Емхана және ауруханалардың әр түрлі бөлімдерінде емдеу-қорғау тәртібін жүргізу ерекшеліктері

 

Жоспары :

  1. Емхана туралы  түсінік
  2. Аурухана туралы  тұсінік
  3. Емхананың әр түрлі бөлімдеріндегі емдеу-қорғау тәртібі.

1.Емхана туралы түсінік

Емхана- біріккен ауруханалар құрамына кіретін емдеу профилактикалық мекеме. Емханада барлық диагностикалық кабинеттер бар, олар қазіргі құрал-жабдықтармен және ең жаңа аппаратуралармен жарақтанған, мұның өзі сырқатты білікті медициналық жәрдеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Емханада дәрігерлерді барлық мамандық бойынша қабылдайды, лабораториялық, рентгендік және басқа түрлі тексерулер жасайды. Емханаға келе алмайтын сырқаттар дәрігерді үйге шақырып, одан білікті көмек пен консультация алады, ал қажет деп тапса оларды ауруханаға жатқызады. Әр бір емханада процедуралық кабинет бар, онда иньекция жасайды. Көптеген емханаларда тәулік бойы істейтін шұғыл жәрдем пункттері бар.

2.Аурухана туралы түсінік

Ауруханалар төсек тартып жатқан сырқаттарға арналған емдеу профилактикалық мекеме. Оның негізгі құрамдас бөліктері қабылдау, емдеу бөлімдері. Аурухананың мейірбекелері  емдеу және диогностикалық манипуляциялар мен процедуралар атқарады: венаға дәрі құю, қан мен қанның алмастырушысын құю, жота жұлынынан пункция алуға, биохимиялық анализге қан алуға аспаптар дайындау.

3.Емхананың әр түрлі бөлімдеріндегі емдеу-қорғау тәртібі.

Қабылдау бөлмесі

Бөлім аурухананың кіре  берісінде орналасады.Бұл тез және сапалы диагностикалық тексеру

жүргізуге және емделушілердіңмамандардан кеңес алу үшінмүмкіндік береді.

Емделушілерді ауруханаға  жатқызу жұмыс күндері  жоспарлы ретте жүргізіледі.

Жедел түрде ауруханағажатқызу хирургиялық,гинекологиялық жәненеврологиялық науқастар,гинекологиялық науқастарға жүргізіледі.

Терапевтік бөлім

Хирургиялық бөлім

Гинекологиялық бөлім 

Жатыр ішіндегі ауруды анықтау үшін гистероскоп әдісі кеңінен қолданылады. Бұл қазіргі замандағы жатыр ішін, эндометриоз процестерін, бедеулік, жатыр мойынындағы қатерлі ісіктердің болуына күдік және денедегі бөгде денелерді алу кезінде, диагностикалық ем жүргізудің ең жақсы әдісінің бірі. Бөлімде лапароскопиялық емдеу әдісі кеңінен қолданылады.  

Босану бөлмесі

Мұнда жаңа туған нәрестелер үшін инкубатор, ашық реанимациялық орын және басқа, нәрестелерге алғашқы көмек көрсетуге араналған құрал-жабдықтар бар. Физиологиялық босануға толықтай тексеруден өткен, босану уақытынан бірнеше апта бұрын тіркелген жүкті әйелдер қабылданады.

   Қалаулары бойынша, әкесі немесе әжесі нәрестенің дүниеге келу кезінде қатыса алады.

 

Физиотерапиялық бөлім

Гальванизация және электрофорез төмендегі ауруларға кең қолданылады:

перифериялық жүйке жүйесінің ауруларын емдеу (пликсидтар, радикулиттар, невралгиндер)

ОЖЖ аурулары және жарақаттары (бас миы және жұлын қан айналысы бұзылыстарында)

вегетативтік дистония

ас қорыту мүшелерінің ауруы (созылмалы колиттер, гастриттер, холециститтер, өт шығару жолдары дисенезиясы, ас қазан және он екі елі ішек жараларында)

гипертоникалық және гипотониқалық аурулар

тіс аурулар

созылмалы артиттер

Диадинамотерапия  қан айналымың күшейтуге, ұлпалардың трофикасын жақсартуға, зат алмасу процесстерінің күшеюіне пайдаланылады.

қабыну аурулары (іріңдік процесстер, абсцесстер, фурункулдар, карбункулдар)

Кешенді массаж жиынтығы

Нүктелік массажға, жалпы релаксация, остеохондроздарда бұлшық еттің спазмасының азайтуға, целлюлит, семіру, пневмонияда, демікпеде, гайморит және фронтит, тірек-қимыл аппараттарының жарақаттарында, ауруларында қолданылады.

Құрылғының әсерімен остеохондроздың әр түрлі ауру симптомындарын, омыртқаның жарақаттан кейінгі өзгерістері, жүйке жүйесінің симптоматикалық созылмалы жағдайларында, бронх ауруына, бөксе буындарының, гипертониқалық ауруларға, сколиоз емдеуге қолданылады.

Емдеу  нәтижесі

Гидромассаж ваннасы у.

Қосымша сұрақтар

  1. Емхана дегеніміз не?
  2. Аурухана  дегеніміз  не?
  3. Емхананың емдеу бөлімдерін  ата
  4. Қабылдау бөлімі  туралы  не  білесіз?
  5. Терапевтік бөлімі  науқастарға  қандай қызмет  көрсетеді?
  6. Хирургиялық бөлім дегеніміз  қандай  бөлім?
  7. Гинекологиялық бөлім кімдерге  қандай  қызмет көрсетеді?
  8. Босану бөлімі туралы  не  білесіз?
  9. Реанимациялық бөлім қандай  бөлім?
  10. Физиотерапевтік бөлім  науқастарға  қандай  қызмет атқарады?
  11. Кешенді  массаж  туралы  не  білесің ?
  12. Кешенді массаж дың  емдеу  нәтижесі  қандай?
  13. Гидромассаж  ваннасы  дегеніміз  қандай  бөлім?