СӨЖ
Тақырыбы: Неврологиядағы функционалды зерттеу әдістері.
Жоспар:
- Кіріcпе
- Негізгі бөлім
- Функционалды зерттеу әдістеріне жалпы шолу.
- Функционалды зерттеу әдістерінің маңызы.
- Функционалды зерттеу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
- Қорытынды
Компьютерлік томография — неврологиядағы ең қарапайым, рентген сәулесімен негізделген диагностика әдісі. Оның көмегімен ағза тығыздығының өзгерісін, ісік, инсульт, гематома, киста, абсцесс, атрофия т.б. анықтауға болады, Рентгендік түтікше қозғалысы зерттелетін обьектіні қоршалай қозғалады. Сызықтық емес томографиядан айырмашығы, рентгендік сәуле барлық обьектіні қамтамасыз етеді. Коллимирлі шоғыр тек қана жіңішке қабаттан өтеді. Бас миының көлденең қиылыстарының көрінісі цифр түрінде көрінеді. Компьютерлік томография кезінде детекторлар дененің зерттелуші бөлігінің әрбір бөлшекті көлемімен жұтылған рентгендік кванттардың сандарын тіркейді. Ерекшеленген кесінді тіннің кішкентай тікше пішіндері (вокселдер) түрінде қарастырылады.Әрбір детектор осы жағдайдағы тікше пішіндегі сәуленің жұтылуын бағалайды. Компьютер жұтылған энергияның орташа көлемін санап,былайша айтқанда,барлық тікше пішіндердегі сәуленің жұтылу коэффициенттерінің картасын жасайды.+ Жұтылудың салыстырмалы көлемдерін бағалау үшін Хаунсфилд шкаласы қолданылады. Хаунсфилд шкаласы бойынша 0-ге тазартылған су тығыздығы, +1000-ға – тұтас сүйек тіні тығыздығы,-1000-ға – ауа тығыздығы тең деп саналады.
Тамырлардың экстракраниальды ультрадыбыстық допплерография — қан айналымын зерттеудің инвазивті емес әдісі. Бұл әдістің мүлдем ауыртпалығы, қарсы көрсетілімдері жоқ — осының бәрі, тіпті кішкентай балаларға қолдануға мүмкіндік береді. Ол Допплер әсері пайдалана отырып, толық қауіпсіз тәртіппен жұмыс істейді. қозғалмалы қан бөлшектерінен бастап, ультрадыбыстық толқындар жиілігі өзгерістеріне дейін көрсетеді.Ұйқы және омыртқа артерияларының жағдайын зерттеу. Ми қан айналым жеткіліксіздігін зерттеу және емдеу үшін қажет.
Эхоэнцефалография – миды ультрадыбыс көмегімен зерттеу нәтижесінде бас сүйек қуысындағы құрылымдардың патологиялық процесс әсерінен қалыпты орындарынан ауытқуы мөлшерін анықтайтын диагностикалық тәсіл (әдіс). Зерттеу кезінде ми қарыншаларының кеңеюін, бас сүйек гипертониясын анықтау үшін қолданады. Ми қарыншалары жүйесі жағдайына баға беру үшін III қарынша енінің ұлғаю мөлшері мен бүйір қарыншаларының кеңею деңгейіне ерекше көңіл аударылады. Қалыпты жағдайда мидың III қарыншасының бүйір кабырғаларына сәйкес эхоэнцефалография-лық ені әр түрлі жастағы адамдарда әрқиялы скеңдігі белгілі. Мы-салы, ересек адамдарда 5-6 мм, қарттарда 7 мм-ге дейін, сәбилерде 1,4-4,2 мм, бір жасқа дейінгі емшектегі балаларда 2,3-5,1 мм.Жақсы жағы: толық қауіпсіздік, инвазивтілігі жоқ, информация жеткілікті, зерттеуге ыңғайлы, эффективті терапияны таңдауға қолайлы.
Электроэнцефалография (ЭЭГ) – мидың биопотенциалдарын жазу. Мидың биотогын тіркеу құралы. мидың электрлік қуатын басының зақымданбаған сыртқы қабаты арқылы жазып зерттеу (тіркеу). Жалаңаштанылған мидың биопотенциалдарын жазып тіркеуді электрокортикография деп атайды. Электроэнцефалография ми клеткаларының басым көпшілігінің электрлік белсенділігін жазып көрсетеді. ЭЭГ ми құрылымдарындағы патологиялық өзгерістердің мөлшерін, оның қызметі бұзылуының қаншалықты асқынғандығын, сондай-ақ мидың әр бөлігінде және тұтас алғанда электрлік белсенділігінің сипатын анықтауға көмектеседі. Эпилепсия және басқа да эпилепсиялық талмалар, мидағы ісіктер, қан-айналым бұзылуы, түрлі жарақаттар мен қабыну процесі кезінде ЭЭГ әдісі арқылы алынған деректер ми ауруларын анықтау барысында ерекше орын алады. Зерттеулер Ресейде жасалған «НЕЙРОСОФТ» фирмасының 24 каналды электроэнцефалографында, АҚШ-та жасалған «NIKOLET» фирмасының 30 каналды электроэнцефалографында жүргізіледі. Электроэнцефалографтық зерттеулер мидың функционалдық белсенділігінің деңгейін бағалау үшін жасалады. Зерттеулердің залалсыздығы, қауіпсіздігі және жоғары сезгіштігі секілді маңызды ерекшеліктері –– емдеу тиімділігіне динамикалық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Электрофизиологиялық мониторда мида және талшықтарында болатын биоэлектрлік қозғалыстар мен өзгерістерді жазып алу, тіркеу әдіснамасы. Бұл әдіснама «қара сандық» деп аталатын мидағы биоэлектрлік құбылыстарды оны бүлдірмей тұрып зерттеуге мүмкіндік береді, әсіресе мидағы әлеуетті түсіндіруде белгілі бір нақты деректермен қамдайды. Аталған зерттеулер түрлі неврологиялық аурулар: эпилепсия, энцефалопатияның әртүрлі түрлері, мидың көлемді зақымданулары, сонымен қатар қабыршық құрылымдарының функциялық кемелдену сұрақтарын шешуде қолданылатын диагностика кезінде қажет. Біздің Орталықта Жапонияда өндірілген «Nihon Kohden» фирмасының 19 каналды аппараты қолданылады. Процедура ауырсындырмайды және зияны жоқ. Бас терісі мен шаш таза болуы керек. Зерттеу пациенттің жалпы ағзасының еркін босаңсуы қалпында немесе ұйықтап жатқан кезінде (көрсетімдері бойынша балаларда) жүргізіледі. Емшара барысында маман пациенттің 1-3 минут аралығында жиі дем алуын сұрауы мүмкін, сәулелі жарықтар беріледі. Әдетте емшара бір сағаттай уақытты алады, алынған деректер одан әрі қарай талдау жүргізу үшін компьютерге жазылады.
ЭЭГ картированиясы. Ми қызметін көрсететін динамикалық күштің графикалық қойылған көрінісі. ЭЭГ картированиясы неврологқа жекеленген ми структурасының патологиялық процессін оның бұзылыстарын, координациясын тексеруге көмектеседі.
Транскраниальды магнитті стимуляция — әр түрлі деңгейдегі жүйке жүйесін, қозғалысқа жауап беретін ми қыртысынан бұлшықетке дейінгі нерв жасушаларының қозғыштығын бағалайды.
Магнитті- резонансты томография — ядролы магнитті- резонанс арқылы электромагниттік толқын арқылы атом ядроларының қозғыштығын өлшеу мақсатына негізделген ішкі органдар мен тіндерді зерттеудегі тоиографиялық әдіс.
Қызметтік магнитті- резонансты томография — бас миындағы әр түрлі жердегі нерв жасушаларының белсенділігін, қызметін зерттеуге, бағалауға арналған әдіс. Қызметтік магнитті- резонансты томография негізінен сөйлеу, көру, есте сақтау , координацияны бағалайды
Позитронды эмиссионды томография — организм тіндерінің қызметтік белсенділігін, метоболизмін білуге арналған әдіс. Әр түрлі органдарға радиофармпрепараттарды енгізу арқылы жасалады.Неврологияда бас миының метоболизмін зерттеуде қолданылады.
Электрофизиологиялық зерттеу әдістері.
Жүйке бұлшықетті электротітіркенуін аппарат көмегімен тексеру:
Бұл гальвани және фарадиялық тоқ арқылы электротітіркендіріп анықтайды. Тітіркендіргенде бұлшықеттің қысқаруы туындайды. Фарадиялық тітіркендіргенде бұлшықеттің тетаникалық қысқаруы туындайды. Балаларда көптеген аурулар кезінде (Миопатия)тітіркенуі төмендейді.
Хронаксиметрия – нервті-бұлшықеттің функционалды жағдайын тексеруде қолданылады.Қалыпты жағдайда әр түрлі бұлшықеттің хронаксиясы-0,0001- 0,001с құрайды. Перифериялық паралич кезінде хронаксия ұзаруы мүмкін.
Электромиография – нервтер мен бұлшық еттердің электрлік белсенділігінің әртүрлі түрлерінің сапалы-сандық талдауына және тіркеуге негізделген функционалдық жағдайды бағалаушы әдістемелер кешені. Бұлшықеттің потенциалдық электрлік тербелісін тіркеуде қолданылады. бұлшық еттердегі электрлік құбылыстарды тексеретін тәсіл. Қимыл-әрекеттерін реттейтін нерв жүйесі зақымдануына байланысты неврологиялық тәжірибеде кездесетін бірқатар ауруларды анықтау үшін электромиографиялық зерттеу тәсілдері кеңінен пайдаланылады..
Функционалды диагностика әдістері ретінде ЭМГ негізгі мақсаттары болып табылады:
- Нерв-бұлшықет аппаратының зақымдалу деңгейін анықтау.
- Зақымдану топикасын және процесстің жайылғандығын анықтау.
- Зақымдау сипатын анықтау.
- Патологиялық процесстің айқындылық деңгейін анықтау.
Функционалды диагностика кабинетінде электромиография жүргізу үшін Nihon Kohden фирмасының EMG MEB-9400K электромиографы қолданылады.
Ультрадыбыс арқылы зерттеу – ультрадыбыстық зерттеу тіңдердің тығыздығын,сондай-ақ шекараларын анықтауда диагностикалық мақсатта қолданылады.
Балалар неврологиясындағы қосымша әдістер:
Медико-генетикалық әдістер – тұқым қуалайтын неврологиялық
ауруларды тексеру.
Биохимиялық тексеру әдістері – нерв жүйесі аурулар кезіндегі
белокты алмасу,аминқышқылдары, липидтердің құрамы мен сапасын
зерттеу үшін жүргізіледі.
КТ мен МРТ қолданылуы:
Бас сүйек ауруларында:
- Бас сүйек-ми жарақаты
- Бет бөлігіндегі сүйектерге метастаз берген жағдайда
- Бас миының даму ақаулары мен ауытқулары
- Бас миының қан тамырлық аурулары
- Бас миының ісіктері
- Бас миының демиелинизациялаушы аурулары
- Бас миының жұқпалы-қабыну аурулары
- Гипертензиялық- гидроцефальды синдром
- Көру мүшесінің және ЛОР мүшелерінің аурулары
- Бас сүйектерін және миды операция алдында және операциядан кейін зерттеу
Омыртқа мен жұлын ауруларында:
- Омыртқа мен жұлынның жарақаттары
- Омыртқа мен жұлынның даму ақаулары мен ауытқулары
- Жұлынның қан тамырлық аурулары
- Омыртқа мен жұлын ісіктері
- Омыртқа ауруларының дегенеративті – дистрофиялық өзгерістері
- Жұлын мен омыртқаның қабыну аурулары
- Омыртқа мен жұлын аурулары мен зақымдануларының консервативті және оперативті ем нәтижелерін бағалағанда.
КТ жасауға көрсеткіштер:
- —бас сүйек миының жарақатының мумкін болу салдары: бас сүйек ішілік, субарохноидальды, субдуральды қан құюлар кезінде
- — операция эффективтілігін бағалауда;
- — ісікке күдіктенгенде және екіншілікті зақымдануларда;
- — қабынулық процесстерге күдіктенгенде (абсцесс);
- — бас сүйек негізіндегі және сводтағы өзгерістерде;
- -( ОНМК) жедел ми қан айналымының бұзылуында;
- -Даму аномалияларында ;
- — кома белгісіз генеза.
КТ зерттеуін жасауға қарсы көрсеткіштер:
- Жүкті және бала емізетін әйелдерге;
- 18 жасқа дейінгі балаларға;
- Салмағы жоғары адамдарға;
- Гипс және металл заттар болса;
- Адекватты емес көзқарас (неадекватные поведение);
- Аса ауыр жағдайда
- Паркинсон ауруында
- Йод қа жоғары сезімталдық(с контрастным усилением )
- Салмағы 150кг аспау
- клаустрофобия
КТ контрастпен:
- Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі;
- Жағдайы ауыр науқастарға;
- Қалқанша без ауруы бар науқастарға;
- Йод-қа аллергиясы бар науқастарға.
МРТ жасауға негізгі көосеткіштер:
- Мидың қан тамырлық аурулары () қан құйылу, геморрагиялық және ишемиялық инсульт
- Ішкілік қан ағумен көрінетін бас миының жарақаты мен бас миының соғылуы
- Бас миының ісіктері
- тугоухость (есту мен сөйлеу бұзылыстары)
- Бас ауруы
- Көпір –мишықтық узел ісігі
- Нерв жүйесінің инфекциялық аурулары (менингит, абсцесс, ВИЧ-инфекция)
- Праксизмальды жағдайлар
- Ми қан тамырларының аномальды дамуы(аневризмы, тромбоз)
- эпилепсия
- Селлярлы аймақтың патологиясы(аденомы гипофиза)
- шашыранды склероз
- синусит
- Бас сүйек негізінің патологиясы
- Нейродегенеративті аурулар
МРТ зерттеуін жасауға қарсы көрсеткіштер:
- Науқастардан шешуге келмейтін, өмірге қажетті қызметтердің металл қондырғымен жабдықталу (кардиостимулятор,инсулинді попма, хирургиялық металл скобка, жүрек қақпақшаларында протез, бас миындағы тамырда қан тоқтатушы клипсалардың болуы, ӨЖЖ қондырғылары және т.б.);
- Клаустрофобия (жабық кеңістіктен қорқу-тоннел аппаратының ішінде болғанда паникалық ұстамалардың болуы);
- Декомпенсациялық жүрек жеткіліксіздігі;
- Жүктілік және баланы емізетін әйелдерге контрасты МРТ жасауға болмайды, себебі контраст ұрыққа және жаңа туган нәрестеге әсер етеді;
- Бүйрек патологиясы бар науқастарға, себебі контрасты зат бүйрек арқылы сыртқа шығарылуы қиындайды;
- Басылмайтын тырысу синдромы;
- 7 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.