Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы. Себебі мемлекеттің басты байлығы саналатын халықтың денсаулығы – оның толыққанды ел екендігінің де басты көрсеткіші.
Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейл
ігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін. Керемет орыс клиницисті С.П.Боткиннің клиникалық және жан қабілеттерін жоғары бағалаған И.П. Павлов былай деп жазған екен: «Бұл ғалымның тартымдылығы ауру адамдар ішінде шынайы бір сиқырлы қасиетке ие болды, көбінесе оның бір ғана сөзі, не бір ғана кіріп – шығуы жаза алатын. Павлов ғалымның оқушыларынан олардың қолданатын рецептері қолайсыз болғанда мұғалімнің қолында сиқырлы бір қабілетке енетіндей болады» – деген сөздерді көп естіген. Ауруға психологиялық әсер ету – дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі. Бір ғана дәрігердің ауру адамды қарап, емдеуінің маңыздылығын баса айтқан белгілі дәрігер Х.В.Гуфеляндтің ( 1762 – 1836) сөздері қаламбур сияқты естілгенімен, мағынасы өте
зор. Ол былай деп жазған: «Бір дәрігер – жақсы, екеуі – орташа, үшеуі – сұмдық. Көп дәрігердің бір ауру адамды емдеуі көбінесе аурудың өршуіне әкеледі». Дәрігердің ауру адамға көмегі тек оның толық сауығуына шейін емдегенде ғана толыққанды бола алады. Дәрігердің қарапайымдылығы – оның ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина көптеген керемет жетістіктерге жетті. Дегенмен, қазіргі кездің өзінде де біздің білгенімізден білмейтініміз көп: біз қолымыздан келіп, қанша тырысып, соған жеткіміз келсе де, көбінесе ауру адамға толыққанды көмек көрсе
те алмай жатамыз аурудың түрлері мен лоарды емдеу жолдары туралы біліміміздің жетіспейтіндігін мойыелау өзіңді кінәлау үшін емес, ол өзіңді – өзің тәрбиелеудегі, біліміңді жетілдірудегі басты қағида болуы қажет. Дәрігердің білім деңгейі мен жинаған тәжірибесі өз алдына бір бөлек. Белгілі дәрігер Абу Али Ибн Сина (Авиценна) адам шығармашылығының қорытындысын былайша белгілеген: « Мы умираем и с собой уносим лишь одно: сознание, что мы ничего не узнали». Дәрігердің өмірі – бұл ешқандай бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті – өмір
бойы қоғам үшін оқу» – деген екен беделді клиницист А.А.Остроумов ( 1844 – 1908). Дәрігердің оптимизмі саналы болуы қажет және ол бірінші кезекте терең білім мен мол тәжірибеге сүйену керек. Кез – келген жақсы дәрігердің басты қасиеттері – әрқашан қарапайымдылық пернесін жамылуы тиіс, олар өзін – өзі жарнамалауды қажет етпейді. Адамға өмір бір ғана рет беріледі. Ал, оның қауіпсіздігіне кепілдік беретін – дәрігерлер. Сондықтан біздерге білікті де білгір, мейірімді де иманды әрі ізгі болу – шарттылық. Адамды жылы сөзбен емдейтин, кедей -бай деп бөлмейтін, ауырып жаткан адамнан жерінбейтін, мыс кейбіреулер боладыго, жағымсыз бирдене корсе, кан корсе құсып басы айналатын,ал дәрігер мықты болу керек, ауру адамнын бауырларына психологиялық көмек көрсете алатын дәрежеде болу керек, жауапкершілігін мықтылап сезіну керек. Қоғамда сантүрлі мамандық бар.Бірақосылардыңішіндегімаңыздыларыныңбірі-һәмбірегейі, жанарашашысы – дәрігермамандығы. Дәрігермамандығы-мамандықатаулыішіндегіеңқасиеттісіде, ең абыройлысы. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс. Өмірді әдетте, көп нәрсеге теңейді. Тіпті, соғылған, қираған, әбден тозған шелекке де ұқсатып жатады. Сол секілді әрбір жанның өмірі бұрылыстар мен құбылыстардан тұрады. Сан талай сынақтармен сыналатын адам өмірі ақ халатты абзал жандармен тығыз байланысты. Қай жерің ауырса, жаның сол жерде. Ауру жаныңа батып тұрғанда ең жақын адамға емес, ақ халатты жандардың көмегіне жүгініп жатамыз. Адамның өміріне қатысы бар дәрігер қауымдарынан барлығы қамқорлықты сезгісі келіп, сеніммен барады). Еңбек етпей бақытты өмір сүру мүмкін емес. Ал, жаның сүйетін іс өзгелерге пайдалы болса, одан асқан пенделік бақыт жоқ шығар. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге пән қасиет. Дәрігерлер жүрегінде Гипократ антын сақтап еңбек етеді, өмір сүреді. Серік Мүслімұлы оқу бітіргеннен бастап өмірін осы дәрігерлерлік мамандыққа арнаған адам. Жаны таза, еңбегіне адал, ұстанымына берік маман. Ол технологиялық дамуды құп көреді, бірақ компьютерлер арасында адам жоғалып кетпесе екен дейді. Бұл дү-ниенің басты байлығы адам, адамның ақылы және оның ісі деп біледі. Еңбегінің жемісін көрген адам бақытты. Жақсы дәрігер болу үшін істі таза, адамгершілікпен істеу керек. Ал жас мамандар жақсы дәрігер болу үшін үлкен практикалық мектептен өтіп, үнемі оқып, ізденісте болғаны дұрыс. Дәрігер өзінің кәсіби міндетін атқару барысында денсаулықпен, науқастықпен, ауырсыну симптомдарымен, аурудың қиналуымен, тіпті ағзаның агония (жан тәсілім) алдындағы арпалысымен қоян-қолтық араласып, қиындықты шеберлікпен жедел жеңіп, ауруды ажалдан арашалауға тиіс. Дәрігерлік мамандық – өнер, ол білімділік, іскерлік, тәжірибе мен шеберлікті талап етеді.
Дәрігерге дүниедегі ең қымбат нәрсе – адамның өмірі мен денсаулығы сеніп тапсырылады. Мейірімділікпен, ізгілікпен, жігерлілікпен өзінің бар білім мен іскерлігін сол науқас үшін сарп ететін дәрігер – нағыз дәрігер. Үнемі өзінің кәсіби біліктілігін арттырып, көз майын тауысып өзінің саласына сәйкес ғылыми еңбектерді тынымсыз ақтарып, теорияны тәжірибемен ұштастыра білу – дәрігер үшін бұлжымайтын қағида. Медицина үшін деонтология мен дәрігер этикасы басты қағидалардың бірі. Ол дәрігерлердің қызмет бабындағы өзара қарым-қатынасы, кеңесу, жәрдемдесу, және ауруларға сырқат түрлерін, емделу режимдерін байыбымен, сабырлы түсіндіру деген ұғымдармен шектеледі. Медициналық деонтология-медицина қызметкерінің кәсіби мінез-құлқы туралы ілім. Деонтология деген сөз XІX ғасырда ағылшын философы И.Бентамның айтуынша, әрбір мамандық иесінің кәсіби мінезіне сәйкес болуы екен. Ғылыми медицинаның негізін қалаушы Гиппократ антикалық дәуірде медицина қызметкерінің ауруға адал қызмет етіп, өзін-өзі қалыпты ұстауы турасында «Гиппократ сертін» енгізді. Ол 1967 жылы Париждегі екінші деонтологиялық конгресте түгелімен қайтадан бекітіліп, «өмір бойы оқып, біліктілігімді арттырып отыруға серт беремін» деген қосымша ғана енгізілді.
Француздың данышпан дәрігері Ван Тюльп: «Светя другим, сгораю сам» деп бекер айтпаса керек. Медицина қызметкерінің парызы – ешқашан да адам өміріне қатерлі кәсіппен айналыспай, қайта соған қарсы профилактикалық шараларды кеңінен насихаттау. «Дәрігер деген мәртебелі атақты ала отырып және дәрігерлік қызметке кіріскелі тұрып мен салтанатты түрде ант етемін:
– бар білімім мен күш-жігерімді адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, аурулардың алдын-алуға арнаймын…» Иә, әлемнің бар ардақтысы адам денсаулығы мен өмірі үшін күресу – қиын да қастерлі мамандық. Дәрігер деген мәртебелі мамандықтың шынайы иесі атану – өмір үшін жанталасқан жанның жүрегіне жылылық орнатып, біліктілікпен дауа дарыта білу керек.
Ежелгі Грек елінің ғұламасы Гиппократтың: «Дәрігер – Құдайға жақын адам» немесе «Данышпандықты іздесең – соның бәрі де медицинадан табылады» – деген өсиетінің өміршеңдігі ақ желеңді дәрігерлер қауымы үшін ұлағатты ұстаным. Денсаулығына ділгәр боп келген мұқтажға мейірім шуағын шашып, сырқатынан сауықтыру өз мамандығын бар жан-тәнімен сүйетін дәрігердің ғана болмысына бедерленген асыл да ардақты қасиет. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты” деген екен А.Шопенгауэр. Бұл сөзге айтар дау бар ма. Бар байлықтың бастауы – денсаулық екенін білген кешегі ата-бабаларымыз да сыр берген сырқаттан айығудың сан түрлі жолдарын іздестірген. Және тапқан. Шипалық қасиеті мол шөптерді пайдаланған, бақсы-балгер, тәуіптің, оташының ем-домына жүгінген. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Дамыған медицина қандай аурудың болсын емі мен себептерін ғылыми түрде анықтап бере алады. Дегенмен де, батпандап кірген кеселдің мысқалдап шығуының өзі дәрігердің кәсіби білімі мен тәжірибесіне тәуелді. «Жақсы сөз — жарым ырыс». Дәрігер, ең алдымен, ауру адамды ықыласпен тыңдай білуі, жылы сөзімен үміттендіре білуі тиіс. Яғни жоғарыда айтылғандай, науқасты «өз жағына» тарта білуі керек. Деонтология (парызтану) бұл медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моральдық-этикалық талаптар, кәсіби деңгейін ұдайы жетілдіру, патриотизмге тәрбиелеу мен қалыптастырудың, халыққа, өз ісі пен парызына берілгендік негізі болып табылады. Сырқатты емдеу барысында дәрігердің деонтологиялық әдістерді оңтайлы қолдануы емделушінің бойында дертінің емге көнетіндігі туралы сенім мен үмітті нығайтады, сондай-ақ медицина қызметкерінің жоғары кәсіби дайындығының дәлелі болып есептеледі.
Денсаулық сақтау қызметкерлері алдында Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында, ҚР Конституциясында, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтауды дамыту туралы Кодексте», мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру жолымен әрбір қазақстандықтың ұлт саулығын қалыптастыруға қатысу принципіне негізделген, «Саламатты Қазақстан» деп аталатын республиканың денсаулық сақтау саласын дамытудың 2010 жылдан 2015 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру міндеттері тұр. Бірақ, өкінішке қарай, ЖОО-ларда студенттердің деонтологиялық ғылымды игеруіне жеткілікті көңіл бөлінбейді, соның салдарынан жоғары оқу орындарының түлектері деонтология туралы қарапайым ұғымның өзін түйсіне бермейді. Деонтологиялық тәрбие мен кәсіби білім беру бір-бірімен іштей байланысты. Моральдық-этикалық нормалар, ережелер мен талаптар дәрігердің сырқатпен, оның отбасымен және туыстарымен, жұмыста қызметкерлермен, әріптестерімен және жұртшылықпен өзара қарым-қатынасының күрделі ілімін игермейінше жүзеге аспайды. Дәрігердің сергектігі, мейірімділігі, қамқорлығы мен көңіл бөлуі, жоғары азаматтық парыз сезімі, тіпті ерлігі болмаса, емдеу барысында сырқатпен түсінісіп сыр ашу, емдеу тактикасының, диагностиканың, сырқаттың ерекшеліктері мен нәзік механизмдерін ұғыну мүмкін бе? Дәрігерді тәрбиелеу оның кәсіби біліктілігін жетілдіру сияқты диплом алумен біте салмайды, қайта дәрігермен өмір бойы жанаса жүретін тұрақты процесс болуға тиіс. Медициналық деонтология ұдайы дамып келеді, оның маңызы мен мәні халық, қоғам үшін өте жоғары. Дәрігер әлеуметтік және психологиялық тұрғыда жеке тұлға ретінде шектеулі аядағы емдеу қызметімен шектеліп қала алмайды, ол тұрғындардың жалпы мәдениетін көтеру мен тәрбиелеудің күрделі проблемаларын шешуге қатысуға тиіс. Деонтологияның медициналық-психологиялық аспектілерінің мәні де өсе түсуде, өйткені ғылыми-техникалық прогрестің табиғи және әлеуметтік салдары адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда көңіл-күй ауанының шиеленісуінің өсуіне, әр түрлі даулы жағдайларға, бейімделудің қиындықтарына әкеледі. Сөйтіп, одан да күрделі деонтологиялық проблемалар туындайды.
Медицина қызметкерлері сырқатпен, сонымен бірге дені сау адаммен қарым-қатынаста деонтология мен этика прициптерін қатаң сақтауға тәрбиеленуі тиіс. Профилактикалық медицинада өзіндік ерекшеліктер болады, өйткені дәрігерге сырқатпен емес, кәдімгі дені сау адаммен жолығысуға тура келеді, сондықтан да «дәрігер – сырқат» деонтологиялық схемасы өзгереді және дәрігерге өзінің дені сау адамдармен — олардың отбасылармен, жұмысшы ұжымдарымен және бір атап өтерлігі дәрігерге келуге, тексеруден өтуге өзінің уақытын жоғалтуды қаламайтын сау жандармен байланысты өзінің қарым-қатынасын қалыптастыру қажет. Дәрігер парызы, оның міндеті зардап шегуші адамның, сырқаттың мүддесін өзінікінен де жоғары қоюға жетелейді. Сырқат адам дәрігерге келгеннен кейін оған сенеді, ешкімге, ең жақынына да ашпайтын сырын ақтарылып, бөліседі. Бұны ылғи да есте ұстап, түсініп, бағалау қажет. Өзге адамның күйзелістеріне дендеп еніп, оған жанашырлық таныту үшін дәрігер үлкен рухани күшке ие болуы тиіс. Дәрігерге сырқатпен салқынқанды, ресми сауалнама жүргізумен бірге, шыдамдылықпен және қиындығына ортақтаса, достық рәуіште әңгімелескені жөн. Белгілі орыс дәрігер-ғалымы С. М. Боткин дәрігер адал дос ретінде сырқатты мұқият тыңдап, оның барлық қасіретін біліп, оларды жоюға көмектесуі, рухын көтеріп, оның тәнін сауықтыруы керек деп санады. Дәрігер бұнымен ауруды «еркелетпейді», тек қана өзінің қасиетті парызын орындайтындығын білуі керек. Дәрігерге пациенттер көбінесе сырқаттанудың негізгі себебі болып табылатын отбасылық, қызметтік және кәсіби тіршіліктегі өз қиындықтарын шешуге көмек сұрап келеді. Әрине, дәрігерге моральдық жауапкершілікті мойынға алу қиын, дегенмен ол кейде жағдайды біліктілікпен талдауға, өте сақтықпен кеңес беруге міндетті де.
Дәрігер сырқат адам үшін бедел иесі және әлеуметтік өмір мәселелерінде ғана емес, саясатта да ақпарат көзі болуы тиіс. Қазіргі заманғы жағдайда қоғамдық өмірдегі дәрігердің жеке тұлғалық рөлі сөзсіз өсе түсуде. Осыған байланысты адамның дәрігерлік қызметке жарамдылығы көрсеткіштері, кәсіби іріктеу үлкен мәнге ие. Медициналық білім басқаларына қарағанда мейлінше кең ауқымды, сондай-ақ дәрігер де орта медицина қызметкері секілді қай уақытта да неғұрлым ауқымды немесе бір саланы ғана таңдай алады. Дәрігердің жұмысында ұсақ-түйек деген болмайды. Дәрігердің сырт бейнесін емделушілер тиісті түрде қабылдайды. Үстіндегі халаттың кірлеуі мен тұла-бойдағы кез-келген күтімсіздік, сөз жоқ дәрігерге бедел әкелмейді. Бұл ең алдымен этикалық нормаларға қайшы келеді, сырқаттың дәрігерге деген сеніміне кіреуке түсіреді. Өмір дәрігерге бүкіл ғұмырында және практикалық қызметінде елеулі талаптар қояды, сондай-ақ оның еңбегін ерліке пара-пар етеді. Шынында да, дәрігер мамандығы — ерлікке тең. Ол жанқиярлықты, жан тазалығы мен діл ұлылығын талап етеді. Бұған кез келген адам қабілетті бола бермейді. Кез келген дәрігердің моральдық тұрғыдан таза бола бермейтінін де байқап қаламыз. Дәрігердің сырқаттың көз алдында бедел иесі болуы керектігіне дау жоқ. Дәрігер беделі терең кәсіби білім, сырқат адамның жеке басы ерекшеліктерін ұғына білу, оның жан азабы мен күйзелістеріне ене білу, емделушімен сыпайы тіл қатысу, неғұрлым тезірек және мүмкіндігінше толық сауығып шығуына қол жеткізу секілді жағдайлардан қалыптасады.
Дәрігердің міндеттерінің бірі — өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстау, бұл оған деген сенім мен құрмет ахуалын орнатады. Рас, ол сырқатқа көмек көрсете отырып, кейде жекелеген емделушілер мен олардың туыстары тарапынан негізсіз талаптарды, ренішті сөздер мен бопсалауды да тыңдауына тура келеді. Кез келген дерлік басқа мамандық иелері мұндайда ондай сөз иесіне дөрекі жауап қайтарып, оған айқайлауына, тіпті бөлмеден қуып шығуына болады, ал дәрігердің қандай жағдайда да өзінің көңіл-күйі мен сезіміне ерік беріп, қызбалыққа салынуының жөні жоқ. Ол өзін-өзі ұстаудың, қадір-қасиет пен кәсіби парыздың үлгісі болуы тиіс, сырқат адамға қамқорлықпен, құрметпен қарауға міндетті, сондай-ақ өзіне сондай құрмет жасалуын күтуге де құқылы.
Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылар мен дәрігерлер қауымдастығы тұрғындарды медицина мен дәрігерге құрмет жасау рухында тәрбиелеуі тиіс, сондай-ақ медицина қызметкерін зәбірлегені үшін азаматтарды жауапкершілікке тарту мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Сонымен бірге дәрігердің өз қызметтестерімен жұмыс барысындағы секілді ресми қатынасты сырқаттарға және олардың туысқандарына қолдануы бедел әкеле қоймайды. Қадір-қасиетті биік ұстау, қажет жерінде қаталдық, сонымен бірге зейінділік пен мейірбандылық — бұл дәрігер беделін көтеруге жол ашатын қасиеттер. Күнделікті өмірде кәсіби адалдық ерекше маңызды болып табылады, оны бұзу, Гиппократ антынан ауытқу көпшілік алдында бетке басуға, тіпті адалдық шегінен аттаған дәрігерге тыйым жариялауға әкеледі. Біздің еліміздің және облысымыздың денсаулық сақтау практикасында «ҚР дәрігер антын» өрескел бұзу деректері бар. Дәрігер сырқатты қабылдағаны, операция жасағаны, дәрі-дәрмек үшін ақша алғанда (немесе басқа формадағы төлем жасатса), ол сөзсіз қылмыс болып табылады және заңмен жазалануы тиіс. Бұл ретте бізде жеке практикаға заңмен рұқсат берілгендігін айтуымыз керек. Егер дәрігер жеке практикамен шұғылданса, қаржы және мемлекеттік органдарда тіркеліп, тиісті салығын төлесе, онда ол заң аясынан шықпайды.
Дәрігер сырқатты мемлекеттік қаржы есебінен (еңбекақысын ала отырып) емдеп, операция жасағанда, мемлекеттік медицина мекемесі қабырғасында ақы алатын болса, мұндай қылықты «жасырын практика» разрядына, яғни қылмысқа жатқызу қажет. Дәрігерлер қауымдастығы және мемлекет мұндай түрдегі құбылыстармен күрес жүргізіп, дәрігерлерді риясыз медициналық көмек рухында тәрбиелеуі қажет. Адалдық дәрігерлердің ісімен ұдайы сабақтаса жүріп, оның барлық ұмтылыстары мен ізгі ойларының негізіне айналуы тиіс, кәсіби риясыздық көрінісін қалыптастыру — дәрігердің жанкештілігі.
Маңызды деонтологиялық принциптердің бірі — шыншылдық. Шындықты талап ету дәрігерлік құпияны сақтауға қарсы келмеуі тиіс, сондай-ақ сырқат адамның тағдыры туралы өз ойларын, кейде барынша қайғылы болса да, оның туыстарынан жасырмауды қажетсінеді. Шыншылдық кез келген адам — сырқат немесе оның туысқандары мен әріптестер тұрғысынан да, тұжырымдар мен әрекеттердің асығыстығын, қате пікірді теріске шығарады. Дәрігерді тәрбиелеу процесінде тағы бір маңызды мақсат көзделуі тиіс, ол — негізінде сырқаттың ахуалын кәсіби сауатты бағалау, білімділікпен астасатын ақылға сай және саналы оптимизмге тәрбиелеу. Мақтаншылыққа бейім, дәлелсіз сенімділік, негізсіз шешімділік, өз тәжірибесі мен білімін асыра бағалау белең алған дәрігерлерді емдеу мекемесінің әкімшілігі мен аға буын өкілдері назардан тыс қалдырмауы тиіс. Мұндай қылықтарды батыл тойтарып отырмаса, оның соңы адам өмірімен бағаланатын өрескел, тіпті кей жағдайда қайғылы қателіктерге соқтырары анық.
П.А. Герцен дәрігердің темпераменттен басқа, әрекет ету үшін ғана емес, сонымен бірге өзінің шешімдері мен әрекеттерін дер кезінде тоқтата білу үшін де білім мен салқынқандылықтың мол қорына ие болуы қажеттігін айтты. Бұған мынаны қосуға болады: өз темпераментіне ие бола білуі, былайша айтқанда өз мінезін жүгендей білуі маңызды. Ятрогениямен күрес, яғни сырқатты дәрігердің ойланбай айтылған, ауызынан сәтсіз шыққан сөздермен жанын жаралауды болдырмау ерекше мәнге ие. Ятрогенді сырқаттар қатарына дәрігердің кінәсінен туындайтын жаны жаралануларды немесе дәрігермен қарым-қатынас яки медициналық әдебиеттерді оқу әсерінен күдікшіл адамдарда бой көтеретін келеңсіз жайларды жатқызуға болады. Дәрігердің дер кезінде айтқан сенімді ырғақтағы ақылға сыйымды, беделді де жылы сөзі сырқатқа қорқынышты жеңуге көмектеседі, оның сауығып кетуіне деген сенімін нығайтады. Дәрігердің қолайсыз пайдаланған сөздері сырқаттың жанын аяусыз жаралайды, тіпті ауыр, кейде қайғылы жағдайларға да соқтырады. Дәрігердің жай ғана жұбату сөзі сиқырлы сауықтыру күшін бере алады, керісінше иландыру күшін білмейтін немесе білгісі білмейтін дәрігердің сырқатқа қатал да суық үкімі шын мағынасында өлім әкеледі. Егер дәрігермен әңгімелескеннен кейін сырқат адам жанына жеңілдік сезінбейтін болса — ол дәрігер емес. Бұл тұжырымның мағынасы үзілді-кесілді болып көріне алмас, дегенмен медицинаның көп ғасырлық тәжірибесі қалай болғанда да сөз құдіретін растайды.
Дәрігердің аузынан дұрыс шыққан сөз ешқандай боямасыз айтқанда ұлы өнерге жатады, дәрігер бұған өмір бойы үйренуге міндетті. Кейде дәрігерлер ятрогенияның (емқателіктің) сырқаттың өзі үшін ғана емес, сонымен бірге оның отбасы мүшелері үшін де қауіпті екенін ұмытып кетіп жатады, сырқатқа көңіл-күй ауанымен салғырт қарым-қатынас қайғылы жағдайларға соқтыруы мүмкін. Тәжірибелі дәрігерлердің өздеріне жақын туыстарын емдемейтіні және оларға операция жасамайтыны бекерден-бекер емес. Медициналық ұжымдарда қазіргі уақытта сырқаттың психикасын қорғау проблемасына іс жүзінде көңіл бөлінбейді. Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудың ұзақ жылғы практикасында біздер медициналық ұжым мүшелерінің деонтологияның қарапайым қағидаларын өрескел бұзғандығының сан мәрте деректерімен бетпе-бет келуге мәжбүр болдық.