ережелерiне де негiзделедi.
2. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың осы Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Eгep сот мұра қалдырушының өз еркiн бiлдiруiн түсiнуге әсер етпейдi деп белгiлесе, өсиеттi жасау, қол қою немесе оны растау кезiнде жiберiлген емле қателерi және техникалық сипаттағы басқа да елеусiз қателер өсиеттi жарамсыз деуге негiз бола алмайды.
3. Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.
4. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, осы Кодекстiң 1060-бабында белгiленген тәртiппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.
Ескерту. 1056-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
1057-бап. Өсиеттiк бас тарту (легат)
- Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орындауды жүктеуге құқылы.
Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартылушылар (легатарийлер) болуы мүмкін.
2. Өсиеттiк бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудiң құрамына кiретiн заттарды бас тартылушының меншiгiне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кiрмейтiн мүлiктi беру, ол үшiн белгiлi бiр жұмысты орындау, оған белгiлi қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкiн.
3. Өсиет қалдырушы өсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауға тиiс.
Егер өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагердiң мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы болса, оның бас тартуды орындау мiндетi өзіне ауысқан мұраның оның міндетті үлесінің құнынан асатын құнымен шектеледi.
Егер өсиеттiк бас тарту барлық немесе бiрнеше мұрагерге жүктелсе, өсиетте өзгеше көзделмесе, ол мұрагерлердiң әрқайсысына мұрадағы үлесiне мөлшерлес салмақ салады.
4. Тұрғын үй немесе өзге де тұрғын үй-жай ауысатын мұрагерге өсиет қалдырушы тұрғын үй-жайды немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн басқа адамға өмiр бойы пайдалануға беру мiндеттемесiн жүктеуге құқылы. Тұрғын үй-жайға меншiк құқығы кейiннен ауысқан жағдайда өмiр бойы пайдалану құқығы күшiн сақтайды.
Өмiр бойы пайдалану құқығы иелiктен айырылмайды, берiлмейдi және бас тартылушының мұрагерлерiне ауыспайды.
Бас тартылушыға берiлген өмiр бойы пайдалану құқығы, егер өсиетте өзгеше көрсетiлмесе, оның отбасы мүшелерiнiң тұруына негiз болмайды.
5. Өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдайда немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттiк бас тартуды орындау оның үлесiн алған басқа мұрагерге, не мүлiк иесiз қалса, мемлекетке ауысады.
Өсиеттiк бас тарту мұра ашылғанға дейiн немесе ашылғаннан кейiн бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бiрақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдап үлгерген кезге дейiн орындалмайды.
Өсиет бойынша мұрагерлік – азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға, өсиет жүктелген өкiлге) тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс.
Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келiсiм бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келiсiмге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн.
Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бұрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн.