Сепсис (латынша – sepsis – шіру), жергілікті инфекция ошағынан дамитын жалпы инфекциялық ауру. Ол басқа жұқпалы аурулардан өзінің кейбір ерекшеліктерімен ажыралып тұрады. Сепсис көп этиологиялы сырқат, ол адамнан адамға жұқпайды. Сепсисте басқа инфекцияларға тән циклді өзгерістер байқалмайды, сепсистің клиникалық көріністері оның этиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болмайды, оның басқа инфекциялар сияқты белгілі бір басталу орны жоқ, сепсистің ең басты ерекшелігі жергілікті, қарапайым, іріңді ошақ, белгісіз бір жағдайларға байланысты жаңа сапаға өтіп организімнің жалпы ауруына айналады.

Сепсисті әр түрлі бактериялар (стфилококтар, стрептококтар, пневмококтар, менингококтар, кокіріңді таяқшасы, туберкулез микробактериясы, Гр-теріс таяқшалар т.б.), саңырауқұлақтар және т.б. қоздыра алады.

Сепсистің дамуына әр түрлі потологиялық жағдайлар, қантты диабет, созылмалы іріңді процестер, созылмалы инфекця аурулар, ауыр операциялар және басқа да организм сезімталдылығын, оның инфекцияларға қарсы күресу мүмкшілігін әлсірететін факторлар алып келеді. Осы жағдайларға байланысты қабыну ошқтары микробтарда шекаралайтын және жойып жіберетін орыннан олардың қарқынды көбею және талалу орнына айналады. Осылайша жергілікті іріңді инфекция таралған (генерализацияланған) инфекцияға – сепсиске айналады. Сепсисті иммунды жүйеде де бірқатар өзгерістер байқалады.

Сепсисте жергілікті және жалпы өзгерістер дамиды.  Жергілікті өзгерістер  инфекция кірген жерде өрістейді, бұл жерді кіру есігі немесе инфкция қақпасы деп атайды.  Мысалы хирургиялық сепсисте фурункул (шиқан), карбункул немесе операция жасалған жер сепсистік ошақ бола алады.  Жалпы өзгерістерге  паренхималы ағзаларда дамитын дистрофиялық өзгерістер мен қабыну жатады. Қабыну негізінен аралық  (нтерстицияльды қабыну түрінде мысалы, интерстициялды гепатит, миокардит, нефрит) өтеді.

Сепсистің – септицемия, септикопемия, сепсистік (бактериялы) эндокардит және хрониосепсис түрлерін ажыратады.

Хирургиялық сепсистің патофизиологиясы

Қазіргі реанимотологиялық жетістіктерге қарамастан, ауыр сепсис, септиялық естен тану және көп органды жеткіліксіздік интенсивті терапия бөлімшесіндегі, өлімге  әкелетін себептердің бірі болып табылады. Сепсис бүкіл әлем бойынша өлім жағдайын туғызуда 13 орында тұр.

Хирургиялық сепсисте, сонымен қатар сепсистің басқа түрлерінде де,емделушілердің шартты терапиясында  біріншілік ошақтың уақытылы және толығымен хирургиялық санациясы, адекватты антибактериалды терапия, бұзылған ағзалардың қызметін қалпына келтіру қарастырылған. Бүгіндері сепсистін пайда болуына себепкер хирургиялық стационардағы санитарлы-эпидемиологиялық жеткіліксіздер

Сепсис жалпы хирургиялық емделушілердің арасында жиі және манызды мәселе болып табылады. Сепсисті анықтау мен емдеу жолы өте күрделі.

Француз тобы сепсисті зерттеуі бойынша, қандағы   рh-тың төмендуі, шок, жүрек немесе бауыр жетіспеушілігі және де гипотермия сепсистік өлімге әкелетін факторлар болып табылады екен.

Негізгі факторлары

Жалпы хирургиялық емделушілерде сепсис пен септикалық естен танудың пайда болуының негізгі факторлары: 1) 60 жастан асқан адамдарда. 2) Оперативті емге шұғыл қаралу. 3) Басқа қосақталған ауру болса. 4) Еркек жынысты адам. Бұдан басқа сонымен бірге алғашқы үш факторы сепсис немесе септиялық естен танудан өлімнің ықтималдықтарын жоғарлатты.  Жас шамасының аралығында байланыстың болуы, еркек жынысты, бiрге болатын аурулардың  бар болумен және сепсистін пайда болуы немесе септиялық естен тану  iрi эпидемиологиялық зерттеулерде көрсетiлдi.

Хирургиялық сепсисті зерттеу

Зерттеу мақсаты, хирургиялық сепсиспен емделушілердің нәтежиелерін жақсартуда функциональды-метаболиттік және иммунды бұзылыстарды қалпына келтіру.

Зерттеу үшін: 1) Хирургиялық сепсистін патогендік факторларын анықтау.

2) Патогенезде әрбір ағзаның қызметін бағалау және хирургиялық сепсиста негізгі ағзаны анықтау. 3) Клиникалық ағымның негізгілерін қарастыру, гемодинамикалық, метаболиттік, иммундық бұзылыстарды. 4)Плазмаферез бен реамберинді қолданғаннан кейін метаболиттік, қышқылдық, иммундық ағымды нәтежиелеу.

 

Ғылымдағы жаңалықтар

Хирургиялық сепситағы полиорганды синдромнын патогенезі жетіспеушілігі кезінде бастапқы рөлді гиперметаболиттік дизокси жіне энергодефицит ойнайды. Қан ағысын тоқтату токсинді метаболиттердің концентрациясын төмендетеді, оттегінін жеткізілуін жақсартады.  «Лактат/Пируват» концентрациясының өзгеруі, «ишемия/метаболизм» -ге әкеледі. Плазмаферез және реамберин хирургиялық сепсисті 12%-ға төмендетеді.

Қорытынды

Сепсис (латынша – sepsis – шіру), жергілікті инфекция ошағынан дамитын жалпы инфекциялық ауру болып табылады. Хирургиялық сепсис жалпы, әр түрлі операциялар кезінде немесе операциядан кейін пайда болуы мүмкін.  Ауыр сепсис, сепстикалық естен тану коп жағдайда өлімге алып келеді. Бұл жағдайларды келтірмес үшін, хирургиялық бөлімшелердегі санитарлы тазалықты сақтап, қарастырған жөн.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика