Жаңа туған нәресте — гомойотермді: оның денесі тез қызып, тез суиды. Дегенмен, . гомойотермді организмдердің температурасы күні бойы аз да болса өзгеріп отырады (тәулігіне 0,5—0,9°), кешкі 16—18 сағатта ең жоғары, таңғы 3—4 сағатта ең төменгі деңгейде болады. Ұйықтап жатқанда төмендеп, қара жұмыс істеген кезде 1—2° көтеріледі. Екіқабат және босанған әйелде дене.температурасы әдеттегіден сәл жоғарылау. Лектордың, артистің, емтихан тапсырып отырған студенттің температурасы да сәл жоғарырақ.
Туылған кездегі нәрестенің дене температурасы 37,7 —38,2 °С болады,яғни анасының дене температурасына жақын.Содан соң 2-3 сағ аралығында дене температурасың айқын төмендеуі байқалады, 1,5 — 2,0 С жетеді.Сосын біртіндеп көтерілуі байқалады.Туылған кездегі аксиллярлық температурасы 37,2 °С құрайды, 2 сағаттан соң 35,7 °С жетеді.4-5 сағ соң 36,5 °С дейін жетеді,ал 5-ші күні 37,0 С жетеді.Туылған кездегі нәрестенің дене температурасының төмендеуі транзиторлық гипотермия деп аталады.Ол қоршаған ортаның температурасың бірден өзгеруімен байланысты.Физиологиялық жетілмеген және шала туған балаларда,сонымен қатар науқастарда анығырақ гипотермия байқалып,бірнеше күн сақталады.
Жаңа туылған нәрестелердің бір бөлігінде,яғни 0,3 — 0,5% -да 3-5 күндері дене температурасының 38 — 39 С –қа дейін көтерілуі байқалады.Бұл транзиторлық гипертермия деп аталып,бактериялардың ішекте орналасуымен байланыстырылады.Жалпы айтқанда,алғашқы кұндері температураның тұрақсыздығы байқалады.Температураның циклдік тәуліктік тербелістері 1,5-2 айлығында орнайды,бұл тәулітік тыныс жиілігі мен жүрек жиырылу жиілігінің түзілуімен сәйкес келеді.Шала туылған балаларда тәуліктік температура циклі уақытында туылған нәрестелермен салыс тырғанда кеш қалыптасады. Температураның тербелу қарқыны қоршаған ортаның стабильді температурасы кезінде тәулік ішінде нәрестенің өмірінің алғашқы күндері 0,3 °С құрайды,ал 2-3 айлығында 0.6 °С-ке дейін өседі,ал 3-5 жасында 1°С-қа жетеді.Ең жоғарғы температура сағат 17-19 кезінде көрінсе,ал ең төмені таңғы сағат 4-5 аралығында білінеді.
Терморегуляциялық жүйенің жетілгенінің негізгі критерийі болып келесілер саналады:қоршаған ортаның температурасы 20-22 °С болған кездегі ректалді температураның тұрақтылығы,ректалді және қолтықасты температураның арасында айырмашылық болуы немесе кеуде терісінің және табан температурасының арасында айырмашылық болуы,дене температурасының тәуліктік периодтылығының пайда болуы,сонымен қатар әртүрлі инфекциялық ауруларға температуралық реакцияның болуы.
Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке
жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке клеткалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады.
Жылу реттелудің аффекторлық бөліміне перифериялық(терілік) және орталықтық терморецепторлар жатады.Терілік терморецепторлар уақытына жетіп туылған балаларда,сонымен қатар шала туылған балаларда да жақсы дамыған.Ең сезімтал терморецепциялық зонаға үшкіл нервпен иннервацияланатын бет терісі жатадыАл орталық терморецепторларға сопақша мидың мойын аймағында орналасқан терморецепторлар жатады,бірақ олар балаларда өте нашар дамыған.
Терморегуляцияның орталық бөліміне-гипоталамус жатады.Жылу өндіру реттелуі гипоталамустың артқы ядроларымен жүзеге асырылады.Ал жылу өткізу немесе берілуі –алдыңғы ядролармен қадағаланады.
Терморегуляцияның эффекторлық бөліміне жылу беру мен жылу өндірудің жеке механизмдерін қарастырамыз.Нәрестенің жылу өндіру қабілеті өмірінң алғашқы сағаттарында-ақ айқын көрінеді.Нәрестенің жылу өндіруінің негізгі механизмі ретінде бірінші орынға жиырылулық емес термогенез жатады.Яғни,май тініндегі жылу түзілуі жатады,әсіресе қоңыр майда,оның жаңа туылған балалардағы оның мөлшері дене температурасына байланысты 25-35г құрайды.Ақ май тіні де жылу өндіру қабілетіне ие,бірақ аз мөлшерде.
Химиялық жиырылулық емес термогенездің мәні келесі жағдайлардың бірізділігінен тұрады:Суықтық экспозици- терілік терморецепторлардың реакциясы симпатикалық нерв ұштарында норадреналиннің босауы энергетикалық белсенді тіннің клеткалық мембранасының деполяризациясы АЦ белсенуі циклдік АМФ деңгейінің көтерілуі протеинкиназаның белсенуі гормонсезімтал липазаның белсенуі триглицеридтердің май қышқылына және глицеринге гидролизі
Белсендірілген май қышқылдары митохондрийда тотығып, жылу өндіріледі.Осымен бірге жаңа туған нәрестелерде жылу өндіретін май тінінің қоры,әсіресе қоңыр май қоры тез таусылып,туылған соң 3-4 аптада минимум деңгейге жетеді.
Жылу өндірудің екінші компоненті-жиырылулық термогенез,яғни салқындау кезінде бұлшықет тонусының артуы,бұл бала туылған алғашқы сәттердің өзінде суық тітіркендіргіштерге жауап ретінде дамитын маңызды механизм.Ол әсіресе,қоңыр май тінінің тез азаюы кезінде негізгі рөлді атқарады.Балада гипоксия,тыныс алу ағзаларының аурулары және қанайналым бұзылыстары кезінде жылу өндірудің барлық механизмдері бұзылады.
Пассивті жылу берілуі жаңа туған нәрестелерде үлкен жастағы балалармен салыстырғанда жоғары болады.Бұл олардың дене салмағына қарағанда тері беткейінің жоғары болуымен және тері құрылысың ерекшеліктерімен байланысты.Белсенді жылу өндіру реттелуінің жетілуі жылу өндіруден қалып қояды және 7-8-жаста аяқталады.Сонымен қатар,балалрда тамырлық жылу берілуі тез дамиды.Ол туралыбөлме температурасындағы жалаңаш баланың кеудесі мен аяқ-қолдарындағы айырмашылықтың тууымен түсіндіруге болады.
Адекватты жылу берудің булану арқылы,яғни тер бөлу арқылы реттелуі кеш түзіледі.Жылу берілудің жылу өндіруден кеш қалыптасуы және оның төменгі белсенділігі,балаларды алғашқы ай мен жылда ысытып жіберу оны салқындатудан да қауіпті екенін білдіреді.
Жылу өндірудің салыстырмалы жеткіліксіздігі жаңа туған нәрестелерде және әсіресе шала туған балаларда олар үшін оптимальді қоршаған ортаның температурасын қалыптастыруды қажет етеді- ол термонейтральді зона деп аталады.Оның шекарасы ретінде нәрестені қоршаған ортаның ауа температурасының диапазоны саналады,ол кезде жылу өндіру механизмдерінің минимальді күш салуы кезінде дене температурасы тұрақты және қалыпты сақталатын болуы керек.Қалыпты дене массасымен туылған жаңа туылған нәрестенің киімсіз жатқан кезде термонейтральді зонасы 32-35 С аралығында, ал шала туылған балалар үшін-35-36 °С аралығында болуы керек.
Баланы бөлеу –энергияны экономиялаудың негізгі маңызды факторы болып табылады,демек оның адаптациясының да.Сонымен қатар кювез қолданылады.
Жаңа туған нәресте — гомойотермді: оның денесі тез қызып, тез суиды. Дегенмен, . го-мойотермді организмдердің температурасы күні бойы аз да болса өзгеріп отырады (тәулігіне 0,5—0,9°), кешкі 16—18 сағатта ең жоғары, таңғы 3—4 сағатта ең төменгі деңгейде болады. Ұйықтап жатқанда төмендеп, қара жұмыс істеген кезде 1—2° көтеріледі. Екіқабат және босанған әйелде дене.температурасы әдеттегіден сәл жоғарылау. Лектордың, артистің, емтихан тапсырып отырған студенттің температурасы да сәл жоғарырақ, Кішкентай балалардың қызуы тым қалың киімнің әсеріннен көтеріледі.
Ауа өткізбейтін қалың көрпемен қымталған балада да өзгерістер
болады. Өйткені, сәби ауа өзгерісіне бейім болады. Оған қоса, тамақтанған кейін немесе жылағаннан соң дене қызуын өлшеуге ұмтылмаңыз. Әдетте,
баланың қызуы әлдебір инфекциялық ауруларының әсеріннен болады. 1 жасқа дейін баланың тісі жарып шыққан кезде, вакцинациялық егуден кейін де,
көтерілу мүмкін. Жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы салдарыннан да
болады. Бірақ бұл сирек кездеседі.
Кішкентай баланың өз термометрті болған жөн. Қолданар алдында спиртпен сүртіп, баланың қолтығына қояды. Шынылы термометрдің ұтымды тұсы көп. Бірақ, 6 айға толмаған балаға қарапайым сынапты термометрді
пайдалануға болмайды. Абайсызда сындырып алып жарақат алуы мүмкін. Ішіндегі сынап айналасындағы адамдарға зиян келтіреді.
Дене
Гипотермия – бұл жылуды жоғалту, баланың жылу шығару қабілеті жəне осы – 36,50С температурасының қалыпты деңгейден төмен түсіп
кетуі.
Нəрестенің жылу шығаруының жоғарлау себептері:
– дене қызуының өз дене массасының (МГ) 1 кг мөлшеріне 3 есе көбеюі;
– массасы көлемінің 2 еседен көп болуы;
– жылу өнімінен жылу шығарудың көп жоғары болуы;
– дененің суынуына қарай
Хаттама коды: H-P-029 «Жаңа туған нəресте гипотермиясы»
Педиатрия саладағы стационарлар үшін АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Р 80 Жаңа туған нəресте гипотермиясы
Р80.0 Холодов жарақаты синдромы
Р80.8 Жеңіл гипотермия
Р80.9 Жаңа туған баланың анықталмаған гипотермиясы
Р81.0 Сыртқы орта əсерінен болған, жаңа туған нəресте гипотермиясы
Жіктемесі жəне нəрестенің гипотермиялық диагностикасының критериі (ДДС, 1993 ж.)
Нəрестеніңқалыптыденетемпературасы – 360С ден 37,50C – гедейін.
Нəрестеніңденетемпературасыныңтөмендеуі:
– 36,00С-ден 36,40С – жеңіл дəрежедегі гипотермия;
– 32,00С-ден 35,90С – орташа дəрежедегі гипотермия;
– 32,00С-ден төмен – ауыр дəрежедегі гипотермия.
Гипогликемия. Ацидоз. Гипотермияның ағзаға зиянды әсері:
Гипоксемия
- Ацидоздың дамуы:
• нəрестенің мұздануы, метаболизм кезінде қоңыр майдың жылу өнімінің жоғарлауы есебінен, ол дене сергуде адреналинді шығару;
• ол бос май қышқылымен (БМҚ) глицеринді, қоңыр майдың ыдырау кезінде жүреді, ол жылу көзінің маңыздылығы туу кезінде, бірақ БМҚ-ң артық саны қан ағынында ацидоздың метоболитикалық дамуына əкеледі;
• өкпе гипертензиясына əкелу, қан тамырларының гипотермиялық спазмын тудырады, қан ағынының жойылуы сақталады (қан өкпедегі аортаның (қолқаны), артериалды ағынын жанай өтеді;
• оттегінің деңгейінің төмендеуі метаболизмнің аэробты жəне анаэробты ауыстырылуына əкеледі;
• бұндай типті алмасу сүт қышқылы концентрациясын арттырады жəне рН төмендетеді, ацидоз үдемеленеді. Қан тамырлары арасынан адреналинның шығуы, тамыр таралуына жəне гипоксияға əкеледі;
• шеткі қан ағыны төмендейді: май қышқылы жəне БМҚ тканьда
түзіледі де, баяу жоғалады. Метаболиттік ацидозды өршітеді.
- 2. Гипогликемияның дамуы: қандағы глюкозаның метаболизмнің жай күйінің жоғарлауы көп энергияны қажет етеді, сондықтан глюкоза мен глюкогеннің артық қор көзінің азаюына əкеледі.
3. Гипоксемияның (қан оттегінің азаюы) дамуы: қалыпты жағдайымен салыстырғанда, оттегінің қажеттіліктің артуы температураның
бірнеше градус төмендеуі – қан тамырының тарылуы, қан ағынының жойылуының сақталуы, гипоксемияның дамуына әкелуі, тыныс алуының
бұзылуы, цианозға əкеледі.
Гипотермияның клиникалық зардабы:
- – гомеостаз жұмысының бұзылуына;
• – тыныс алу күйзеліс синдромы қауіп-қатердің дамуын
жоғарылатады;
• – инфекцияның дамуы қауіп-қатерді жоғарылатады;
• – терінің ісініп қатаюы, ісінуі, сарғаюы;
• – жүрек қызметінің бұзылуы.
Жоғарғы қауіп-қатерлі топ:
• нəресте туғанда салмағының аз болуы (2500 г.);
• ұзақ уақытқа жетететін реанимация;
• туа біткен ақауы бар балалар (іш қуыстық жəне жұлындық
кемістігі);
• – ОЖЖ зақымданып туған балалар;
– «жылу тізбегінің» бұзылуы. - Жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қатерлі кезеңдері атап кетуге болады:
1)жыныс жасушаларының дамуы – овогенез және сперматогенез;
2) ұрықтану;
3) (имплантация ұрықтанудан кейін 6-7 тәулік);
4) мүшелердің білік бастамаларының дамуы және плацентаның
қалыптасуы (дамудың 3-8-ші аптасы);
5) бас миының қарқынды өсу стадиясы (15-20-шы апта);
6) организмнің негізгі функциялық жүйелерінің қалыптасуы және жыныстық
аппараттың дифференциялануы (20-24-ші апта);
7) нәрестенің дүниеге келуі;
8) нәрестелік (1 жасқа дейін);
9) жыныстық жетілуі (11-16 жас).
Гипотермияның ерте кездегі клиникалық белгілері:
– аяқ қолының суықтығы (өкшесі);
– ықылассыз ему;
– қозғалыс белсенділігінің төмен болуы;
– жылауы əлсіз.
Гипотермияның өршуі мен сақталуы неонатальды суық
жарақаттанудың қауіп-қатермен қалыпта дамуы, оның негізгі
белгілері:
– нəрестенің бірден қозғалыс белсенділігінің төментүсуі, тіпті ұзақ
терең ұйқыға кетуге дейін;
– тыныс алуының үстіртін, біркелкі емес болуы;
– гипертермия дəрежесіне байланысты көрінуі, жүрек соғуының
сиреуінің дамуына сəйкес болуы мүмкін;
– бала беті алқызылдануы, басқа бөліктерінің бозарып, типті
көгілденуінің де артуы;
– аяқ-қол, арқасындағы терісінің қатаюы, бүкіл денесіне жайылуы.
- Гипертермия (грекше: ὑπερ- — «орасан» және θέρμη — «жылу»)—
денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған
жылудан дененің қызып кетуі. Бұл құбылыс аурулардың салдары ретінде де
болады, бірақ ауруға жатпайды. Гипертермия дене қызуы 37°С-ден
жоғары болғанда байқалады, 42,2°С-ге жеткенде бала ес-түссіз күйге енеді. Егер оны уақытылы емдемесе (қызуын түсірмесе), миына зақым келеді.
Гипертермияның үш деңгейі бар: төмен гипертермия — 38°С-ге дейін, орташа
гипертермия 40°С-ге дейін, жоғары гипертермия 40°С-ден жоғары.
Балалардың дене қызулары 39°С-ден асқанда жедел жәрдем шақыру
керек.
- Баланың дене қызуының көтерілу деңгейіне қарай:
субфебрильді
температураны 37,2-38,0° С;
фебрильді
38,1-39,0°С;
гипертермиялық 39,0°С
және одан жоғары температураны
ажыратады.
• Балалардағы қызбаның ең жиі себептері мыналар:
– Инфекциялық-уыттық жағдайлар;
– Ауыр метаболикалық бұзылыстар;
– Шамадан тыс қыздырыну;
-Аллергиялык реакциялар;
– Посттрансфузиялық жағдайлар;
– Бейім балаларға миорелаксанттарды
қолдану;
– Эндокриндік бұзылыстар және шығу
тегі белгісіз қызба болуы да мүмкін.
- Балалардың дене қызуындәрі-дәрмексіз төмендетуге болады. Ол үшін денесін жылы суға малынған губкамен сүрту керек. Алдымен, беті мен мойнын сулы губкамен ысқылап шығыңыз, кейін қолдарын, арқасын және басқа да мүшелерін ысқылаңыз. Дене қызуы көтеріліп тұрғанда спиртпен, сірке суымен ысқылауға болмайды.Ондайда температура жоғарылап, улы заттардан тітіркену болуы мүмкін. Ал сумен ысқылағанда жылы судың булануы арқылы денедегі қызу сыртқа шығады. Суды көп мөлшерде ішудің қызуды төмендетуге тигізер оң әсері бар.
- Балалардың дене қызуы кезінде қабылданатын дәрілердің барынша бала ағзасы үшін жеңіл болғаны абзал. Олар парацетамол мен ибупрофеннің негізінде болады. Дәрілер ерітінді, тамызатын дәрі, шам (свеча), шәрбат (сироп) түрінде болады. Аспирин, найз және анальгин сынды дәрілерді беруге болмайды.
Дене қызуын төмендететін басқа да дәрі-дәрмектерді дәрігер тағайындауы тиіс.
Қорытынды
- Нәресте дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндері бұл
ортаға үйренгеннен кейін дене қызуы жоғарылау ( 37,0 –
37,4 С ) болады. Бірнеше аптадан кейін біртіндеп қалпына
түседі ( 36,0 – 37,0 С ). Кішкентай балалардың қызуы тым
қалың киімнің әсеріннен көтеріледі. Ауа өткізбейтін
қалың көрпемен қымталған балада да өзгерістер болады.
• Гипотермия – бұл жылуды жоғалту, баланың жылу
шығару қабілеті жəне осы – 36,50С температурасының
қалыпты деңгейден төмен түсіп кетуі.
• Гипертермия – денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы
салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі.
• Балалардың дене қызуы кезінде қабылданатын
дәрілердің барынша бала ағзасы үшін жеңіл болғаны
абзал. Олар парацетамол мен ибупрофеннің негізінде
болады. Дәрілер ерітінді, тамызатын дәрі, шам (свеча),
шәрбат (сироп) түрінде болады. Аспирин, найз және
анальгин сынды дәрілерді беруге болмайды. Дене қызуын
төмендететін басқа да дәрі-дәрмектерді дәрігер
тағайындауы тиіс.