СӨЖ
Тақырыбы: Жіті сол қарыншалық жетіспеушіліктің диагностикасы мен жедел жәрдем көрсету алгоритмі.
Жоспар:
- Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік туралы түсінік.
- Себептері.
- Клиникалық белгілері.
- Диагностикасы.
- Жедел – жәрдем алгоритмі.
Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік дегеніміз – үлкен қан айналым шеңберіне қан шығарымының төмендеуі және кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісінен әсерінен дамиды, яғни қанның минуттық көлемінің бірден төмен түсуімен және артериялық арнаның қанмен толуымен қатар жүретін қан айналым жетіспеушілігі. Жүрек демікпесі және өкпе ісінуімен көрінеді.
Жүрек демікпесі – жіті сол қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуымен немесе оның созылмалы жеткіліксіздігінің өршуіне байланысты тұншығу ұстамасы. Ұстама кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісінің шапшаң артуы нәтижесінде түнгі уақытта пайда болады және ентігу немесе тұншығу ұстамаларымен сипатталады.
Өкпе ісінуі 2 сатыдан тұрады: өкпе ісінуінің интерстициалды және альвеолярлы сатысынан. Өкпе ісінуінің интерстициальды түрінде транссудат альвеола қуысына шықпай ісіну интерстициальды тінде дамиды, өкпе ісінуінің альвеолярлы сатысында қанның сұйық бөлігі альвеолаға өтеді.
Жіті сол қарыншалық жеткіліксіздіктің себептері:
- Диффузды миокардит;
- Қолқа жетіспеушілігі;
- Үшжармалы қақпақшаның тарылуы;
- Гипертония ауруы;
- Жүрек инфарктісі;
- Шамадан тыс физикалық жүктемелердің әсері.
Жіті сол қарыншалық жеткіліксіздіктің клиникалық белгілері:
- Ентігу, кейде тұншығуға айналады
- Жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін алқызыл көпіршікті қақырықпен
- Ортопноэ жағдайы (ortos – отыру)
- Науқас қозған, тынышсыз
- Терісі боз және ылғалды (суық тер), кілегей қабаттардың цианозы
- Тахикардия (120 – 150 минутына), тахипноэ (30 – 40 минутына)
- Мойын веналарының ісінуі
- Аускультативті өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар өкпенің бүйірінде және төменгі бөліктерінде («қайнаған самаурын»).
Жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік кезіндегі диагностика:
Өкпеде , яғни кіші қанайналымда қанның іркілісі пайда болады, газ алмасу үрерісі бұзылады.
Аускультация:Өкпе сабауында ІІ тон күшейеді.
Пальпация: сол қарынша гипертрофиясы кезінде жүрек ұшы түрткісі солға және төмен жылжыганын байқаймыз.Перкуссия: Жүрек шекараларының сол қарынша гипертрофиясына байланысты солға жылжиды.
Рентгенде – сол қарыншаның үлкеюі мен дилатациясы.
ЭКГ-да – Q тісі тереңдеген, ST сегментінің изолиниядан жоғары болуы; T тісшесінің теріс болуы; Р тісшесінің биік болуы немесе қос тісшелі болуы.
ЭхоКГ – рентгендегідей өзгерістер.
Жіті сол қарыншалық жеткіліксіздік кезіндегі жедел жәрдем:
- Басын жоғары көтере отырғызу, аяқтарына бұрама салу (кезекпен шешіп алу).
- Наркотикалық анальгетиктер: морфин гидрохлориді 1% – 1мл 19 мл физиологиялық ерітіндімен к/т (анальгезия, вазодилятация, тыныс алу қозуын төмендету үшін)
- Диуретиктер: фуросемид(лазикс) 40-200мг к/т (айналымдағы қанды азайтады да қанның жүрекке баруын төмендетеді)
- Нитраттар: изокет спрей 0,4 мг; -нитроглицерин 0,5 мг тіл астына (вазодилятатор, нәтижесінде жүрекке келетін қан азаяды)
- Оксигенотерапия көбік басушымен (95% этил спиртымен) мұрын катетері арқылы алғашқы жылдамдығы 2-3 л, бірнеше минуттан кейін минутына 6-8 л
- Басын көтерінкі қалпында зембілмен интенсивті терапия бөліміне тасымалдау.