ТЕНИАРИНХОЗ

Тениаринхоз – қоздырғышы ауыз– нәжісті механизмі арқылы таралатын, көбінесе асқазан жолдарының зақымдалуымен, токсикалық – аллергиялық реакциялармен және диспептикалық бұзылу белгілерімен сиппаталатын антропанозды биогельминтоз. 

Этиологиясы

Қоздырушысы Taeniarhynchus saginatus (синон. Сиыр немесе қарусыз цепень) аш ішекте паразиттік өмір сүретін таспа тәрізді ірі цепень. Құрамында өте көп мүшелері (проглоттид) бар, оның әрқайсысында 150 мыңға дейін жұмыртқа бар, ұзындығы 7-10 м, басында 4 сорғышы болады.

Жұмыртқалары жұмыр, жұқа және мөлдір қабығында 6 қармағы бар, қоршаған ортада тез бұзылады. Әр бір жұмыртқада екі контурлы көлденең сызықты қабыршақпен қоршалған ұрық болады.

Сиыр цепенінің даму барысында иелері ауысып отырады. Ақырғы ие адам, аралық ие – ірі қара мал және де енеке (буйвол), зебу, қодас. Африкада сиыр цепені личинкаларының сирек жағдайда қарақұйрық пен киіктің денесінде паразиттік өмір сүргені тіркелген. Бірақ жабайы жануарлар тениаринхозды таратуға қатыспайды.

Эпидемиологиясы

Тениаринхоз барлық елдерде кездеседі, әсіресе Африкада, Азия және Балқан елдерінде кең таралған. АҚШ – та ірі қара малдың 1% – не дейін сиыр цепенімен залалданған. ТМД елдері ішінде Кавказда, Орта Азияда, оның ішінде Қазақстанда жиі тіркеледі. Сонымен қатар республиканың біраз облыстарында (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және т.б.) тениаринхозбен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 1,0 – ден асады. Сиыр цепенінің онкосфералары қоршаған орта әсеріне біршама төзімділік көрсетеді. Инвазия қоздырғышының жалғыз ғана көзі – тениаринхозбен ауыратын адам. Инвазияның берілу механизмі ауыз – нәжістік. Берілу жолы – алиментарлық, залалдану факторы – ірі қара малдың финноздық еті. Тениаринхоздың берілуі мынандай схемамен өтеді: инвазия көзі болатын залалданған адам (ақырғы ие) → инвазияланған материал түскен қоршаған орта объектілері → ірі қара мал, оның денесінің тіндері инвазияның берілу факторлары болады → қабылдаушы адам (болашақ ақырғы ие), цистицеркпен залалданған етті пайдаланса, инвазия қоздырғышының көзі болады. Сиыр цепенінің айналым циклінің шеңбері осылай тұйықталады.

Сиыр цепенімен инвазияланған адамдар 2-4 айдан кейін басқаларға жұқтырушы қабілетіне ие болады және ондаған жылдар бойы инкосфераларды бөліп отыруы мүмкін. Тениаринхозды қабылдаушылық жалпы барлық адамдарға тән. Дегенмен, ересектердің залалдануы, балалармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары. Ол тамақтануға, өндірістік – кәсіпқойлыққа және тұрмыстық әрекеттерге, әдет – ғұрыпқа, дәстүрге байланысты. Әйелдер, ерлерге қарағанда, көбірек залалданады. Соңғылардың ішінде бұл инвазия мал соятын мекеме, тамақ дайындаумен байланысты кәсіпқойлық (қасапшылар, ет комбинаттары, ет базары, ет дүкендерінің жұмысшылары, аспаздар) топтарда кездеаеді. Ауылдық жерлерде, әсіресе мал шаруашылығы жақсы дамыған аймақтарда, тениаринхозбен залалданушылық молырақ. 

Патогенезі

Цепень личинкасы адам ішегіне түседі, сол жеоде ас қорыту ферменттерінің әсерінен сыртқа аударылады (выворачивается). Және сорғыштарының көмегімен аш ішектің шырышты қабатына жабысады. 2,5-3 айдан соң ересек паразит дамып, мүшелер бөлінуі басталады. Цепень өмірінің ұзақтығы ондаған жылдарға жетеді.

Аурудың ерте кезеңінде гельминт метаболиттерімен ағзаның сенсибилизациялану әсерінен  жалпы аллергиялық көріністермен жүреді. Созылмалы ағымда цепень сорғыштары аш ішектің шырышты қабығын жарақаттайды. Осының әсерінен капиллярлы қанайналым бұзылады және шырышты қабатты зақымдайды. Айтарлықтай патогенетикалық рөлді паразитпен бөлінетін антифермент пен қожайынның нейтрализдеуші, ас қорыту ферменттері ойнайды. Тениаринхоз кезіндегі патоморфологиялық зерттеу ішектің шырышты қабатының катаральді қабынуын көрсетеді. 

Клиникасы

Тениаринхоз көп жағдайда симптомсыз өтеді. Патогномикалық белгілері болып – паразит буындарының фекалиймен бірге шығуы және дефекация актінен басқа уақытта буындардың (членики) белзенді жорғалауы болып табылады. Болінген буындар тері бетімен немесе киім устінде жорғалауы мүмкін. Басқа симптомдар спецификалық емес: әлсіздік, бас айналу, шаршау, раздражительность, іштегі ауырсынулар (кейде аппендикулярлы аумақта), тәбет бұзылысы. Кейбіреулерді арасында жүрек айну, қыжыл, іштің бұрмалануы, метеоризм, іш өтуі немесе қатуы мазалауы мүмкін. Асқазан секрециясының қыщқылтүзуші функциясының төмендеуі, тіпті кейде ахлогидрияғанемесе гиперсекресияға дейін әкелуі байқалады.

Қанда эозинофилия байқалады.

Бас айналу, бас ауру, естен тану, ұйқы бұзылысы. Сирек Меньер синдромы және эпит\лепиформды тырысулар байқалады.

Балаларда және әлсіз науқастарды мұрын қуысында, өт жолдарында, іш құ\уысында, ұйқы безі өзектерінде цепеннің локализациясы байқалады.

Диагностикасы

Диагнозды сенімді түрде қоюға дәреттен тыс уақытта цепень мүшелерінің өз бетімен, көбінесе түнде, сыртқа шығуын анықтау негіз болады. Гельминттің жетілген бунақтары мен жұмыртқаларын табу үшін зертханалық әдістермен науқастын артқы тесігі айналасындағы қыртыстарынан және нәжістен алынған нативті жағындыларды Като тәсілі бойынша қалың жағындыны, байыту әдісімен (энторобиоз кезіндегідей) дайындалған препараттарды микроскопта қарау қолданылады.

Сиыр цепенін шошқа цепенінен ажырату қажет. Ол үшін екі әйнекшенің ортасына қыстырылған препараттағы цепень бунағын жарыққа қарап анықтайды. Сиыр цепенінің 18-32, ал шошқа цепенінің 8-12 бүйірлік тармақтары болады. Сиыр цепенін ішек жолын рентгениен зерттеу арқылы да табуға болады. Сонымен қатар серологиялық реакциялар арқылы табуға болады.

Емі.

Емдеу тек стационарда ғана жүргізіледі.

Емдеу үшін празиквантелді 20-25 мг/кг дозасында 1 күн ішінде қабылданалы. Алдын ала екі күн ішінде майы аз, жеңіл тамақтану ұсынылады. Дайындақтың бірінші күнінде түнде тазалау клизмасы жүргізіледі. Емдеу алдында кешкі асты құрғақ нанмен тәтті шай ауыстырадлы. Кешке тұзды іш өткізетін дәрі (магний сульфат немесе натрий сульфат) тағайындалады. Кастор майын тағайындауға болмайды. Емдеу күні таңертең клизма қойылады, одан кейін аш қарында таблетканы береді. Препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң тұзды іш айдауцшы береді, 2 сағаттан соң – таңғы ас. Егер клизма қойылғаннан кейін 3 сағат ішінде нәжіс болмаса, тазалау клизмасы жасалады. Екі жасқа дейінгі балаларға препарат тағайындалмайды. Дегельментизациядан кейін 2 күннен соң осы диета қайта тағайындалады. Қарсы көрсетілім болып, жүрек-тамыр жүйесінің, бауырдың, бүйректің, қанның органикалық  аурулары, кәрі жас, асқазан ойық жарасы, менструация, кіші жамбастың қабынулық аурулары, жүктілік, емізу болып табылады.

Емдеу тиімділігін қадағалау 3-4 айдан соң науқасты сұрастыру , фекалий немесе анально-ректальді жағындыны тексеру арқылы жүргізіледі. Емдеуден соң науқас 2 жыл диспансерлік бақылауда болып, жылына 2 рет сұрастырылады. Патогенетикалық ем созылмалы гастродуоденит және басқа да қосалқы аурудар кезінде жүргізіледі. 

Алдын алу шаралары

Инвазия қоздырғыштарының көзі және ақырғы иесі тек қана адам болғандықтан, эпидемияға қарсы және медициналық алдын алу шаралары төмендегідей болады:

  • Инвазияланғандарды белсенді түрде табу, оларды есепке алу және дегельминтизациялау, инвазиядан толық арылғанға дейін емделгендерді диспансерлік бақылауға алу мақсатында тұрғындарды (қауіпті топтарды) жоспарлы түрде сақтандырып, ал қалған контингенттерді – эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша тексеруден өткізу;
  • Елді мекендердің, мал шаруашылық фермаларының, қоғамдық тамақ мекемелерінің, базар және басқа объектілердің санитарлық жағдайын үнемі тексеру;
  • Тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмысын кеңейту;

ҚОРЫТЫНДЫ 

Сиыр немесе қаруланбаған цепень (лат. Taeniarhynchus saginatus)- тениаринхоз ауруын қоздырушы паразит. Ересек күйінде адамдардың аш ішегінде паразиттік тіршілік етеді.

Адамның ең ірі паразиттік құрты, оның ұзындығы 10-18м жетеді. Сколексінде 4 сорғышы болады, ал қармақшалары болмайды, сондықтан оларды қаруланбаған цепень деп атайды. Стробиланың орта бөлігіндегі гермафродит буылтықтарында 1 мыңға жуық көпіршіктенген аталық бездер кездеседі, аналық безі екі бөлімге бөлінген. Жетілген буылтықтарында жатыр жұмыртқаларымен толтырылып 17-35 бүйір өскіншелерінің пайда етуіне ықпалын тигізеді. Әрбір проглоттидадағы жұмыртқалар саны 175 мыңға жетеді. Бір жылда паразит 2500 проглоттида ішінде олар ұзақ уақыт өзгеріссіз сақталады.

Патогенезі және клиникалық көріністері мынандай жағдайлармен анықталады: гельминт сорғыштарымен аш ішек шырышты қабатының механикалық жарақаттануы; ішектің жұрмей (жабылып) қалуы, ішек қабырғасының тесілуі, зат алмасуына гельминттің токсикалық әсері; гельминт тез өсу және даму процесі кезінде (жас гельминт тәулігіне 7-10 см ұзарады) тағамдарды пәрменді пайдаланатындықтан, адам организміне қажетті қоректік заттардың азаюы, осы себептен биологиялық құнды компоненттердің жетіспеушілігінің туындауы; инвазия ұзақтылығының бірнеше жылға созылуы.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика