Функциональды диагностика дегенеміз – түрлі органдардың және ағзаның физиологиялық жүйелері функцияларының нормадан ауытқуы және бұзылу дәрежесін физикалық, химиялық көрсеткіштерді өлшеу немесе олардың қызмет етуінің басқа да объективті көрсеткіштерін құрал-саймандық зерттеу әдістері негізінде бағалау және анықтау болып табылатын, диагностиканың бөлімі. Қазіргі кезде көп қолданылатын әдістерге – электрокардиография, фонокардиография, реография, спирография, пневмотахометрия, электроэнцефалография, реоэнцефалография, эхоэнцефалография, ал үлкен медициналық ұйымдарда өте күрделі және қымбат диагностикалық әдістер қолданылады.
Қазіргі кезде ауруханаларда науқастардың жағдайын бақылайтын техникалық құралдар жете зерттеліп дайындалған. Сөйтіп медицинаның көптеген саласында автоматты анықталым (диагностика) және бақылау әдістері кеңінен енгізілді.Соңғы жылдары емдеу-анықтау істерінде кванттық физика және биофизика жетістіктеріне негізделген биорезонанс тәсілдері кеңінен таралып отыр. Мұнда төменқуатты электромагнит сәулеленісімен (квант) тірі организмнің ақпараттық-қуаттық құрылымдарының өзара әрекеттесуін, гомеостазды қалыптастыру үшін жиі қолданылады. Өйткені тірі организмнен сейілетін сәулеленіс (толқындар) кванттық немесе электромагниттік өрістен құралады. Басқа толқындар іспетті, оларда да организмнің физиологиялық күйін көрсететін қуат және белгілі ақпарат болады. Оның компьютерлік анықтау әдістері (Фоль, Накатана, Акабане т.б.) адамның қалыпты күйінің өзгерістерін, аурудың симптомдары білінбей тұрғанда, ертерек тіркей алады.
Электроэнцефалография әдісі
ЭЭГ-фия әдісінің теориялық негіздері
Ми қыртысындағы электрлік құбылыстар ондағы нейрондарда пайда болатын биологиялық токтар мен синапстық потенциалдар жиынтығы. Бұл электрлік құбылыстарды жануарлар бас терісінен жазып алуға болатындығын 1925 жылы В.Правдич-Неминский көрсетті. Г.Бергер 1929 жылы адам басының сыртқы беткейінен биотоктарды жазып алды. Ми қыртысындағы биологиялық потенциалдар электрлік тербеліс ретінде тыныштық жағдайда, яғни сырттан ешбір әсерсіз де тіркеледі. Электроэнцефалограмма қисықтарының толқындар жиілігі мен амплитудасы әртүрлі.
Көп каналды электроэнцефалограф көмегімен бір мезгілде мидың 4- тен 32-ге дейін нүктелеріндегі электрлік белсенділікті тіркеуге болады.
Ол үшін адамның басының сыртына электродтарды бекітеді. Электродтар биполярлы және униполярлы тіркелуі мүмкін. Биполярлы электродтарды бекіткенде ЭЭГрамма бас ми қыртыстарының екі электродтар бекіткен нүктелер аралығында жазылады. Ал униполярлы немесе монополярлы беттерінде орналас-қан қыртысты нүкте мен индеферентті, көбінесе құлақтың сырғалығына орналас-тырады. Әр тіркеудің өзінің кемшілігі және артықшылығы болады. Сондықтан көбінесе жасанды индеферентті электродтарды бас миының төбесіне бекітіп, оларды бекітілетін 8 – 12 – 21 электродтармен байлап, әр нүктенің аралығы, мысалы, бастың маңдай, самай, төбе, шүйде бөлігінен ЭЭГрамманы тіркейді.
Нейрофизиологияда, нейрохирургияда адамдарға стереотаксикалық аппарат арқылы адамдардың ауруын анықтайды.Бас сүйегіне трепонация жасап, сосын белгілі аймақтарда атласқа қарап отырып, электродтарды енгізіп ЭЭГрамманы жазып алады.
Көбінесе практика жүзінде электродтарды биполярлы тіркеу арқылы бас миының бірнеше нүктелерінен, яғни бір мезгілде барлық аймақтарынан тіркейді: Маңдай, шүйде, төбе, самай.
Ми қыртысын ғана емес, орталық жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін де электрофизиологиялық әдістермен зерттегенде, оларда фондық немесе спонтандық деп аталатын электрлік тербелістер анықталған. Бұлардың генерациясы арнайы әсерге байланысты болмайды, яғни өздігінен іске асып жатады. Көптеген зерттеушілердің ойынша ЭЭГ — мидағы ырғақты қоздыратын не тежейтін постсинапстық потенциалдардың алгебралық жиынтығы.
Электроэнцефалографияның ми қыртысының әр бөлімдерінің функциялық жағдайын, ми патологиясының орнын анықтауда маңызы зор. СОҢҒЫ кезде жануарлардың ми қыртысы құрылымдарының қызметін анықтауда жеке нейрондардың потенциалдарын тіркеу әдісі қолданылады.
Дене температурасы жоғарылағанда бастың барлық бөлімінде α ырғақтың жиілігі жоғары, бұл жағдай зат алмасуының артылуына 83 байланысты деп есептейді зерттеушілер. Қоршаған ортада оттегінің азаюына байланысты (парциалды қысымның төмендеуі. мысалы, жеңіл дәрежелі гипоксия кезінде α ырғақтың амплитудасы сәл жоғарылайды, ал анық гипоксия кезінде β ырғақтың жиілігі мен амплитудасы жоғарылайды, ал аноксемия кезінде жиілігі 1-4 секундқа тең баяу ырғақтар пайда болады. Қан құрамында қанттың, көмірқышқылының өзгеруіне байланысты ЭЭГ да осындай өзгерістер пайда болады. Ұзақ мерзімді қажуға жеткізіп, денешынықтыру кезінде, адам қатты шаршағанда α ырғақтың амплитудасы төмендеп, ретсіз баяу толқындар пайда болады. Бұл өзгерістер гипоксемияға және метаболиттердің әсеріне байланысты пайда болады.
Қазіргі кезде электроэнцефалограммадағы электрлік тербелістер жиілігі мен амплитудасына және функциялық маңызына байланысты 4 типке ажыратылады:
- Альфа – ырғақ — синусоидтар тәрізді ырғақты тербеліс, жиілігі секундіне 8 – 13 рет туады, амплитудасы 50 мкв дейін жетеді. Бүл ырғақ көзін жұмып қимылсыз психикалық тыныштық жағдайда отырган адамда, әсіресе мидың шүйде немесе төбе бөлімінде тіркеледі.
- Бета – ырғақ — жиілігі секундіне 13 реттен артық туатын тербелістер, амплитудасы 20 — 25 мкв, сәуле әсер еткенде мидың шүйде бөлімінде және ой жұмысында, көңіл-күй өзгергенде, тітіркендіруді бергенде пайда болады.
- Тета – ырғақтың жиілігі секундіне 4 — 8 рет, амплитудасы 100 — 150 мкв, көбінесе ұйықтағанда кездеседі.
- Дельта – ырғақ — ең сирек, секундіне жиілігі 0,5 — 3,5 рет, амплитудасы жоғары 200-300 мкв. Терең ұйқыда, наркозда, гипоксия және мидың патологиясы кезінде тіркеледі.
Электроэнцефалограмманың клиникалық маңызы
Ми қыртысының үлкен жарты шарларының патологиялық жағдайларын бағалауда келесі көрсеткіштер есепке алынады:
- толқындарының болмауы немесе кенет төмендеуі (тегістелуі. – церебральды атрофия, кретинизм, эпилепсияның күрделі түрлерінде, үлкен жарты шарларының ірі ісіктерінде байқалады;
- ырғақ жиілігінің өзгерісі. Толқындар ұзақтығының 125 м/секундтан жоғарылауы мидың патологиялық жағдайын дәлелдейді. Мидың ісігі кезінде, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарылағанда, комада, деменцияда баяу толқындар тіркеледі.
- толқын түрлерінің өзгерістері. Әртүрлі психикалық және жүйкелік аурулар кезінде ЭЭГ ырғағының пішіні өзгеруі кезінде. Мысалы, пиктік разрядтардың пайда болуы және олардың амплитудасы 100 мкр.Вольттан астам келеді.ЭЭГ-ның былай өзгеруі эпилепсия, ісіктер, травма алғанда, бас миына қан құйылғанда, милық тыртықтар кезінде пайда болады.Осыған қоса төртбұрышты трапеция тәрізді үшкір ырғақтар әртүрлі психикалық және жүйкелік аурулар кезінде пайда болады. ЭЭГ-да 84 әдетте кездеспейтін толқындар түрлері кездеседі (трапеция тәрізді, төртбұрышты, өткір т.б…
- Энцефалит, прогрессивті паралич, мидың абсцесс, жергілікті ісігі кезінде жартышарлар арасындағы асимметрия орын алады.
Электроэнцефалограмманың жас ерекшеліктері
Жаңа туған нәрестелердің ми қыртысында биопотенциалдардың ырғақты тербелістері анықталмайды. Алғашқы рет оларды 35 күн толған сәбилелерде тіркеуге мүмкіндік болады. Сонда ЭЭГ төмен амплитудалы ұзақ (160 мсек. және кезектілігі бойынша ретсіз толқындардан құралады. Мидың шүйде бөлімінде альфа-толқындар алғаш рет 3-4 айлық жасында тіркеле бастайды, бірақ олар басында ең төмен жиілікті болады және біртіндеп ғана (15 жыл бойы. адам үшін ең жоғары жиілікке жетеді (10-13 рет сек.. Шамамен 18-ден 60 жасқа дейін ЭЭГ-де жас ерекшеліктерін тіркеу мүмкін емес және тек 60 жастан асқаннан кейін ЭЭГ-нің негізгі ырғағының баяулауының кейбір тенденциялары (бағыттары. байқалады.
Реоэнцефалография әдісі
Үлкен жарты шарлардын жинақталушы қан мен қамтамасыз етілуін зерттеу үшін фронто-мастоидалді (FM.) тіркеулерді қолданады. Алдынғы ми артериясы бассүйегіндегі гемодинамиканы зерттеу үшін- маңдай (FF1.), ортанғы-маңдай (F1C.) және маңдай-самай (FT1.) тіркеулерді қолданады. Омыртқа және негізгі артериядағы гемодинамиканы зерттеу үшін- окципито-мастоидальді (OM) және окципито-париеталді(ОП). Аталып өткен бойлай тіркеулерге қоса, көлденен тіркеулерде пайдаланады.
Компьютерлік томография – неврологиядағы ең қарапайым, рентген сәулесімен негізделген диагностика әдісі. Оның көмегімен ағза тығыздығының өзгерісін, ісік, инсульт, гематома, киста, абсцесс, атрофия т.б. анықтауға болады, Рентгендік түтікше қозғалысы зерттелетін обьектіні қоршалай қозғалады. Сызықтық емес томографиядан айырмашығы, рентгендік сәуле барлық обьектіні қамтамасыз етеді. Коллимирлі шоғыр тек қана жіңішке қабаттан өтеді. Бас миының көлденең қиылыстарының көрінісі цифр түрінде көрінеді. Компьютерлік томография кезінде детекторлар дененің зерттелуші бөлігінің әрбір бөлшекті көлемімен жұтылған рентгендік кванттардың сандарын тіркейді. Ерекшеленген кесінді тіннің кішкентай тікше пішіндері (вокселдер) түрінде қарастырылады.Әрбір детектор осы жағдайдағы тікше пішіндегі сәуленің жұтылуын бағалайды. Компьютер жұтылған энергияның орташа көлемін санап,былайша айтқанда,барлық тікше пішіндердегі сәуленің жұтылу коэффициенттерінің картасын жасайды.+ Жұтылудың салыстырмалы көлемдерін бағалау үшін Хаунсфилд шкаласы қолданылады. Хаунсфилд шкаласы бойынша 0-ге тазартылған су тығыздығы, +1000-ға – тұтас сүйек тіні тығыздығы,-1000-ға – ауа тығыздығы тең деп саналады.
Тамырлардың экстракраниальды ультрадыбыстық допплерография – қан айналымын зерттеудің инвазивті емес әдісі. Бұл әдістің мүлдем ауыртпалығы, қарсы көрсетілімдері жоқ – осының бәрі, тіпті кішкентай балаларға қолдануға мүмкіндік береді. Ол Допплер әсері пайдалана отырып, толық қауіпсіз тәртіппен жұмыс істейді. қозғалмалы қан бөлшектерінен бастап, ультрадыбыстық толқындар жиілігі өзгерістеріне дейін көрсетеді.Ұйқы және омыртқа артерияларының жағдайын зерттеу. Ми қан айналым жеткіліксіздігін зерттеу және емдеу үшін қажет.
Эхоэнцефалография – миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу нәтижесінде бас сүйек қуысындағы құрылымдардың патологиялық процесс әсерінен қалыпты орындарынан ауытқуы мөлшерін анықтайтын диагностикалық тәсіл (әдіс). Зерттеу кезінде ми қарыншаларының кеңеюін, бас сүйек гипертониясын анықтау үшін қолданады. Ми қарыншалары жүйесі жағдайына баға беру үшін III қарынша енінің ұлғаю мөлшері мен бүйір қарыншаларының кеңею деңгейіне ерекше көңіл аударылады. Қалыпты жағдайда мидың III қарыншасының бүйір кабырғаларына сәйкес эхоэнцефалография-лық ені әр түрлі жастағы адамдарда әрқиялы скеңдігі белгілі. Мы-салы, ересек адамдарда 5-6 мм, қарттарда 7 мм-ге дейін, сәбилерде 1,4-4,2 мм, бір жасқа дейінгі емшектегі балаларда 2,3-5,1 мм.Жақсы жағы: толық қауіпсіздік, инвазивтілігі жоқ, информация жеткілікті, зерттеуге ыңғайлы, эффективті терапияны таңдауға қолайлы.
Транскраниальды магнитті стимуляция – әр түрлі деңгейдегі жүйке жүйесін, қозғалысқа жауап беретін ми қыртысынан бұлшықетке дейінгі нерв жасушаларының қозғыштығын бағалайды.
Магнитті- резонансты томография – ядролы магнитті- резонанс арқылы электромагниттік толқын арқылы атом ядроларының қозғыштығын өлшеу мақсатына негізделген ішкі органдар мен тіндерді зерттеудегі тоиографиялық әдіс.
Қызметтік магнитті- резонансты томография – бас миындағы әр түрлі жердегі нерв жасушаларының белсенділігін, қызметін зерттеуге, бағалауға арналған әдіс. Қызметтік магнитті- резонансты томография негізінен сөйлеу, көру, есте сақтау , координацияны бағалайды
Позитронды эмиссионды томография – организм тіндерінің қызметтік белсенділігін, метоболизмін білуге арналған әдіс. Әр түрлі органдарға радиофармпрепараттарды енгізу арқылы жасалады.Неврологияда бас миының метоболизмін зерттеуде қолданылады.
Электрофизиологиялық зерттеу әдістері.
Жүйке бұлшықетті электротітіркенуін аппарат көмегімен тексеру:
Бұл гальвани және фарадиялық тоқ арқылы электротітіркендіріп анықтайды. Тітіркендіргенде бұлшықеттің қысқаруы туындайды. Фарадиялық тітіркендіргенде бұлшықеттің тетаникалық қысқаруы туындайды. Балаларда көптеген аурулар кезінде (Миопатия)тітіркенуі төмендейді.
Хронаксиметрия – нервті-бұлшықеттің функционалды жағдайын тексеруде қолданылады.Қалыпты жағдайда әр түрлі бұлшықеттің хронаксиясы-0,0001- 0,001с құрайды. Перифериялық паралич кезінде хронаксия ұзаруы мүмкін.
Электромиография – нервтер мен бұлшық еттердің электрлік белсенділігінің әртүрлі түрлерінің сапалы-сандық талдауына және тіркеуге негізделген функционалдық жағдайды бағалаушы әдістемелер кешені. Бұлшықеттің потенциалдық электрлік тербелісін тіркеуде қолданылады. бұлшық еттердегі электрлік құбылыстарды тексеретін тәсіл. Қимыл-әрекеттерін реттейтін нерв жүйесі зақымдануына байланысты неврологиялық тәжірибеде кездесетін бірқатар ауруларды анықтау үшін электромиографиялық зерттеу тәсілдері кеңінен пайдаланылады..
Функционалды диагностика әдістері ретінде ЭМГ негізгі мақсаттары болып табылады:
- Нерв-бұлшықет аппаратының зақымдалу деңгейін анықтау.
- Зақымдану топикасын және процесстің жайылғандығын анықтау.
- Зақымдау сипатын анықтау.
- Патологиялық процесстің айқындылық деңгейін анықтау.
Функционалды диагностика кабинетінде электромиография жүргізу үшін Nihon Kohden фирмасының EMG MEB-9400K электромиографы қолданылады.
Ультрадыбыс арқылы зерттеу – ультрадыбыстық зерттеу тіңдердің тығыздығын,сондай-ақ шекараларын анықтауда диагностикалық мақсатта қолданылады.
Балалар неврологиясындағы қосымша әдістер:
Медико-генетикалық әдістер – тұқым қуалайтын неврологиялық
ауруларды тексеру.
Биохимиялық тексеру әдістері – нерв жүйесі аурулар кезіндегі
белокты алмасу,аминқышқылдары, липидтердің құрамы мен сапасын
зерттеу үшін жүргізіледі.
КТ мен МРТ қолданылуы:
Бас сүйек ауруларында:
- Бас сүйек-ми жарақаты
- Бет бөлігіндегі сүйектерге метастаз берген жағдайда
- Бас миының даму ақаулары мен ауытқулары
- Бас миының қан тамырлық аурулары
- Бас миының ісіктері
- Бас миының демиелинизациялаушы аурулары
- Бас миының жұқпалы-қабыну аурулары
- Гипертензиялық- гидроцефальды синдром
- Көру мүшесінің және ЛОР мүшелерінің аурулары
- Бас сүйектерін және миды операция алдында және операциядан кейін зерттеу
Омыртқа мен жұлын ауруларында:
- Омыртқа мен жұлынның жарақаттары
- Омыртқа мен жұлынның даму ақаулары мен ауытқулары
- Жұлынның қан тамырлық аурулары
- Омыртқа мен жұлын ісіктері
- Омыртқа ауруларының дегенеративті – дистрофиялық өзгерістері
- Жұлын мен омыртқаның қабыну аурулары
- Омыртқа мен жұлын аурулары мен зақымдануларының консервативті және оперативті ем нәтижелерін бағалағанда.
КТ жасауға көрсеткіштер:
- –бас сүйек миының жарақатының мумкін болу салдары: бас сүйек ішілік, субарохноидальды, субдуральды қан құюлар кезінде
- – операция эффективтілігін бағалауда;
- – ісікке күдіктенгенде және екіншілікті зақымдануларда;
- – қабынулық процесстерге күдіктенгенде (абсцесс);
- – бас сүйек негізіндегі және сводтағы өзгерістерде;
- -( ОНМК) жедел ми қан айналымының бұзылуында;
- -Даму аномалияларында ;
- – кома белгісіз генезді.
КТ зерттеуін жасауға қарсы көрсеткіштер:
- Жүкті және бала емізетін әйелдерге;
- 18 жасқа дейінгі балаларға;
- Салмағы жоғары адамдарға;
- Гипс және металл заттар болса;
- Адекватты емес көзқарас (неадекватные поведение);
- Аса ауыр жағдайда
- Паркинсон ауруында
- Йод қа жоғары сезімталдық(с контрастным усилением )
- Салмағы 150кг аспау
- клаустрофобия
КТ контрастпен:
- Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі;
- Жағдайы ауыр науқастарға;
- Қалқанша без ауруы бар науқастарға;
- Йод-қа аллергиясы бар науқастарға.
МРТ жасауға негізгі көосеткіштер:
- Мидың қан тамырлық аурулары () қан құйылу, геморрагиялық және ишемиялық инсульт
- Ішкілік қан ағумен көрінетін бас миының жарақаты мен бас миының соғылуы
- Бас миының ісіктері
- тугоухость (есту мен сөйлеу бұзылыстары)
- Бас ауруы
- Көпір –мишықтық узел ісігі
- Нерв жүйесінің инфекциялық аурулары (менингит, абсцесс, ВИЧ-инфекция)
- Праксизмальды жағдайлар
- Ми қан тамырларының аномальды дамуы(аневризмы, тромбоз)
- эпилепсия
- Селлярлы аймақтың патологиясы(аденомы гипофиза)
- шашыранды склероз
- синусит
- Бас сүйек негізінің патологиясы
- Нейродегенеративті аурулар
МРТ зерттеуін жасауға қарсы көрсеткіштер:
- Науқастардан шешуге келмейтін, өмірге қажетті қызметтердің металл қондырғымен жабдықталу (кардиостимулятор,инсулинді попма, хирургиялық металл скобка, жүрек қақпақшаларында протез, бас миындағы тамырда қан тоқтатушы клипсалардың болуы, ӨЖЖ қондырғылары және т.б.);
- Клаустрофобия (жабық кеңістіктен қорқу-тоннел аппаратының ішінде болғанда паникалық ұстамалардың болуы);
- Декомпенсациялық жүрек жеткіліксіздігі;
- Жүктілік және баланы емізетін әйелдерге контрасты МРТ жасауға болмайды, себебі контраст ұрыққа және жаңа туган нәрестеге әсер етеді;
- Бүйрек патологиясы бар науқастарға, себебі контрасты зат бүйрек арқылы сыртқа шығарылуы қиындайды;
- Басылмайтын тырысу синдромы;
- 7 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.