Зәрді жалпы тексеріске жинау.

Мақсаты: зәрдің физикалық құрамына баға беру, химиялық құрамын анықтау және зәрдің тұнбасын микроскопиялық тексеру.

Әзірле: 200 мл құрғақ, таза шыны ыдыс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

-Пациентке таңертең зәрді тексеріске жинау керек екені туралы алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру;

-пациентті зәрді жинау ретімен таныстырып, келісімін алу;

-пациентке зәрді жинау алдында жыныс мүшелерін жуып, дәрет алуды үйрету;

-пациентке зәрді тексеріске жинау әдісін үйрету;

-зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағышқа)  «1,2» деп санап тұрып жіберу, зәр шығуды тоқтата тұру;

-ыдыстың қақпағын ашу;

-дайындаған ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігінен 100-150 мл кем емес зәрді жинау (қалған зәрді унитазға жіберу);

– ыдыстың қақпағын  жабу;

– зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

-зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

1) Физикалық құрамына баға беру:

– жалпы мөлшері (100-200 мл)

– түсі (ашық сары)

– мөлдірлігі (мөлдір)

– реакциясы (сәл қышқыл)

– тығыздығы (1010-1026)

2) Химиялық құрамы

– ақуыз

– қант

– ацетон

– билирубин

– уробилиндер (бұлардың бәрі қалыпты жағдайда зәрде болмауы керек)

3) Микроскопиялық тексеріс

– лейкоциттер

– эритроциттер

– эпителийлер

– цилиндрлер

– бактериялар

– шырыш

– тұздар

Зәрді Нечипоренко әдісімен тексеріске жинау.

Мақсаты: 1 мл зәрдегі эритроциттер, лейкоциттер және цилиндрлердің санын анықтау.

Әзірле: 200 мл құрғақ, таза шыны ыдыс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

-пациентке таңертең зәрді тексеріске жинау керек екені туралы алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру;

-пациентке зәр жинайтын ыдысты дайындау әдісін үйрету: содамен  жуылған (сабынсыз)100-200мл шыны таза ыдысты дайындау;

-пациентті зәрді жинау ретімен таныстыру;

-пациентке зәрді жинау алдында жыныс мүшелерін жуып, дәрет алуды үйрету;

-пациентке зәрді тексеріске жинау әдісін үйрету;

-зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағышқа)  «1,2» деп санап тұрып жіберу, зәр шығуды тоқтата тұру;

-ыдыстың қақпағын ашу;

-дайындаған ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігінен 10 мл кем емес зәрді жинау (қалған зәрді унитазға жіберу);

-ыдыстың қақпағын  жабу;

– зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

                    Зәрді бактерияларға тексеріске жинау.

Мақсаты: Зәрдегі қоздырғыштарды іздеу, қоздырғыштар табылса олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Әзірле: Бактериологиялық лабораториядан алынған крафт-қағаздан қақпағы бар залалсыздандырылған шыны ыдыс, үлгімен толтырылған жолдама.

Пациентті дайындау: Бұл тексеріс антибиотиктер тағайындалмай тұрып анықталады, пациентке  зәрді тексеріске жинау керек екені туралы алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру.

Іс әрекеттері:

-пациентті зәрді жинау ретімен таныстырып, келісімін алу;

-пациентке зәрді жинау алдында жыныс мүшелерін жуып, дәрет алуды үйрету;

-пациентке зәрді тексеріске жинау әдісін үйрету;

-залалсыздандырылған шыны ыдысты алып, қақпағының ішкі жағына қолды тигізбей ашу;

-қақпақтың ішкі жағын жоғары қаратып қою;

-зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағышқа)  «1,2» деп санап тұрып жіберу, зәр шығуды тоқтата тұру;

-дайындаған ыдысқа 10 мл кем емес зәрді жинап, зәр бөлінуді тоқтата тұру;

-зәр жинаған ыдыстың қақпағын ішкі жағына қол тигізбей жабу;

-қалған зәрді унитазға жіберу;

-қолды жуу;

-зәрді жолдамамен бірге бактериологиялық зертханаға жеткізу.

Зәрді қантқа тексеріске жинау.

Мақсаты: Тәуліктік зәрден қанттың мөлшерін анықтау.

Әзірле: 2-3 литрлік және 200 миллилитрлік таза шыны ыдыстар, жолдама.

Пациентті  дайындау: Пациентке  зәрді тәулік бойы тексеріске жинау керек екені туралы алдын ала ескерту жасап, мақсатымен таныстыру.

Іс әрекеттері:

-Пациентті зәрді жинау ретімен таныстыру: бұл әдіспен  пациент таңертең  сағат 8-де дәретке отырады, оны санамайды, содан кейінгі зәрді тәулік бойы (келесі күннің таңғы 8-ге дейін) бір ыдысқа жинайды;

-Жиналған зәрдің жалпы мөлшерін өлшеу;

-Барлық зәрді араластырып, содан 100-200 мл дайындаған ыдысқа құйып алу;

-Жолдамаға зәрдің жалпы мөлшерін жазу;

-Зәрді жолдамамен бірге  зертханаға жеткізу.

-Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Қалыпты жағдайда зәрде қант болмайды.

Зәрді Зимницкий әдісімен тексеріске жинау.

Мақсаты: Бүйректердің зәрді шығару және концентрациялық қызметін тексеру. Әр порциядағы зәрдің тығыздығын анықтау.

Әзірле:  200 миллилитрлік 8 таза, этикеткаларында порциялары көрсетілген құрғақ шыны ыдыстар, 2-3 қосымша шыны ыдыстар.

Пациентті дайындау: Пациентке  зәрді тексеріске тәулік бойы жинау керек екені туралы және тамақ режимін бұзбай, зәр айдайтын дәрілерді қабылдамау керек екенін алдын ала ескертіп, мақсатымен таныстыру.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті зәрді жинау ретімен таныстыру: бұл әдіспен зәрді тәулік бойы жинайды;
  • Пациент таңертең сағат 6-да дәретке отырады, оны санамайды;
  • 1-ші порция сағат 6-9 аралығында, 2-ші порция 9-12 аралығында және келесі порцияларды да солай әрбір 3 сағат сайын жинайды;
  • Егер жинау аралығында зәр болмаса, ол порцияға арналған банка бос қалады, этикеткаға зәр болмағанын жазады;
  • Егер 3 сағат аралығында зәрдің мөлшері көп болса, онда қосымша банкаға жинайды;
  • Зәрді жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.
  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру. 

 Қанды  тексеріске саусақтан алу.

Мақсаты: Қанның формалық элементтерінің санын және сапасын  анықтау.

Қажетті жағдайлар: тексеріс алдында пациенттің қанына кері әсер ететін теріс факторларды жою;

Көрсеткіштері: пациент стационарға түскенде бірінші күні және стационардан шығардан бір күн бұрын, операция алдында, қан құйғаннан кейін.

Іс әрекеті:

  • пациентті ыңғайлы отырғызу;
  • саусақты 70% спиртке батырылған мақта тампонымен сүртеді;
  • қанды сол қолдың төртінші саусағынан алады, саусақтың ұшының жұмсақ жерін  2,5-3 мм тереңдікте бір рет қолданылатын скарификатормен теседі;
  • тесілген жерден қан өз еркімен ағуы керек, өйткені саусақты басқан кезде қанға тіннің сұйықтығы араласуы мүмкін, ол анализдің нәтижесін өзгертуі мүмкін;
  • қанның бірінші тамшысын құрғақ залалсыздандырылған мақтамен сүртіп, содан кейін қанды капилляр және резеңкелі грушаны қолдану арқылы алады;
  • қанды алған жерге спиртке батырылған залалсыздандырылған мақта шаригі қойылады;
  • скарификатор және мақта шариктері №19 бұйрықтың Б класына сәйкес жойылады;
Көрсеткіштері Қалыпты жағдайдағы мөлшері Түсініктеме
Гемоглобин  Нв

130-160 г/л ер адамдарда

120-140 г/л әйел адамдарда

Эритроциттерде болатын ақуыз оттегін өкпеден мүшелер мен ұлпаларға, ал көмір қышқыл газын қайтадан өкпеге тасымалдауға жауапты. Егер гемоглобин азайса, онда ұлпалар оттегін жеткіліксіз алады. Ол көбіне анемияларда, қан жоғалтқанда жиі кездеседі.
Эритроциттер RВС 

4,0 5,0 х1012 / л

 ерлерде

3,9 4,7 х1012 / л  әйелдерде

Гемоглобинді тасымалдайтын жасушалар. Эритроцитердің санының өзгеруі гемоглобинмен тығыз байланыста:  эритроциттер аз болса – гемоглобин де азаяды немесе керісінше.
Түрлі түсті көрсеткіштер ТК

 0,85 – 1,05

Гемоглобиннің эритроциттердің санына қатынасы. ТК анемиялардың түрлеріне байланысты өзгереді: В12-, фолиеводефицит анемияда көбейеді, апластикалық ,  аутоиммунды анемиялар және темір жетіспейтін анемияларда азаяды.
Ретикулоциттер 2-10 %  
Лейкоциттер WВС

4,0 9,0х109 / л

Лейкоциттер қорғаныш қызметін атқарады.Иинфекция, лейкозда лейкоциттердің саны көбейеді. Инфекцияның ауыр түрлерінде сүйек мида лейкоциттердің түзілуі азаяды (онкологиялық, аутоиммунды ауруларда).
Таяқша ядролы

нейтрофильдер

1-4 %  
Сегмент ядролынейтрофильдер 47-72%  
Эозинофильдер  

0,5 5 % жалпы лейкоциттердің ішінде

Эозинофильдердің көбеюі аллергиялар, паразитарлы ауруларда және глисті инвазияларда кездеседі.
Базофильдер 0-1 % жалпы лейкоциттердің ішінде  
Моноциттер 2-9 % жалпы лейкоциттердің ішінде  
Лимфоциттер LYM

1840 % жалпы лейкоциттердің ішінде

Лимфоциттер спецификалық  иммунитет жасушалары. Иммунитеті төмен адамдарда көбейеді.
Тромбоциттер PLT

180,0-320,0 х 109 на 1 л

Тромбоциттер қанды ұйытуға жауапты – гемостаз. Тромбоциттердің азаюы қан кетулерге соқтырады.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы ЭТЖ

2-10 мм/сағ  ерлерде

2-15 мм/сағ әйелдерде

ЭТЖ-ң жоғарлауы көбіне қабыну ауруларында, инфекцияларда және қатерлі ісіктерде кездеседі.

Тамақтан жұғынды алу.

 Мақсаты: Қоздырғыштарды іздеу, қоздырғыштар табылса олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Әзірле: Ішінде таяқшасы бар залалсыздандырылған шыны пробирка, бір рет қолданылатын залалсыздандырылған шпатель, стеклограф, бикс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті жұғынды алу ретімен таныстырып, келісімін алу;
  • Қолды жұмысқа дайындап, маска және қолғап кию;
  • Пациентті жарыққа қаратып отырғызу;
  • Пробиркаға стеклографпен номер қойып, пробирканы штативке қою;
  • Сол қолыңызға пробирка мен шпательді алу;
  • Пациенттің аузын ашуын сұрау;
  • Шпательді тілінің түбіне басып, оң қолыңызбен пробиркадан таяқшаны алу;
  • Ауыз қуысының шырышты қабатынан жұғынды алу;
  • Таяқшаны пробирканың сыртына тигізбей енгізу, қақпағын жабу;
  • Пробирканы штативке қойып, бикске салу, жабу;
  • Шпательді алып, №362 бұйрықтың Б класына сәйкес жою;
  • Пробирканы жолдамамен бірге зертханаға жіберу;

                                              Мұрыннан жұғынды алу.

 Мақсаты: Қоздырғыштарды іздеу, қоздырғыштар табылса олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Әзірле: Ішінде таяқшасы бар залалсыздандырылған шыны пробирка, бір рет қолданылатын залалсыздандырылған шпатель, стеклограф, бикс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті жұғынды алу ретімен таныстырып, келісімін алу;
  • Қолды жұмысқа дайындап, маска және қолғап кию;
  • Пациентті жарыққа қаратып отырғызу;
  • Мұрын қуысын қарап, оның таза екеніне көз жеткізу;
  • Пробиркаға стеклографпен номер қойып, пробирканы штативке қою;
  • Сол қолға пробирканы алу;
  • Оң қолмен пробиркадан таяқшаны алу;
  • Сол қолыңыздың саусағымен мұрынның ұшын көтеріп, оң қолыңызбен бұрап отырып, таяқшаны енгізу;
  • Мұрын қуысының шырышты қабатынан жұғынды алу;
  • 2-ші мұрыннан да солай алу;
  • Таяқшаны пробирканың сыртына тигізбей енгізу, қақпағын жабу;
  • Пробирканы штативке қойып, бикске салу, жабу;
  • Шпательді, қолғапты №362 бұйрықтың Б класына сәйкес жою;
  • Пробирканы жолдамамен бірге зертханаға жіберу;

Рентген тексеріс туралы түсінік.

Рентгендиагностика деп ағзаны рентген сәулесімен зерттеуді айтады, бұл тәсілдің негізі сәуленің әр түрлі тығыздықтағы ұлпалар арқылы өтуі.Егер сәулені адам ағзасы арқылы өтуін экранға немесе фотоқағазға бағыттаса, онда зерттелетін ағзаның бейнесін алуға болады.

Рентгендиагностиканың түрлері: рентгеноскопия, рентгенография, рентгенофлюорография , компьютерлі томография .

  • Рентгеноскопия – ішкі ағзаны рентгенмен көру және оның анатомдық-физиологиялық ерекшелігі мен қызметін зерттеу.Бұл тексерістің жеткіліксіздігі – оны бір ғана маман көре алады, оның қателесуі мүмкін, кейбір қиын жағдайда басқа мамандарға көрсетуге мүмкіндік жоқ.
  • Рентгенография – рентген сәулесі арқылы суретке түсіру (өкпені, жүректі), керек жағдайда бірнеше проекцияда жасайды. Бұл әдіспен рентген суретін бірнеше маман көруге болады және суреттерді салыстыруға болады.
  • Флюорография – рентгенография сияқты, өзгешелігі кішірейтіліп түсірілген (үнемді). Бұл тәсіл жалпы сауықтыру және қалыпты диагностикалық зерттеулерде қолданылады.
  • Томография немесе компьютерлі томография – мүшелердің әр қабатын рентгенмен тексеру.

Бұл тексерістерді дайындықсыз өткізуге болады.

Қуыс ағзаларды рентгенмен тексерер алдында ерекше контраст заттармен толтырады. Оның алдында контрасты заттарға сезімталдығын тексерелді.  Мысалы:

  • Бронхография – трахея мен бронхтарды арнайы контрасты заттармен толтыру арқылы рентгенмен тексеру. Тексерістің алдында йодты заттарға сезімталдығын анықтау сынамаларын өткізеді (пациентке 2-3 күн бойы 1 ас қасықтан 3% йодид калий ертіндісін береді). Науқасқа тексерістің мақсаттарын түсіндіреді. Егер іріңді қақырық болса 3-4 бронх ағашын тазалауды жүргізеді (бронхтардың дренажы, қақырық түсіретін дәрілер т.б.). Бронхографияның алдында 30-60 минут бұрын дәрігердің тағайындауы бойынша фенобарбитал (0,1), атропин (0,1%- 1,0) тері астына немесе пипольфен (0,025г), седуксен (0,005г)береді. Егер асқынулар болса, ол анестезияға немесе котрасты затқа байланысты болады.
  • Ангиография артериялардың ішіне рентгенконтрасты заттарды жіберу арқылы ішкі ағзаларды рентгенмен тексеру.
  • Коронарография – коронарлы артерияларды контрасты зат жіберу арқылы рентгенмен тексеру.

Холецистография

     Мақсаты:  өт қапшығы ауруларының диагностикасы.

     Қарсы көрсеткіштері: бауыр ауруларының ауыр түрлері, бауырдың  дене қызуының жоғарлауымен өтетін жедел қабыну аурулары.

Іс әрекеттері:

  • пациентке тексерістің қажеттігі туралы түсіндіру, дайындыққа үйрету: тексерістің алдында ішекті босату;
  • метеоризм болса, кешке ұйқыдан 2 сағат бұрын тазалау клизмасын қою немесе фортранс беру;
  • тексеріске дейін, 14-17 сағат аралығында10 минут сайын 6 таблетка контрасты затты қабылдау, тәтті шәймен бірге;
  • егер науқастың денесі ірі болса контрасты заттың мөлшерін екі есеге көбейтеді.
  • пациентке таңертең ашқарында рентген кабинетке келу керек екенін ескерту;
  • пациент стационарда болса, 2 сағат бойы жағдайын бақылап тұру;

Холангиохолецистография.

Мақсаты: өт қапшығын және өт жолдарын контрасты затты көк тамыр арқылы жіберіп рентгенмен тексеру.

Дайындық:

Өт жолдарын контрастау үшін қолданады: ампуладағы 20 мл билигност немесе билиграфин.

Науқасты дайындау контрасты затқа сезімталдығын анықтаудан басталады. Ол үшін 1-2 күн бұрын көк тамырға 1-2 мл контрасты жібереді. Егер науқас сезімтал болса, оның белгілері: әлсіздік, көзден жас ағу,түшкіру,тері қышу, лоқсу, құсу.

Тексеріс күні науқас таңертең тамақ ішпейді, тексерістің алдында кешке және таңертең тазалау клизмасы жасалады немесе фортранс беріледі.

Рентген кабинетінде науқасқа контрасты затты  жатқызып қойып көк тамырға береді. Алдымен контрасты затты 37 градусқа дейін жылытады, сосын ақырын 5-8 минут аралығында 20 % 30-40 мл билигносты немесе 50%

20 мл билиграфинді (семіз  және холецистэктомия болған науқастарға) береді.

Ирригоскопия.

      Мақсаты: науқастың тоқ ішегін рентгенмен тексеру: түрін, көлемін, шырышты қабатын, тонусын және перистальтикасын.

Әзірле: Эсмарх кружкасы және 1,5л барий сульфатының тұнбасы (36-37 градуста).

Іс-әрекеттері:

  • пациентке тексерістің мақсатын, дайындық тәртібін түсіндіру;
  • 2-3 күн бұрын шлаксыз диета, газ жинайтын тағамдарды тамақтан алып тастау (көкөністер, жеміс-жидектер, сүтті тағамдар, қара нан, шырындар)
  • 2 литрге дейін көп сұйық ішу керек;
  • тексерістен 12-13 сағат бұрын пациентке 30-60 мл кастор майын  беру;
  • кешке және таңертең 2 сағат бұрын тазалау клизмасы немесе кешке фортранс беру;
  • таңертең пациентке жеңіл ақузды тамақ беру;
  • науқасты рентген кабинетіне апарып, тік ішекке клизма арқылы барий сульфатын (1,5 литр суға 200г барийді ерітіп) 36-37 градуста береді;
  • пациентке нәжістің түсі өзгеруі мүмкін екенін ескерту;
  • рентген кабинетінде бірнеше суретке түсіріледі;
  • стационарда болса, пациентті палатасына апарып, жағдайын бақылап тұру;

Көк тамырға контрасты зат жіберіп жасалатын урография.

      Мақсаты: Науқастың бүйрегін және зәр шығару жолдарын рентгенмен тексеру.

Іс әрекеті:

  • 3 күн бұрын шлаксыз диета тағайындалады;
  • Метеоризм болса активтелген көмір беріледі (1-2 таблеткадан 3-4 рет);
  • Тексерістің алдында 18-20 сағат бұрын тамақ қабылдамайды;
  • Тексерістен бір күн бұрын кешке және тексеріс өткізілетін күні таңертең 2 сағат бұрын тазалау клизмасы жасалады немесе 2 рет фортранс беріледі;
  • Рентген кабинетінде контрасты затты (омнипак немесе ультровист) 50-60кг салмаққа 20 мл көк тамырға жіберіп, рентгенге түсіреді;
  • Тексерістен кейін 2 сағат науқастың жағдайын бақылап тұру

Фортрансты қолдану.

  1. Бір рет қана қолдану.

Фортрансты тамақ ішкеннен кейін 1,5 – 2 сағат өткесін қабылдау керек. Бір пакетті 1 литр суда ерітеді. 1 литр ертіндіні 1 сағат бойы 1 стақаннан әр 15 минут сайын бөліп-бөліп ішу керек. 45 – 60 минуттан кейін сұйық дәрет бөліне бастайды. 2 – 3 сағаттан кейін ішек  тазарады.

Ішекті толық тазалау үшін 4 пакет фортранс қабылдау керек.

  1. Фортрансты екі бөліп қолдану.

Көбіне науқастарды колоноскопияға дайындаған кезде қолданады. 2

литр ертіндіні  колоноскопия өткізетін күннен бір күн бұрын кешке, ал

қалған 2 литрді таңертең қабылдайды.

Спирография

         Мақсаты: Әр түрлі тыныс алу қимылдарына байланысты өкпенің көлемінің өзгеруін (дем алу тербелісін) графикалық жазу:

  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС немесе ЖЕЛ)
  • Өкпенің қалдық көлемі (ООЛ – остаточный объем легких)
  • Өкпенің вентиляциялық көрсеткіштерін анықтайды.

Дайындық:

  • ең алдымен науқасқа ескерту жасау, бұл тексерістің таңертең ашқарында болатынын;
  • тексерісті науқас функционалды бөлмеге келіп, 15-20 минут дем алғаннан  кейін өткізу;
  • Спирография таңертеңгі сағаттарда бронхолитиктер мен бетаблокаторларды қолданбағанда өткізілген жөн;

Көрсеткіштері адамның жынысы, жасы, салмағы және бойына байланысты.

Пневмотахометрия

        Мақсаты: терең дем алғанда және терең дем шығарғанда  «пиковый» жылдамдықты өлшеу. Алынған көрсеткіштер бойынша бронхылардың өткізгіштігін тексереді, көбіне бронхолитик дәрілерді тағайындағанда қажет.

Бронхоскопия.

        Мақсаты: Тыныс жолдары арқылы эндоскоппен жұтқыншақтың, кіші және ірі калибрлі бронхтардың шырышты қабатын тексеру.

Іс әрекеті:

  • пациентке тексерістің мақсатын түсіндіру;
  • аш қарында өткізілетінін ескерту;
  • бірнеше күн бұрын дәрігердің тағайындауымен транквилизаторлар беріп, премедикация өткізу;
  • алмалы-салмалы тістері болса алып тастау;
  • қуықты және ішекті босату, дискамфорт сезімін болдырмау;
  • пациентті тыныштандыру үшін дәрігердің тағайындауы бойынша тексерістен 15 минут бұрын премедикация жасау;
  • жоғарғы тыныс жолдарына анестезия жасау;
  • бронхоскопиядан кейін асфиксия болдырмау шараларын өткізу;
  • бронхоскоп және басқа құралдарды дезинфекциялау және залалсыздандыру;
  • қолғаптарды №19 бұйрық Б класы бойынша жою;
  • тексерістен кейін науқастың жағдайын 2 сағат бойы бақылап тұру (қан кету, тұншығу, бас айналу болуы мүмкін), жағдайы нашарласа дәрігерге хабарлау, жедел жәрдем көрсету;

Эзофагогастродуоденоскопия

 Мақсаты: өңеш, асқазан, он екі елі ішектің шырышты қабатын эндоскопиялық тексеру, биопсия алу және емнің нәтижесін бағалау.

Әзірле: орамал.

     Іс әрекеті:

– пациентке тексерістің мақсатын және дайындалу тәртібін түсіндіру;

– зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін пациентке ескерту;

– шылым шекпеу, тіс тазаламау, су ішпеу және дәрілер қабылдамауды

ескерту;

– тексерістен бір күн бұрын кешкі асты сағат 19.00-ден кеш қабылдамау;

– тексеріс алдында тіс протезі болса, алып тастау;

– пациент өзімен бірге орамал алуын ескерту, сілекейі көп ағып,

дискамфорт болмас үшін;

– пациентке тексеріс кезінде сөйлемеуді және сілекейін жұтуды ескерту;

– тексерістен кейін 2 сағат бойы пациенттің  жағдайын бақылап тұру;

– егер тексеріс үстінде биопсия жүргізілсе, онда бір тәулік бойы тағамды

суық күйінде қабылдау;

– инструкция бойынша эндоскопты және басқа да құралдарды

дезинфекциялау және заласыздандыру;

– қолғаптарды №19 бұйрық Б класы бойынша жою;

Колоноскопия

Колоноскопия  – тоқ ішектің жоғарғы бөліктерінің шырышты қабатын эндоскопиялық тексеру.

Іс әрекеті:

  • пациентті өткізілетін тексерістің мақсатымен таныстыру;
  • 3-5 күн шлаксыз диета (№4 диета);
  • 2 күн бұрын ішті босататын дәрілер беру;
  • 2 рет тазалау клизмасын жасау немесе фортранс беру;
  • Дәрігердің тағайындауы бойынша премедикация жасау;
  • Тексерістен кейін 2 сағат бойы пациенттің жағдайын бақылап тұру;

Ректороманоскопия

Ректороманоскопия (RRS) – тік ішектің және сигма тәрізді ішектің шырышты қабатын эндоскоппен тексеру.

Бұл тексерістің көмегімен қабыну процестерін, жара, геморрой, қатерлі ісіктерді анықтауға және күдікті жерден биопсия алуға болады. Тексеріс кезінде пациент шынтақты-тізерлі жағдайда болады.

     Дайындық:

  • тексеріс таңертең ашқарында болатынын ескерту;
  • фортранс беру немесе тексерістен 2 сағат бұрын тазалау клизмасын жасау;
  • дәл тексеріс алдында пациент зәрін сындыру керек;

–   тексерістен кейін 2 сағат бойы пациенттің  жағдайын бақылап тұру;

Лапароскопия.

Іш қуысында патологиялық өзгерістерді табу үшін қолданады. Бұл тексерісті асептикалық ережелерді қолдана отырып, тек қана арнайы маман жүргізе алады. Науқасты лапароскопияға операцияларға дайындағандай дайындайды. Тексерістен бір күн бұрын науқасты жуындырып, тазалау клизмасын жасайды немесе фортранс береді. Кешке жатарда дәрігердің тағайындауы бойынша  тыныштандыратын дәрі береді, таңертең тамақ және су да ішуге болмайды. Тексерістен 1 сағат бұрын 1 мл 1% промедол немесе 1 мл 0,1% атропин ертіндісін береді. Операция өткізілетін жерге науқасты каталкамен апарады.

Радиоизотопты әдіспен тексеру.

  • Радиоизотопты әдіспен тексеру. Бұл әдіс кейбір ағзалар өз бойында белгілі бір химиялық элементтерді жинау қасиетіне негізделген, мүшедегі радиоактивті изотоптардың арқасында ерекше тіркеуші құралдар тексеретін ағзаның бейнесін алуға көмектеседі.

Жалпы тәртібі: Бұл тексеріс тек 40-тан ақан пациенттерге жүргізіледі. Радиоизотопты тексеріс жүргізген күні рентген тексеріс жүргізуге болмайды. Радиоизотопты тексерісті бір реттен көп жүргізсе, онда радиолог-дәрігердің консультациясы керек. Кері көрсеткіштеріне жатады: жүктілік, лейкопения және гипопластикалық анемия.

 

  1. Қалқанша безді тексеру (йод -131) –  сцинтиграфия.

Тексерістен 3 ай бұрын йод және бром  препараттарын тағайындамайды немесе  тоқтатады. Егер тексерістен 2-3 жұма бұрын құрамында йоды бар контрасты заттар қолданған болса (холецистография, холангиография, урография) және  терісін йод ертіндісімен немесе Люголь ертіндісімен сүрткен болса, радиоизотопты тексеріс кейінге жылжытылады.

Мақсаты: пациентте қалқанша бездің қатерлі ісігі болса немесе болуы мүмкін деп күдіктенсе және сәулелер мен хирургиялық емдеу әдісін таңдағанда.

  1. Бауыр мен өт қапшығының қызметін тексеру – динамикалық гепатобилиярлық сцинтиграфия.

Бұл тексеріске пациент таңертең ашқарында келеді, өзімен бірге 2 шикі жұмыртқа әкеледі.

  1. Ұйқы безін радиоизотопты әдіспен тексеру.

Бұл тексеріс ұйқы безінде  қатерлі ісік болғанда немесе күдік туғанда жүргізіледі. Науқасты дайындау үшін ішке 2% Люголь ертіндісін 10-15 тамшыдан күніне 3 рет немесе 10%  3-5 тамшыдан күніне 3 рет тексерістен бұрын 3 тәулік және тексерістен кейін 3 тәулік беріледі.

Ультрадыбыспен тексеру. 

Ультрадыбыс – жүрек-қантамыр жүйесінің диагностикасында (жүрек), ас қорыту жүйесі (бауыр, өт қабы, көк бауыр), зәр шығару жүйесі (бүйрек, қуық), жыныс ағзалары (жатыр, аналық без, қуық асты безі), эндокрин жүйесінен (қалқанша және ұйқы безі) жиілігі жоғары толқынды дыбыс арқылы тексеру тәсілдері. Бұл тексеріс арқылы мүшелердегі патологиялық өзгерістерді (ісік, киста, поликистоз, гидронефроз) көруге болады.

Бұл әдістің артықшылығы: пациенттердің барлық жағдайында өткізуге болады, ағзаға ешқандай зат жіберілмейді, зиянды емес және тексерістің нәтижесін бірден алуға болады.

 

Іш қуысы мүшелерін (бауыр, өт қапшығы, ұйқы безі, көк бауыр) және бүйректерді ультродыбыспен тексергенде пациенттерді дайындау тәртібі:

  • пациентті тесеру мақсатымен таныстыру;
  • метеориз болатын науқастарға 3 күн бұрын шлаксыз диета тағайындау;
  • дәрігердің тағайындауы бойынша активтелген көмір таблеткаларын беру;
  • кешкі 18-ден кейін тамақ ішпеу;
  • таңертең аш қарында;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде мейірбикенің бір міндеті болып санитарлық эпидемияға қарсы режимді сақтауды қадағалау саналды. Барлық ем өткізілетін бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарьлар таза болуы керек. Бөлмеде ылғалды жиыстыруды (еденді жуу, жиһаздарды, терезені, есікті сүрту) тәулігіне екі рет жуу немесе дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізеді.

Жиыстыру жүргізуге қолданылатын құралдар міндетті түрде таңбаланған болуы керек және оларды бөлек сақтап, тағайындауына байланысты қолдану керек. Палаталар және басқа да бөлмелер мен кабинеттерде ген. уборка арнайы кестемен кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Егу және таңба бөлмелерінде ген.уборка жұмасына бір рет өткізіледі. Ерекше режиммен жұмыс істейтін бөлмелерде (операция жасайтын бөлме, таңба және егу бөлмелерінде) кесте бойынша кварц немесе бактериоцидты лампалар қосылуы керек .

      Дезинфекция  дегеніміз қоршаған ортадағы  патогенді микроорганизмдерді жою.

      Дезинфекцияның түрлері:

  • Сақтандыру дезинфекциясы аурухана ішінде инфекцияны болдырмау үшін жүргізіледі
  • Ошақты дезинфекция екі түрге бөлінеді:
    • Ошақты күнделікті – ол инфекция ошағы бар жерде, науқас жатқан жерде және барлық емдеу сақтау бөлмелерінде күніне екі реттен кем жүргізілмейді.Дезинфекцияны рұқсат етілген жуу және химиялық ертінділермен инструкциясы бойынша жүргізеді. Ертінді құйылған ыдыстар белгіленген болу керек, онда ертіндінің аты, концентрациясы, дайындаған күні жазылып тұру керек. Ертінділер арнайы, бөлек бөлмеде сақталады. Жиыстыруға қолданылатын құралдар белгіленген болу керек.
    • Ошақты ақырғы – ол бір рет науқас тәуір болып үйіне шыққанда, қайтыс болғанда немесе жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылғанда жасалады. Оның мақсаты инфекциялық ошақты аурудың қоздырғыштарынан мүлдем жою үшін.

      Дезинфекцияның әдістері: Механикалық, физикалық, химиялық және құрастырма деп төрт түрге бөлінеді.

1)  Механикалық дезинфекцияға жатады:

–   бөлмені және бөлмедегі құралдарды ылғалды жиыстыру

–   төсек – орынды қағып – сілку

–   бөлменің шаңын тазалау пылесос арқылы, сылау, сырлау

–   қолды жуу

2)  Физикалық дезинфекция:

–   күннің сәулесін қолдану

–   ультрофиолеттік сәулелерді қолдану

–   ыстық өтектеу, күйдіру

–   қоқыстарды, керек емес құралдарды өртеу

–   қайнату

–   пастерлеу

Физикалық әдіс ең қауіпсіз, ең қолайлы әдіс.

  • Химиялық әдіс:

Емдеу сауықтыру мекемелерінде осы әдіспен  жұмыс істегенде науқаспен немесе биоматериалмен қатынаста болған құралдарды толық химиялық ертінділерге батыру керек. Егер науқаспен қатынаста болмаса онда ол заттарды осы ертінділерге батырылған салфеткалармен немесе мәрлімен екі рет сүрту кеерек. Емдеу сауықтыру мекемелерінде тек қана Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің департаментінде госсанэпиднадзор рұқсат етілген химиялық ертінділермен жұмыс істеледі.

  • Құрастырма әдісінде дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі:
    • паровоздушный – ылғалды ауамен 110 градус температурада, қысымы 0,5 атм., экспозициясы 20 мин.
    • Пароформалиновый – 0,5 атм., температурасы 90 градус, экспозиция 30 мин.

Залалсыздандыру.

Қазіргі медициналық қызмет көрсететін емдеу сауықтыру мекемелерінде САН ПиН 90100176 бұйрығы бойынша медициналық құрал – жабдықтарды дезинфекциялау және стерилездендіру (залалсыздандыру) әдістері, құралдары, тәртібі қолданылады, ол кейіннен №404 бұйрығымен толықтырылған. Бұл құжаттар барлық емдеу және сауықтыру мекемелерінде міндетті түрде қолданылуы керек.

Залалсыздандыруға барлық жарамен, қанмен және  егулерде қатынаста болған медициналық құралдар жіберіледі.

     Асептика  туралы түсінік – инфекцияны жараға, науқастың организміне түсірмеу үшін қолданылатын шаралар.Ол үшін науқаспен қатынаста болған құрал-жабдықтардың бәрін дезинфекциялау қажет.

Стерилиздендіру (залалсыздандыру) – физикалық факторлардың әсерімен және химиялық препараттарды қолдану арқылы қоздрғыштарды және олардың спораларын жою.

Стерилизендіру әдістері:

–    термикалық әдіс (ыстық температура арқылы);

  • ультрофиолетті сәулелерді қолдану (таңба, егу, операция жасайтын бөлмелерді);
  • ультродыбысты стерилиздендіру;
  • инфра қызыл сәулелермен стерилиздендіру;
  • стерилиздендірудің химиялық әдісі полиэтиленнен жасалған құралдарды, жасанды дем алдыру аппаратын, әртүрлі эндоскоптарды дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізіледі;
  • газбен стерилиздендіру;

Клиникалық тәжірибеде көбіне термикалық әдіс жиі қолданылады: автоклавта және құрғақ ауа шкавында.

Медициналық құралдарды залалсыздандыру емдеу сауықтыру мекемелерінде орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

Автоклавта стерилиздендіру режимі

1-ші режим 132 С, қысымы 2 атм., уақыты 20 минут

2-ші режим 120 С, қысымы 1 атм., уақыты 45 минут

Бірінші режим (негізгі) бойынша бөз бен мәрліден жасалған таңба материалдары, киім, төсек, әйнек және металдан жасалған құралдар стерилиздендіріледі.

Екінші режим (щадящий) бойынша резеңке, латекс, полимерлерден жасалған заттар стерилиздендіріледі.

Бумен стерилиздендірілетін заттар алдымен крафт-пакеттерге немесе бикстерге салынады САН ПиН 90100176 бұйрығына сәйкес. Стерилиздендірілген заттардың залалсыздығы крафт-пакеттерде 3 тәулік сақталады.

Құрғақ ауа шкавында стерилиздендіру

180 градуста 60 минут

Бұл әдіспен әйнектен және металдан жасалған құралдар стерилиздендіріле

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолды жұмысқа дайындау.

Әдеттегі қолды сабынмен жуу.

  • Өте лас қолдан өткінші микроорганизмдердің көп бөлігін жоюға болады ( 99 % дейін);
  • Қолды жуу барысында белгілі бір тәртіпті сақтаудың мәні өте зор, себебі кейбір зерттеулер көрсеткендей, қолды жуу кезінде терінің кейбір жерлері (саусақтың ұштары мен оның сыртқы беті) лас күйінде қалады.

Кезеңдері:

  • Сақина және басқа да зергерлік бұйымдарды шешу керек, олар микроорганизмдердің нәтижелі жойылуын қиындатады. Сонымен қатар неке сақиналары, тырнаққа жағылатын бояу дамикроорганиздердің жойылуын қиындатады.
  • Қолды қатты ағып тұрған судың астында сабындап және қолды 10 секундтан кем емес уақыт ішінде бір-біріне үйкелеп, сонан соң шаяды.

Қолды жуу тәртібі:

  • Алақанды алақанға үйкелеу;
  • Оң алақанмен сол қолдың сыртын, сол алақанмен оң қолдың сыртын үйкелеу;
  • Алақанды бір-бірімен беттестіріп, саусақтың ішкі беттерін жоғары және төмен үйкелеу;
  • Саусақтың сыртқы бетін екінші қолдың алақанына үйкелеу;
  • Оң қолдың үлкен саусағын жұмылған алақанның арасында айналдыра үйкелеу, сонан соң керісінше қайталау;
  • Оң қолдың саусақтарын бүгіп, сол алақанға айналдыра төменге және жоғарыға қарай үйкелеу және керісінше қайталау. Әрбір іс әрекетті 5 реттен қайталап, сонан соң қолды шаю.
  • Қолды бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен құрғатып, осы сүлгімен судың кранын жабады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төсек орын ауыстыру

Әзірле:

  • таза төсек орын жиынтығы;
  • халат, орамал, қолғап;
  • кір төсек-орындар үшін клеенка қап;

Іс әрекеттері:

I – ші тәсіл (бұл тәсіл қатаң төсек тәртібінде жатқан пациенттер үшін пайдаланылады).

  1. Таза ақ жайманы ұзынынан ортасына дейін ораңыз.
  2. Науқастың басын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
  3. Пациентті төсектің қырына ығыстырыңыз.
  4. Кір ақ жайманы ұзынынан ораңыз.
  5. Оның орнына таза ақ жайманы төсеп, үстіне пациентті аунатыңыз.
  6. Кереуеттің екінші жағынан кір ақ жайманы алып, таза ақ жайманы

тегістеп жайыңыз.

  1. Пациентті арқасына жатқызып, басына таза тысты жастық салыңыз.
  2. Пациентті көрпемен жабыңыз.

II – ші тәсіл (төсек режимінде жатқан пациентті бір қырымен жатуға рұқсат етілген жағдайда).

  1. Таза ақ жайманы түгелдей көлденең ораңыз.
  2. Абайлап пациенттің денесінің жоғарғы жағын көтеріп, жастықты алып тастаңыз.
  3. Кір ақ жайманы бас жағынан белдемеге қарай орап,  босаған орынға таза ақ жайманы төсеңіз.
  4. Таза ақ жаймаға жастық салыңыз да, оған пациентті жатқызыңыз.
  5. Пациенттің жамбасын, аяғын көтеріп кір ақ жайманы жылжытып, одан босаған орнына таза ақ жайманы төсеуді жалғастырыңыз. Пациенттің жамбасын және аяғын түсіріп, ақ жайманың шетін түзеп матрастың астына қайырыңыз.
  6. Пациентті көрпемен жабыңыз.

Іш киімді ауыстыру

Шешіндіруді орындау тәртібі:

  1. Пациенттің бас жақ денесін көтеріңіз.
  2. Абайлап кір көйлегін желкесіне дейін түріңіз.
  3. Пациенттің екі қолын көтеріп, оратылған кір жейдені басынан шешіп алыңыз.
  4. Жеңін шешіңіз. Пациенттің қолы жарақатталған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан соң жарақатталған қолынан шешіңіз.

Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді:

  1. Екі жеңін кигізіңіз, қолда жарақат болса – алдымен ауру қолға, содан кейін сау қолға кигізу керек.
  2. Жейдені басынан кигізіп, денесіне түсіріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойылудың алдын алу шаралары.

Мақсаты: ойылудың алдын алу.

Ойылатыр жерлер: құйымшақ, жауырын, шынтақ, қара құс, жамбас буыны.

Көрсеткіштері: ұзақ төсек тартып жату, орталық және шеткі жүйке жүйесінің зақымдалуы, организмде зат алмасудың бұзылуы, шығару жүйесінің қызметі бұзылу.

Әзірле: лоток, салфеткалар, пинцет, шыны банка, 10 % камфора спирті, поролон немесе мақтадан жасалған шеңберлер.

Іс әрекеттері:

  • пациенттің төсегі жайлы болу керек, төсекте қоқым, қалдық, бүктеулер болмауын қадағалап отыру ;
  • әрбір 2 сағат сайын пациенттің дене қалыпын өзгертіп отыру;
  • кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отыру ;
  • пациенттің терісін күніне 2 рет жылы сабынды сумен сүртіп отыру ;
  • теріні құрғатып, содан соң камфора спиртіне батырылған салфеткамен сүрту;
  • арнайы қорғаныш кремдерін жағу;
  • ойылу болатын жерлерге шеңберлер қою;
  • ойыққа қарсы матрас қолданыңыз;

Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.

Мақсаты: Стоматиттің алдын алу.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, лихорадка болған пациенттер.

Әзірле:

  1. 0,5% гидрокарбонат натрий, немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергішті, тіл ұстағышты;
  2. Лоток, пинцет, дәке салфетка, шпатель;

Іс әрекеттері:

  1. Қолыңызды жуыңыз;
  2. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;
  3. Пациенттің аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз, егер  оның

халі келмейтін болса, ауызкергіштің көмегімен аузын ашып, тілін

тілұстағышпен шығарыңыз;

  1. Әзірлеген ертіндіге салфетканы сулаңыз,
  2. Ұртын шпательмен ашып, салфеткамен ауыз қуысының шырышты қабығын, қызылиекті, барлық тісін және тілін сүртіңіз;
  3. Ерні, ауыз бұрышы тілінсе (езуі) май немесе вазелин жағыңыз.
  4. Аузын салфеткамен сүртіңіз.
  5. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

Ескерту! Егер пациенттің протез тісі болса, оны түнде шешіп алып, жуып, таза стақанда сақтаңыз. Ауыз қуысын 2% гидрокарбонат ертіндісімен шаю қажет.

Құлақты күту іс әрекеттері.

Мақсаты: Құлаққа құлық жиналғаннан есту қаблетінің төмендемеуі үшін.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер.

Әзірле:

Лоток, пинцет, мақта тампондары, мензурка, дәкеден жасалған дренаж (турунда), пипетка, 3% сутегі тотығы ертіндісі, 3%  борлы спирт ертіндісі, Жане шприці;

Іс әрекеттері:

  1.    Қолыңызды жуыңыз;
  2.    Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;
  3.    Мензуркаға 3% сутегі тотығы немесе 3%  борлы спирт ертіндісін

құйыңыз;

  1.  Пинцетпен турунданы алып, сутегі тотығы ертіндісіне сула;
  2. Сол қолмен құлақтың ұшынан тартып, оң қолмен турунданы бұрап отырып 1см тереңдікке кіргізіп 2-3 минутқа қалдырыңыз;
  3. Турунданы құлақтан бұрап шығарыңыз;
  4. Екінші құлақты да осылай тазалаңыз;
  5. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

Мұрын қуысын күту іс әрекеттері.

Мақсаты: Мұрынмен дем алу қиындамау үшін.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, мұрын қуысынан бөлінетін заттар болғанда.

Әзірле:

Лоток, пинцет, мақта тампондары, дәкеден жасалған дренаж (турунда), вазелин майы.

Іс әрекеттері:

  1.   Қолыңызды жуыңыз;
  2.   Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;
  3. Пинцетпен турунданы алып, вазелинге салып, жайлап сығыңыз;
  4.   Турунданы оң қолға алып мұрын қуысына бұрап кіргізіп, 1-3

минутқа қалдырыңыз;

  1. Турунданы мұрын қуысынан бұрап шығарыңыз;
  2. Екінші мұрын қуысын да осылай тазалаңыз;
  3. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

Көзді күту іс әрекеттері.

Мақсаты: Жеке бас гигиенасын сақтау үшін.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер.

Әзірле:

Лоток, пинцет, мақта шариктері, дәкеден жасалған салфеткалар, көз жуатын стакан, фурациллин ертіндісі, мензурка, пипеткалар, физиологиялық ертінді.

Іс әрекеттері:

  1. Қолыңызды жуыңыз;
  2. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;
  3. Мақта шаригін алып, мензуркадағы фурациллин ертіндісіне батырып,

сәл сығып,  көздің сыртқы шетінен ішкі шетіне дейін сүртіңіз;

  1. Осылай 4-5 рет қайталаңыз;
  2. Құрғақ шарикпен осы қимылды қайталаңыз;
  3. Екінші көзді де осылай тазалаңыз;
  4. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

Шашты күту.

Төсекте ұзақ жатқан пациенттердің шашын күту керек. Шашында қайыз және басқа бір жәндіктердің болмауын қадағалап отыру қажет. Ер адамдардың шашын қысқа қиып, жұмасына бір рет жуып отырады. Жағдайы ауыр пациенттердің шашын төсегінде жууға болады. Әйелдердің шашын күту қиын, олардың шашын күнде тарап отыру керек, жұмасына бір рет жуу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.

Іс әрекеттері:

  1. Пациенттің жамбасының астына кленка төсеп, оны басқа пациенттерден шымылдықпен бөліңіз.
  2. Дәрет ыдысын жылы сумен шайып, ішіне аздап су қалдырыңыз.
  3. Сол қолды сегіз көздің астына салып пациенттің жамбас сүйегін көтеруге көмектесіңіз (тізесі бүгулі).
  4. Оң қолмен дәрет ыдысын алып, оның ашық жағымен пациенттің аяқ жағына қойыңыз:
  5. Пациенттің үстін көрпемен жауып, жалғыз қалдырыңыз.
  6. Дәрет ыдысының ішіндегісін унитазға төгіңіз, судың ағынымен ішін шайыңыз.
  7. Пациентті дәреттендіріп, шат аралығын құрғатып сүртіңіз, клеенканы алыңыз.
  8. Дәрет ыдысын бір сағатқа дезинфекциялау ертіндісіне салыңыз.
  9. Дәрет ыдысын берер алдында жылы сумен шайыңыз, құрғатыңыз

Әйел адамды  төсегінде дәреттендіру.

Әзірле: лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, жаялық, зәр қабылдағыш, су құйылған құмыра немесе Эсмарх кружкасы.

Іс әрекеттері:

  1. Қолды жуып, перчатки киіңіз.
  2. Пациенттің астына клеенка төсеп, жамбасының астына зәрқабылдағыш қойыңыз.
  3. Пациенттің аяғын тізесінен бүгіп, аяқ арасын ашыңыз:
  4. Пациенттің оң жағынан тұрыңыз.
  5. Сол қолға суы бар құмыраны, оң қолға мәрлі салфеткамен корнцангті алыңыз.
  6. Үстінен суды құйып тұрып, жыныс мүшелерін жоғарыдан төмен қарай жуыңыз, салфеткаларды ауыстырып отырыңыз.
  7. Жыныс мүшелерін құрғатыңыз.
  8. Зәрқабылдағышты, клеенканы, перчаткилерді алып дезинфекциялаңыз.
  9. Пациенттің төсегін дұрыстап, көрпемен жабыңыз.

 

 

Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі  тазалықтан өткізу кезеңдері.

Мақсаты: Медициналық құрал-жабдықтарды ақуыздан, майлы және механикалық қалдықтардан, сонымен қатар дәрілік заттардан тазалау.

Тазалықтан өткізу кезеңдері:

  1. 1. Төмендегі жуу ертіндісінің бірін дайындаңыз:

А) жуу ұнтағы 5 гр,  27,5% сутегінің асқын тотығының ертіндісі –

17мл, 1л-ге дейін су;

Б) жуу ұнтағы 5 гр,  3 % сутегінің асқын тотығының ертіндісі –

180 мл, 1л-ге дейін су;

В) жуу ұнтағы 5 гр,  33 % сутегінің асқын тотығының ертіндісі –

14мл, 1л-ге дейін су;

  1. Жуу ертіндісін 25 градусқа дейін жылытып, құрал-жабдықтарды

15 минутқа салып қой;

  1. Әрбір құралды жуу ертіндісінде 30 секунд дәкелі-мақтамен

тазалаңыз;

  1. Ағынды суға шайыңыз.
  2. Залалсыздандыруға дейінгі тазалықтың сапасына бақылау жүргізу (бақылауға барлық заттардың 1% тартылады );
  • фенолфталейнді сынамасы жуу ертіндісінің қалдығын тексеру үшін;
  • азопирам сынамасы қанның қалдығын тексеру үшін.
  1. Құралдарды дистилденген суға шаю.
  2. Құрал-жабдықтарды 80-85 градуста ыстық ауалы шкафта ылғалы кепкенше кептіреміз;
  3. Құралдарды крафт пакеттерге орау;

Ескерту:

  • жуу ертіндісін бір тәулікте алты рет қолдануға болады, егер ертіндінің түсі өзгерсе қолдануға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

Пациентті жасанды тамақтандыру.Әдістері, көрсеткіштері.

Жасанды тамақтандыру ағзаға асқазан зонды, гастростома, клизманың көмегімен немесе парентеральды жолмен қоректік заттар енгізу. Жасанды тамақтандыру кейде қалыпты тамақтануға қосымша болады. Жасанды тамақтандыруда тамақтың тәуліктік калориясы 2000 калорий құрайды. Ондағы ақуыз –  май –   көмірсудың қатынасы: 1:1:4. Зонд немесе фистула арқылы тек қана сұйық тамақтар беріледі: сүт, сорпа, сұйық кисель, шырын, шәй, кофе т.б.

    Жасанды тамақтандырудың түрлері: 1) асқазан зонды арқылы;

2) гастростома арқылы; 3)клизманың көмегімен; 4) парентеральды;

    Асқазан зонды арқылы жасанды тамақтандыру.

Мақсаты: зондты енгізіп, науқасты тамақтандыру.

Көрсеткіштері: жарақаттар, тілдің, жұтқыншақтың және өңештің ісінуі немесе күюі, жұтынудың қиындауы, ессіз күй, психикалық ауруларда тамақтан бас тарту.

Қарсы көрсеткіштері: асқазанның ойық жара ауруының өткір кезеңінде.

Әзірле: залалсыздандырылған жіңішке асқазан зонды, оймыш немесе Жане шприці, глицерин, салфеткалар, 1:2000фурациллин ертіндісі, 600-800 мл жылы сұйық тамақ.

  Іс әрекеттері:

  • пациентті отырғызып мұрын немесе ауыз қуысы арқылы зондты пациенттің асқазанына енгізіңіз (науқастың бойынан 100см алып таста);
  • зондтың бір ұшына оймышты немесе Жане шприцін жалғаңыз;
  • дайындаған тамақты енгізіңіз;
  • тамақтың қалдықтарын жуу үшін зондқа таза су жіберіңіз;
  • зондтың бос ұшын қысқышпен қысып, салфеткамен орап, пациенттің мойнына бинтпен бекітіңіз (зондты 2-3 жұмаға дейін қалдыруға болады).

   Пациентті  гастростома арқылы тамақтандыру.

Мақсаты: Асқазан тесігін жасап, зонд арқылы тамақтандыру.

Көрсеткіштері: жұтқыншақ, өңештің жарақаттары немесе күйігі, өңештің операцияларынан кейін, өңеш немесе асқазанның қатерлі ісігі.

Әзірле: жұмсақ резеңке немесе силиаон зонды, оймыш немесе Жане шприці, 50-250 мл жылы сұйық тамақ, қысқыш, салфеткалар, Лассар пастасы.

     Іс әрекеттері:

  • зондтың бос ұшына оймышты немесе Жане шприцін жалға
  • дайындаған тамақты енгіз
  • тамақтың қалдықтарын жуу үшін зондқа таза су жібер
  • оймышты ал
  • гастростоманың айналасын әлсіз калий перманганат ертіндісімен сүртіп, Лассар пастасын жақ.

       Парентеральды қоректендіру:

Белок препараттарын, глюкоза ертінділерін, витаминдер мен минералды тұздарды көк тамыр арқылы енгізу.

    Клизма арқылы тамақтандыру:

Көрсеткіштері: Көп құсқанда, өңештен тамақ жүрмегенде.

Әзірле: 5% глюкоза ертіндісі, 0,9%  натрий хлорид ертіндісі 37-38 градусқа дейін жылытылған 800-1000 мл, Эсмарх кружкасы түтікшемен жалғастырылған, штатив, вазелин.

     Іс әрекеттері:

  • 1 сағат бұрын тазалау клизмасын жаса
  • Пациентті сол қырына жатқызып, астына кленка төсеп, аяғын тізеден бүгіп, басы тұйық түтікшені тік ішекке 20-30см тереңдікке енгізіп, ертіндіні 1минутта 80-100 тамшыдан жібер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Науқасты ауруханаға қабылдау және тіркеу, антропометрия өткізу.

Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады. Аурухананың қабылдау бөлімінің мейірбикесінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • пациенттерді қабылдау және тіркеу;
  • пациенттерді қарау, алғашқы тексеру өткізу (дем алу жиілігін, пульсін, қан қысымын, дене қызуын анықтау);
  • антропометриялық өлшемдер жүргізу;
  • санитарлық-гигиеналық тазалық жүргізу;
  • мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
  • құжаттарды толтыру;
  • науқастарды аурухананың емдеу бөлімдеріне тасымалдау;

Қабылдау бөліміне түскен пациенттерді тіркеу және қажетті құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:

  • Ф 001 У есепті үлгісі;
  • Ф 003 У есепті үлгісі;
  • Ф 066 У есепті үлгісі;
  • Ф 058 У есепті үлгісі;

Мейірбике пациентті қабылдау есебі журналына (Ф 001 У есепті үлгісі) пациенттің аты-жөнін, туған жылын, күнін, қайдан және кім әкелгенін, жіберген емдеу сауықтыру мекемесінің диагнозын, қай бөлімге жіберілетінін жазады. Ауруханалық пациенттің медициналық картасының мұқаба бетін, яғни төлқұжат бөлімін (Ф 003У есепті үлгісі) және ауруханадан шыққан пациенттердің санақ картасының (Ф 066 У есепті үлгісі) сол жақ жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС-ке шұғыл хабарлама (Ф 058 У есепті үлгісі) толтырады.

Науқастарға санитарлық тазарту жүргізу.

Науқасқа санитарлық тазартуды мейірбике көмекшімен бірге жүргізеді. Тазартуды санпропускникте жүргізеді. Санитарлық тазарту екі түрге бөлінеді: 1) толық (ванна, душ қабылдау)

  • жартылай ( денесін жартылай сүртіп тазарту)

Антропометриялық өлшемдер жүргізу.

Науқастың бойын (бойөлшегішпен), салмағын (таразыға қойып), бас аумағын және кеуде аумағын (сантиметрлік лентамен) өлшеу.

Науқастарды бөлімшеге тасымалдау түрлері.

Науқастарды қабылдаған дәрігердің ұйғарымы бойынша бөлімшеге жаяу, кресло-каталкамен, каталкамен немесе зембілмен тасымалдайды.

Антропометрия өткізу.

  • Салмақты өлшеу.

Әзірле: медициналық таразы, дезинфекциялық ертінді.

Іс әрекеттері:

  • қолды жуып, қолғап киіңіз;
  • таразыны дайындаңыз;
  • пациентті таразының үстіне аяқ киімін шешіп тұрғызыңыз;
  • таразыдан пациенттің салмағын анықтап, арнайы журналға белгілеңіз;
  • таразының үстін дез. ертіндіге батырылған сүрткішпен 2 рет қайталап сүртіңіз;

2) Бойды өлшеу.

Әзірле: бой өлшегіш, дез. ертінді.

Іс әрекеттері:

  • қолды жуып, қолғап киіңіз;
  • бой өлшегішті дайындаңыз;
  • өзіңіз бой өлшегіштің бір жанынан тұрыңыз;
  • планканы пациенттің бойынан жоғары көтеріңіз;
  • пациентті бой өлшегіштің үстіне тік тұрғызыңыз: өкшесі, жамбасы, жауырыны планкаға тиіп тұруы керек;
  • көзінің қиығы мен құлақтың ұшы бір деңгейде болуы керек;
  • планканы пациенттің басына түсіріп, шкала бойынша бойын белгілеңіз;
  • пациентті бойының көрсеткішімен таныстырыңыз;
  • бой өлшегішті дез. ертіндіге батырылған сүрткішпен 2 рет қайталап сүртіңіз;

 

 

                                            Артериялық қысымды өлшеу.

Әзірле: тонометр, фонендоскоп,  дене қызу парағы, 70% спирт, мақта шариктері.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
  • Пациенттің қолын жазып, алақанын жоғары қаратыңыз;
  • Пациенттің иығына, шынтақтан 2-3см жоғары, арасына 1 саусақ сиятындай етіп манжетті ораңыз;
  • Монометрдің стрелкасы «0» белгісінде болуы керек,
  • Саусақпен тамыр соғысын тауып, сол жерге фонендоскопты қойыңыз;
  • Грушаның тиегін жауып, манжетке біртіндеп тамыр соғысы жоғалғанша ауа жіберіңіз + 20-30мм сн.бағ. ауа қосыңыз;
  • Грушаның тиегін ақырындап ашып, манжеттегі ауаны жайлап шығарыңыз;
  • Монометрге қарап отырып, тамыр соғысы пайда болған санды анықтаңыз, ол систолдық жоғарғы қысым болады;
  • Ауаны одан әрі жайлап шығара отырып, тамыр соғысы тоқтаған санды анықтаңыз, ол диастолдық төменгі қысым болады.
  • Манжеттегі қалған ауаны түгелімен шығарыңыз;
  • 5 минут өткесін қайталап өлшеңіз;
  • Манжетті шешіңіз;
  • Артериялық қысымның көрсеткіштерін белгілеңіз;
  • Пациентті көрсеткіштерімен таныстырыңыз;
  • Фонендоскоптың басын 2 рет қайталап спиртпен сүртіңіз;

Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.

Мақсаты: пульстің синхрондығын, жиілігін, ырғағын, толуын, қуатын және көлемін анықтау.

Көсреткіші: организмнің функционалдық жағдайына баға беру.

Әзірлеу керек: сағат, секундомер, дене қызу парағы, қалам.

Іс алгоритмі:

  • Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз;
  • Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
  • Қолдарыңыздың саусақтарын пациенттің қолының білезік буынына қойыңыз;
  • 2,3,4 саусақтарыңызды сәулелі артерияның бойына қойып, сәуле сүйегіне басыңыз, пульсті тауып, оң және сол қолдың пульсін салыстырыңыз; Қалыпты жағдайда екі жақта бірдей болады, бұл пульстің синхрондығы..
  • Пульс толқындарының 1 минуттағы санын анықтау – пульстің жиілігі деп аталады. Қалыпты жағдайда пульс саны минутына 60-80 рет. Пульстің жиі соғуы тахикардия, ал сирек соғуы брадикардия деп аталады;
  • Әр пульс толқындарының арасындағы интервалды анықтау – пульстің ырғағы деп аталады. Бұл интервал бірдей болса пульстің ырғағы дұрыс болғаны, ал әр толқынның арасындағы интервал бірдей болмаса ырғағы дұрыс емес немесе аритмия деп аталады.
  • Пуьстің толуын анықтау, ол пульс толқындарын тудыратын артериялардың қанға толуымен сипатталады. Толық немесе толық емес деп бөлінеді;
  • Пульстің қуаты – қан тамырының соғуын тоқтату үшін жұмсалатын күш арқылы анықталады, әрі ол қан қысымымен де байланысты. Оның түрлері қатты және жұмсақ.
  • Пульстің көлемі пульстің қуатымен және толуымен байланысты. Толуы мен қуаты жақсы пульсті – үлкен пульс, толуы мен қуаты нашар пульсті кіші  немесе «жіп тәрізді» пульс деп атайды;
  • Пульсті дене қызу парағына графикалық белгілеңіз;

Тыныс алу жиілігін анықтау, сипаттамалары, тыныс алу түрлері, патологиялық дем алыстың түрлері.

Қалыпты жағдайда дені сау адамдарда тыныс алу қимылы минутына 16-20 рет, ол адамның жасына, жынысына, дене құрылысына байланысты. Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.

Тыныс алу жиілігін пациентке байқатпай санау керек. Осындай мақсатпен білегін алып,тамыр соғуын анықтағандай болады, ал екінші қолын пациент көкірек клеткасына қойып оның бір минуттағы қимылын санайды. Тыныс алу қалыпты, белгілі бір тереңдікте болу тиіс.

Тыныс алудың физиологиялық түрлері: кеудемен, ішпен және аралас дем алу. Әйелдерде көбіне кеудемен, ер адамдарда ішпен дем алу болады. Тыныс алудың  жиілігі мен тереңдігі өзгергенде ентікпе пайда болады. Ентікпенің екі түрі бар – инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе қиналып дем алумен, ал экспираторлық қиналып дем шығарумен сипатталады. Ентігудің күрделі түрі тұншығу деп аталады.

Патологиялық дем алыстың түрлері.

Тыныс алу орталығының қызметі зардап шеккен кезде тыныс алу сирейді. Ауыр жағдайларда Чейн-Стокс, Биот және Куссмауль типтес патологиялық тыныс пайда болады. Чейн-Стокс тынысы-дем алу қимылдарының арасында біртіндеп өсетін және тыныс толық тоқтап қалғанша азаятын үзілістер болады. Биот тынысы қалыпты, ырғақты тыныс алумен сипатталады, ол арасында 1 миутқа дейін созылатын ұзақ үзілістермен сипатталады. Куссмауль тынысы қалыпты сирек тыныс алу циклдерімен, шулы дем алу және дем шығаруы күшеюімен сипатталады.

Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтау әдісі.

Мақсаты: Тыныс алуды сипаттау.

Көсреткіші: организмнің функционалдық жағдайына баға беру.

Әзірлеу керек: сағат, дене қызу парағы, қалам.

Іс алгоритмі:

  • Пациентке пульсті анықтаймын деп түсіндіріп, келісімін алыңыз;
  • Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
  • Науқастың қолын алып, пульс санағандай болыңыз;
  • Бос қолыңызды кеудесіне қойыңыз (егер кеудемен дем алатын болса) немесе ішіне қойыңыз (ішпен дем алатын болса).
  • 1 минут ішіндегі дем алу санын анықтаңыз;
  • Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтаңыз;
  • Тыныс алу жиілігін дене қызу парағына графикалық белгілеңіз;

Термометрия. Дене қызуын өлшейтін жерлер, өлшеу әдісі, термометрді дезинфекциялау.

Мақсаты: науқастың жағдайын бақылау. Емдеу сауықтыру мекемелерінде барлық науқастардың дене қызуын екі рет өлшейді: таңертең 7-9 сағат және кешке 17-19 сағат аралығында, ал кейде қажетіне қарай жиі.

Дене қызуын өлшейтін жерлер:

  • қолтық астында
  • шат аралығында (балаларда)
  • ауыз қуысында (тіл астында)
  • тік ішекте
  • қынапта

Қалыпты жағдайда дене температурасы 36-37 градус болады. Дене қызуы 37 градустан жоғары болса оны лихорадка (қызба) дейді.

    Ескерту:

  • дене қызуының 1 градусқа жоғары болуы тамыр соғуын 10 рет артық соғуына әкеліп соғады;
  • қуыстарда өлшенген дене қызуы қолтық астындағы дене қызуынан

0,5 – 1 градусқа жоғары болады;

Дене қызуын өлшеу.

Әзірле: медициналық термометр, лоток, сүлгі, дене қызуын есепке алу журналы, дене қызу парағы, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс.

Іс әрекеттері:

  • Термометрді алып, резервуардағы сынаптың көрсетуі 35 градус екенін анықтаңыз;
  • Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
  • Қолтық астында жергілікті қабыну процестері жоқ екенін тексеріңіз, себебі дене қызуының мөлшері жоғары болады;
  • Қолтық астын құрғақ сүлгімен сүртіңіз;
  • Термометрдің сынапты резервуарына тері жан-жағынан тиіп тұратындай етіп қолтық астына қойыңыз;
  • Әлсіз пациенттерге термометрді иығымен кеуде сүйегіне қысып ұстауына көмектесіңіз;
  • 10 минуттан кейін термометрді алып, көрсеткішін анықтаңыз;
  • Көрсеткішін дене қызу журналына белгілеңіз;
  • Қолданылған термометрді дезинфекциялаңыз. Термометрлерді толығымен дезинфекциялық ертіндіге батырып салып қою керек, экспозиция қолданған ертіндіге байланысты.
  • Термометрді ағынды судың астында жуып, таза сүлгімен құрғатып, «Таза термометрлер» деген ыдысқа салып қойыңыз;

Қызба кезеңдері. Кезеңдеріне байланысты қызбаның белгілері және күту ерекшеліктері.

Дене температурасының 37 градустан жоғары  болуын қызба дейміз. Қызбаның барысында үш негізгі кезең болады.

Бірінші кезең қызудың өршуі. Бұл кезеңде қызудың пайда болуына байланысты, ағза пайда болған жылуды сыртқа көп шығармайды. Соның салдарынан адамның денесі мұздап тоңады, қалтырап дірілдейді. Мұның себебі – қан тамырларындағы жүйке талшықтары тітіркенеді де қан тамырлары тарылады. Дене қызуының жоғарлауына қарамай, тері салқындайды, жүрек жиі соғып, адамның дем алысы жиілейді, басы ауырып, мазасы болмайды.

Күту ерекшеліктері: науқастың аяғына жылытқыш қойып, өзіне ыстық шай беру, жан-жағын қымтап жылы жауып, денесіне жел тигізбеген жөн.

Екінші кезеңтемператураның ең жоғары көтерілуі. Бұл кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Осы кезеңде науқастың тамырлары кеңейіп, жылу шығару жоғарлайды, тер шығару көбейеді. Бұл кезде науқас ыстықтап, көп тер бөледі, аузы құрғап, әлсіздік болады, басы ауырады. Кейбір науқастар температура 39-41 градус болғанда сандырақтап, есінен танады.

Күту шаралары: жылу шығаруды жақсарту үшін науқастың үстін қалың жаппау керек, көп сұйықтықтар (шырын, шай, минералды сулар) , тамақты 6-7 рет шағын порциялармен беру керек. Дене температурасы өте жоғары болған кезде науқаста галлюцинация болып, тұрып кетуі және жарақат алуы мүмкін, ондай жағдайда жеке пост ұйымдастыру қажет. Бұл кезеңде науқас көп терлейтіндіктен науқастың  киімін, төсеін жиі ауыстырып, терісін күтуді қадағалау керек. Басы қатты ауырса басын мұзды мұйық немесе суық компресс қою қажет.

Үшінші кезеңдене қызуының төмендеу кезең. Дене температурасының  төмендеуі екі түрде болады.

Кризистік – ол температураның күрт түсуі, мысалы бір сағат ішінде. Бұл қан тамыры тонусының кенет төмендеуінен болады, ол кезде артериялық қысым төмендеп, тамыр нашар соғады. Кризистік жолмен түсу  науқастар үшін  өте ауыр түрде өтеді: ағза әлсірейді, науқастың терісі бозарып, суық тер шығады, аяқ-қолдары суып, еріндері көгереді.

Бұл кезде науқасқа шұғыл көмек көрсету қажет:

  • дәрігер шақыру;
  • науқастың жастығын алып, аяқ жағын көтереді;
  • науқасты айналдыра жылытқыш салып, ыстық шай немесе кофе береді;
  • керек болатын дәрілерді дайындайды;
  • жағдайы жақсарса науқастың терісін сүртіп, іш киімдерін, төсегін аустырады;

Лизистік  –  дене қызуының біртіндеп түсуі. Бұл кезеңде науқастың жағдайы біртіндеп жақсарады. Науқасқа  № 15 диета тағайындалып, жалпы жағдайын қадағалап отыру қажет.

 

 

 

Қыша қою әдісі.

Мақсаты: Қыша қағаздары пациент денесіне  эфирлі қыша майымен терінің қан тамырларын тітіркендіру және кеңіту арқылы әсер етеді.

   Көрсеткіші:

  • тыныс алу жүйесі мүшелерінің қабыну процестері;
  • гипертониялық криз;
  • жүрек аймағының ауруы (стенокардия ұстамасын басу);
  • остеохондроз;
  • бұлшық ет аурулары;

  Кері  көрсеткіштері:

  • қыша қоятын орындағы терінің жарақаты мен аурулары;
  • өкпеден қан кету;
  • қышаға терінің сезімталдығы;
  • дене қызуының көтерілуі;
  • қатерлі ісіктер;
  • өкпе туберкулезі;

Әзірле: қыша қағаздары, лоток, жылы су ( 40-45 градус), орамал,

салфеткалар.

Іс әрекеттері:

  • пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз;
  • науқастың терісін тексеріңіз;
  • қыша қағазының қолдануға жарамдылығын тексеріңіз (қағаздан қыша үгілмеуі және өзіне тән ерекше иісі болуы керек);
  • лотокқа жылы су құйыңыз;
  • пациентті ыңғайлы жатқызыңыз;
  • қыша қағазын жылы суға малып, денеге қыша жағымен біртіндеп салыңыз;
  • пациенттің үстін орамалмен және көрпемен жабыңыз;
  • қыша қағаздарын 10-15 минуттан кейін алыңыз;
  • теріні жылы суға малынған салфеткамен, сонан соң құрғақ орамалмен сүрт, пациентті қайтадан жылы жауып жатқыз;

Жылытқыш  қою әдісі.

Көрсеткіштері:

  • қабыну процестерін сіңдіру;
  • денені жылыту (қызбаның бірінші кезеңі);
  • ауырсынуды басу;

Кері көрсеткіштері:

  • қабынудың жедел кезеңдері және іш қуысы аурулары;
  • ісіктер;
  • қан кетулер;
  • терінің зақымдалуы;

Әзірле: резеңке жылытқыш,  60-70 градустағы 1,5 – 2литр су, орамал.

Іс әрекеттері:

  • пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз;
  • жылытқышқа дайындаған суды құйыңыз;
  • жылытқыштан ауаны шығарыңыз;
  • жылытқышты аударып, құрғатып сүртіңіз;
  • орамалмен орап пациентке беріңіз;
  • жылытқышты су суығанша ұстауға болады;
  • жылытқышты алып, суын төгіңіз;
  • пациентті жылы жауып, ыңғайлы жатқызыңыз;
  • жылытқышты пайдаланып болған соң дезинфекциялық ертіндімен екі рет, араға 15 минут салып сүртіңіз;
  • сонан соң ағынды суда жуып, құрғатып сақтаңыз;

Мұзды мұйық қою әдісі.

Әсер ету механизмі: терең жатқан тіндер мен мүшелердің қан тамырларын тарылтады, жүйке рецепторларының сезгіштігін төмендетеді, осы себептен қан кету біртіндеп тоқтауы мүмкін, қабыну процестері бәсеңдейді, дене қызуы төмендейді, ауырсыну жеңілдейді.

Көрсеткіштері:

  • іш қуысының жедел қабыну процестері;
  • қан кетулер;
  • қызбаның екінші кезеңі;
  • денені соғып алу (алғашқы тәуліктерде)
  • операциядан кейінгі кезең;
  • Жәндіктер шаққанда;

Қарсы көрсеткіштері:

  • дененің сезімталдығы төмен болу; Әзірле: мұзды мұйық, орамал, мұз түйіршіктері.

Іс әрекеттері:

  • пациентке процедураның мақсатын түсіндіріңіз;
  • мұзды мұйыққа мұз түйіршіктерін жартылай салып, үстіне суық су құйыңыз;
  • мұзды мұйықтан ауаны шығарыңыз;
  • тығынын жабыңыз;
  • мұйықты орамалмен ораңыз;
  • мұйықты белгіленген орынға қойыңыз;
  • мұзды мұйықты 1 тәулікке дейін қоюға болады, бірақ әрбір 25-30 минут сайын 10-15 минутқа денеден алып тұрады;
  • мұйықтағы суды мұздың еруіне қарай төгіп, мұзбен толықтырып отырыңыз;
  • мұзды мұйықты пайдаланып болған соң дезинфекциялық ертіндімен екі рет, араға 15 минут салып, тазалаңыз;
  • сонан соң ағынды суда жуып, құрғатып сақтаңыз;

Асқазанды зондтау (фракциялық әдіспен).

Көрсеткіші: асқазанның секреторлық және қышқыл түзу қызметін зерттеу (созылмалы гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің жарасы).

Кері көрсеткіштері:

  • жедел улану;
  • өңеш пен асқазанның шырышты қабаттарының күйігі;
  • асқазаннан қан кету;
  • жүрек ақауы;
  • жүректің ишемиялық ауруы;
  • гипертониялық аурудың 1 және 2 кезеңі;
  • өңештің тарылуы;

Әзірлеу керек: залалсыздандырылған жіңішке асқазан зонды, залалсыздандырылған пробиркалар (9 дана), штатив, 20 мл шприц, қысқыш, асқазан бездерін қоздыратын қоздырғыштар ( 0,1% гистамин ертіндісі немесе 0,025% пентагастрин ертіндісі), резеңке қолқаптар, клеенка алжапқыш, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыстар, жолдама;

Пациентті  дайындау:

  • зерттеуден бұрын пациентке ем шараның маңыздылығын түсіндіріңіз;
  • таңертең ашқарында болатынын ескерту;

Іс әрекеттер:

  1. Пациенттің бойын өлшеу;
  2. Пациентті орындыққа отырғызып, алдына сүлгі жабыңыз;
  3. Зондтың енгізілетін бөлігін тауып белгіле (бой ұзындығынан 100см алып таста);
  4. Пациенттің аузын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жауып, мұрнымен тыныс алуын сұраңыз;
  5. Зондты белгіленген жерге дейін енгізіңіз;
  6. Зонд асқазанға жеткен соң 20 мл шприцті жалғаңыз;
  7. Ашқарындағы асқазан сөлін сорып алыңыз;
  8. Әрбір 15 минут сайын 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші үлестерді жинаңыз;
  9. 4-ші үлестен соң қоздырғыш жібер;
  10. Келесі 1 сағат ішінде әрбір 15 минут сайын тағыда 4 үлес (6,7,8,9 үлестер) жинаңыз;
  11. Зондты шығарып алып, дезинфекциялаңыз;
  12. Пробиркаларды жолдамамен зертханаға жібер;

Он екі елі ішекті зондтау.

Мақсаты: Сөл алу.

Көрсеткіші: Өт қалтасы мен өт жолдарының аурулары.

Кері көрсеткіштері:

  • жедел холецистит;
  • аасқазан және он екі елі ішек жарасының асқынуы;
  • өңеш көк тамырларының варикозды кеңеюі;

Әзірлеу керек: басында оливасы бар залалсыздандырылған  жіңішке зонд, жұмсақ  жастықша, залалсыздандырылған  пробиркалары (3 дана) бар штатив, 33 %  магний  сулфаты ертіндісі немесе  40  %  глюкоза ертіндісі;  жылытқыш, вазелин, қысқыш, 20 мл шприц, лоток, тапал табуретка, резеңке қолқаптар, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыстар, жолдама;

Пациентті  дайындау:

  • зерттеуден бұрын пациентке ем шараның маңыздылығын түсіндіріңіз;
  • 2-3 күн бұрын ас мәзірінен метеоризмді шақыратын тағамдарды шегеру ұсынылады;
  • таңертең ашқарында болатынын ескерту;

Іс алгоритмі:

  1. Қолды жуып қолғап киіңіз;
  1. Пациентті орындыққа отырғызып, алдына сүлгі жабыңыз;
  2. Зондтың енгізілетін бөлігін тауып белгіле (бой ұзындығынан 100см алып таста); зондтың бойында әрбір 10см сайын белгі болады.
  3. Пациенттің аузын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жауып, мұрнымен тыныс алуын сұраңыз;
  4. Зондты белгіленген жерге дейін енгізіңіз; Зондтың бос ұшын қысқышпен қысып қойыңыз;
  5. Науқас жүріп екі белгіге жұтады (зондтың асқазаннан шығатын кезі)
  6. Науқасты оң қырына кушеткаға жатқыз, жамбасының астына жастықша, оң қабырға астына жылытқышты қой, осы жағдайда 30 мин аралығында 2 бөлшек  жұтады. Төмен табуреткаға  пробиркасы  бар штативті қой,  зондтың бос  ұшын соған салыңыз.
  7. Пробиркаға он екі елі ішек сөлі ағады, лайланған сары түсті, бұл А  порциясы.
  8. В порциясын, яғни өт қапшығының сөлін алу үшін науқасты шалқасынан жатқызып  зонд  арқылы 30 – 50 мл  33 % магний  сульфаты ертіндісін жібер,  10 минутқа зондты қысқышпен қысып   қойыңыз;
  9. 10 минуттан соң науқасты оң қырына бұрып, қысқышты алып, зондтың бір ұшын келесі пробиркаға салып қойыңыз, сонда қоңыр –жасыл өт қапшығы сөлі ағады.
  10. Өт қапшығындағы өттен соң артынша өт жолдарынан өт бөліне бастайды, ол мөлдір, ашық сары түсті С порциясы – бұл бауыр сөлі.
  11. Зондты алып, науқастың аузын шайғызыңыз.
  12. Әр пробирканың сыртына жолдама жабыстырып зертханаға жіберіңіз.
  13. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз.

Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.

Құу кезінде көрсетілетін көмек науқастың жағдайына байланысты.

Әзірлеу керек: шара, кленкалы алжапқыш, сүлгі, су немесе 2 % натрий гидрокарбонаты ертіндісі, резеңке баллон немесе электрлі сорғыш.

Есі бар науқасқа көмек.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентті тыныштандырыңыз
  2. Науқасты отырғызып, кеудесіне клеенка жабыңыз.
  3. Екі аяғының ортасына шара қойыңыз.
  4. Пациенттің басын ұстаңыз.
  5. Құсып болған соң аузын сумен немесе басқа бір ертіндімен шайып, аузын сүлгімен сүртіңіз.
  6. Дәрігер келгенше құсықты шарада қалдырыңыз.

Әлсіз немесе ессіз жатқан науқасқа көмек.

Іс алгоритмі:

  1. Жоғарғы тыныс жолдарына құсық қалдықтары түспеу үшін пациенттің басын бір жағына бұру керек немесе пациентті төсегінде бір жағына қаратып жатқызу керек.
  2. Дәрігер шақыртыңыз.
  3. Жастығын алыңыз.
  4. Аузында протезі болса алып тастаңыз.
  5. Мойынын және кеудесін сүлгімен жабыңыз.
  6. Пациенттің аузына бүйрек тірізді лоток қойыңыз.
  7. құсып болған соң аузын шайып, сүлгімен сүртіңіз.

Ескерту: Егер құсық қалдықтары аузына жиналып қалса, онда оны электрлі сорғышпен немесе резеңке баллонмен сорып алыңыз.

 

 

                                                     Асқазанды жуу.

Мақсаты: Асқазаннан жағымсыз тамақ, уландырғыш заттарды сыртқа шығару.

Көрсеткіштері:

  • тамақпен улану;
  • дәрімен, алкогольмен улану;

Кері көрсеткіштері:

  • асқазаннан немесе өңештен қан кету;
  • өңештің органикалық тарылуы;
  • ойық жара аурулары;
  • жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз);

Әзірлеу керек: 2 жуан асқазан зонды, зондтарды жалғастыратын шыны түтікше,  1 литрлік оймыш, 10-12 литр су, 1 литрлік ожау, 2 клеенкалы алжапқыш, шара, салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
  2. Қолыңды жуып, қолғап, фартук киіңіз.
  3. Пациенттің бойын өлшеп, зондтың енгізілетін бөлігін тауып белгілеңіз (бой ұзындығынан 100 см алып таста);
  4. Пациенттің аузын ашып, зондтың ұшын сулап, тілінің үстіне қойып, аузын жауып, мұрнымен тыныс алуын сұраңыз;
  5. Зондты белгіленген жерге дейін енгізіңіз;
  6. Зондтың бір ұшына оймышты жалғастырып, оймышты асқазан деңгейіне дейін төмендетіңіз;
  7. Оймышқа су толтырып, жоғары көтеріңіз;
  8. Оймышты пациенттің басынан жоғары көтеріп, оймыштағы судың деңгейін қадағалау керек. Су оймыштың жіңішкерген жеріне жеткенде, асқазандағы жуынды суды тез шараға төгу керек. Енгізілген су мен шыққан су бірдей мөлшерде болуына назар аудару керек.
  9. Егер алғашқы жуынды су зерттеуге керек болса, онда оны таза, қақпағы бар ыдысқа (200 мл) жинап, жолдама жазып зертханаға жіберу керек;
  10. Осылай асқазанды су тазарғанша бірнеше рет жуу керек.
  11. Ақырын асқазаннан зондты шығарып алып, зондты дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз;
  12. Пациенттің аузын шайғызып, орнына жатқызыңыз.
  13. Барлық қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

 

 

 

Тазалау клизмасы.

Мақсаты: Тоқ ішектің төменгі жағын емдеу және диагноз қою мақсатымен су енгізу арқылы тазалау.

Көрсеткіштері:

–   Іш қату;

–   Ішкі  улану;

–   Операциялар алдында;

–   Босанар алдында;

–   Ас қорыту, зәр шығару жүйесінің және кіші жамбас мүшелерін

эндоскопиялық және  рентгендік тексеріске пациентті дайындағанда;

–   Дәрлік клизманың алдында;

Кері көрсеткіштері:

  • асқазаннан немесе ішектен қан кету;
  • тоқ ішек пен тікішектің қатерлі ісігі;
  • ас қорыту жүйесі мүшелеріне операция жасалғаннан соңғы алғашқы күндер;
  • тік ішектің қабынуы;
  • жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз);

Әзірлеу керек: қолғап, фартук, таза Эсмарх кружкасы, клеенка, ақжайма, шара, вазелин, штатив, дәрет ыдысы,  1-1,5 литр жылы су, залалсыздандырылған ұштық, салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

Іс алгоритмі:

         Бұл манипуляцияны арнайы бөлмеде жасау қажет.

  1. Қолыңды жуып, қолғап, фартук ки.
  2. Эсмарх кружкасына 1,0-1,5  литр су құй (18-20 град).
  3. Эсмарх кружкасын 1 м биіктікте штативке іл.
  4. Эсмарх кружкасына залалсыздандырылған ұштықты жалғастыр, ұштыққа вазелин жағыңыз.
  5. Вентильді ашып түтікшені суға толтыр (желді шығарып).
  6. Кушеткаға клеекнка төсе, бір ұшы шараға тиіп тұрсын.
  7. Пациентті сол қырынынан жатқыз, аяғын тізеден бүгіп ішіне қарай тартуын сұраңыз.
  8. Сол қолмен құйрықты ашып, оң қолмен ақырындап ұштықты бірінші кіндікке қарай 3-4см, сонан соң сегізкөзге қатарластыра 8-10 см тереңдіккеайналдыра отырып енгізіңіз.
  9. Вентильді ашып, ұштықты ұстап тұрып, суды ішекке жіберіңіз.
  10. Вентильді жауып, ұштықты алыңыз.
  11. Пациентке ішегінде суды 5-10 минут (мүмкіндігіне қарай) ұстауын сұраңыз.
  12. Дәрет ыдысын беріңіз немесе унитазға пациентті отырғызыңыз.
  13. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз.

Жел шығару түтікшесін қою әдісі.

Мақсаты: жел шығару.

Көрсеткіштері:

–   метеоризм;

Кері көрсеткіштері:

  • асқазаннан немесе ішектен қан кету;
  • тоқ ішек пен тікішектің қатерлі ісігі;
  • қан ағатын геморрой;

Әзірлеу керек: қолғап, фартук, залалсыздандырылған немесе бір рет қолданылатын жел шығаратын түтікше, клеенка, жаялық, вазелин, дәрет ыдысы, салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
  2. Қолыңды жуып, қолғап, фартук киіңіз.
  3. Пациентті жекелендіріңіз немесе шымылдық қойыңыз;
  4. Пациенттің астына клеенка және жаялық төсеңіз;
  5. Пациентті сол қырынан жатқызып, аяғын тізеден бүгіп ішіне тартқызыңыз.
  6. Жел шығаратын стерильді түтікшеге вазелин майын жағыңыз.
  7. Пациенттің құйрығын сол қолмен ашып,оң қолмен жел шығаратын түтікшені айналдыра отырып 20-30см тереңдікке енгізіңіз.
  8. Сыртқы ұшын ішіне су құйылған дәрет ыдысына салып қойыңыз.
  9. Жел шығаратын түтікшені 1 сағаттан соң шығарып алыңыз.
  10. Тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіп, қажет болса вазелинмен майлаңыз;
  11. Егер жел шықпаса, онда 2-3 сағаттан соң тәулігіне 2-3 рет қайталауға болады.
  12. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз.

 

Сифондық клизма қою әдісі.

Мақсаты: Тоқ ішекті нәжістен, удан, токсиннен, шырыштан бірнеше рет жуу арқылы босату, сонымен қатар ішектің түйінделуін анықтау

Көрсеткіштері:

–   тазалау клизмасынан нәтиже болмаған жағдайда;

–   ішекке операция жасар алдында;

–   ішек түйінделуіне күмән болған жағдайда;

–   ішкі улануларда;

Кері көрсеткіштері:

  • асқазаннан немесе ішектен қан кету;
  • тоқ ішек пен тікішектің қатерлі ісігі;
  • ас қорыту жүйесі мүшелеріне операция жасалғаннан соңғы алғашқы күндер;
  • тік ішектің қабынуы;
  • жалпы жағдайы ауыр науқастар (миокард инфарктсы, инсульт, гипертониялық криз);

Әзірлеу керек: залалсыздандырылған қолғап, сифондық клизмаға арналған жүйе (жуан асқазан зонды резеңке түтікшемен шыны түтікше арқылы жалғастырылған), лоток, вазелин, 1 литрлік оймыш, 10-12 литр су, 1 литрлік ожау,  клеенка, жаялық ,салфетка, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
  2. Қолыңды жуып, қолғап, фартук киіңіз.
  3. Пациенттің астына клеенка және жаялық төсе, клеенканың бір шеті салбырап шараға тиіп тұру керек;
  4. Пациентті сол қырынан жатқызып, аяғын тізеден бүгіп ішіне тартқызыңыз.
  5. Зондтың ұшына вазелин жақ, құйрығын сол қолымен ашып, зондтың  бір ұшын ішекке 30 – 40см  енгізіңіз.
  6. Түтікшеге жалғастырылған оймышты алып, жамбас деңгейінде ұстап тұрып суға толтырыңыз;
  7. Оймышты көтер, су оймыштың жіңішкерген жеріне жеткен кезде суды шараға төк, осылай су тазарғанша қайталаңыз;
  8. Оймышты алып, түтікшенің бір ұшын шараға 10-20 минуттай салып қойыңыз;
  9. Резеңке түтікшені тік ішектен шығарып алыңыз;
  10. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз.
  11. Пациентті палатаға әкеліп, төсегіне жатқызыңыз.

Оттегін беру жолдары.

            1)   Оттегін мұрын катетері арқылы беру.

Мақсаты: гипоксияны азайту.

Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары.

Әзірлеу керек: Бобров аппараты, дистилденген су немесе 96% спирт, лоток, мұрын катетері, вазелин майы, шпатель, бинт, лейкопластырь.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
  2. Қолыңды жуып, қолғап киіңіз.
  3. Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз, шыны ыдыстың 2/3

бөлігіне  дистилденген су (ылғалдандыру үшін) немесе  спирт

(өкпе ісінуінде көпіршікті басу үшін).

  1. Мұрын катетерін алып, енгізілетін бөлігін тауып белгілеңіз

(құлақ ұшынан мұрынға дейін, шамамен 15см).

  1. Катетердің ұшына вазелин майын жағып, белгіленген жерге

дейін енгізіңіз.

  1. Пациенттің аузын ашып,тілдің түбін шпательмен басып

қарағанда  катетердің бір ұшы көрініп тұру керек.

  1. Катетердің сыртқы бөлігін бинтпен бекіту.
  2. Катетерді Бобров аппаратына жалғап, оттегін беру жылдамдығын

қадағалау.

  1. Пациенттің жағдайын бақылап отыру.
  2. Катетерді алып, қолданған құралдарды дезинфекциялау.

                 2) Оттегін жастықша арқылы беру.

Мақсаты: ұлпалардағы оттегі мөлшерін көбейту.

Көрсеткіштері: жүрек қан тамыр және тыныс алу жүйесі аурулары, газбен

улану т.б. жедел жәрдем көрсету үшін.

Әзірлеу керек: Оттегі жастықшасы, мундштук, мәрлі салфеткалар.

Іс алгоритмі:

  1. Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
  2. Жастықшаны оттегі баллонынан оттегіне толтырыңыз: қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жастықшаға жалғанған түтікшені редукторға жалғап, ең алдымен түтікшенің вентильін, сосын баллонның вентильін ашып жастықшаны оттегіне толтыр, венильдерді жап.
  3. Жастықшаның түтікшесіне мундштукты жалғастырыңыз;
  4. Мундштукты ылғалды салфеткамен орап, науқастың аузына басып беріңіз;
  5. Оттегін беру жылдамдығын қадағалаңыз ( минутына 4-5 л);
  6. Жастықшаны басып, бір бұрышынан орап отырыңыз, оттегі жақсы бару үшін.
  7. Жастықшадан мундштукты бөлектеп алып, дезинфекциялаңыз:

Жылыту компресін қою әдісі.

Мақсаты: қан тамырларын кеңейтіп, ұлпалардағы қан айналуды, зат алмасуды жақсартады және ауырсынуды азайтады.

Көрсеткіштері:

  • егулерден кейін болатын инфильтраттар;
  • бұлшық ет және буындардың қабыну процестері;
  • ЛОР аурулары;
  • денені соғып алғанда 2-ші тәулікте;

Кері көрсеткіштері:

  • терінің іріңді аурулары;
  • тері бүтіндігі бұзылғанда;
  • ісіктер;
  • дене қызуының көтерілуі;

Әзірлеу керек: 8 қабат мәрлі дәке, дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі, компресс қағазы, мақта, бинт, лоток, қайшы.

Іс алгоритмі:

  • Пациентке іс шараны түсіндіріп, келісімін алыңыз.
  • Қолыңды жуып, қолғап киіңіз.
  • Компресс қойылатын дененің мөлшеріне сай 8 қабатты дәке салфетканы әзірлеп, ертіндіге батырып, керек жерге қойыңыз;
  • Дәке салфетканың жан-жағынан 1-2см шығып тұратындай компресс қағазын қиып алып, 8 қабат дәкенің үстінен қойыңыз;
  • Компресс қағазының жан-жағынан 1-2см шығып тұратындай мөлшерде мақта салыңыз;
  • Компресті бинтпен бекітіңіз;
  • Компресті 8-10 сағатқа қоюға болады;
  • 2 сағат өткесін компрестің астына саусақты тығып дәкенің ылғалдылығын тексеріңіз, егер дәке құрғап кетсе, онда компресс дұрыс қойылмаған;
  • Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, құрғатып, науқасты жылы жауып жатқызыңыз;

Қуықты катетрлеу.

Катетрлеу – катетерді қуыққа енгізу.

Мақсаты:

  • өткір зәр тоқтап қалғанда жедел жәрдем көрсету үшін;
  • эндоскопиялық тексерістер кезінде диагностикалық мақсатпен;
  • емдік мақсатпен қуықты жуу немесе дәрі енгізу үшін;
  • зәр шығару жүйесі және жыныс мүшелерінеоперация жасағаннан кейін.

Қарсы көрсеткіштері: зәр шығару түтігінің зақымдалуы, өткір простатит және өткір уретрит.

Катетрлердің түрлері: катетрлер бір рет және көп рет қолданылатын катетрлер деп бөлінеді. Көп рет қолданылатын ктетрлер резеңке немесе металдан жасалады, ал бір рет қолданылатын катетрлер полимерлерден жасалады. Ерлер катетрінің ұзындығы 25-30см, әйелдер катетрі 12-15см болады.

Әйел адамның қуығын катетрлеу.

Алдымен науқасты дәреттендіру керек.

Әзірле: лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, жаялық, зәр қабылдағыш, су құйылған құмыра немесе Эсмарх кружкасы.

Іс алгоритмі:

–   Қолды жуып, қолғап киіңіз.

–  Пациенттің астына клеенка төсеп, жамбасының астына зәрқабылдағыш

қойыңыз.

–   Пациенттің аяғын тізесінен бүгіп, аяқ арасын ашыңыз:

–   Пациенттің оң жағынан тұрыңыз.

–   Сол қолға суы бар құмыраны, оң қолға мәрлі салфеткамен корнцангті

алыңыз.

  • Үстінен суды құйып тұрып, жыныс мүшелерін жоғарыдан төмен қарай жуыңыз, салфеткаларды ауыстырып отырыңыз.
  • Жыныс мүшелерін құрғатыңыз.

Қуықты катетрлеу.

Әзірлеу керек:

  • халат, алжапқыш, қалпақ, маска, қолғап;
  • залалсыздандырылған немесе бір рет қолданылатын катетер,салфетка;
  • залалсыздандырылған лоток, пинцет;
  • фурациллин ертіндісі 1: 5000;
  • клеенка, ақжайма;
  • қолданылған материалдар үшін ыдыстар;
  • дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар;

Іс алгоритмі:

  • қолды жуып, залалсыздандырылған қолғап киіңіз;
  • сол қолмен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен пинцет арқылы

фурациллинге батырылған мақта салфеткаларын алыңыз;

  • зәр шығару каналының ұшын тазалаңыз;
  • мақта салфетканы ауыстырып, фурациллинге батырып, зәр шығару каналының ұшына қоя тұрыңыз;
  • пинцетпен катетрді ұшынан 4-6см қашықтықта қалам ұстағандай етіп оң қолға алып, саусақтармен ұстаңыз.
  • Катетрдің бос ұшын алақанды айналдырып, 4 және 5 саусақтармен қысып ұстаңыз;
  • Катетрдің ұшына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз;
  • Сол қолмен жыныс еріндерін ашып, оң қолмен катетрді 4-6см тереңдікке зәр шыққанша енгізіңіз;
  • Катетрдің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз;
  • Зәр ағып болған соң сол қолдың қырымен қуықтың түбінен басып тұрып катетрді алыңыз;
  • Қолданған құралдарды дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз;
  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз;
  • Науқасты төсегіне ыңғайластырып жатқызыңыз;

Ер адамның қуығын катетрлеу.

Алдымен науқасты дәреттендіру керек.

Әзірле: лоток, корнцанг, салфеткалар, клеенка, жаялық, зәр қабылдағыш, су құйылған құмыра немесе Эсмарх кружкасы.

Іс алгоритмі:

–   Қолды жуып, қолғап киіңіз.

–  Пациенттің астына клеенка төсеп, жамбасының астына зәрқабылдағыш

қойыңыз.

–   Пациенттің аяғын тізесінен бүгіп, аяқ арасын ашыңыз;

–   Пациенттің оң жағынан тұрыңыз.

–   Сол қолға залалсыздандырылған мәрлі салфетканы алып  жыныс

мүшесінің ұшын ораңыз,

  • Сол қолдың 3 және 4 саусақтарымен жыныс мүшесін ұстаңыз, 1 және 2 саусақтармен зәр шығару түтігінің сыртқы ұшын ашыңыз;
  • Пинцетпен фурациллинге батырылған мақта тампондарын ауыстыра отырып, жыныс мүшесін және сыртқы ұшын тазалаңыз;
  • зәр шығару түтігінің сыртқы ұшына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз;
  • Қолғапты ауыстырыңыз, катетерлеуге керекті құралдарды әзірлеңіз;

Қуықты катетрлеу.

Әзірлеу керек:

  • халат, алжапқыш, қалпақ, маска, қолғап;
  • залалсыздандырылған немесе бір рет қолданылатын катетр,салфетка;
  • залалсыздандырылған лоток, пинцет;
  • фурациллин ертіндісі 1: 5000, клеенка, ақжайма;
  • қолданылған материалдар үшін ыдыстар;
  • дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар;

Іс алгоритмі:

  • Залалсыздандырылған пинцетпен катетрді ұшынан 5-7 см қашықтықта қалам ұстағандай етіп оң қолға алып,саусақтармен қысып ұстаңыз.
  • Катетрдің бос ұшын алақанды айналдырып, 4 және 5 саусақтармен қысып ұстаңыз;
  • Катетрдің ұшына залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз;
  • Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен жыныс мүшесін ұстап тұрып, оң қолмен катетрді 3-5см тереңдікке енгізіңіз;
  • Пинцетпен катетерді тағыда 3-5см қашықтықта алып, ақырын зәр шығару каналына 19-20см тереңдікке кіргізіңіз;
  • Катетрдің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз;
  • Зәр ағып болған соң сол қолдың қырымен қуықтың түбінен басып тұрып катетрді алыңыз;
  • Қолданған құралдарды дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз;
  • Қолыңызды жуып, құрғатыңыз;
  • Науқасты төсегіне ыңғайластырып жатқызыңыз;

            Дәрілерді сырттай қолдану.

Сырттай қолданған дәрілер жергілікті әсер етеді, тері және шырышты қабаттар арқылы сіңеді.

Теріге мазь, эмульсия, ұнтақ, тұндырмаларды қолданады. Дәріні теріге жаққанда тері таза болуы керек, алдымен қолды жуу керек. Мазьді тері ауруларында қолданады, оны теріге жағып 30-40 минут бойы сіңдіреді немесе мазьді салфеткаға жағып денеге жабыстырады, сыртынан арнайы қағаз, мақта салып компресс жасйды. Ысқылау – дәріні жылы күйінде алақанға құйып теріге ысқылайды, тері құрғағанша және қызарғанша.

Көздің шырышты қабатына тамшы және мазь, мұрынға ұнтақ, тамшы, мазьдерді қолданады. Шырышты қабаттар арқылы дәрілер өте тез сіңеді.

Құлаққа дәрілерді пипетка арқылы тамызады, майлы ертінділерді алдымен қыздырады.

Тері астына егу әдісі.

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.

Тері астына егетін жерлер:

–   иықтың сыртқы беті

–   жауырын астына

–   санның алдыңғы сыртқы бетіне

–   іштің сыртқы бетіне

Әзірле: Бір рет қолданылатын 1-2 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта

түйіршіктері, дәрілер, қолғап.

Іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
  • дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
  • ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп,сол мақтамен сындырыңыз;
  • дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
  • егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
  • сол қолыңыздың 1 және 2 саусағымен егетін жердің терісін үш бұрышты қабат қылып жыйыстырыңыз;
  • оң қолыңызға шприцті алып, 2 саусағыңызбен иненің канюлясынан ұстап, басқа саусақтарды шприцтің цилиндріне қойыңыз,
  • шприцтің инесінің 2/3 бөлігін 45 градустық бұрышта тері қабатына кіргізіңіз;
  • сол қолдың саусақтарын босатып алып, поршенді басып, ақырын дәріні енгізіңіз;
  • еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;

Болуы мүмкін асқынулар:

  • инфильтрат;
  • абсцесс;
  • дәріні қателесіп беру;
  • аллергиялық реакция;
  • СПИД-ті жұқтыру;
  • Вирустық гепатитті жұқтыру;

Тері ішіне  егу әдісі.

Мақсаты: Диагностикалық (ауруға қарсы имунитеттің болуы немесе бомауын анықтау), дәрілік заттарға жоғары сезімталдықты анықтау, аурудың алдын алу мақсатымен прививкалар жасау;

Тері астыа егетін жерлер: білектің ішкі беті, ортаңғы үштен бір бөлігі;

Әзірле: Бір рет қолданылатын 1 мл  немесе туберкулиндік шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта түйіршіктері, дәрілер, қолғап.

Іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
  • дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
  • ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп, сол мақтамен сындырыңыз;
  • дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
  • егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
  • әзірлеген шприцтің инесінің қиығын үстіне қаратып ұстаңыз;
  • сол қолыңызбен егетін жердің терісін тартыңыз;
  • оң қолмен инені теріге қатарластыра ұстап, ұшын терінің ішіне енгізіңіз (иненің ұшы тері астынан көрініп тұру керек);
  • сол қолдың саусақтарын босатып алып, поршенді басып, ақырын дәріні енгізіңіз;
  • еккен жерде кішкене (лимон тәрізді) түйін пайда болады;
  • еккен жеріңізден төмен 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;

Бұлшық етке егу әдісі.

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.

Бұлшық етке  егетін жерлер:

  • жамбастың жоғарғы сыртқы төрттен бір бөлігі;
  • санның ортаңғы сыртқы бөлігі;

Әзірле: Бір рет қолданылатын 5-10 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта

түйіршіктері, дәрілер, қолғап.

Іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
  • дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
  • ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп, сол мақтамен сындырыңыз;
  • дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
  • егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
  • шприцті оң қолыңызға алыңыз, 4 және 5 саусақтарыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз;
  • сол қолыңызбен егілетін жерді тартыңыз;
  • шприцті теріге перпендикулярлы бағытта ұстап (90 градус), тез ырғақпен инені бұлшық етке кіргізіңіз, түбінен 0,5-1 см алып қалыңыз;
  • сол қолдың саусақтарын босатып, ақырын дәріні енгізіңіз;
  • еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз, сол мақта түйіршігімен егілген жерді сәл уқалап жеріңіз;

Болуы мүмкін асқынулар:

  • инфильтрат;
  • абсцесс;
  • дәріні қателесіп беру;
  • ине сыну;
  • майлы эмболия;
  • аллергиялық реакция;
  • СПИД-ті жұқтыру;
  • Вирустық гепатитті жұқтыру;

Көк тамырға егу әдісі.

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен енгізу.

Көк тамырға егетін жерлер:

  • шынтақ иіні, білек, қол ұшының беткі көк тамыры;
  • табанның беткі көк тамыры;

–    бассүйек күмбезінің беткі көк тамыры;

Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта

түйіршіктері, дәрілер, қолғап, бұрама, клеенкалы жастықша.

Іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
  • дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
  • ампуланың мойынын спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп, сол мақтамен сындырыңыз;
  • дәріні шприцке сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз;
  • пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
  • егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
  • шынтақ иінінің астына клеенкалы жастықша қойыңыз;
  • иықтың 2/3 орта бөлігіне бұрама салыңыз;
  • пациентке қолыңызды ашып-жұмып жұмыс істеуін сұраңыз, содан соң жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
  • шприцті оң қолыңызға алыңыз, 2 саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз;
  • сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
  • шприцті теріге параллель бағытта ұстап, иненің 1/3 бөлігін көк тамырға кіргізіңіз;
  • сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар ма екенін тексеріңіз;
  • бұраманы босатып, ақырын дәріні енгізіңіз;
  • еккен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;
  • пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;

Болуы мүмкін асқынулар:

  • дәріні қателесіп беру;
  • гематома (қанды ісік);
  • ауа эмболиясы;
  • көк тамырдың қабынуы;
  • аллергиялық реакция;
  • СПИД-ті жұқтыру;
  • Вирустық гепатитті жұқтыру;

Көк тамырдан қан алу әдісі.

Мақсаты: Көк тамырдан қанды биохимиялық зерттеуге алу.

Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта

түйіршіктері, пробиркалар, қолғап, бұрама, клеенкалы жастықша,

жолдамалар.

Іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
  • пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;
  • тесетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
  • шынтақ иінінің астына клеенкалы жастықша қойыңыз;
  • иықтың 2/3 орта бөлігіне бұрама салыңыз;
  • пациентке қолыңызды ашып-жұмып жұмыс істеуін сұраңыз, содан соң жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен тесетін жерді сүртіңіз;
  • шприцті оң қолыңызға алыңыз, 2 саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз;
  • сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
  • шприцті теріге параллель бағытта ұстап, иненің 1/3 бөлігін көк тамырға кіргізіңіз;
  • сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар ма екенін тексеріңіз;
  • көк тамырға түссеңіз шприцке  5-10 мл қан сорып алыңыз;
  • бұраманы босатыңыз;
  • тескен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;
  • пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;

Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберу әдісі, бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен көк тамырға ақырын,

тамшылатып енгізу.

Көрсеткіштері: қан шеңберлеріндегі қанның мөлшерін толықтыру, сулы-электролитті балансты қалпына келтіру, интоксикацияны азайту, парентералды тамақтандыру.

Әзірле: Бір рет қолданылатын жүйе, штатив, лоток, 70% этил спирті, мақта

түйіршіктері, дәрілер, қолғап, бұрама, клеенкалы жастықша,

лейкопластырь.

Бір рет қолданылатын жүйені құрастыру іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз;
  • бір рет қолданылатын жүйені алып, герметикалығын және қолдану мерзімін тексеріңіз;
  • дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;
  • флаконның металл қақпағын пинцетпен ашып, резеңке тығынын спиртке батырылған мақтамен 2 рет сүртіңіз;
  • крафт-пакеттегі жүйені алып, оның ұзын түтікшесінде орналасқан қысқышын жабыңыз;
  • ұшында инесі бар қысқа ауа шығаратын түтікті алып, оны флаконның резеңке тығынын тесіп кіргізіңіз;
  • флаконның түбін жоғары көтеріп, сол қолмен тамызғыштың бос жағын ұстап, флаконды штативке бекітіңіз;
  • тамызғыштың сүзгісін көлденеңінен ұстап, қысқышты ақырын ашып, ауаны шығара отырып, сүзгіні жартылай және түтікті сұйықпен толтырыңыз;
  • тамызғышты тігінен ұстап, түтіктің төменгі жағындағы ауаны шығару үшін, егу жасайтын инеден ауасы бар сұйықты шығарыңыз;
  • ұзын түтіктегі ауа көпіршігінің жоқ екенін тексеріп, жүйе сұйыққа толғаннан кейін, қысқышты және иненің қалпағын жауып штативке іліп қойыңыз;

Көк тамырға тамшылатып дәрі енгізу іс алгоритмі:

  • пациентті жайлы жатқызыңыз;
  • егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;
  • шынтақ иінінің астына клеенкалы жастықша қойыңыз;
  • иықтың 2/3 орта бөлігіне бұрама салыңыз;
  • пациентке қолыңызды ашып-жұмып жұмыс істеуін сұраңыз, содан соң жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;
  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;
  • жүйеге жалғасқан иненің қалпағын алып, ауасын шығарыңыз;
  • инені қиығын үстіне қаратып, оң қолыңызға алыңыз,
  • сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;
  • инені теріге параллель бағытта ұстап, иненің 1/3 бөлігін көк тамырға кіргізіңіз;
  • инеден қан көрінгенде, пациенттің жұдырығын ашыңыз, резеңке бұрауды шешіңіз, оған әзірлеген жүйені жалғаңыз;
  • инені үстінен лейкопластырмен бекітіңіз;
  • тамшының ағу жылдамдығын дәрігердің тағайындауы бойынша бұрамалы қысқышпен реттеңіз;
  • пациенттің жағдайын бақылап отырыңыз;
  • процедура аяқталғасын, ине тұрған жерге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;
  • пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика