Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді); пайда болу көзіне байланысты: а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.; ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін); әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті; қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары т.б.

Трансшекаралық сипаттағы мәселелер

Бактериологиялық және химиялық ластану

Бактериологиялық ластану. Бактериологиялық жұқтырудың ықтимал қаупiн Арал теңiзiндегi Возрождение аралындағы биологиялық полигонның қызметi төндiредi.  Кейбiр биологиялық агенттердiң қоршаған орта объектiлерiнде және жануарлардың организмiнде ұзақ уақыт сақталатынын ескере отырып, олардың республика мен басқа да шектес мемлекеттер аумағына таралуының нақты қатерi бар. Возрождение аралында оба, күйiк және туляремия сияқты өте қауiптi жұқпалы аурулардың табиғи-ошақ аймақтары болуы мүмкiн.  Бактериологиялық ластанудың алдын алу үшiн Возрождение аралының аумағындағы қоршаған орта объектiлерi мен фаунаның тұрақты эпидемиологиялық және эпизоотологиялық мониторингiн жүргiзу қажет.  Осы мақсатта 2004 жылы жұқпалы ауруларды қозғыштардың ұзақ сақталуы мүмкiндiгi тұрғысынан Возрождение аралының әртүрлi белiгiне бағалау жүргiзудi, арал аумағының қазақстандық бөлiгiн зерттеудi, оң нәтижелер табылған жағдайда Возрождение аралындағы биологиялық полигон қызметiнiң зардаптарын жоюды аяқтау қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және обаға қарсы мемлекеттiк ұйымдар республика аумағындағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштары штаммдарының қозғалысына тоқсан сайынғы мониторинг жүргiзедi. Барлық облыстардан бөлiнген барлық штаммдар аса қауiптi жұқпалы аурулар қозғыштарының депозитарийi болып табылатын Қазақ карантиндiк және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығына ғана келiп түседi, онда қатаң есепке алу қамтамасыз етiлген және режим бойынша барлық талаптар сақталған.  Қазiргi уақытта АҚШ-пен бiрлесiп мақсаты аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан халықты қорғау және елдiң биологиялық қауiпсiздiгiн құру болып табылатын «Қазақстан Республикасындағы белсендi эпидемиологиялық мониторингтiң ықпалдасқан жүйесiн құру» бағдарламасы бойынша жұмыстар басталды.  Химиялық ластану. Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi – ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.  Тұрақты органикалық ластағыштар – уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықта шөгедi. Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы, кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға нақты қатер төндiруi мүмкiн.

Қазақстандағы ТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда. Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.
ТОЛ-дың табиғи ортаны ластауының объективтi бағалауы жоқ, өйткенi мониторингтiң қазiргi жүйесi топырақтағы және тамақ өнiмдерiндегi пестицидтердiң қалдық санын ғана айқындайды.
Табиғи ортаға қауiптi әсерiн және генетикалық деңгейде қайтымсыз процестерге әкелiп соқтыру мүмкiндiгiн ескере отырып, 2005-2006 жылдар барысында ТОЛ-ды бақылаудың, мониторингiнiң және басқарудың бағдарламасын әзiрлеу қажет.

Радиоактивтi ластану

Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi: жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы);  ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;  мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).  Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ – радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып,жойылды. Халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн: радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2005 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау; ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою; жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу; 2005 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.  Проблеманың кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс. Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.

Әуе бассейнiнiң ластануы

Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануынан қатердiң нақтылығы халық денсаулығының нашарлауына да және қоршаған ортаның тозуына әсер етедi.  Атмосфералық ауаның ластану проблемасы негiзiнен республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән. Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi – өндiрiстiң ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстар, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы болып табылады. Кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағының болмауы себептi өндiрiс орталықтары халқының басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр.
Автомобиль санының күрт көбеюi iрi қалаларда (Алматы, Өскемен, Шымкент) көмiртегi оксидi мен азот диоксидi жиналуын ұлғайтады, мұндай заттардың орташа жылдық шоғырлануы бұл қалаларда шектi мөлшерден асып түседi. Ауа бассейнiнiң ластануы, сондай-ақ көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытумен және жаңа кен орындарын игерумен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптасады. 1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. Соңғы жылдары экономиканың өрлеу жағдайларының өзiнде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын 3,2 – 3,4 млн. тонна деңгейiнде тұрақтандыруға мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың жаппай енгiзудiң және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау жүргiзудiң нәтижесiнде қол жеткiзiлдi. Мұндай тетiктердi одан әрi жетiлдiру 2010 жылдан кейiн қоршаған ортаны мөлшерден тыс ластайтын кәсiпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды күшейту арқылы шығарындыларды жоспарлы түрде төмендетуге кiрiсуге мүмкiндiк бередi.  Aуa бассейнi ластануының жоғарылау қаупiн болдырмау жөнiндегi қажеттi шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi қысқа мерзiмдi бағдарламаларда көзделетiн болады.                                                                                          

Байырғы ластанулар

Ластанудың «байырғы» көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады.  Қазiргi кезде Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтiк үйiндiлерiн жою жөнiндегi бағдарлама мен Иесiз мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн гидрогеологиялық ұңғымаларды жою жөнiндегi бағдарлама iске асырылуда. Алайда, бұл бағдарламалар байырғы ластанулардың барлық түрлерiн толық қамтымайды. Сондықтан, байырғы ластануларды жою жөнiнде бағдарлама әзiрлеудiң қажеттiлiгi тұр. Бұл бағдарламада 2006 жылға дейiн қоршаған ортаға олардың әсерiн бағалай отырып, кезең-кезеңмен байырғы ластанулардың барлық объектiлерiне толық түгендеу жүргiзу, ал 2010 жылдан бастап мұндай объектiлердi жою жөнiндегi жұмысты бастау көзделуде. Жаңа ластанулардың туындауына жол бермеу мақсатында олардың пайда болуын болдырмайтын құқықтық, экономикалық және өзге де тетiктердi әзiрлеу және енгiзу

 Ластаушы заттарды жою міндеттемесі

Тұрақты органикалық ластаушы заттарды жою міндеттемесін орындауға арналған семинар басталды

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде БҰҰ Даму бағдарламасы мен Ғаламдық экологиялық қордың «Тұрақты органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясының міндеттемелерін Қазақстан Республикасының орындауына бастапқы көмек» жобасы бойынша жұмыс бабындағы екі күндік таныстыру семинары басталды, деп хабарлайды Қазақ ақпарат агенттігі.
Семинарға қатысқан Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Еңлік Нұрғалиеваның айтуынша, тұрақты органикалық ластаушылардың бүгінгі таңда айналадағы орта үшін аса зиянды 12 түрі бар. Олардың жан-жануарлар мен өсімдіктерге, адам ағзасына тигізетін кері әсері мол. Өкінішке орай, бұлардың барлық түрі де Қазақстанның аймақтарында, әсіресе ауылдық жерлерде көптеп кездеседі. Алдын ала жасалған болжамды деректер бойынша, Республикадағы мұндай тұрақты органикалық ластаушылардың көлемі 1 миллион 200 тоннаға жуық. Оны жою үлкен қаржы мен ауқымды жұмысты қажет ететіндіктен толық мүмкін емес. Осыған байланысты, Қазақстан 2001 жылы қабылданған тұрақты органикалық ластаушылар жөніндегі Стокгольм конвенциясына қосылған болатын. Конвенцияның бірқатар міндеттемелерін орындау үшін Қазақстанға жарты миллион АҚШ доллары бөлінді. Қазір, осы жобаның аясында халықаралық сарапшылар келіп, қазақстандық әріптестерімен тұрақты органикалық ластаушыларды жою бағытындағы жұмыстар қалай жүргізілуі тиіс, оның қандай түрінің қаншалық зияны бар деген мәселелерді талдап, міндеттемені орындау жоспарын әзірлеуде. Ал, жобаны жүзеге асыру кейін Стокгольм конвенциясын Қазақстанның да бекітуіне себепші болады. Өйткені, біздің ел аталған конвенцияға қосылып, міндеттемесін алғанымен, оны әлі толық бекіткен жоқ.

Трансшекаралық сипаттағы экологиялық қателерді алдын алу және жою

Улы, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды

заттармен ластанған жерлердi техникалық қайта құнарландыруды

жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын

білiктілiк талаптары

Білiктілiк талаптары:

1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң – жауапты орындаушылардың;

2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:

білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) өлшемдер жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен):

техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;

белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;

қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;

мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);

жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен, қауiптi зиянды заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалармен, үй-жайлармен және сыйымдылықтармен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;

3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органымен (бұдан әрi – аумақтық орган) келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламасының;

5) санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларының;

6) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;

7) уәкілеттi органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;

8) қоршаған ортаға әсердi бағалау жобасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;

Су объектілерiнiң ластануы

Бiлiктілiк талаптары:

1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң – жауапты орындаушылардың;

2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:

бiлiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөнiндегi уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);

техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдармен;

белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;

қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;

мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);

жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;

аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;

санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттiк органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;

су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен жарақталған тиiсті материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;

3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;

4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;

5) уәкілеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;

6) шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;

Озон қабаты

Білiктілiк талаптары:

1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, техникалық пайдалануды қолдану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн білуге білiктілiк тексерiсiнен өткен, озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар инженер-техник қызметкерлердiң – жауапты орындаушылардың;

2) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтардың технологиялық регламенттерi мен техникалық паспортының;

3) озон қабатын бүлдiретiн заттарды алу және қайта өңдеу жөнiндегi өндiрiстік-техникалық базаның, мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, жабдықтардың;

4) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың;

5) жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бүлдiретiн заттарды есепке алу және тасымалдауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;

(ҚР Үкіметінің 2009.18.05. № 423 қаулысымен 6-шы тармақша )

6) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің;

7) өтiнiш берушiнiң бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.

 

Халық тiршiлiк ететiн негiзгi жерлерде қоршаған ортаның жай-күйi қанағаттанғысыз болып отыр жəне сапалы ауыз судың жетiспеушiлiгi мен ауаның ластануы халықтың денсаулығына терiс əсер ететiн негiзгi факторлар болып табылады. Өнеркəсiптiк жəне тұрмыстық қалдықтардың, ластанған сарқынды сулардың прогрессивтi жинақталуы бұл факторларды едəуiр күшейтедi.

Елде Кеңес Одағы кезеңiнде ескi технологиялармен салынған қуатты өндiрiстердiң болуы ластанған заттардың қоршаған ортаға тасталу эмиссиясының азаймайтынын болжауға негiз қалайды.

Табиғат қорғау заңдарының негiзi қаланды, қоршаған ортаны қорғау мəселелерi бойынша бiрқатар

халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды. Əскери полигондар жабылды, ядролық қаруды сынау тоқтатылды, үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың қызметi жанданды. Ластайтын барлық көздердің мемлекеттiк кадастры жəне олардың орналасу карталары жасалды. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем жасау жүйесi дамуда. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн жасалған төлемдерден түскен қаражаттың шоғырландырылған көлемі роялтиден алынған түсiмдермен шамалас едəуiр соманы құрайды.

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика