Сырқаттар мен медицина қызметкерлерінің арасында тату-тәтті байланыс, достық қарым-қатынас, науқастың жақын туыстарына сенгені сияқты бір-біріне деген сенімділік орнаған кезде ғана ауруға ем әсері байқалады. Егер науқас адам емдеп жүрген дәрігеріне, қызмет істеп жүрген медбикештерге сенбесе, қаншама күшті дәрі-дәрмек алып жатса да, берген ем қонбайды. Жасаған операциялар да көпшілік жағдайда сәтсіз аяқталып жатады. Бұның бәрі өмірде әлденеше рет дәлелденген шындықтар. Өкінішке орай осы заманғы дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің біразының аттарына заттары, айтқандарына істегендері сай келмей жатады. Кейде дәрігердің, медбикештің сырқатқа, оның туған-туыстарына деген оғаш қылықтарын, жат мінездерін, дөрекі сөздерін, өздерінің мамандықтарына деген немқұрайдылықтарын, өздерінен басқа адамға жандары ашымайтындықтарын көруге болады.
Өзін-өзі сыйлайтын мәдениетті дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері медициналық этика мен деонтологияның ғасырлардан бері жинақталған білім бұлағынан сусындап, бойына сіңіріп, өзін үнемі жетілдіріп отырғанда ғана жақсы дәрігер, үлгілі медицина қызметкері бола алады. Дәрігер үшін де, орта буын медицина қызметкерлері үшін де ең басты қағида – адамгершілікті, мейірімділікті, ілтипатты, эикалық ережелерді сақтай білу.

Этика, биоэтика туралы түсінік

Этика – адамның түрлі қызметінде кеңінен таралған ұғым. Сондықтан  да, философия саласы, яғни философиялық ғылым деп түсіну қажет. Этика (грекше ēthiká ếthos – салт, таным, мінез) ғылым  ретінде адамның ар-ұяты мен танымын  зерттейді. сондай-ақ, алғашқы Аристотельмен қолданылған зерттеудің түрлі саласын білдіретін термин. Этика адам қоғамының түрлі даму дәуіріндегі наным-сенім, құндылықтар, моральды ұстанымдардың қалыптасу задылықтарын қарастырады. Дұрыс, рұқсат етілген әрекеттер, моральды және аморальды, гуманистік және адамға қайшы қылықтар тарихи кезеңге байланысты мағыналық метоморфозға ұшыраған болатын. Яғни, қоғамның даму мен перспективалық қажеттіліктеріне байланысты.

Этиканың қосалқы мағыналары адамдардың қарым-қатынасындағы нормаларда, тәжірибелік қызметте, басылымдарды қолданылады. Аса тарағаны –профессионалы этика. Бұл қызметке қарасты салт-дәстүр, ой бөлісу, идеялар, көзқарастардың қосалқы жүйесі болып табылады.дәрігерлік және мейірбикелік этика, ғылыми медициналық зерттеулер ұғымы планетаның бүкіл даму барысында дамыған этикалық қағидалар. Мұндағы аса зер қоятыны медицина қызметкерінің міндеті, профессионалды компетенттілік, деонтология.
Қазіргі кезде медициналық этика қағидалары биомедициналық этика ұғымына жинақталған. Ол медицина қызметкер тұрлғасын, оның құқығы мен профессионалды қызметін орындау барысында заң бойынша және санасы бойынша әрекет етуін қолдайды.
«Биоэтика» деген терминді алғаш рет американдық дəрігер В.Р.Поттер ұсынған. Ол өзінің «Биоэтика: болашақтың көпірі» деген (1971) кітабында экологиялық этиканың ерекше вариантын белгілеу үшін қолданған. Онда ол адамның жануарлар мен өсімдіктерге қатысты қарым-қатынасы проблемасын көрсету мақсатында пайдаланған

Биоэтика — биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану, т.б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр.

Биоэтикалық зерттеулерде моральдік қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволюция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні — оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады. Биоэтика эволюциялық этика, экологиялық этика, әлеуметтік биология сияқты ағымдармен қатар дамыды. Биоэтиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар: Г. Спенсер, Тейяр де Шарден, К. Уоддингтон, Д. Козловский, т.б. Биоэтикалық мәселелер қазіргі ғаламдық парадигмалармен тығыз байланысты.
Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.

2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады.

  1. 3. Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.Биоэтика – дәстүрлі биомедициналық этиканың жаңа түрі. Оныңнегізінде адамның құқығы мен құндылықтарын сыйлау қағидасы жатыр.

    Биоэтика философиялық ғылымның маңызды нүктесі, ол жаңа заман медицинасының технологиялық жабдықталуымен, генді инженерия ғылымының пайда болуы, трансплантологии, адам өмірін сақтауға арналған құралдардың болуына байланысты. Бүгінде аборт, бала көтеру, жасанды ұрықтандыру, клондау, сексология, эвтаназияға байланысты этикалық

ахуалдар көп. Сенім орнату, дәрігердің науқасқа түсінікпен, жақсы, саналы қарау делінген. Деонтологиялық этикаға қарағанда биоэтикада құқықтар шағылысы аса маңызды, яғни ұрықтың өмір сүру құқығы, әйелдің түсікжасату құқығы – жүкті болу құқығы, эвтаназия құқығы –жақсы өлім.

  1. Негізгі бөлім.

Биоэтиканың міндеттері мен мәселелері.

Биоэтиканың негізгі міндеті — биомедициналық ғылым мен практиканың тоқтаусыз тудырып жатқан «туындыларына» қатысты күрделі моральдық проблемалар бойынша əр түрлі ұстанымдардың туындауына ықпал ету. Мысалы:

  • адамды клондауға бола ма;
  • генетикалық əдіс-тəсілдермен адамдардың (жоғары дене жəне интеллектуалдық сапалы) жаңа «породаларын» жасауға жол беруге бола ма;
  • қайтыс болған адамның туысының рұқсатын сұрау қажет пе, егер оның дене мүшесін басқа адамға ауыстырып салғанда.

Биоэтика келесі мәселелерді қарастырады:

-эвтаназия;

-өзін-өзі өлтіру;

-трансплантология;

-өлім дерегінің ұйғарымы;

-хопсистерді ұйымдастыру;

-адамдар мен жануарларға жүргізілетін эксперименттерді ұйымдастыру;

-әртүрлі психикалық ауруларға шалдыққан адамдармен қарым-қатынас жасау;

-дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынас;

-балакөтеру (сурогат аналық ,гендік инженерия, т.б.)

Сонымен қатар, биоэтиканың өзекті мәселелеріне стерилицация мен контрацепция, жүктілікті жасанды тоқтату(аборт) жатады. Олардың бәрі организмнің репродуктивтік функциясына араласатын заманауи түріне жатады.

  • Жасанды ұрықтану.

Биоэтика жасанды ұрықтану мәселесін де қозғайды. Бір жағынан, репродуктивті жаңа технологиялар адамзаттың баға жетпес құндылықтың бірі болып келетін некенің табиғатын бұзады. Екінші жағынан қарасақ- бұл кейбір бала туа алмайтын ерлі-зайыптылар үшін жалғыз ғана мүмкіндік.

  • Суррогат аналық.

Биоэтика қарастыратын аса даулы мәселелердің бірі-суррогат аналық. Бұл әдісте туған ата-анасынан алынған ұрықтанған жұмыртқажасушасын басқа әйелдің жатырына енгізеді. Бұл суррогат ана бала көтеру үшін қажет. Босанған кейін, суррогат ана туған нәрестені биологиялық ата-анасына береді.Бұл баланың тәндік табиғатына жасалынатын манипуляцилар болғанымен, кейбір жұптар үшін бұл- толық отбасы құрудың жалғыз амалы.

  • Клондау әдісі.

Адамды клондау әдісі гендік инженерияның жаңа әзірлемелерін қолдану арқылы ғана жүзеге асырыла алады. Қазіргі уақытта клондау әдісі туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі- клондау әдісі абсолютті этикалық әрі адамзат пен қоғам үшін қауіпсіз. Бұл көзқарасты қолдаушылардың айтуынша, клондау әдісі өлімсіздік пен түрлі дерттерді жоятын жол. Бұған қарама-қарсы көзқарас- клондау әдісінің аморальдігі. Бұл көзқарас бойынша, бұл әдіс ғылыммен толық зерттелмегендіктен, үлкен қауіп-қатер туғызады.

  • Трансплантология әдісі.

Аса ауыр құқықтық пен этикалық сұрақтарды қозғаған- трансплантология әдісі. Бүгінгі күні жүрек пен бауыр, өкпе, сүйек кемігі, т.б. аса маңызды органдар ауыстырылып орналастырылады. Бұл әдістің мәселелері донор міндеттері мен құқықтарына, сонымен қатар, оның туыстарына, медициналық қызметкерлерге тиеді.

  • Эвтаназия.

Этикалық мәселердің ішінен аса көп талқыланатыны- эвтаназия. Эвтаназия – Әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, төзгісіз аурумен ауыратын науқастың өлімін тоқтату тәжірибесі. «Эвтаназия» термині қазір әртүрлі мағыналарда қолданылады: ауыр азапты бастан кешіріп жатқан адамдардың өлімін тездету; артық, қажеті жоқ адамдардың өмірлерін тоқтату (Мысалы, Т-4 бағдарламасы); өмір мен өлім арасындағы адамдарға көрсетілетін қамқорлық, көмек (мысалы, хоспис); адамға өлу мүмкіндігін беру. Сонымен қатар, «эвтаназия» деп кейде зертханалық және кезбе жануарларды қоса алғанда жануарларды ұйықтату саналады. Бұл әдіс барлық діни конфессиялардың көзқарастары, сонымен қатар Гиппократ антына қайшы келгенімен, сол мезетте шешім тапқан мәселеге жатқызылмайды.

  • Деонтология.

Этикалық принциптермен қатар медициналық қызметкердің профессионалді деонтологиясы, мейірбикенің деонтологиясы үзіліссіз байланысқан.

Деонтология – ғылым емес, белгілі бір мамандықта, белгілі бір жағдайда сөйлесу және өзін өзі ұстаудың, принциптер мен дәстүрлерді қиыстыру өнері. Деонтология – бұл термин, медицинада медцина мамандарының қарым қатынастарында, сонымен қатар диагностика үрдісі қатысушылары, емі және алдын алуда жиі қолданылады

Мейірбикелік деонтология – мейірбикелік этиканың бөлігі болып саналады, бұл ғылым дәрігердің қоғамның және науқастың алдындағы парызы, медицина қызметкерінің кәсіби жүріс тұрысы.

Дәрігердің белгілі бір этикалық ережелерге сай келуі медициналық этиканың маңызды бөлігін құрайды. Бұл оның деонтологиялық деңгейін құрайды немесе «деонтологиялық моделі» болып табылады.  «Деонтология» термині ( грек. deontos — міндет) Н.Н.Петров ХХ ғасырдың 40-жылдары медицина ғылымына енгізген. Ол бұл терминді медициналық практикада, дәрігерлік этика бар екенін ерекшелеу үшін, 1917 жылғы төңкерістен кейін тыйым салуға тырысқан, пайдаланған.

Дәрігерлік этиканың деонтологиялық моделі — «міндетті» ережелердің жиынтығы, ол медициналық тәжірибенің белгілі бір облысына сәйкес келеді. Мұндай үлгінің мысалы ретінде хирургиялық үлгіні қарастыруға болады. «Хирургиялық деонтология сұрақтары» жұмысының авторы Н.Н.Петров келесі ережелерді ерекшелейді:

