Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергия мен қамтамасыз етеді. Клеткаларды құру үшін , сол себепті әр түрлі жағдайда емдем-терапиасы қолданылады. Су адамның бір тәуіліктегі тиімді тамақтану рационы(1280-3000ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тыеандарды қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді. Олар құнарлықпен өлшенеді. Ағзадағы1kg ақуыздың тотығуынан -4kkal, 1g майдан -9kkal, 1kg көмірсудан -4kkal энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуіліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сайкес құрастырылуы керек. Өсімдік -40g, жануар майы-85-90g көмірсулар-400g-500g , төріт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3kg дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыс пен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан ауруларда енергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералды заттар, ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін “құрылыстық” заттар болып табылады. Сау адам қалыпты жағдайда 4мезгіл тамақ ішіп отыруы керек.

2.1 Тағам статусы бойынша тамақтанудың адекваттылығын бағалау әдістері және негізгі тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығын бағалау

Денсаулық – кез келген тірі ағзаның, оның барлық дене мүшесі өзінің негізгі қызметін толық атқара алғандағы қалыпты жағдайы, яғни ауру-сырқаудың болмауы. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша дүниежүзі халқының ауруының 80% тамақтанумен байланысты. Осыған байланысты,  денсаулықты сақтау үшін, жоғарыда аталған ауруларға шалдықпау және аурудан айығу мақсатында «дұрыс тамақтануды» ұсынылады.

Дұрыс тамақтану- тамақ ішу режимін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, энергия кірісі мен шығынының тепе-теңдігін сақтау.

Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру үшін 4 деңгеге бөлеміз. Күнделікті рацион нормасы.

  • 1-деңгейі – бидай өнімдері: нан, жарма бұйымдары, макарондардан тұрады. Көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттарға бай. Бұл тағамдардың тәуліктік калориясы 40% болады. Күніне 1,5 кг.
  • 2-деңгейі — жемістер мен көкөністерден тұрады. Бізге мол дәрумендер мен минералдық заттарды береді. Ағзамыздың қартаюын тоқтатады. Калориясы 35 % немесе күніне 400гр
  • 3-деңгейі — ет, балық, бұршақ өнімдері, жаңғақтар, жұмыртқа және сүт өнімдері. Бұл өнімдер ақуыз, дәрумендер, темір, және т.б. Олардың майлылығы төмен болғандығы жөн. Күнделікті калориясы 20%.
  • 4-деңгейі — жануарлар майы мен өсімдік майы бар тағамдар, тәттілер, құрамында майлылығы жоғары өнімдер (соустар, колбаса, майлы ет, тәтті тоқаштар), қант, құрамында қанттың мол мөлшері бар өнімдер(тәтті сусындар , сироптар, кондитерлік тағамдар) кіреді. Күнделікті тұтыну мөлшері 5% аспау керек.

Дұрыс тамақтану ережелері:

1.Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде жүруі қажет:

Таңертеңгілік ас

7.30 – 8.00

25%

Екіншілік таңертеңгілік ас

11.00 – 11.30

10%

Түскі ас

14.00 – 14.30

35%

Түстенкейінгі ас
16.30 – 17.00

10%

Кешкі ас

19.00 – 20.00

20%

2.Толықтай шайнау;

  1. Тойып тамақтанбау;
  2. Ас қабылдау аралығын сақтау;
  3. Сұйықтық 2-3 литр;
  4. Тағамды аз мөлшерде дайындау;
  5. Көкеністерден жаңа сығылған шырындар ішу;
  6. Қантты қолдану мөлшерін азайту;
  7. Салауатты өмір салтын ұстану;
  8. Миды тынықтыру.

Тағам дайындау үшін алынған осы және басқа да азықтардың құрамындағы тағамдық заттарды осы жолмен анықтайды.

  1. Тағам дайындау үшін алынған жеке азықтардың құрамындағы тамақтық заттарды есептеу кезінде табылған мәліметтерді бір-біріне қосып осы қосындылардан кулинарлық өңдеу кезінде жоғалған тамақтық заттарды алып тастап әрбір тағам түріндегі, тағамды жеке қабылдаулар бойынша және тәуліктік рациондағы:

– белоктардың жалпы санын, оның ішіндегі жануар текті белоктардың пайыздық санын;

– майлардың жалпы санын, оның ішіндегі жануар текті және өсімдік майларының пайыздық санын;

– көмірсулардың жалпы санын, оның ішіндегі моно- және дисахаридтердің, крахмал мен клетчатканың пайыздық санын;

– кулинарлық өңдеу кезіндегі шығынын ескеріп А, С, В, В, РР, Д дәумендерінің санын;

– кальций, фосфор, темір, магний сияқты минералды заттардың санын және Са: Р, Са: Мg арақатынастарын анықтау.

Белок, май, көмірсулардың шығынын келесі түрде анықтайды: мысалы, рационның құрамында белок-35,15 г, аралас рациондағы белок шығыны 6 (жоғарыдан қара) граммен берілген түінде ол келесіге тең

  1. Жоғарыда анықталған белоктардың, майлардың, көмірсулардың сандарын, олардың әрқайсысына тиісті калориялық коэффициенттеріне (белоктар үшін-16,8 (4), майлар-37,7 (9), көмірсулар-16,8 (4) кДж/г (кКал/г) көбейтіп тағам түрінің, тағамды жеке қабылдаулар бойынша және тәуліктік рационның энергиялық құндылығын анықтау.
  2. Рационның жалпы энергиялық құндылығын 100 % деп алып, рационның белоктармен, майлармен, көмірсулармен қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығының пайызын анықтау.
  3. Тағамды әбір қабылдау кезіндегі калориясы тәуліктік рационның калориясының қанша пайызын құрайтынын бағалау.
  4. Белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және рационның энергиялық құндылығын зерттеуге алынған адамға энергия мен тамақтық заттардың қажеттілігімен салыстырып тамақтанудың саны мен сапа жағынан адекваттылығын бағалау.
  5. Рационды тұтасымен алғанда, және де белоктары, майлары, көмірсулары, минералды заттары балансталғандығын бағалау.
  6. Тамақтану режимін бағалау.
  7. Тағамның әртүрлілігін және ең құнды азықтардың (ет, жұмыртқа, сүт, сүт өнімдері т. б.) болуын көрсету.
  8. Тағам рационының саны мен сапасы жағынан адекваттылығы, балансталғандығы, тамақтану режимінің дұрыс таңдалғандығы, тағамның әртүрлілігі және құрамында құнды азықтардың болуы жөнінде қорытынды беру.
  9. Анықталған кемістіктерін түзету жөнінде ұсыныстар беру.

Ұтымсыз тамақтану, яғни тәуліктік ас мәзірінің калориялылығы тәуліктің энергия шығынынан кем болса, энергиялық теріс теңгерістікті дәлелдейді. Яғни, пайда болған энергиялық тапшылықты жою үшін ағзаның барлық қорын пайдалану. Бұл үшін барлық тамақтық затта, оның ішінде белоктар да энергия өндіру үшін пайдаланылады. Сондықтан, энергиялық теріс теңгерістік калориялық –белоктық жетімсіздігінің бірлескен кешені болғандықтан, алиментарлық дистрофия, маразм, квашиоркор сияқты ауыр аурулардың қалыптасуына негізгі себебі деуіміз керек.

Егерде тағамның құндылығы қажетті энергиялық шығыннан едәуір артық болса,бұл да адамға мәні зор жағымсыз зардап. Артық дене салмағы, семіздік, атеросклероз, гипертониялық ауру т.б . ауру дамып- көбеюіне пайдалы энергетикалық балансты береді. Бұлардан басқа гастрит, дуаденит, асқазан жарасы, ұйқы безінің қабынуының пайда болуы тамақтану тәртібінің бұзылуына байланысты.

Адамның энергетикалық шығынының негізгі түрлері: негізгі зат алмасу, еңбек етудің әртүрлі іс-қимылы, тұрмыстық және үй шаруашылық жұмыстар, спортпен шұғылдану т.б. және астың арнайы динамикалық әсері.

Негізгі зат алмасу энергиясы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің міндеттерін бір қалыпты сақтау үшін жұмсалады, яғни, жүректің, қан алмасудың, дем алудың, зат алмасудың, бүйректің т.б. дұрыс қызмет атқаруына арналған.Есейген адамның негізгі алмасу энергиясының шамасы 1200-1700 ккал. Әйелдердің негізгі алмасу энергиясы еркектерден 5-10 пайыз кем, ал балалардыкі 10-15 пайызға артық.. Іс жүзінде негізгі алмасуды есептеу әдісімен мына 1 және 2 кестелерді пайдаланып, анықтауға болады.

Астың арнайы динамикалық ( ААД ) әсеріне жұмсалатын энергия тамақты қарын және ішектерге қозғалуы мен қорытылуына ағзаға қажетті заттарға айналуына жұмсалады.Бұл энергия негізгі алмасудың 10% дейін жетеді.

Адамның әртүрлі тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия ( реттелген энергиялық шығын ) қол жұмыстарының ауырлығы мен көлеміне қарай анықталынады. Өндіріс барысы ( процесс ) қаншама қол жұмысын пайдаланып, қара күшті қолданса, соншама энергия шығыны да көп.

Медициналық Ғылым Академиясы жасына, жынысына, еңбек әрекетіне т.б. байланысты әртүрлі топтағы халықтың бір тәулікте жұмсалатын қажетті энергиясы мен негізгі тамақтық заттардың физиолигиялық шамасын белгіледі. Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген еңбекке жарамды халықты еңбек қарқынына байланысты топқа бөлінуін келтірейік.

1-топ.Ой еңбегінің қызметкерлері: кәсіпорындар мен мекемклердің басшылары, қара күшті пайдаланбайтын инженерлік-техникалық қызметкерлер,хирургтер мен санитарлардан басқа медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, әдебиет пен мәдениет қызметкерлері, хатшылар, бухгалтерлер, диспетчерлер,операторлар т.б.

2-топ. Жеңіл жұмыс атқаратындар: тігіншілер,өндіріс тауарларын сатушылар, үй-тұрмыс қызметкерлері, эоотехниктер, мал дәрігерлері, байланыс пен телеграф,радиоэлектроника өндірісінің жұмыскерлері,аграномдар, инструкторлар т.б.

3-топ. Орташа ауыр еңбектің қызметкерлері: станокшылар, электриктер,жөндеушілер, машина жүргізушілер, тамақ және жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері, сатушылар, тұрмыстық-комунальдық және қоғамдық тамақтанудың қызметкерлері, ауыл шаруашылығының бригадирлері, теміржолшылар т.б.

4-топ. Ауыр еңбектің қызметкерлері: құрылыс жұмысшылары, механизаторлар, млшылар, бақшашылар,кеншілер,металлургтер т.б.

5-топ. Өте ауыр еңбектің қызметкерлері: шахтерлер, жер астының кеншілері, болат және шойын құюшылар,тасшылар, бетоншылар, жер қазушылар, жүк тасушылар т.б. механизацияланбаған өнеркәсіп қызметкерлері.

          Тиімді   тамақтану   дегеніміз   –   тамақ   ішу режимін бұзбай,   күнделікті   рациондағы   негізгі қоректік заттектер мен биобелсенді заттектердің организмге қажетті үйлесімділігін сақтай отырып, қуаттың   кірісі   мен   шығынынын   тепе-теңдігін сақтау.

Тиімді тамақтану  арқылы  ағзаға ете  қажетті пластикалық энергиялық заттектер тағаммен бірге түсіп отырады. Организмге қажетті нутриенттердің мөлшері адамның өмір сүру ортасындағы жағдаяттарға, оның жасына, жынысына, атқаратын жұмысына, байланысты ұлттық-этникалық ерекшеліктерше анықталады. Біршама дені сау, орта жастағы, аса ауыр еңбекпен айналыспайтьш адамға тәулігіне 2800-3000 ккал энергия жеткілікті. Энергия көзі – негізгі коректік (тағамдық) заттектер. Оларға нэруыздар (белоктар), майлар, көмірсулар жатады. Осы қоректік заттектердің ең оңтайлы өзара қатынасы 1:1, 1:3, 5-4 болып есептеледі. Көрсетілген арақатынас сақталған жағдайда адамның тамақтануы үйлесімді деп саналады. Организм күнделікті қажет қуатгы 12-15 пайыз нәруыздардың, 30-35 пайыз майлардың және 53-56 пайыз көмірсулардың алмасуынан алуы керек. Тиімді тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын тағами факторларды (кейбір амин қышқылдары, полиқанықпаған май қышқылдары, кейбір витаминдер, микро- және макроэлементтер, липотроптық заттектер, тағами талшықтар) міндетті түрде өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен алып отыруы қажет. Жоғарыда аты аталған заттектермен организмді толық қамтамасыз ету үшін рационға әр түрлі тағамдың өнімдер енгізілуі шарт, мысалы, жануар өнімдерінде болатын кейбір амин қышқылдары өсімдікте болмауы мүмкін. Сондықтан нәруыз көзі ретінде жануар өнімдері мен өсімдік өнімдерінің нәруыздары 55-45 пайыз немесе тепе-тең (50:50%) арақатынаста болғаны дұрыс, ал жануар майлары мен өсімдік майларының арақатынасы 2:1 болуы керек. Көмірсуларды көбінесе полисахаридтер күйінде қабылдаған жөн.Тиімді тамақтану мен үйлесімді тамақтану деген ұғым тамақ ішу режимін сақтауды да қамтиды. Қазіргі дамыған елдердегі тамақтану ережелерінің бұзылуын былайша жіктеуге болады:

  • Тамаққа биологиялық құндылығы аз (мысалы, қант, т.б), ал   энергиялық құндылығы жоғары рафинадталған (тазартылған) өнімдерді көп пайдалану;
  • Тамаққа    құрамында    қаныққан май қышқылдары мол жануар өнімінен алынған майларды көп пайдалану;
  • Тамақ құрамында тағами талшықтардың аз болуы (қажетті мөлшердің 1/3-і ғана);
  • Микроэлементтер (темір, кобальт, мырыш, йод) тапшылығы;
  • Дәрумендер тапшылығы;
  • Ас тұзын қажетті мөлшерден көп пайдалану.

2.2 Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу шаралын ұйымдастыру негіздері

Тамақтанумен байланысты ауруларды алиментарлық аурулар деп атайды.        Тамақтан улану дегеніміз – микроағзалармен зақымданған және құрамында бактериялы токсиндері бар өнімдерді қолданғанның мәтижесінде пайда болды.

Тамақтан уланудың негізгі үш түрін ажыратады.

  • микропты тағаммен улану
  • микробсіз тағаммен улану
  • этиологиясы анықталмаған улану

Оларды стафилококтар, стрептококтар, ішек тақшалары және басқа да қоздырғыштар тудырады.

Тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел (сирек созылмалы), қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру болып саналады. Таралу жолы – алиментарлы, берілу жолы – тағам өнімдері арқылы ауыздан тағаммен түскен қоздырғыш асқазан-ішек (АІЖ) жолдарына өтіп, экзотоксин бөледі. Сол себепті ішек қабырғасының өткізгіштігі жоғарылайды. Жасырын (инкубациялық) кезеңі 30 минуттан 24 сағатқа дейін.

Негізгі белгілері: жүрек айнуы, іш өту, іштің ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы, уыттану, әлсіздік, бас ауру, сусыздану (дегидратация), минералсыздану (деминерализация), ацидоз байқалады. Асқынған жағдайда дегидратациялық шоққа, жедел жүрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

Тағамнан улану факторларының әр түрлілігіне қарай жалпы белгілерін атап көрсетуге болады:

– аурудың жедел, кенеттен басталуы;

– бір топ адамдарда аурудың бір уақытта басталуы;

– аурудың бір түрлі тамақты немесе тағам өнімін пайдаланумен байланыстылығы;

– тағамды қолдану жеріне немесе сатып алу орнына байланысты аурудың территориалды шектелуі;

– тағамнан улануға себеп болған түрін немесе тағам өнімін жойғаннан кейін аурудың жаңа жағдайының тіркелмеуі. Микробтық тағамнан улану адамнан сау адамға берілмейді және осы белгісі арқылы жұқпалы аурулардан ерекшеленеді. Кейбір тағамнан улануларға (микотоксикоздар, сынап, кадмий, пестицидтер және т.б.) жедел басталу және қысқа ағымдылық тән емес, яғни клиникасы ұзақ және созылмалы түрде көрініс береді. Тағамнан уланғанда науқастарға медициналық көмек көрсетуге бағытталған барлық емдік шаралар емдеу сауықтыру мекемелерінде жүргізіледі.

Алдын-алу шаралары:

– емдеу-сауықтыру мекемелерінде (ЕСМ), мектеп, бала-бақша асханаларында жұмыс жасайтын қызметкерлердің мерзімінде бактериологиялық зерттеуден өтуі;

– тері аурулары немесе қолында іріңді жарақаттары бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілмеуінің қадағалануы;

– тағам дайындау технологиясы режімінде, дайындалуында, сақталуында, тасымалдануында санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң орындалуы;

– тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау және тағамның бетін ашық қалдырмау;

– консервілердің жарамдылық мерзіміне назар аудару, ісінген (бомбаждалған) болса пайдаланбау;

– ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды сабындап жуу;

– тек қайнатылған су ішу;

– көкөністер мен жемістерді үнемі жуып пайдалану;

– ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдаланбау;

– үйдегі қоқыстарды уақытылы шығару болып табылады.

Тағамнан уланудың алдын-алу шараларын қатаң сақтап, ауырмаудың жолын іздеу өз қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Эпидемиологиясы:қоздырғыштардың табиғатта таралуы өте жиі кездеседі. Инфекция көздері пневмониямен ауыратын адамдар маститпен зардап шегуші жануарлар. Зақымдалу жолы: алиментарлы Бактериялардың токсин бөліп шығаратын штаммаларымен инфекцияланған тағамдарды қолданғанда ауру туады. Таралу факторлары: бактерияларға қоректік орта болып табылатын кез келген тағамдық өнімдер ТТИ шақыратындардың токсиндері жоғары. Топтық, экспозивті аурулармен сипатталады. Мезгілдік байқалмайды, бірақ жазғы мезгілде жиі кездеседі.

2.3. Ботулизм мен сальмонеллез алиментарлық ауру ретінде

Сальмонеллез – сальмонелла туыстастығына жататын бактериялар шақыратын инфекциялы ауру. Оның жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады. Негізгі клиникалық белгілері: іш қуысының ауырсынуы, лоқсу, құсу, іш өтумен сипатталады. Науқастың температурасы 38-39оС, ал кейде 40оС-қа дейін көтеріледі. Ауыр түрімен уланатын болса, тіпті өніммен аяқталу мүмкін. Бұл бактерияларды алғаш рет 1885ж. Америка ғалымдары Дж.Смит пен Д.Е. Сальмон обамен ауырған шошқалардан тапқан. Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді. Олар суда 5, ет-шұжық, сары майда 4 айға, сүтте 20 күнге, ірімшікте 1 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Малға беретін жемдерде 10 ай, топырақта 18 айға дейін сақталады. Сальмонеллар — негізінен көптеген жабайы және үй жануарларының ішек жолының қалыпты микрофлорасы. Адамдарға Сальмонеллез әр түрлі үй жануарлары мен құстардан жұғады. Ауру, әсіресе, нәрестелер мен қарт адамдарда ауыр өтеді. Ауруды лаб-да арнайы бактериол. (қан, нәжіс, құсық қалдығы, т.б. алынады) және серол. әдіспен (Видаль реакциясы, т.б.) анықтайды. Емі: асқазанды жедел жуып-шаяды, дененің улануын әлсірететін, жоғалтқан тұз-су балансын қалпына келтіретін әр түрлі сұйықтықтарды тамырға құю, витаминдер, бактериофагтар, антибиотиктер (левомицетин, циклофлоксацин, т.б.) қабылдау. Сальмонеллез бен күресу және оның алдын алу үшін сан.-гигиен., ветеринар. және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі.

Сальмонеллездің клиникасы

Сальмонеллездің клиникалық классификациясы

  1. Гастроинтестинальды форма (99%):
  • гастриттік вариант;
  • гастроэнтериттік вариант;
  • гастроэнтероколиттік вариант.
  1. Генерализденген форма:
  • Сүзек тәрізді вариант (сирек);
  • септикопиемиялық вариант (өте сирек);

III. Бактериобөлушілік:

  • жедел (3 айға дейін);
  • созылмалы (3 айдан көп);
  • транзиторлы.

Гастроинтестинальді форма

Инкубациялық кезең: 2-6 сағаттан 2-3 күн; ауруханаішілік инфекция кезінде 8-10 күн.

Бастапқы кезең. Басталуы жедел интоксикация симптомдарынан (әлсіздік, бас ауыру, қалтырау, дене қызуының 38-39оС көтерілуі, денедегі ауырсыну).

Өршу кезеңі. Аурудың 1,2,3 – күнінде ас қорыту жолдарының зақымдалу белгілері пайда болады (жүрек айну, құсу, іш өту, түрлі сипаттағы іштегі ауырсыну). Құсу көп ретті, нәжісі тәулігіне2-3 реттен 15-20 ретке дейін, көп мөлшерде, шырышпен араласқан, жасыл түсті (гастроэнтероколиттік вариант кезінде) немесе патологиялық қосылыстарсыз. Қызба 2-3-4 күн бойы, диарея – 5-7 күн, сирек 10 күн.

Кейде түрлі дәрежедегі сусыздану синдромы даму мүмкін.

Сүзек тәрізді форма

lБастапқы кезең гастроинтестинальды форма түрінде немесе онсыз тек интоксикация синдромымен өту мүмкін (бас ауру, жоғары температура, қалтырау, әлсіздік).

lӨршу кезеңі:

  1. қызба (38-39оС) толқын тәрізді немесе дұрыс емес типті 10-14 күн;
  2. салыстырмалы брадикардия;
  3. адинамия, бас ауру, ұйқысыздық;
  4. Тері бозғылттығы;
  5. Кеуде, іш терісінде розеолезді бөртпе;
  6. Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы;
  7. Іш кебу.

Септикопиемиялық вариант

  • Бастапқыкезең: қысқа гастроэнтерит типі бойынша.
  • Өршукезеңі:

Термен, қалтыраумен гектикалық қызба;

Бас ауру, сандырақ даму мүмкін,

миалгиялар;

Терісі бозғылт немесе жасыл-сары түсті;

геморрагиялық бөртпе (петехиялар);

Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы;

Екіншілік ошақтар (пневмония, плеврит, абсцесстер, эндокардит, пиелит, артрит, остеомиелит және т.б.).

 

Сальмонеллез кезіндегі нейротоксикоз

ЖІИ диагностикасы төмендегілердің негізінде жүргізіледі:

Әр нозологиялық формаға тән клиникалық белгілер.

Мысалы:

  • Дизентерия кезінде:интоксикация синдромы фонында дистальды колит белгілерінің болуы (жиі, аз мөлшерде сұйық нәжіс, нәжісте шырыш, қанның болуы, тенезмдер, жалған шақырулар, тығыз және ауырсынатын сигма);
  • Холера кезінде:«күріш қайнатпасы» типті жиі, көп мөлшерлі нәжістің, жүрек айнусыз көп ретті құсудың, қызбасыз сусызданудың , іштегі ауырсынусыз интоксикация синдромының болуы.

Эпидемиологиялық мәліметтер: анамнезінде ұқсас симптомдары бар  науқастармен контактінің болуы, таралу факторы ретінде болған сапасыз тағам өнімдері мен суды қолдану.

Лабораторлы мәліметтер:

  • спецификалық:
  • Нәжіс, құсық массаларын, асқазанның жуынды суларын бактериологиялық зерттеу;
  • Серологиялық зерттеу (ИФА, РА және РПГА).
  • Бейспецификалық зерттеу тәсілдері:

— Қанның жалпы анализі;

— Зәрдің жалпы анализі;

— копрограмма.

Аспаптық зерттеу әдістері:

  • — ректороманоскопия;
  • — колоноскопия.

ЖІШ емі:

ЖІИ аурыған науқастарды госпитализациялау жүргізіледі:

Емі кешенді:

  • төсек тәртіп;
  • Қоздырғыштардың сезімталдығын ескеріп, этиотропты препараттар;
  • дезинтоксикациялық препараттар;
  • Регидратациялық ерітінділер;
  • симптоматикалық препараттар;
  • сорбенттер;
  • эубиотиктер.

Жедел ішек инфекцияларының профилактикасы

  1. Вакцинация (кейбір аурулар кезінде).
  2. Елді мекендерде сумен қамтамасыз ету мен санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде санитарлы-гигеналық шараларды жүргізу .
  3. Күнделікті эпидемиологиялық бақылау.

Ботулизм (аллантиазис, ихтиизм) – ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипаталатын жедел токсико-инфекциялық ауру.

Ботулизм – барлық жұқпалы аурулар арасында сирегірек кездесетініне қарамастан ол өзекті мәселелі ауру. Барлык елдердегідей, Қазақстанда да ботулизммен аурудың басым көпшілігі (89%) үйде дайындалатын тағам өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, көкөніс консервілері, үйде дайындалған балықтар т.б.) пайдалануымен байланысгы. Ботулизмнің клиникалық және эпидемиологиялық мәні аурудың ауырлығымен, жоғары өлім-жетімділігімен (15-25%) және тағам өнімдерін үй жағдайында консервілеу масштабының есуімен анықталады.

Тарихи мәліметтер. Қанды шұжық қолдануына байланысты, ауру Византияда ІХ-Х ғғ белгілі болған. Шұжықтан улануды Германияда 1815 ж. Ю. Кернер анықтаған. Осы уақыттан бері бұл сырқат «ботулизм» және «аллантиазис»- деген атау алды (латынша – botulinum шұжық грекше — аІІапеtі asis — шұжықтық өнім). Ресейде 1818 ж. тағам ретінде тұздалған балықты қолданғаннан кейін паралитикалық (салданулық) ауру дамыған болатын және ол ихтиизм атауын алды. Бірақ ихтиизм термині аса көп қолданылмады және бүкіл әлемде тек ботулизм термині қолданылады.

Этиологиясы. Қоздырғышы – Clostridium botulinum – Clostridium тегіне, Bacillacea тұқымдастығына жатады. Бұл қоздырғыш анаэробты, спора түзетін таяқша. Антигендік құрылымы бойынша токсиннің 7 түрін ажыратады А, В, С, Д, Е, Ғ, С. Соның ішінде адамға зиянды төртеуі ғана — А, В, Е, Ғ.

Ботулизм қоздырғышының көрінісі

Өсуі мен токсин түзуінің оптимальді температурасы 28-35°С. Споралар өте төзімді: 100°С температурада 5сағаттан кейін, ал 120°С температурада 30 минут ішінде өледі. Клостридияның вегетативті түрі ботулотоксин бөледі. Қоздырғыштың вегетативті      түрлері   кайнатқаннан    кейін   2-5   минутта   жойылады.

Ботулотоксин – нейротоксиннен, гемагглютининнен және токсикалық емес белоктан тұратын комплекс. Ол табиғаттағы өте күшті улардың біріне жатады.

Эпидемиологиясы. Ботулизм сапрозооноздарға жатады. Ботулизм   кезінде  қоздырғыштың   негізгі резервуарлары:

  • жылықанды жануарлар (көбінесе шөпқоректілер)
  • салқынқанды (балықтар, шаян тәрізділер, моллюскалар)
  • сыртқы орта (жер қыртысы, көлдердің, теңіздердің лайы).

Ботулизмнің 3 түрі бар:

  1. тағамдық ботулизм
  2. жарақаттық ботулизм
  3. нәрестелердің ботулизмі

Ең жиі кездесетін түрі  — тағамдық ботулизм. Жұғу жолы: алиментарлы, токсин дамыған тағамдық
азықтар арқылы (үйде консервіленген ет, көкөністер, саңырауқұлақтар, үйде тұздалған сан еті (окорок), тұздалған және қақталған балық. Жарақаттық ботулизм әртүрлі жарақаттанған тері арқылы жұғуы мүмкін. Топырақпен бірге түскен споралар шартты анаэробты жағдай туылған кезде вегетативті түріне ауысып токсин түзеді.

Нәрестелердің ботулизмі — емшектегі баланың асқазан — ішек жолына  қоздырғыштың споралары түскен жағдайда дамуы мүмкін. Нәрестелердің ас қазанының микрофлорасының ерекшелігіне байланысты споралар вегетативті түріне ауысып, олар токсин түзеді.

Патогенезі. Тағамдық ботулизмнің даму механизмі:

  1. Ботулотоксин асқазан-ішек жолына  түседі. Протеолитикалық ферменттердің әсерінен  ботулотоксиннің күші жоғарылайды.
  2. Токсин қанға өтіп, қанқа бұлшықеттерінің парезін, қан тамырларының парезін шақырады, капиллярлардың сыңғыштығын жоғарылатады;
  3. Ботулотоксиннің әсеріне жұлынның  алдыңғы   мүйіздерінің үлкен
    мотонейрондары өте сезімтал: бульбарлы және паралитикалық синдромдар дамиды (әртүрлі бұлшықеттердің, соның ішінде қолайсыз кездейсоқ жағдайда — тыныс   мускулатурасының парездері және параличтері).
  4. Шеткі моторлы жүйке-бұлшықеттер приборларына әсер етеді (ацетилхолиннің өндіруін тежейді);
  5. Токсинмен      парасимпатикалық     жүйке     жүйесінің     белсенділігінің
    төмендеуі,   гиперкатехолемияның  дамуы   (тамырлардың зақымдануы   және   олардың  тарылуы; бозару, бас айналу, көздердің алдында «тор» және «шіркей», АҚ жоғарылауы,  шырышты қабықтарының құрғауы, іштің қатуы) .
  6. Гипоксияның барлық түрлері (гистотоксикалық, циркуляторлы, гипоксиялық және гемиялық) дамиды. Тыныс алу бұлшықеттерінің парезінен тыныс алудың жедел жетіспеушілігі дамиды.

Патологиялық анатомиясында арнайы емес өзгерістер анықталады, олар терең гипоксияның белгілері. Барлық ағзаларда айқын гиперемия, соның ішінде асқазан-ішек жолының шырышты қабығында көптеген қан құйылулар, ми тінінде — тромбоздар, тамырлар эпителиінің дегенеративті-некрозды зақымдануы, протоплазманың вакуолизациясы, ганглиозды жасушалар ядроларының ыдырауы, жасушалар түрлерінің   өзгеруі, қаңқа бұлшықеттерінің зақымдануы, көбінесе кеуде, іш қабырғасының және қол-аяқтар бұлшық еттері «пісірілген» сияқты болады.

Клиникалық көріністері. Ботулизмнің жасырын кезеңі 2-12 сағаттан 7 күнге дейін созылады, жиі 18-24 сағат. Ботулизм жедел басталады. Алғашқы кезеңде ауру 3 клиникалық вариантта дамиды: паралитикалық, гастроинтестинальды және жалпы интоксикациялық.

Интоксикация симптомдары: бас ауыруы, бас айналу, бұлшықеттердің әлсіздігі, тез шаршағыштық, ұйқысыздық.

Гастроинтстинальды синдромның көріністері: жүрек айнуы, қайталама құсу, іш өту, ауамен кекіру, іштің кебуі, эпигастральды аймақтың ауру сезімі. Дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді болады.

Паралитикалық синдром офтальмоплегиялық белгілерден басталады. Көрудің нашарлауы, көздің алдында тордың пайда болуы, диплопия. Науқастарда аккомадация парезі пайда болады. Көру қызметі бұзылуына шағым жасаған науқастарды қарап тексергенде көз алмасының қозғалысының шектелгені,  карашықтың үлкейгені (мидриаз), қарашық реакциясының жарыққа болмауы, анизокория, птоз, страбизм, горизонтальды нистагм  байқалады. Корнеальді және коньюктивальді рефлекстер тежеледі. Ауыр жағдайда толық сыртқы және ішкі офтальмоплегия, көз алмасының козғалмауы және қарашық реакциясының болмауы байқалады. Көрудің бұзылысы бірнеше күн сақталуы мүмкін.

Жұтынудың бұзылысы дамиды. Жеңіл жағдайларда тамағында бір нәрсе тұрғандай сезім болады және қатты, құрғақ тағамдарды жегенде жұтынудың қиындауы байқалады. Ауру әрі қарай өршігенде жұмсақ және сұйық тағамдарды жұту қиындайды. Ботулизмнің ауыр түрлерінде жұтынудың толығымен болмауы байқалады. Кеңірдекасты мен жұмсақ таңдайдың парезі арқасында жұтылған сұйықтық трахеяға түсіп, жарты бөлігі мұрын арқылы төгіле бастайды.

Саливацияның бұзылыстарына тән: ауыздың шырышты қабатының құрғақтығы және гиперемиясы, жұмсақ таңдайдың қозғалғыштығының шектелуі, жұтыну рефлексінің төмендеуі сияқты өзгерістер болады. Дауыс қарлыққан және түсініксіз болып шығады. Афония, диартрия пайда болады.

Тыныс алу бұзылыстары байқалған кезде ботулизм ауыр жағдайда өтеді. Ауа жетіспеушілік, кеуденің қысылуы және ауру сезімі пайда болады. Тыныс беткейлік болады. Дауыс мұрындық қалып алады. Сирек бет бұлшықеттерінің парезі байқалады.

Жиі миастения кездеседі. Ауыр жағдайларда тыныс бұлшықеттерінің парезі дамиды. Ботулизм кезінде тыныс алудың бұзылуы мен тоқтап қалуы өлімнің себебі болып табылады. Жедел тыныс жетіспеушілігі кезінде тахипное және басқа да патологиялық тыныстар пайда болады. Гипостатикалық пневмония қосылады.

Ботулизм кезінде жүрек қан тамыр — жүйесі жағынан да функциональды бұзылыстар кездеседі. Жүректің шекарасы кеңейеді, тондардың тұйықталуы байқалады, өкпе артериясында II тон акценті пайда болады. Екінші аптада науқастарда миокардит пайда болуы мүмкін.

Реконвалесценция кезеңі баяу жүреді: 1-1,5 ай. Неврологиялық симптомдар кері шегінеді. Бірінші, тыныс алу және жұтыну қалыпқа келеді. Сосын офтальмоплегиялық синдромның регрессі басталады. Астения ұзаққа созылады.

Шеткі қанда лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ-ң жоғарлауы болады. Зәрде салыстырмалы тығыздығы төмендейді, бірлі жарым лейкоциттер, эритроциттер, сирек гиалинді және дәнді цилиндрлер пайда болады.

Асқынулары. Жиі науқаста аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпенің жасанды вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайда болады.

Ботулизмнің салыстырмалы диагностикасы басқа уланулармен (атропин және оның препараттары, белена, метил спирті, улы саңырауқұлақтар) және аурулармен (тағамдық токсикоинфекциялар, энцефалит, полиомиелит, кеңірдек дифтериясы, жедел ми қан айналымының бұзылыстарымен, ОЖЖ-ң әртүрлі ауруларымен) жүргізіледі.

Болжамы. Ботулизм кезінде сауығу ұзаққа созылады, 1-1,5 ай шамасында болады. Алдымен тыныс алу жәна жұтыну қабілеті қалпына келеді. Бас ауыру, көздің симптомдары, жүрек қантамыр жетіспеушілігі ұзаққа дейін сақталады. Әлсіздік (астения) бірнеше айлар бойы сақталып қалады. Ботулизммен ауырғаннан кейін сауығу толық болады. Ботулизмге қайтымсыз өзгерістер тән емес. Ботулизмнің болжамы емдеуіне байланысты. Адекватты терапия болмаған жағдайда летальділігі 25-30% құрайды.

Диагностикасы. Ботулизмнің диагностикасын эпидемиологиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеді.

Лабораторлық диагностика  науқастан алынған қан, құсық массасы, асқазанның шайынды суынан ботулотоксин және ботулизм қоздырғыштарын анықтауға негізделген. Емдік сарысуды енгізбестен бұрын көк тамырдан 8-10 мл қан алады. Ботулотоксинді нейтрализация реакциясы арқылы анықтайды, ал аурудың қоздырғышы қоректік орталарға (пепсин-пептон, Китта-Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы) себу арқылы анықтайды. Ботулизм иммунодиагностикасы науқастың қанындағы антитоксиндерді анықтауға негізделген.

Емдеуі. Ботулизммен науқастарды инфекциялық стационарларға міндетті түрде жатқызу керек. Емдеуінің негізін спецификалық және спецификалық емес дезинтоксикация құрайды. Барлық науқастарға асқазанды жуып- шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды.

Дезинтоксикация кезінде энтеросорбенттер (карболен, энтеродез, энтерол, смекта), вена ішілік кристаллоидты (трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) ертінділерді қолданылады.

Қандағы ботулотоксинді нейтрализациялау үшін емдік моновалентті ботулизмге қарсы сары сулар қолданылады. Сары су құрамында А, В, С, Е және Ғ типті антитоксиндері бар. Ботулизмге қарсы сарысу емдік және профилактикалық мақсатпен қолданылады. Қоздырғыштың анықталмаған түрінде 3 түрлі сарысу: А және Е дозасы 10000 ХБ және В-5000 ХБ қолданылады. В.И.Покровский және Ф.А. Туманованың пікірі бойынша сарысудың бірінші дозасы көптеу болу керек: А және Е түрінде 15000 ХБ, ал В түрінде 5000 ХБ. Аурудың ауыр кезеңінде ботулизмге қарсы сарысудың бірінші дозасы көктамырға енгізіледі. Сарысудың қалған дозалары бұлшықет ішіне енгізіледі: ауыр ағымында — әрбір 6-8 сағат сайын, ал орташа ағымында — тәулігіне 2 рет. Сарысумен емдеу узақытығы 4 күннен аспау керек.

Қоздырғыштың  вегетативті түріне қарсы антибиотиктерді  тағайындаймыз. Олардың ішінде  ең тиімді левомицетин. Жұту қабілеті сақталған болса 0,5 г. тәулігіне 4 рет  таблетка түрінде береміз. Емдеу ұзақтығы 7-10 күн. Жұту қабілеті бұзылған болса бұлшықет ішіне ерітілген левомицетин сукцинаты 1 г. тәулігіне 3 рет енгіземіз.

Соңғы жылдары ботулизмнің емінде гипербариялық оксигенация қолданылады. Оттегі қысымы 1,5-2,0 атм және экспозиция ұзақтығы 45-60 мин. болғанда жақсы нәтиже береді. Әрі қарай оттегі қысымы мен сеанстің ұзақтығын көбейткенде оттегілік уланудың дамуына әкеліп соғады.

Ботулизм емінің негізінде тыныс алу бұзылыстарымен және гипоксиямен қарсы күрес жатыр. Науқастарды жасанды өкпе вентиляциясына қосады.
Оның көрсеткіштері мыналар; тыныс бұлшықеттерінің парезі нәтижесінде өкпенің тіршілік сыйымдылығының 30% дейін төмендейді, бульбарлы бұзылыстардың өршуі, тахипноэ (минутына 40 реттен жоғары болса) өкпе ателектазы және өкпенің қабыну процестері. Пневмония дамыған кезде антибактериальды терапия, ішектің атониясында прозерин қолданылады. Науқастарға превентивті назотрахеальды интубация жасайды. Осы арқылы трахеобронхиальды бутасына санация жасауға болады. Ертерек жасалған назотрахеальды интубация апноэның алдын алады.

Науқастарды реанимациялаудағы негізгі принциптер:

  1. Ерте назотрахеальды интубация. Тыныс алуға әсер ететін механикалық әсерлерін жою үшін және жұтыну кезеңде, асқазанды жуу – шаю кезінде болатын аспирацияның алдын алу үшін қолданады.
  2. Трахеобронхиальды бутасын санациялау және стерильді тыныс алу аппаратын қолдану. Бұл пневмониядан сақтайды.
  3. Вентиляция уақытын қысқартып ерте спонтанды вентиляцияға көшу.
  4. Назогастральды зонд  енгізу. Асқазандағы қалып  қалған  қосындыларды шығару үшін асқазан 5%   натрий гидрокарбонат ертіндісімен 3-4 күн 1-2 рет тәулігіне жуып-шаю.
  5. Ертерек құнарлы энтеральды тамақтануға көшу.

    Алдын алу шаралары. Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайында дайындаған кезде ұқыпты болу керек. Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынан сақтау керек. Консервіленген тағамды стерилизациялауда  және сактауда қатаң бақылау жасау керек. Консервілерді стерилизациялау автоклавта 120°С температурада жүргізіледі.

Көтеріңкі келген консервілік банкілерді «бомбаж» пайдалануға болмайды. Тұрғын халықтарға үй жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты, жеміс-жидекті  консервілеудің қауіптігін түсіндіру керек. Үйде дайындалған консервілерді қабылдаудың алдында 10-15 минут қайнату керек, сонда ботулотоксин тіршілігін жояды.

Қорытынды

Дұрыс тамақтана білсең, өсіп жетілумен қатар өміріңді де ұзарта аласың. Тамақтану рационының  толық болуы елдің денсаулық жағдайын, өсу мен физикалық дамуын , жұмысқа белсенділігін, бейімделу қабілетін, өмір сұру ұзақтығын арттырады. Көптеген патологиялық жағдайларда диетотерапияның маңызы зор. Болашақ анаға тамақ ішкендежәне тамаөтан кейін екі сағат шай ішуге болмайды. Шайдың орнына компот, қайнаған су, кисель немесе шырынмен алмастырған жөн. Себебі шайдың құрамында тағамнан темірдің сіңуіне кедергі жасайтын танин болады. Темірдің жетіспеушілігі қан аздыққа әкеліп соқтырады.

Жоғарыда айтып кеткендей тамақтың құндылығы азықтың сапа көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Басқа маңызды сапа көрсеткіштерінің бірі-азықтың қауіпсіздігі.Патогенді микроағзалармен,паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен,микро ағзалардың уларымен ,ксенобиотиктермен ластануы кезінде азықта оған тән улы компоненттер және басқалардың болуы кезінде азық адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін,өйткені тағам инфекциялары ,гельминтоздар,тамақтан уланулар,онкологиялық аурулар және басқа патологиялар дамуының себебі болады.Сондықтан азықтың сапасы ,яғни оның тағамдық құндылығы және өауіпсіздігі осыларға қатысты ҚР нормативтік құжаттарында жазылған гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.

 

More To Explore

Share This Class:

Яндекс.Метрика