Аускультацияның ашылу тарихы

Аускультация  әдісі  Гиппократтан бастау алады. Оның еңбектерінде плевраның үйкеліс шуылы “теріден жасалған белдіктің сықырына”,                          ал ылғалды сырыл уксустың қайнаған кезіндегі дыбысына ұқсатылған. Алайда ,бұл   мәліметтер  бүгінгі  күнге  дейін сақталмаған.

Аускультация әдісінің негізін қалаған француз дәрігері Рене Теофил Гиацин Лаэннек (1781-1826). Ол алғаш рет стетоскопты (тыңдағыш)  (stethos-кеуде, scopeo- қараймын) қолдануды  ұсынды.

Мұндай ой Р. Лаэннек 1816 жылы келген ол өзі былай жазады:                         “ Консультацияға  келген  кезімде  әйелдің толықтығынан тікелей аускультация жургізу қиын болды. Сол кезде маған жаңа ой келді:дәптерді дүрбі тәрізді жиырып, екінші шетін науқастын журегіне тақадым. Журек соғысының  ап-анық екенін естіп қатты қуандым”  деп сипаттайды.     Лаэннек осы әдісті кейін терең зерттеп, өкпе мен  жүрек аурулары тұсындағы дыбыстарды жазып  кеткен. Белгілі клиницист, педагог Р.Лаэннек   еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Лаэннек ұсынған стетоскоп ұзына бойы диаметрі  бірдей, ұзындығы  33см  ағаш түтік  болатын. Кейінен оның құрылысы талай өзгеріп, қазіргідей қалыпқа жеткен.

Аускультацияның дамуы стетоскопты күрделенуімен байланысты.Алғашқы стетоскоптар цилиндр тәрізді келген.  Стетоскоп әр түрлі материалдан жасалынған (ағаш,қола,піл сүйегі т.б.) дыбыс стетоскоптың ішіндегі ауамен емес,оның қабырғаларымен өткізіледі.Кейіннен жумсақ материалдан стетоскопты енгізді.профессор Н.И. Филатов балаларды тыңдауға арналған стетоскопты ұсынған, оның бір ұшы екіге бөлініп,зерттеушінің құлағына кигізіледі.  Өзінің ыңғайлығына  байланысты  Филатов   стетоскопы кеңінен   тарады.

Кейін біртіндеп дыбыс қозғалыстарының берілу кушейтетін аппараттар – фонендоскоптар ойластырылып табылды.Оның құрылыс ерекшелігі: фонендоскоптың бір жақ бетіне мембрана тартылған металдан жасалған қуыс болып табылады.Осы шетін адам денесіне тығыз жанастырып қойғанда дыбыс құбылыстары мемранаға беріліп,ол тербеліске түседі. Металды резонанс  теориясы   бойынша  дыбысты күшейтеді, күшейтілген  дыбыс  түтіктің   бойымен  зертеушінің  құлағына   жетеді. Ескеретін жағдай фонендоскоп дыбыстарды күшейтумен қатар өзгертеді,ал стетоскоппен дыбыс таза естіледі. Әрбір дәрігер бір құралмен ғана тыңдап қарағаны дұрыс, себебі әрбір фонендоскоп немесе стетоскопдыбыс құбылыстарын өткізуде бір – бірінен ерекшеленеді. Үнемі тыңдап дағдылану нәтижесінде ғана аускультация әдісінің барлық мүмкіндіктерін меңгеруге болады

Аускультацияның ережелері мен әдістері

   Адамды тыңдап қараған кезде,перкуссия кезіндегідей, белгілі ережелерді сақтау керек:

  1. Науқастың қалпы.Тұрған немесе отырған адамды тыңдау ыңғайлырақ, бірақ керек жағдайларда (мысалы, жүрек ақауларын анықтауда т.б) жағдайы аыр ауруларды жатқан күйінде де тыңдайды.
  2. Тексеретін бөлменің іші тыныш,әрі жылы болуы тиіс. Салқын бөлмеде бұлшық еттер жиырылып, қосымша дыбыстар береді.
  3. Дәрігер науқасты алдынан тыңдағанда – сол жағында тұрады.
  4. Стетоскоп немесе фонендоскопты тыңдалатын дене тұсына тығыз жанастырады, бірақ аса қатты баспайды.
  5. Ал науқастың дене түгі (жүндестігі) жақсы дамыған болса, тыңдалатын жерді дымқылдау қажет, әйтпесе түгі мен стетоскоптың жанасуында қосымша дыбыстық құбылыстар (крепитация) естіледі.
  6. Фонендоскопқа дағдылану, яғни үнемі бір  құралмен  тыңдау қажет.

Тікелей және жанама аускультация

Тікелей  және  жанама  аускультация. Стетоскоп  немесе   фонендоскоптың көмегімен   тыңдау  жанамалы  аускультацияға  жатады. Ертеден  белгілі   болып келе жатқан  құлақты   денеге  тақап  тыңдау- тікелей  аускультация. Жаңадан  әр  түрлі   тыңдау  аппараттарын  ойластырып   жатқанмен,  олар  тек   сыртқы  пішінімен  ғана  айрықшаланады. Ал  жанамалы  аускультацияның   тікелейден  айтарлықтай  айырмашылығы  жоқ  (дыбыстар  күшейтіліп берілген  кезде  ғана өзгереді). Құлақпен  тыңдап  тексерудің  басты   кемшілігі:  гигиеналық тазалық  сақтау   мүмкіншілігі  жоқтығы,  жұқпалы  аурулармен   қатты  қиналып  жатқан  науқастарды  тыңдаудың  қиындығы.  Тікелей  аускультация  әдісімен   көбінесе  өкпедегі   бәсең   немесе   жоғарырық  шығытын  дыбыс  тербелістері жақсырақ  естіледі.

Жанамалы аускультация   әдісі  гигиеналық   шараларға  жауап  береді, фонендоскопты   қолтық  асты,  бұғана  асты  аймақтарына,өкпе  ұшы  сияқты қолайсыз  жерлерге  қоюға  болады. Стетоскоп пен  фонендоскоптың  жұмсақтығы науқасты   кез келген  қалыпта зерттеуге  мүмкіндік  береді, оның   әсіресе  қатты  науқас  адамдарды тексеруде  маңызы  зор.  Тікеле  аускультация   әсіресе  жүрек  ақауларын   тыңдау кезңнде  дәл  мәліметтер  береді.                                                Өкпе аускультациясы

Өкпе аускультациясы – кеуде қуысында өкпенің қалыпты немесе патологиялық жұмысының нәтижесінде пайда болатын дыбыстарда акустикалық тыңдау. Қалыпты жағдайда  2  тыныс  дыбысына бөлінеді:     1).Везикулярлы  ( альвеолярлы) тыныс дыбысы

2).Бронхиалды (көмей-кеңірдек)  тыныс  дыбысы

Везикулярлы  тыныс дыбысы пайда болу  механизмі: дем алып  дем шығарғанда   альвеолалар  қабырғасы тербеліске  ұшырып дыбыс  тудырады. Ерекшелігі:-  нәзік жұмсақ келеді;

– «Ф» дыбысына ұқсайды;

-Дем алу  фазасы ұзақ, дем шығару фазасы  қысқа болады;

-Кеуденің  барлық жерінде анықталады;

-Қалыптыда өкпеде  везикулярлы тыныс;

Бронхиалды (көмей-кеңірдек)  тыныс  дыбысы  пайда болу  механизмі: ауа  дыбыс саңылауынан  өткенде құйындалып дыбыс  туады. Ерекшелігі:

–  қатаң келеді;

– «Х» дыбысына ұқсайды;

-Дем алу  фазасы қысқа,  дем шығару фазасы  ұзақ болады;

-Алдынан  көмей үстінен,  трахея ,төс  маңынан  2-ші қабырға  аралығына  дейін,  ал артқы жақтан  7 мойын  омыртқасынан  3-4  кеуде  омыртқасына дейін жетеді.

– Қалыптыда бронхиалды тыныс;

Везукулярлы  тыныс  дыбысы  патологияда күшейеді және әлсірейді; Бронхиалды тыныс дыбысы өзінің  етілмейтін  жерінде  естілсе  патологиялық  бронхиалды  тыныс  дыбысы  пайда болады дейміз. Ол әлсіреп, күшеймейді.  

   Бронхофония-кеуде клеткасында «ш»- дан келетін сөздерді айтқанда зерттейтін тыныс алу мүшелерін зерттеудің физикалық әдісі. Кеуде клеткасына әр стетоскоп қойған сайын “ чашка чая” , “  шестьдесять шесть» деп айтқызамыз.

Бронхофонияның күшею себебі дауыс дірілінің күшею себебіндей: өкпе ұлпасының тығыздалуы,өкпеде қуыс бронхпен байланысқан,ашық пневмоторакс,компрессионды ателектаз.

Бронхофония дауыс дірілінен айырмашылығы әрқашан қолмен анықтала бермейтін дыбыстырды естуге мүмкіндік береді.Ол көбінесе дауысы жәй шығатын әлсіз ауруларда,жоғарғы тембрлі дауысты адамдарда,әсіресе әйелдерде естуге  көмектеседі.

Қалыптыда: бронхофония естілмейді.

Жанама тыныс шулары

Сырылдар:  1Құрғақ  2.Ылғалды   3.Крепитация   4.Плевраның үйкеліс шуы

Жанама тыныс шулары қалыпты жағдайда естілмейді.Оларды ауызбен терең дем алғанда естуге болады.

Сырылдар тыныс алу жолдарында патологиялық секреттердің болуынан пайда болады.  Құрғақ сырылдар трахеобронхиальді ағашта тұтқыр қақырық жиналып қалады, ол ауа өткенде дірілдеп сырыл тудырады.Олар дем алу мен дем шығару кезінде естіледі,оның қаттылығы,тембрі мен биіктігі зақымдалған бронхтардың диаметріне және ондағы ауа қозғалысына байланысты.  Ылғады сырылдар бронх қуыстарында сұйық заттардың жиналуынан болады( қақырық,транссудат,қан,аспирациялық сұйықтық),жиірек аьвеолярлық( пневмония,өкпе ісігі ).Ылғалды сырылдар дем алу және дем шығару кезінде естіледі.Крепитациятыныс алу кезінде альвеолаларда пайда болады.Физикалық жағдайда оның пайда болуы альвеола ішінде аз мөлшерле сұйықтықтың болуы( пневмонияның ерте сіңу кезеңі,қкпе ісігінің дамуы,альвеолалардың бітелуі жоқ кезде ).Дем шығару фазасында альвеола қабырғасының бүрісуі болады,жоғарғы фазада дем алғанда альвеолалардың көп саны бірдей уақытта әртүрлі дыбыс шығарып, ісінуі жүреді.  Плевраның үйкеліс шуы қалыпты жағдайда тыныс алу актінің уақытында плевра жапырақтарының қатарласуы.Олардың бұлшықетті беткейінде және плевра қуысында аз ғана сұйықтықтың әсерінен ешқандай дыбыссыз болады. Әр түрлі патологиялық жағдайда бұл физиологиялық құрылымдар бұзылады және плевра жапырақтарының бір бірімен үйкелісі күшейіп,қосымша патологиялық шу “  Плевраның үйкеліс шуы “ туындайды.

    Аускультация – (латынша auscultatio –тыңдаймын деген мағынаны білдіреді) организмдегі өзінен -өзі пайда  болған дыбыстарды,көбінесе ауалық, сұйықтықтық қозғалыстардың дыбыстарын тыңдау болып табылады.  Аускультацияны зерттеу әдісі 1819ж Лаэннекпен  байланысты. Ол “ Тікелей тыңдау және өкпе мен жүрек аурулары ” атты трактат шығады. Аускультация тақырыбында бірнеше әдістердің ауруларды анықтаудағы, әсіресе жүрек, өкпе, сондай-ақ іш қуысы ағзаларын зертеудегі маңызы зор. Аускультативтік белгілердің өзгеруі, яғни қосымша дыбыстардың пайда болуы ауруды  анықтауды оңайлата түспек. Сондықтан, паталогиялық дыбыстарды айыра білу үшін қалыпты жағдайдағы дыбыстарды айыра үшін қалыпты жағдайдағы дыбыстарды жақсы білу керек.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика