Фебрильдік тырысулар – балалардың арасында жиі кездесетін жоғары температура кезінде +38 градустан жоғары кезде тырысулық синдроммен көрінетін неврологиялық бұзылыстар.Жоғары температура зат алмасуын бұзады,мидың қанайналымына әсер етіп фебрильдік тырысу дамуға миды дайындайды.

Этиологиясы.Кез келген инфекциялық үрдіс фебрильдік тырысулар дамытуы мүмкін.Әсіресе басты рольді герпестің 6-типі алады.Сонымен қатар тыныс алу жолдарының инфекциялары,отит,гастроэнтерит  де маңызды.Аурудың инфекциялық емес себептеріне:

-сүт тістердің шығуы кезінде болатын дене қызуы;

-эндокриндік,психогендік т.б генездік гипертермиялар кезінде;

Сонымен қатар,тұқым қуалаушылықтың да ролі айтарлықтай маңызды. 19р13.3, 19q, 8q13-q21, 2q23-34 осы гендерде бұзылыс жиі кездеседі.Балаларда бұл аурудың жиі кездесуі олардағы  нервтік жүйенің толық қалыптаспауынан және кейбір ішкі процесстердің әлсіздігімен түсіндіріледі.Фебрильдік тырысулар 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі.Кездесу жиілігі 2-5%

Фебрильдік тырысулар генерализацияланған эпилепсиялық ұстамалар түрінде көрінеді.Оның атипті және типті түрлерін ажыратады.

Типті ФТ – генерализацияланған ұстама түрінде көрініп,15 минутқа дейін созылады.ЭЭГ-да ешқандай өзгерістер болмайды.

Атипті ФТ-15 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады.ЭЭГ-да фокальды өзгерістер көрінеді.Генерализация мен латерализация көрінеді.Постиктальдық гемиплегия байқалуы мүмкін.

Жай және күрделі деген түрлерін ажыратады.Олар атипт және типті ФТ эквиваленті болып табылмайды.Күрделі ФТ 30 минуттан ұзаққа созылатын және 24 сағаттың ішінде рецидив болатын ФТ түрі болып табылады.

Диагностикасы кезінде диагнозды анамнезга қарай отырып және ұстаманың ағымына қарап(ұзақтығы,генерализация, латерализация, постиктальдық гемиплегия болуы),неврологиялық және соматикалық статусына баға бере  отырып қояды.

-МРТ және КТ қолданылады.

-Люмбальдық пункция және т.б әдістер қолданылады.

-Жалпы анализ,яғни қан және зәр анализі.

-ЭЭГ

Клиникалық көрінісі.Әдетте бірден естен танудан басталады.Сосын ступор дамиды.Баланың басы артқа қарай шалқаяды,консульваттік қимылдар басталады.Терісі сұрланып,көгілдір түске ие болады.Ұстама біраз уақытқа созылып, сосын бала есіне келеді.Тері түсі қалпына келеді.Бірақ баланың әлсіздігі сақталады.

Осы кезде алғашқы көмек біріншіден баланың қасында әрдайым үлкен кісілер болуы керек.Баланы жұмсақ әрі тегіс кереуетке жатқызу керек.Баланы бір қырынан басын төмен қаратып жатқызу керек.Баланың тынысын үнемі бақылап отыру керек.Тынысы тоқтаған жағдайда тез арада жасанды тыныс беру керек.Балада температура болғандықтан барлық терезе,есікті жауып киімін шешу керек.Егер температура тым жоғары болса,салқын суға матаны салып сулап баланың денесіне қою керек н/е қызуды түсіретін балауыз салу керек.Алайда,балаға пероральды жолмен дәрі бермеу керек.Ұстама тоқтаған да ғана пероральды беруге болады.Міндетті түрде дәрігерді шақыру керек.

Фебрильдік тырысулар ұстамасы кезінде диазепамды,лоразепам,фенобарбитал тағайындайды.ФТ кезінде антипретиктер тағайындау ұсынылады,яғни парацетомол,ибупрофен.Диазепамды 0,2-0,5 мг/кг/тәулігіне қабылдау ұсынылады.Лоразепамды 0,005-0,02 мг/кг/тәулігіне қабылдау керек. Фенобарбитал – 3–5 мг/кг/тәулігіне қабылдау керек.Сонымен қатар ыстықты түсірудің физикалық әдістерін қолдану да маңызды. Салқын суға матаны салып сулап баланың денесіне қою керек н/е қызуды түсіретін балауыз салу керек.

Болжамы 3 түрлі болжамды аспекттерге назар аударылады:ұстамалардың қайталануы,эпилепсияға айналуы мүмкін,интеллектуальдық және нейрологиялық жеткіліксіздік түзілуі мүмкін.Алайда бұл ұстамалар қайталанбай жазылып кету де кездеседі.

Фебрильдік тырысулар

 

Фебрильдік тырысулар – бұл 6 жасқа дейінгі балалардың арасында жиі кездесетін жоғары температура кезінде ,яғни +38 градустан жоғары кезде тырысулық синдроммен көрінетін неврологиялық бұзылыстар.Фебрильдік тырысулар әдетте сирек қайталанады,егер көп рет қайталанса демек ОЖЖ өзгерістер күрделі деген сөз.Сонымен қатар,бұл аурудың этиологиясын,клиникасын басқа аурулардан ажырата білу керек.Аты айтып тұрғандай бұл ауру жоғары температура әсерінен дамиды.

Қорытынды

Жалпы фебрильдік тырысу дегеніміз жоғары температура салдарынан дамитын тырысу болып табылады.Мен фебрильдік тырысудың этиологиясын,көрінісін түсіндім. Кез келген инфекциялық үрдіс фебрильдік тырысулар дамытуы мүмкін.Әсіресе басты рольді герпестің 6-типі алады.Сонымен қатар тыныс алу жолдарының инфекциялары,отит,гастроэнтерит  де маңызды.Сонымен қатар,алғашқы көмек көрсету жолдарын ұғындым.Қандай дәрі беру керек екенін білдім.

Share This Class:

Яндекс.Метрика