  • «хирургия аурулар үшін, аурулар хирургия үшін емес»;
  • «науқасқа тек өзіңе немесе өз жақындарыңа жасалатын операцияға келісетін операцияны ғана жаса не ұсын»;
  • «науқастың жан дүниесінің тыныштығы үшін хирург оны операцияға дейін, операция күні бірнеше рет және операциядан кейін көру керек»;
  • «үлкен хирургиның идеалы ретінде науқастың физикалық және жан дүниесінің уайымын алып тастау болады»;
  • «науқасты хабардар етуге» қауіп, инфекция болуының мүмкіндігі, кері әсерлері кіруі керек;Н.Н.Петров көзқарасы бойынша «хабардар етуге» «адекватты хабар» мен «қауіптің пайдамен салыстырғанда аз екені» кіреді. Деонтологиялық үлгіге дәрігер мен науқас арасындағы жыныстық қатынас ережелері де жатады, оны Америкалық медицина ассоциациясы қатысуымен этикалық және құқықтық мәселелер жайындағы Комитет құраған. Олар:
  • Емдеу кезінде болған дәрігер мен науқас арасындағы жыныстық қарым қатынас аморальді болып табылады;
  • Кейбір жағдайларда бұрынғы науқас пен дәрігер арасындағы жыныстық байланыс этикаға жатпауы мүмкін;
  • Дәрігер мен нақас арасындағы жыныстық қатынас мәселесі медициналық қызметкерлерді оқыту бағдарламасына енуі керек;

Дәрігерлер өз әріптестерінің құқық бұзушылықтары жайлы міндетті түрде хабарлау керек.

Бұл ұсынулардың мінезі жеткілікті түрде қатал. Оларды сақтамау осы Ассоциация біріктіретін құқықтық жауапкершілікке алып келеді.
Медицина саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге эмоциональды тұрақтылықты тәрбиелеу керек, өзін өзі ұстай білу керек.

  • Медициналық қызметкерлерінің өзін-өзі ұстау мәдениеті

Медицина қызметкерінің өзін өзі ұстау мәдениетін екі түрге бөлуге болады:

  • Ішкі мәдениет. Бұл еңбекке жауапкершілікпен қарау, тәртіп сақтау, құрал жабдықтарға ұқыпты қарау, достастық пен ұжымдық.
  • Сыртқы мәдениет. Сөйлеу мәдениеті, сыртқы көрінісі, дөрекі сөйлемеу және т.б.

Медициналық қызметкерлерінің негізгі қасиеттері, оның ішкі мәдениеті  болып саналады:

Сыпайылық – қарапайымдық, шынайлық, адамның әсемдігін және күшін  білдіреді.

Шынайылық – медицина қызметкерінің ең жоғары деңгейі.Ішкі белгілерінің негізі. Цицерон айтқан, шынайылықтын екі бастауы бар, бұл: «Ешкімге зиян келтірме және қоғамға пайда келтіру».

Шындық– медицина қызметкерінің барлық ісінің негізі болу керек.Күнделікті істеген ісінің және ойының негізі.

Мейірім – жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті.

Жақсы адам –бұл қоршаған ортадағы адамдарға жақсы көзқараспен, олардың қайғы мұңынтүсініп қажет жағдайда көмек көрсетуге сөзімен, ісімен дайын тұратын адам.

Медицина қызметкерінің сыртқы мәдениеті дегеніміз не?

1. Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне қойылатын талап – тазалық және қарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән беру қасиетін білдіреді. «Медицина қызметкерлеріне өзін өзі таза ұстау керек, таза киім кию өйткені осының барлығысы науқасқа маңызды.» (Гиппократ).

Медициналық киім әшекейлеуді қажет етпейді. Ол өзі адамға жақсы әсер тигізеді, міндеттерін атқарғанда тазалықты, қатандықты білдіреді.

Егер дәрігердің түрі қорқынышты, отыруы сүйкімсіз, міндет етіп сөйлесе науқастарға сенім білдірмейді. Медициналық қызметкер өзін қарапайым ұстап, ұстамды және түсінікті сөйлеу керек.

2. Сөйлеу мәдениеті сыртқы мәдениетінің екінші негізгі бөлігі болып табылады. Медицина қызметкерінің сөзі қатты емес, түсінікті, эмоциональды болу керек. Науқасқа байланысты мынадай сөздерді қолданбау керек: «апатай», «қарағым» және т.б. Кейде науқас туралы «диабетик», «язвенник», «астматик»және т.б. сөздерді естуге болады

Көбіне медицина қызметкерлерінің сөздері науқастардың құлағына жағымсыз болады сондықтан оларға науқастар сенімсіздікпен қарайды. Медицина қызметкерлерінің мұндай қылықтары науқастардан алыстатып, кері көзқарас туғызады.

Мейірбикелік этика және деонтологияның негізгі принциптері Флоренс Найтингейлдін антында, халықаралық мейірбикелер кеңесінің кодексінде берілген. Бұл, бәрінен бұрын:

  • Адамгершілік пен қайырымдылық, махаббат пен қамқорлық;
  • Аяушылық білдіру;
  • Тілектестік;
  • Риясыздық;
  • Еңбекқорлық;
  • Кішіпейілдік.

Медицина әлемінде көпшілік мақұлдаған жұмыс принципі және медбикенің адамгершілігі  халық менталитетіне, тарихына, салт дәстүрлеріне, даму дәрежесіне, діни, білім  беру және экономикалық институттарыныа  байланысты әр елде өз ерекшеліктері  бар. Мысалы, әлемнің алып мемлекеттерінің  бірі, медицинасы мен денсаулық сақтауы  көптеген мәселелер бойынша алдыңғы  орындарды алатын АҚШ-та мейірбике  ісі келесі принциптерге негізделген:

  1. Келісілген информация алу принципі. Науқастың тәуелсіздігі өзінің жағдайы туралы, емдеу жоспарымен, не орындалатыны туралы хабардар болу бостандығы мен құқығына неізделген, сонымен қатар науқастың өзінің ауруы жайлы құпияда сақтау құқығы бар. Келісілген информация мағынасында науқастың өз еркімен емдеу курсына және медицина қызметкерлеі компетентті және адекватты информация ұсынған процедураға келісім беру және келісім алу жатыр. Дәрігердің міндетіне:
  • Ұсынылған емнің мақсаты мен мінезі туралы;
  • Онымен байланысты қауіп қатер туралы;
  • Сол емнің альтернатива мүмкіндігі туралы науқасқа хабарлау болып табылады.
  1. Қайырымдылық принципі – «қайырылымдылық жасау» деген мағынаны білдіреді. Оның құрамына қайғыдағы адамдарға мейірімділікпен қарау.
  2. Қызметтік құқық бұзушылықты болдырмау принципі. Бұл «зиян келтірме» принципі дәрігер мен медицина қызметкеріне басқаларды қауіп қатерден сақтау, өзінің компетенттілігінің шегінде ауырсыну мен қайғыны басуға міндеттейді.
  3. Әділеттілік принципіне адамзат теңдігіне сыйластық, жетіспейтін заттарды тең бөлу жатады.
  4. Шынайылық принципі (науқасқа шындықты айту). Науқас пен медициналық орталық арасында ашық қарым қатынас пен медицина орталығының өз міндеттерін орындаудың негізін қалайды.

Сонымен, биологиялық этика — ол қайырымдылық пен қатыгездіктің, ар-ұят пен парыздың, намыс пен абыройдың биологиядағы эксперименталдық жəне теориялық жұмыстардың аясына жəне де оның нəтижелерінің практикада қолданылуы барысында жалпы адамзаттың тіршілік иелеріне деген адамгершілігінің қарым-қатынасының жиынтығы.

Ел басына қандай қиыншылық түссе де дәрігер болсын, орта буын медицина кызметкерлері болсын, өзінің кадір-қасиеті, намысы, мамандығының абырой-атағы үшін күресе білуі керек. Дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлерінің адам баласының денсаулығының сақшысы екенін қас қағым сәтке де ұмытуға қақылары жоқ. Ішкі мәдениеті үйлескен дәрігер мен медбикештер ғана сырқат жүрегіне жол тауып, адам жанының арашашысы бола алады. Ол үшін әрбір дәрігердің, әрбір медбикештің көп ізденулері, білімі мен мәдениетін көтерулері қажет. Дәрігерлік этика мен деонтология ілімдерін үздіксіз оқып-үйренулері керек. Тән жарасы мен жан жарасының шипагері бола білген адам ғана нағыз дәрігер, медбикеш деген атка лайық бола алады.

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика