Клондау

Сонымен қатар, соматикалық клетканың ядросы осы организм туралы толық генетикалық ақпаратқа ие екендiгi белгiлi, егер бұл ақпаратты iске асыру үшiн барлық жағдайлар жасалса, онда жекелеген тұқымның генетикалық көшiрмелерiнiң (клондарының) шексiз санын алуға болады. Көп соматикалық клеткалар ядролары дифференцияланған қалыпта болғандықтан, алғашқы кезеңде бұл мәселенi олардың дифференциясы өтпеген ұрық дамуының белгiлi бiр стадиясында эмбрионалдық клеткаларды пайдалана отырып шешкен. Ядроларды (бластомерлердi) толған ооциттерге көшiру ондай мүмкiндiктi бередi, өйткенi ооциттердiң цитоплазмасы көшiрiлген ядроны қайта бағдарламалап, жаңа эмбрион дамуының бағдарламасын жiберуге қабiлеттi өзiндiк факторларды құрайды. Энуклеирленген аналық клеткаларға эмбриондық клеткалардың ядроларын көшiру жолымен эмбриондарды клондау.Эмбриондық клеткалардың ядроларын энуклеирленген аналық клеткаларға көшiргеннен кейiн ядро қайта бағдарланады да жаңа эмбрион дами бастайды. Теориялық түрде донордың эмбрионынан барлық бластомерлерi бiр генетикалық негiзде және бiрдей тұқымдардың дамуын қамтамасыз етуге қабiлеттi болады. Ядроларды көшiргеннен кейiн дамыған эмбриондар өз кезегiнде ядролардың донорлары ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Бiрнеше генерациялардан кейiн жүздеген және мыңдаған бiрдей эмбриондарды алу мүмкiн туады.

Клондау дәуірінің басталуы                                                                              отаны АҚШ деп санауға болады.
1980 жылдан 1983 жылға дейiнгi кезеңде Америкада 200 жуық ұсақ биотехнологиялық компаниялар құрылған болатын. Бұған салық жеңiлдiктерiн енгiзу, құнды қағаздармен операциялардан түсетiн жоғары пайда және жеке салымшылардың мүдделiлiгi әсер еттi. Genentech биотехнологиялық фирмасының вице-президентi болған Сан-Францискодағы Калифорниялық университеттiң ғылыми қызметкерi Герберт Бойердiң соңынан көптеген университеттiк профессорлар өз компанияларын ашты.
1985 жылға қарай АҚШ-та 400-ден аса биотехнологиялық фирмалар қызмет еткен; олардың көбiсi гендiк-инженерлiк цехқа жататынын көрсету үшiн өз атауына «ген» сөзiн енгiзген: Biogen, Amgen, Calgene, Engenics, Genex, Cangene. Бүгiнгi күнi елде 1500-ден аса биотехнологиялық компаниялар бар. Сонымен қатар, молекулалық биотехнологияның дамуына барлық iрi халықаралық химиялық және фармацевтикалық компаниялар, соның iшiнде Мonsanto, DuPont, Upjohn, American Cyanamid, Еli Lilly, SmithKline Beecham, Merck, Novartis, Hoffman-LaRoche зор үлес қосты.
80-шi жылдары биотехнологиялық бизнестiң қарқынды дамуы кезеңiнде ұсақ компаниялар бiрлескен кәсiпорындар пайда болды. Мысалы, 1991 жылы Genentech компаниясының акцияларының 60 % Нoffmann-LaRoche фирмасына 2,1 млрд. долларға сатылған. Сол уақытта көптеген компаниялар банкротқа ұшыраған. Осында жылжымалылық-биотехнологиялық индустрияның ерекшелiк сипаты.
Молекулалық-биотехнологиялық индустрияның табысы 1986 жылы 6 млн. доллардан 30 млрд. долларға артты, 1996 жылғы және бүгiнгi күнi бiр жылға 160 млрд. доллар құрайды.
Алайда, тұтастай алғанда биотехнологиялық бизнестiң табысы жоғары болмады, бiз күткендей инвесторлардың ынта-ықыласы азаймады және бұл молекулалық биотехнология үлкен перспективаларға ие болғанын айғақтайды.
Мысалы, гендердi клондаумен айналысатын компаниялардан кейiн АҚШ-та жұқпалы ауруларды, қатерлi iсiктi және адамның басқа да ауруларын емдеуге арналған гендiк-инженерлiк әдiстер арқылы алынатын антиденелердi шығаратын компаниялар пайда болды: Immunex, ImmuLogic, ImmunoGen, Immunomedics, Medlmmune, Immune Response.. 1995 жылға қарай Еуропа елдерiнде 600 астам биотехнологиялық компаниялар құрылды. АҚШ-тан басқа биотехнологиялық дәуiрге кеш көшкен елдерде ұлттық молекулалық-биотехнологиялық индустрияны дамытудағы басты ролдi мемлекет алды. Мұнда «ХХ ғасырдың барлық технологияларының ең үздiк революциялық технологиясы» молекулалық биотехнология деген сенiм стимул болды.  Клеткалар эмбрионды генетикалық клетка жолына түсе отырып, адам денесіндегі басқа да клеткалар сияқты бола алады. Бірақ мұндай құбылыстың әрдайым болып тұратындығына көз жеткізу үшін әлі де көбірек сынақтан өткізіп, жан-жақты зерттеу қажет. Мұндай сақтандыруға қарамастан, 1996 жылы клондалған алғашқы Долли қойын алған ғалымдар тобына жетекшілік еткен Шотландия ғалымы Ян Уилмут өзінің бұған дейінгі зерттеу бағытынан бас тартатындығын айта келіп, бұл саяси себептен емес, жаңа техниканың берері мол және практикалық жағы жоғары деп атап өткен.

Жануарларды клондау

Энуклеирленген аналық клеткаларға соматикалық клеткалардың ядроларын көшiру жолымен жануарларды клондау

Тотипотенттiк клеткалардың ядроларын эмбрионнан энуклеирленген аналық клеткаларға көшiру жолымен эмбриондарды клондаудан жинақталған тәжiрибе соматикалық клеткалардың ядроларын энуклеирленген аналық клеткаларға көшiру жолымен жануарларды клондау әдiсiн әзiрлеу үшiн негiз болған. Эмбриондық клеткалардың ядроларын көшiру жолымен клондаудың қағидаттық айырмашылығы тек өзара бiрдей жануарларды алуды ғана емес, сондай генотип бойынша донор жануармен ұқсас соматикалық клеткаларды алуды қамтамасыз етуiнде. Бұл генетикалық ұқсас ұрпақтардың бiрiншi буында шексiз санын алуға мүмкiндiк ашады.
Трансгендiк жануарлар маңызды биохимиялық және морфологиялық қасиеттерi бойынша өзгерудiң жоғары деңгейiмен сипатталады, бұл кейiннен қалаған жануар түрiн iрiктеу қызметiн арттырады, ал бұл дегенiңiз селекцияның мақсаты болып табылады.
Дүние жүзiнде уақыттың азғана аралығында трансгендiк сиыр, ешкi, шошқа, қой және үйқояндарының шамамен 20 жуық түрi жасалды. Олар тiндiк плазминогендiк белсендiргiш, моноклондық антиденелер, эритропоэтин, инсулинтектес өсiм факторы, интерлейкин, антитрипсин және басқалар сияқты бағалы фармацевтикалық заттарды өндiрген.
Соңғы жылдары трансгендiк жануарларды алуда жаңа бағыт пайда болған. Арнайы векторларды пайдалану өзге гендiк конструкцияны гендi зигота пронуклеусқа енгiзген кездегiдей барлық клеткаларға емес, организмнiң жекелеген клеткалық популяцияларға ықпалдасуына мүмкiндiк бередi. Ондай жануарлар (сиырлар, ешкiлер, шошқалар) Бүкiлресейлiк мал шаруашылығы институтының биотехнология бөлiмiнде шығарылған.
Ресей Федерациясында биотехнологияны дамытудың тағы бiр өзектi бағыты клеткалардың және органдардың ксенотрансплантациясы үшiн жануарларды шығару болып табылады..Қалта теретін клондау әдісі«АҚШ-пен, Шотландиямен иық тірестірудің ауылы алыс» деп бейжай қалса, біраз дүниеден алыс­тап қалатынын сезінген ға­лым­дарымыз клондаудың қазақы тәсілін былай өрнектейді:
– Асыл тұқымды мал басын кө­бейту мақсаты бізді тек жетіс­тіктерге Негізінде клондау әдісін жүзеге асыру өте қиын дүние. Бізде америкалық ғалымдардай мүмкіндік жоқ. Олардың клондау әдісі біздің қал­тамызды көтермейді. Дегенмен қа­зірг­і биотехнологиялық даму заманында тек қана алға ұмтылу қажет. Жоғарыда мен эмбрион­дар­ды мұздату арқылы қозы алуға болатын тәсілді сөз еттім. Енді сол азот­пен қатырылған эмбриондар арқылы клондаудың қарапайым әдісін жүзеге асыруға боладыБіз Англиядан әкелінген төрт қош­қардан осы әдіс арқылы бұл күні 52 қозы алып отырмыз. Бұл – сирек кездесетін дүние. Асыл тұқымды малды көбейту мақ­са­тын­да осы тә­сілді қолдану – тап­тыр­май­тын әдіс, – дейді академик Мәкен Мол­дабайұлы.

  Иттерді клондау тәжірибесі алғаш рет іс жүзінде дәлелденді

Ғалымдардың «басы жасап» кеткенi соншалық, клондау әдiсi арқылОңтүстік Кореялық ғалымдар америкалық Бернан Маккин есімді әйелдің өліп қалған итін клондады. Олар бұл тәжірибені алғаш рет коммерциялық негізде жүзеге асырып отыр. Бернан Маккин аталған компанияға сүйікті итінің тірі көшірмесін жасап беруге осыдан 5 ай бұрын тапсырыс берген. Ғалымдар оған итінен айнымайтын бір емес, 5 күшікті дүниеге келтірген. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, иттерді клондауға тапсырыс беруші 50 мыңнан 150 мың долларға дейін қаражат жұмсауы тиіс. Аталған ғылыми тәжірибеге Сеул Ұлттық Университетінің ғалымдары жұмылдырылды. Бұл мамандар иттерді клондау тәжірибесін алғаш рет іс жүзінде дәлелдеп берді

«АҚШ-пен, Шотландиямен иық тірестірудің ауылы алыс» деп бейжай қалса, біраз дүниеден алыс­тап қалатынын сезінген ға­лым­дарымыз клондаудың қазақы тәсілін былай өрнектейді:
– Асыл тұқымды мал басын кө­бейту мақсаты бізді тек жетіс­тіктерге жетеледі. Іздендік, біраз дүниеге қол жеткіздік. Негізінде клондау әдісін жүзеге асыру өте қиын дүние. Бізде америкалық ғалымдардай мүмкіндік жоқ. Олардың клондау әдісі біздің қал­тамызды көтермейді. Дегенмен қа­зірг­і биотехнологиялық даму заманында тек қана алға ұмтылу қажет. Жоғарыда мен эмбрион­дар­ды мұздату арқылы қозы алуға болатын тәсілді сөз еттім. Ол үшін қойға салынатын бір эмб­рион­ды екіге бөліп салып, қойды ар­найы инкубаторда бақылауға ала­сыз. Бір жұма өткен соң екіге бө­лінген эмбрион жатырға түсіп, өз нәтижесін береді. Бұл жерде «эмбриондарды екіге бөле салса біт­ті, қой клондалып шыға келеді» деген ой қалыптаспауы керек. Бұл тәжірибе кейде сәтті шықпауы да мүмкін. Бір қызығы, клондалған қойдың сырт пішіні, ағзалық құрылысы, құрылымы тәжірибеде қолданған қойдан ешқандай айыр­машылықсыз болып шығады. Біз Англиядан әкелінген төрт қош­қардан осы әдіс арқылы бұл күні 52 қозы алып отырмыз. Бұл – сирек кездесетін дүние. Асыл тұқымды малды көбейту мақ­са­тын­да осы тә­сілді қолдану – тап­тыр­май­тын әдіс, – дейді академик Мәкен Мол­дабайұлы

Адамды клондау                                                                                                Осы уақытқа дейiн бiрнеше тiрi жан иесiн жасап үлгердi. Клон – медицинаның соңғы жетiстiктерiне сүйене отырып, тап солай етiп адамның көшiрмесiн жасап беру. Бiр қызығы, оның түр әлпетiнде бастапқы иесiнен мүлдем айырмашылық болмайтын көрiнедi. Адамнан адам жасау да таң емес болып қалғандй. Атап айтсақ, 2002 жылы италияндық дәрiгер С. Антинори арнайы эксперимент жасау арқылы адамзатты өмiрге әкеледi. Клондық жолмен жасалған шарана өзгелерден еш айырмашылығы жоқ, кәдуiлгi сәбилерше әйел құрсағында өсiп келедi деген мәлiмет әлемдi бiр шошытқан едi. Клондау – табиғатта сирек болса да кездеседi. Оның жасалу жолы – табиғи. Мәселен, бiрiнен-бiрi айнымайтын егiздер мiндеттi түрде бiр жынысты келедi – екi ұл, немесе екi қыз. өйткенi, олар тек бiр ғана аналық, бiр ғана аталық ұрықтан, бiр эмбрионнан пайда болды. Мұндай оқиғаны сирек болса да күнделiктi өмiрден көрiп жүрмiз. Клон жасау өте күрделi, әрi қиын. Оған көп мөлшерде қаражат та, өте көп уақыт та керек. Мысалы, бiр туынды жасап шығару үшiн жүз әйелдiң аналық ұрығы қажет. Орташа шамамен әр әйелдiң он ұрықтан бiр ұрық алғанда, мың ұрықтан бiр ұрық қана клонның пайда болуына алып келедi. Бұл жұмыстың нәтижелiгi тек 0,1 пайыз ғана. Сонда келiскен аналық ұрығының гендерiн алып тастап, қажет адамның бiр жасушасынан (клеткасынан) гендерiн алып, жатырға салып бередi. Сөйтiп, ол әйел құрсағында тоғыз ай бойы қалыпты процесте жетiлiп, туылады. Жаңағы адамнан жүз пайыз айнымайтын бала дүниеге келедi. Бұл ретте бiз азғындықтың бiр түрi саналатын нәрсенi жақсы тұрғыдан жарнамалап отырған жоқпыз. Тек, ғалымдар пайдалы деп Бұл ретте бiз азғындықтың бiр түрi саналатын нәрсенi жақсы тұрғыдан жарнамалап отырған жоқпыз. Тек, ғалымдар пайдалы деп тапқан тұстарын сөзге арқау етудемiз. Бiрақ бұған да көп елде тиым салу заңымен шектеген. Трансплантология саласына мұның үлкен көмегi болар едi. Адам ағзасының әр бөлшегi өте қымбат бағамен ауруларға ұсынылатынымен санассақ, ғылымның бұл жәрдемiне сүйену өте орынды нәрсе. Ал, бөтен, марқұм болған адамның ағзасын салу тiрi адам үшiн ыңғайлы нәрсе емес. Себебi, өзге гендер мен иммунитеттiк ағзалар бiрiн-бiрi қабылдамай, адам өмiрiн қысқартуға алып келетiнi белгiлiтапқан тұстарын сөзге арқау етудемiз. Ғылымның соңғы жаңалықтарына үңiлсек, бүгiнгi таңда тек қана адамның өзiн емес, оның iшкi құрылыс мүшелерiн де клондау әдiсi кеңiнен белең алуда. Бiрақ бұған да көп елде тиым салу заңымен шектеген. Трансплантология саласына мұның үлкен көмегi болар едi. Адам ағзасының әр бөлшегi өте қымбат бағамен ауруларға ұсынылатынымен санассақ, ғылымның бұл жәрдемiне сүйену өте орынды нәрсе. Ал, бөтен, марқұм болған адамның ағзасын салу тiрi адам үшiн ыңғайлы нәрсе емес. Себебi, өзге гендер мен иммунитеттiк ағзалар бiрiн-бiрi қабылдамай, адам өмiрiн қысқартуға алып келетiнi белгiлi.

Зардаптары

Ал енді зиянды жағына келетін болсақ, ол бірінші, этикалық жағы дер едім. Қазіргі кезде христиан және котолик шіркеулері адамды клондауды айыптауда. АҚШ президенті Джордж Буш адамды клондауға тәжірибе жасауға тыйым салатын жарлық шығарған. 2003 жылдан бастап Европарламент баған клеткаларды өсіруге тәжірибе жасауды тоқтатуға шешім қабылдады. Сөз реті келгенде айта кетейін, клондау тәсілімен алынған жануарлар, кәдуілгі жануарларға қарағанда, екі есе аз өмір сүреді. Батыста, қазір қай ел екені есіме түспей отыр, Долли есімді қойды клондау үшін 400-ге жуық тәжірибе жасауға тура келген. (Бұл тәжірибе Шотландиядағы Рослин институтында 1997 жылы жасалыпты. Атағы жер жарған Доллимен бірге клондалған тағы бір сондай жануар екі жұмаға жетпей өліп қалған. Адам тағдыры да осындай болатынына шотландықтар кепілдік бере алмайды. Алайда Б.Буасселье перзентсіз адамдарға көмек бермей отыра алмайтындығын алға тартатын көрінеді. – Қ.З.) Байқап отырған шығарсыз, соған қарағанда, адамды клондау үшін қаншама қиындықтан өтіп, шыдап бағу керек. Қолдан жасалған адамның қандай болатынын ешкім де тап басып айта алмайды. Жеке басымның пікірін білгіңіз келсе, ондай адамдардың болашақта пайдасынан зияны басым болатынына көзім жетеді. Осы әдіспен өмірге төрт құбыласы сай бала келеді деп айтудың өзі қиын. Жасанды жолмен дүниеге келген баланың болашағы жайында ойлаудың өзі бұлыңғыр дүние.

 

Эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеушілер әрдайым күрделі жағдайға тап болып келген еді. Өйткені генетикалық клеткаларды алу үшін дағдарысты деген клеткаларды эмбрион кезінде жою қажеттігі оны мүлде құртып жіберетін болған. Міне сондықтан да Ресейдің Ортодокс шіркеуі мен Ватикан ғалымдардың генетикалық клеткаларды зерттеу ісіне қарсылық танытып келді. Алайда ғалымдар үшін эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеп тану әрдайым қызығушылық тудыратын. Өйткені, медицина ғалымдары күндердің күнінде адамның зақымданған, ауруға шалдыққан клеткаларын, ағзаларын қолдан өсірілген клеткамен алмастыра алатын мүмкіндікке жетеміз деп үміттенеді. Висконсин университетіндегі анатомия профессоры Джеймс Томсон бастаған ғалымдар командасы міне осы баламалы тәсілді іздестіруде. Ол әзірге қайта бағдарланған немесе үлгілендірілген тері клеткаларының жұмысқа қосылғандығы жайында хабарлаған. Клеткалар эмбрионды генетикалық клетка жолына түсе отырып, адам денесіндегі басқа да клеткалар сияқты бола алады. Бірақ мұндай құбылыстың әрдайым болып тұратындығына көз жеткізу үшін әлі де көбірек сынақтан өткізіп, жан-жақты зерттеу қажет. Мұндай сақтандыруға қарамастан, 1996 жылы клондалған алғашқы Долли қойын алған ғалымдар тобына жетекшілік еткен Шотландия ғалымы Ян Уилмут өзінің бұған дейінгі зерттеу бағытынан бас тартатындығын айта келіп, бұл саяси себептен емес, жаңа техниканың берері мол және практикалық жағы жоғары деп атап өткен.

 

Соңғы ғылыми жаналықтар бойынша, адам генi 30-35 мың­дай геннен тұрады. Және генiмiздiң 99 пайызы шимпан­зенiң, 70 пайызы тышқанның генiмен сәйкес келедi екен. Адамның кейбiр гендерi омыр­т­­қа­лыларды былай қой­ған­да, омыртқасыздармен де, өсiм­дiктермен де, тiптi ашытқы мен өңездермен де бiрдей болып шыққан. Бұл ашылған жаңа­лықтар Жер бетiндегi тiршiлiктiң пайда болу процесiнде көптеген жайт­тардың басын ашып бер­мек.

Бұл мәселенi әрмен қарай терең зерттей түскен ғалымдар күтпеген ұйғарымға келуге мәжбүр болуда. Мәселен, қазiр­гi адамда басқа Жер бетiндегi бiрде-бiр жан-жан­уарда кездес­пейтiн 223 ген бар болып шыққан. Демек, олардың бiздiң бойымызда жердегi эволюция барысында пайда болуы мүмкiн емес. Бiр биологиялық түрдiң екiншiсiне қарағанда жаңа 223 генiнiң болуы, бұл өте көп. Дәл осы гендер адамның шимпан­зеден айырмашылығы­ның үш­тен екiсiн бередi. Бұл – таби­ғатта бұрын-соңды кездеспеген жағдай. Сонда адамға екi жүзден астам жұмбақ ген қайдан келген?

Америкалық ғалым Закария Ситчин «Адам атаның бөгде­ғаламшарлық генi туралы iс» атты елең еткiзерлiк тақырып­пен мақала жариялады. Онда Ситчин қазiргi адамның гендiк инженериялық жолмен пайда болғаны туралы тұжырым жасайды.

Эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеушілер әрдайым күрделі жағдайға тап болып келген еді. Өйткені генетикалық клеткаларды алу үшін дағдарысты деген клеткаларды эмбрион кезінде жою қажеттігі оны мүлде құртып жіберетін болған. Міне сондықтан да Ресейдің Ортодокс шіркеуі мен Ватикан ғалымдардың генетикалық клеткаларды зерттеу ісіне қарсылық танытып келді. Алайда ғалымдар үшін эмбрионды генетикалық клеткаларды зерттеп тану әрдайым қызығушылық тудыратын. Өйткені, медицина ғалымдары күндердің күнінде адамның зақымданған, ауруға шалдыққан клеткаларын, ағзаларын қолдан өсірілген клеткамен алмастыра алатын мүмкіндікке жетеміз деп үміттенеді. Висконсин университетіндегі анатомия профессоры Джеймс Томсон бастаған ғалымдар командасы міне осы баламалы тәсілді іздестіруде. Ол әзірге қайта бағдарланған немесе үлгілендірілген тері клеткаларының жұмысқа қосылғандығы жайында хабарлаған.

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика