Тақырыбы: ҚР кәсіпкерлік құқығының негіздері

 

ҚР кәсіпкерлік құқығының негіздері тақырыбына арналған глоссарий:

1.Кәсіпкерлік

2.Жеке кәсіпкер

3.Дербес кәсіпкерлік

4.Біріккен кәсіпкерлік

5.Патент

Жауаптары:

1.Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылу формасы кәсіпорындағы серіктестер арасындағы ішкі қарым-қатынасты, мемлекеттік органдармен қатынасты және басқа кәсіпорындармен қарым-қатынасты енгізген нақты нормалар жүйесі.

2.Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.

3.Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.

Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады.

4.Патент – бұл қоғам үшін аса қымбас құқықтық қорғау институты. Патентиесі өнімді шығарған кезде оған кеткен қаражатты өтеуге және үстінен табысты алуға сәйкес бағасын бекітеді. Өндірістің көлемі мұндай монополиеде бәсеке кезінде шығарылғанмен салыстырғанда төмен, бұл жағдайда бағаның төмендеуіне себеп болды. Сондықтан да патент – бұл қоғам үшін қымбат монополие, және де оның шектеулі көлемде таратылып, керекті өндіріс техника саласына салынуы керек.

Сұрақтар:

1.Кәсіпкерлік дегеніміз не?

2.Кәсіпкерлікті дамыту деген не?

3.Кәсіпкерліктің субъектілеріне не жатады?

4.Конституцияның 26 бабына сәйкес азаматтың құқығы?

Жауаптары:

1.Кәсіпкерлік – меншік иесінің өзіндік және қарыз қүралдарын пайдалана отырып табыс табуға бағытталған тәуекелді инициативалы қызметі.

Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің иэкономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе бүгінде республика экономикасы қайта қүру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар нарықтың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерліктің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болды.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында үсынылған және қоғамды одан әрі демократияландырып, осы маңызды экономикалық шешімдерді шешуге бағытталған бастамалары арасында оңтайлы экономикалық жағдайлар қалыптасып, кез келген түлғаның кез келген экономикалық түрғыда негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асыруға, адамдарға материалдық және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша айтсақ, қоғамда кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде үлкен жүмыстар жүргізіліп отыр.

2.Біздің Республикада кәсіпкерлікгі дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлік мемлекеттік қоргау және қолдау дегеніміз — аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.

Республикада Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр.

3.Субъектілеріне: шағын кәсіпкерлік, орта кәсіпкерлік және ірі кәсңпкерлік жатады.

4.Конституцияның 26 бабына сәйкес, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.

Сабақтың тақырыбы:  ҚР кәсіпкерлік құқығының негіздері 

Мақсаты:  Студенттерді Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың нақты түсініктерімен таныстыру, ҚР-да кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың қайнар көздерін, жеке кәсіпкерлік қызметтің түсінігін, кәсіпкерлік қызмет түрлерімен таныстыру. 

Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі.

            Екі топқа бөлінген оқушылар жеке –жеке отырғызылады

        1-топ   (Жұмысшылар)

        2-топ   (Кәсіпкерлер)

Жоспары:

1.Пікір алмасу

  1. 2. Ребус шешу

3.Глоссарийға түсінік беру

  1. Сұрақтарға жауап іздеу

5.Қорытынды

6.Пайдаланылған әдебиеттер

Сабақта жасалатын әрекеттер:

-топқа бөлу,

-пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа сұрақ  беріледі, топ лидері                      мен топ мүшелері жауап береді)

-шығармашылық жұмыстармен таныстыру,

– қорытынды                                                  

I кезең

«Жұмысшылар » тобы

Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады.Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі.   

 

«Кәсіпкерлер» тобы

Кәсіпкерлік қауымдастыққа- бұл нақты мақсаттарды шешу үшін құрылған жеке адамдардың немесе кәсіпорындардың келісім негізіндегі бірлесуі.Қауымдастықтың қатысушылары меншігіндегі қаржы және материалдық ресурстардың белгілі бөлігін ғана біріктіреді.

Кәсіпкерлік істің маңызды белгілеріне біздің ойымызша келесі шамаларды жатқызуға болады:

1) шаруашылық субъектілердің дербестігі, тәуелсіздігі, өзін-өзі билеушілігі. Кез келген кәсіпкер құқықтық нормалар негізінде кез келген мәселелер бойынша өзі дұрыс деп айтқан шешімді қабылдай алады.

2) кәсіпкердің экономикалық мүдделілігі, қызығушылығы. Кәсіпкердің ең басты мақсаты – жоғары деңгейде пайда түсіру, сонымен қатар кәсіпкер пайда түсіре отырып,қоғамның да сұранысын қанағаттандырады.

3) шаруашылық қауіп пен жауапкершілік. Кез келген нақты есептеулердің өзінде белгісіздік, екіұштылық, қауіп жағдайы туындайды.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік істің маңызды нышандары бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Қорытынды 

Жалпы, кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Жеке меншікке немесе кәсіпкерлікке мынадай сипаттама беріледі: меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіп орынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет.

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика