Дене биомеханикасы. Науқастарды тасымалдаудағы кәсіптік қорғаныс

 

Дене биомеханикасы

Дене биомеханикасы – бұл адам денесі қозғалған кезде тепе-теңдікті жоғалтып алмас үшін әрекеттену әдісі.

Биомеханиканың мақсаты: пациентпен, күтім жасап жүрген персоналдардын жарақаттан сақтану үшін алдын алуы.

 

Жоспар:

 

Науқастарды тасымалдау тәртібі 

Тасымалдау – медициналық көмек көрсету және емдеу орындарына науқастарды көшіру және апару. Науқасты қабылдау бөлімшесінен емдеу бөлімшесіне тасымалдаудың әдісін қарап тексерген дәрігер анықтайды. Тасымалдау құралдарында (қоларба, каталкалар, зембілдер) ақжаймалар және көрпелер болуы шарт. Ақжайма мен көрпені әрбір пайдаланғаннан кейін ауыстыру қажет. Өздігінен жүретін науқастарды қабылдау бөлімінен бөлімшеге кіші медициналық қызметкерлер (кіші мейірбеке, санитарлар) ертіп апарады.

Өздігінен қозғалаалмайтын науқастар бөлімшеге зембілбен немесе қоларбамен тасымалданады.

Науқасты зембілде тасымалдау тәртібі

Қажетті құрал: зембіл. Науқасты зембілде асықпай және селкілдетпей, аяқты қатар баспай тасымалдау керек. Сатыдан төмен түскенде науқастың аяғын алға, сонымен бірге зембілдің аяқ жағын көтерінкіреп, ал бас жағын – сәл төмен түсіріп апару қажет (осылай ұстағанда зембіл көлденен қалыпта болады). Бұл жерде артта келе жатқан адам зембілдің тұтқасын шынтағын жазып ұстайды, ал алдынғы жақта келе жатқан адам тұтқаны – иыққа көтереді. Сатымен жоғары көтеріленде науқасты басымен алға қарай, зембілді көлденең қалыпта ұстап апару керек. Сонымен бірге алдынғы жақта келе жатқан адам зембілдің тұтқасын шынтағын жазып ұстайды, ал артта келе жатқан адам тұтқаны – иыққа көтереді.

Науқасты зембілден кереуетке салу тәртібі

Зембілдің бас жағын кереуеттің аяқ жағына перпендикуляр түрде қою керек. Егер бөлменің көлемі кішкентай болса, зембілді төсекке паралель қою қажет.

  1. Науұасты көтеру тәртібі: бір санитар науқастың басы мен жауырынының тұсынан, екіншісі – жамбас және санның жоғарғы жағынан, ұшіншісі – санның ортаңғы жағы мен балтыр тұсынан көтеруге дайындалды. Егер екі санитар тасымалдаса, бір санитар науқастың мойыны және жауырыны, екіншісі – белі мен тізелерінің тұсынан қолын қойып көтереді.
  2. Науқасты бір уақытта көтеріп, онымен бірге төсекке қарай 90° (егер зембіл төсекке параллель қойылса — 180°-қа) айналып, науқасты оған жатқызу.
  3. Зембіл төсекке қатар қойылса, зембілді төсек деңгейінде ұстап, екеулеп (үшеулеп) науқасты ақжаймамен зембіл шетіне тартып, оны жоғары қарай сәл көтеру және науқасты төсекке ауыстыру.

Науқасты қоларбаға отырғызу тәртібі:

  1. Қоларбаны алға қарай еңкейту және қоларабның баспалдағын басу;
  2. Науқасқа баспалдаққа тұруды ұсыну және оны сүйемелдеп қоларбаға отырғызу. Науқастың қолы дұрыс қалыпта орналасқандығын бақылау – жарақаттанбау үшін қолы өоларбаның шынтақ қоятын орнынан шықпауы тиіс;
  3. Қоларбаны дұрыс қалпына келтіру;
  4. Тасымалдау;

Функционалды кереует бірнеше секциядан құралған арнайы құрылғы, басқарудың сәйкес тұтқасын айналдыру арқылы қалпын өзгертуге болады. Төсектің бас және аяқ жақтары қажетті қалыпқа жылдам ауысады. Бұл кереуеттердің арнайы енгізілген жабдықтары болуы мүмкін: төсектің қасына қойылатын үстелше, дәрі тамызғыға арналған штативтер, дәретсауыт пен несепсауытқа арналған орындар. Ауыр науқасқа ынғайлы қалыпта және қозғалу тәртібін қамтамасыз ету мақсатында функционалды төсекті ыңғайлы қалыпқа келтіру мейірбикеге жүктеледі.

Науқасты тасымалдау және зембілге жатқызу әдісі аурудың сипаты мен ауырған байланысты болады:

Науқасқа күтім жасау процесінде пациентті дұрыс тасымалдау тәртібі сақталмаса, мейірбике де травма алуы мүмкін. Сол себепті науқасты тасымалдау, орнын ауыстыру және басқа жерге жатқызу кезінде бел мен омыртқаға түсетін қысымды азайту үшінтасымалдау әдісін, пайдалану маңызды.

Науқасты орнынан қозғар алдында мыналарды анықтап алған жөн:

Науқасты қозғап, көтеріп, орнын ауыстыру кезінде қызмет көрсетуші персонал келесі нұсқауларды есте сақтау керек:

Қызметкерлер тобы келісе әрекет еткенде ғана, науқасты көтеру сәтті орындалатынын есте сақтаңыз:

One Response

  1. Науқасты көтеру кезінде Мейіргердің денесінің қай бөлігіне ауыр күш түседі