1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы токтамайтын құқықтары мен

міндеттері кіреді.

  1. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
  • 1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
  • 2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
  • 3) алименттік міндеттемелерден туындайтын кұкықтар мен міндеггер;
  • 4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы зан актілерінін негізінде басқа да төлемдер төлеу кұқығы;
  • 5) мүліктік құкыктармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
  1. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және

қорғауы мүмкін.

1.1.Мұрагерліктің ұғымы және түрлері

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

— Мұрагерлік құқықтың тарихын зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың өзекті мәселелерін анықтау;

— Кез келген қайтыс болған адам «мұра қалдырушы» болмайды, яғни азаматтың тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне ауысуын қарастыру;

— Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;

— Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын мәселелеріне талдау жүргізу,

— Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

— ҚР-ның мұрагерлік құқық туралы қазіргі қолданыстағы заңнамалар бойынша сот тәжірибесіндегі істерді саралау және оны зерттеп білу.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі — жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.

Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық — Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.

Мұрагерлік құқықазаматтық құқық бөлімі; қайтыс болған адамның құқығы мен міндетерінің мұрагерлік құқық бойынша өту тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз. Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.Кез келген қайта құру түрі, ең алдымен идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық тәсілдер мен қағидалардан көрініс табады және көптеген сұрақтардың туындауына алып келеді. Оның бірі әрі қарай дамудың жолы қалай болмақ, қоғамдық өмірдің қайта құруы қандай мақсатта жасалмақ деген әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық-қатынастар, әдет-ғұрып, діни негіз дәстүрлері әсерінен қалыптасқан қоғам дамуының ерекшеліктерін ескерместен өмір сүре алмайды. Мемлекет экономиканы реформалау барысында монополиядан бас тартып, жеке меншікке ауысуы Қазақстанның экономикалық реформасының маңызды бағытына айналды және ол мұрагерлік құқық институтына әсерін тигізді.Құқық нормаларының ескіруі құқық қолдану тәжірибесінде коллизияның пайда болуына әкеп соқтыратыны, сонымен қатар іс жүзінде азаматтардың мүдделерін толық көлемде жүзеге асырумен және оны қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Ұзақ уақыт қолданыста болған Қазақ КСР-нің АК-сі шаруашылық үрдістерді басқарудың тоталитарлық үлгісінен нарықтық үлгісіне ауысу жағдайында жаңа уақыт талабына жауап бермейтін дәрежеге жетті. Осыған орай, Конституциямызға және бүтіндей дерлік құқық салаларына, соның ішінде мұрагерлік құқықты реттейтін заңдарға да жаңа ережелер енгізілді. Айта кететін жағдай, егер Қазақ КСР-нің АК-нің VIII «Мұрагерлік право» бөлімі 35 баптан тұрса, қазіргі ҚР-ның АК-нің VI «Мұрагерлік құқық» бөлімі 48 бапты қамтиды. Яғни, мұрагерлік құқық ережелеріне жаңа заман талабына сәйкес бірнеше жаңа баптар енгізілді.Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

  1. Меншікке , оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі», -деп көрсетіліп, бекітілген. Яғни, азаматтардың мұрагерлік құқығы заң жүзінде танылады және сақталады.Жалпы мұрагерлік құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.Жоғарыда айтылған мәселелер және теориядағы мұрагерлікке қатысты өзге де мәселелер, заңдар мен тәжірибелер ғылыми-теориялық зерттеулерге мұқтаж. Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т.б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет.Демек, зерттеу жұмысының өзектілігі мұрагерлік институтын жан-жақты және терең теориялық зерттеу қажеттілігінің алдын ала анықтау, сонымен қатар осы салада пайда болған құқықтық мәселелерді кешенді шешу болып табылады.Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқық институтының даму тенденциясын білу болып табылады, яғни қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі мұрагерлік туралы заңнамаларды салыстыру және мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі. 

Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері. Мұрагер бола алатын тұлғалар

Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерлерге ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.

Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынща мұраны алуға құқығы жоқ.

Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.

Осындағы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады. (Азаматтық Кодекстің 1057-бабы)

Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

— егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

— өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

— алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

— зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

— мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиеселі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Мұрагерлік негіздері. Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы

Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асады.

Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

6 бөлiм Мұрагерлiк құқық

57-тарау. Мұрагерлiк туралы жалпы ережелер

1038-бап. Мұрагерлiк

  1. Мұрагерлiк — қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) — мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
    2. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлiмнiң ережелерiнен өзгеше туындамаса, бiрыңғай тұтас нәрсе ретiнде және бiр-ақ мезгiлде ауысады.
    3. Мұрагерлiк осы Кодекспен, ал тiкелей өзi белгiлеген жағдайларда өзге де заң актiлерiмен реттеледi.

1039-бап. Мұрагерлiктiң негiздерi

  1. Мұрагерлiк өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады.
    2. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген өзге де жағдайларда мұрагерлiк заң бойынша орын алады.

1040-бап. Мұраның құрамы

  1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
    2. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен мiндеттер:
    1) егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
    2) өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу құқығы;
    3) алименттiк мiндеттемелерден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
    4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заң актiлерiнiң негiзiнде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
    5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның құрамына кiрмейдi.
    3. Мұра қалдырушыға тиесiлi болған жеке мүлiктiк емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.

1041-бап. Ортақ бiрлескен меншiк болып табылатын мүлiкке
мұрагерлiк

  1. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушының қайтыс болуы оның меншiктегi үлесiн айқындау және ортақ мүлiктi бөлу не осы Кодекстiң 218-бабында белгiленген тәртiппен одан қайтыс болған қатысушының үлесiн бөлiп шығару үшiн негiз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне, ал мүлiктi заттай бөлу мүмкiн болмаған кезде — үлестiң құнына қатысты ашылады.
    2. Ортақ бiрлескен меншiкке қатысушы ол қайтыс болғаннан кейiн осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалатын ортақ мүлiктегi өз үлесiне өсиет қалдыруға құқылы.

1042-бап. Мұраның ашылуы

  1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.
    2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешiмiнде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
    3. Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса, олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейiн мұрагерлiк ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлерi мұрагерлiкке шақырылады.

1043-бап. Мұраның ашылу орны

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса — мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

1044-бап. Мұрагерлер

  1. Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
    2. Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн.

1045-бап. Мұрадан лайықсыз мұрагерлердi шеттету

  1. Мұра қалдырушыны немесе мүмкiн болатын мұрагерлердiң бiреуiн қасақана өлтiрген немесе олардың өмiрiне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өмiрiне қастандық жасалғаннан кейiн өздерiне қатысты өсиет қалдырған адамдар кiрмейдi.
    2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесiлi үлесiн көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
    3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
    4. Лайықсыз мұрагерлердi мұрагерлiктен шеттетуге негiз болатын мән-жайларды сот белгiлейдi.
    5. Осы баптың ережелерi өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады (осы Кодекстiң 1057-бабы).
    6. Осы баптың ережелерi барлық мұрагерлерге, соның iшiнде мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

58-тарау. Өсиет бойынша мұрагерлiк

1046-бап. Жалпы ережелер

  1. Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
    2. Азамат өзiнiң барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлiгiн заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
    3. Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
    4. Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
    5. Мұра қалдырушы кез келген мүлiк туралы өкiмдi қамтитын өсиет жасауға құқылы.
    6. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттiң оны жасағаннан кейiн кез келген уақытта күшiн жоюға және өзгертуге ерiктi және күшiн жоюдың немесе өзгертудiң себебiн көрсетуге мiндеттi емес.
    7. Мұра қалдырушының өсиетте өзi мұрагер етiп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегiнде өсиет еткен мүлiктi белгiлi бiр түрде билiк ету мiндетiн жүктеуге құқығы жоқ.

1047-бап. Талап қойылған өсиет

  1. Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы.
    2. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады.
    3. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

1048-бап. Мұрагерлердi қосымша тағайындау

  1. Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан немесе осы Кодекстiң 1045-бабындағы тәртiппен лайықсыз мұрагер ретiнде мұрагерлiктен шеттетiлген жағдайда, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагер тағайындай алады (мұрагердi қосымша тағайындау).
    2. Осы Кодекстiң 1044-бабына сәйкес мұрагер бола алатын кез келген адам қосымша тағайындалған мұрагер болуы мүмкiн.
    3. Өсиет бойынша мұрагердiң қосымша тағайындалған мұрагерге пайдасы тимейтiн бас тартуына жол берiлмейдi.

1049-бап. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне
мұрагерлiк

  1. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi осы Кодекстiң 1061-1066-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi.
    2. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.

Заңды мұрагерлiк

1060-бап. Жалпы ережелер

  1. Заң бойынша мұрагерлер осы Кодекстiң 1061-1066-баптарында көзделген кезек тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады.
    2. Заң бойынша мұрагерлiк кезiнде, бiр жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екiншi жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестiрiледi.
    Асырап алынғандар мен олардың ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
    Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейiн заң бойынша мұрагер болмайды.
    3. Заң бойынша мұрагерлердiң әрбiр келесi кезегi алдыңғы кезектегi мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, осы кодекстiң 1074-бабының 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, мұрагерлiк құқығын алады.
    4. Осы Кодекстiң заң бойынша мұрагерлердi мұрагерлiкке шақырудың кезектiлiгi туралы және олардың мұрадағы үлестерiнiң мөлшерi туралы ережелерi мүдделi мұрагерлердiң мұра ашылғаннан кейiн жасалып, нотариат куәландырған келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн. Мұндай келiсiм оған қатыспайтын мұрагерлердiң, сондай-ақ мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлердiң құқықтарын қозғамауы тиiс.

1061-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бiрiншi кезегi

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады.

1062-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң екiншi кезегi

Заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бiр, ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi алады.

1063-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң үшiншi кезегi

Заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады.

1064-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң төртiншi кезегi

  1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын төртiншi кезекте мұра қалдырушының алтыншы атаға дейiнгiлерiн қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесi неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегi туыстарын мұрагерлiктен шеттетедi.
    2. Туыстық дәрежесiнiң жақындығы ортақ ата-бабасынан туу саны негiзiнде анықталады. Әрбiр дүниеге келу бiр ата (бiр туыстық) дәрежесi деп аталады.
    3. Мұрагерлiкке шақырылған төртiншi кезектегi мұрагерлер тең үлесте мұрагер болады.

1065-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң бесiншi кезегi

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бесiншi кезекте, егер мұра қалдырушымен бiр отбасында кемiнде он жыл бiрге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, (қарындастары), өгей әкесi мен өгей шешесi алады.

1066-бап. Заң бойынша мұрагерлердiң алтыншы кезегi

Заң бойынша мұрагер болу құқығын алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.

1067-бап. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк

  1. Егер заң бойынша мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болса, ашылатын мұрадағы оның үлесi ұсыну құқығы бойынша оның ұрпақтарына ауысады. Қайтыс болған мұрагердiң үлесi заң бойынша мұрагер ұсынған туыстығы бiрдей дәрежедегi ұрпақтар арасында тең бөлiнедi.
    2. Тiкелей өзiнен тарайтын туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығы туыстық дәреже шектелмей қолданылады, ал көлденең туыстық бойынша мұрагерлiк жағдайында ұсыну құқығын тиiсiнше оның туған аға-iнiлерiн (апа-сiңлiлерiн, қарындастарын) ұсына отырып, мұра қалдырушының жиендерi не оның туған немере ағасын немесе апасын ұсына отырып, немере аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары) алады.

1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар

  1. Мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған еңбекке жарамсыз адамдар заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады. Басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде олар мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.
    2. Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрған-тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кем дегенде бiр жыл оның асырауында болса, осы Кодекстiң 1061-1066-баптарында аталған заң бойынша мұрагерлердiң қатарына жататын, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн еңбекке жарамсыз адамдар, осы кезектегi мұрагерлермен бiрге мұра алады.
    3. Осы баптың негiзiнде мұрагерлiкке шақырылатын адамдар, басқа да заң бойынша мұрагерлер болған кезде мұраның төрттен бiрiнен аспайтын бөлiгiн мұраға алады.

Мұра алу

1073-бап. Мұраға құқық туралы куәлiк беру

  1. Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшiмен оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.
    2. Мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн берiледi.
    Өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiк кезiнде, егер нотариуста куәлiк берiлуiн сұраған адамдардан басқа тиiстi мүлiкке не бүкiл мұраға қатысты басқа мұрагерлер туралы анық деректер болмаса, куәлiк аталған мерзiм өткенге дейiн де берiлуi мүмкiн.

1074-бап. Мұрадан бас тарту құқығы

  1. Мұрагер өзiнiң мұрагерлiкке шақырылғандығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұрадан бас тартуға құқылы. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiмдi сот ұзартуы мүмкiн, алайда бұл екi айдан аспауға тиiс.
    2. Мұрадан бас тарту мұрагердiң мұраның ашылған жерi бойынша нотариусқа арыз беруiмен жасалады.
    Егер сенiмхатта бас тартуға өкiлеттiк арнайы көзделсе, мұрадан өкiл арқылы бас тартуға болады.
    3. Мұрадан бас тартуды кейiннен күшiн жоюға немесе қайтарып алуға болмайды.
    4. Мұрагер өзiне сол үшiн берiлген мерзiм өткеннен кейiн мұрадан бас тарту құқығын жоғалтады. Егер ол мұраға қалдырған мүлiктi iс жүзiнде иеленуге кiрiссе не оған билiк етсе, не оның осы мүлiкке құқықтарын куәландыратын құжаттарды алуға өтiнiш жасаса, ол бұл құқықты аталған мерзiм өткенге дейiн де жоғалтады.
    5. Мұрагер мұрадан бас тартқан кезде өзiнiң өсиет бойынша немесе кез келген кезектегi заң бойынша мұрагердiң қатарындағы басқа адамдардың пайдасына бас тартатындығын көрсетуге құқылы.
    Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердiң пайдасына мұрадан бас тартуға жол берiлмейдi.
    6. Егер мұрагер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагерлiкке шақырылса, ол осы негiздемелердiң бiреуi бойынша немесе екi негiздеме бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы.
    7. Мұрагер мұраның басқа бөлiгi мұраға қалдырылуына қарамастан, үстелу құқығы бойынша өзiне тиесiлi мұрадан бас тартуға құқылы (осы Кодекстiң 1079-бабы).
    8. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мұраның бiр бөлiгiнен бас тартуға, мұрадан Ескерту жасап немесе шарт қойып бас тартуға жол берiлмейдi.

1075-бап. Өсиеттiк бас тартуды алудан бас тарту құқығы

  1. Бас тартылушы өсиеттiк бас тартудан бас тартуға құқылы. iшiнара бас тартуға, Ескерту жасап, шарт қойып немесе басқа адамның пайдасына бас тартуға жол берiлмейдi.
    2. Осы бапта көзделген құқық бiр мезгiлде мұрагер болып табылатын бас тартылушының мұрадан бас тарту құқығына байланысты емес.
    3. Егер бас тартылушы осы бапта көзделген құқықты пайдаланса, өсиеттiк бас тарту жүктелген мұрагер оны орындау мiндетiнен босатылады.

1076-бап. Мұраны бөлу

  1. Мұраны қабылдаған кез келген заң бойынша мұрагер мұраны бөлудi талап етуге құқылы.
    Мұраны бөлу мұрагерлердiң келiсiмi бойынша оларға тиесiлi үлестерге сәйкес, ал келiсiмге қол жетпеген кезде — сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
    2. Осы баптың ережелерi барлық мұра немесе оның бiр бөлiгi мұрагерлерге нақты мүлiк көрсетiлмеген үлеспен өсиет етiлген жағдайда, мұрагерлердiң арасында мұраны өсиет бойынша бөлуге қолданылады.

1077-бап. Болмаған мұрагерлердiң құқықтары

  1. Егер мұрагерлердiң арасында тұратын жерi белгiсiз адамдар болса, қалған мұрагерлер, өсиеттi орындаушы (мұраны басқарушы) және нотариус олардың тұратын жерiн анықтауға және оларды мұрагерлiкке шақыруға қисынды шаралар қолдануға мiндеттi.
    2. Егер тұратын жерi анықталған, мұрагерлiкке шақырылып, болмай қалған мұрагер осы Кодекстiң 1074-бабында көзделген мерзiм iшiнде мұрагерлiктен бас тартпаса, қалған мұрагерлер өздерiнiң мұраны бөлiсудi жүргiзу ниетi туралы хабардар етуге мiндеттi.
    Егер осының алдындағы бөлiкте көзделген хабардар ету кезiнен бастап үш айдың iшiнде болмай қалған мұрагер мұраны бөлу туралы келiсiмге қатысу тiлегi туралы қалған мұрагерлердi хабардар етпесе, қалған мұрагерлер болмаған мұрагерге тиесiлi үлестi бөлек шығарып, өзара келiсiм бойынша бөлiстi жүргiзуге құқылы.
    3. Егер мұра ашылған күннен бастап бiр жылдың iшiнде болмаған мұрагердiң тұратын жерi анықталмаса және оның мұрадан бас тартқандығы туралы мәлiметтер болмаса, қалған мұрагерлер бөлiстi осы баптың 2-тармағы екiншi бөлiгiнiң ережелерi бойынша жүргiзуге құқылы.
    4. Iште қалған, бiрақ әлi тумаған мұрагер болған кезде мұраны бөлу тек мұндай мұрагер туғаннан кейiн ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
    Егер iште қалған мұрагер тiрi туса, қалған мұрагерлер оған тиесiлi мұралық үлестi бөлiп шығару арқылы ғана мұра бөлудi жүргiзуге құқылы. Жаңа туған баланың мүдделерiн қорғау үшiн бөлiске қатысуға қорғаншылық және қамқоршылық органның өкiлi шақырылуы мүмкiн.

1083-бап. Иесiз қалған мұра

  1. Егер өсиет бойынша да заң бойынша да, мұрагерлер болмаса не мұрагерлердiң ешқайсысының мұра алуға құқығы болмаса (осы Кодекстiң 1045-бабы), не олардың бәрi мұрадан бас тартса (осы Кодекстiң 1074-бабы), мұра иесiз қалған деп танылады.
    2. Иесiз қалған мұра мұраның ашылған жерi бойынша коммуналдық меншiкке ауысады.
    Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
    Коммуналдық меншiкке түскен иесiз қалған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
    3. Мұра ашылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн мұра ашылған жер бойынша қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппаратының органның арызы негiзiнде сот мұраны иесiз қалған деп таниды. Егер мұраны қорғауға және оны басқаруға байланысты шығындар оның құнынан асып түссе, мұра аталған мерзiм өткенге дейiн иесiз қалған деп танылуы мүмкiн.
    4. Иесiз қалған мүлiктi қорғау және оны басқару осы Кодекстiң 1071-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
    Ескерту. 1083-бапқа өзгерту енгiзiлдi — Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен, 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика