Трансфузиялық емнің қазіргі таңда хирургия мен медицинадағы алатын орны
Трансфузиялық емнің мұқтаждығы XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми техникалық революциядан кейінгі, ауыр науқастарға, жүрек қан тамыр, жыныс мүшесінің жетіспеушілігі бap науқастарға, миокардтың инфарктының жедел сатысында, бауыр мен қан ұйу жүйесінің ауыр зақымдануларында қолданып жүрген клиникалық трансфузиология әдістер саналып және жетілдіріп келеді. Перфузия әдістері әлі зертеліп жүр. Перфузияны реттеуді – антикаогулянттармен, тромболиктермен, спазмолитиктермен, ферменттермен, гормондармен және амин қышқылдарымен жүзеге асырады.
Қан құйу жолдары мен әдістері
Қан құйудың жолдары:
1- Тікелей құйылатын, ол донордан тікелей науқасқа (реципиентке) құйылады. Бұл өте сирек, тек көрсеткішіне қарай қолданылады, себебі донор үшін ол қауіпті. Әрқашан донор мен науқастың қанында мерез, вирусты гепатит жане ЖИТС барлығын тексеру қажет. Тікелей гемотрансфузияны операция бөлімшесінде, асептика жағдайында жүргізіледі.
2- Тікелей емес құйылатын, ол алдын ала алынған қанды (сақтау мерзімі бұзылмаған) – қан қантамырды тесіп (пункция) не оны ашып (венесекция), көк тамыр не артерия және сүйек арқылы, ағызып не тамшылатып енгізуге болады.
3- Алмастырғыш гемотрансфузия – жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруларында, кіндік байламындағы көк тамырды катетірлеп, қанды ағызып алып, оны қайтадан құйады.
4- Қайта қан құйу (реинфузия) ол шырышты қабатпен ішіқапталған қуысты мүшелерге құйылған қанды – 4% цитратты натрий ертіндісі бар ыдысқа, және оған малынған 8 қабатты дәкеден жасалған сүзгіштен өткізіп, қайта құйады. Егер қан қуыста 2 сағаттан артық жатып қалғанда және де сыртқы ауамен қатынаста болса, гемолиз дәрежесін тексереді. Ал гемолизденген қанды құйуға боламайды.
5- Аутотрансфузия – ол операцияға дейін бірнеше күн бұрын алынады, алынған қанның орнын алмастырғыш ертінділермен толтырады. Осылай дайындалған өз қанын операция кезінде не одан соң қайта өзіне құйады. Бұл әдістің тиімділігі науқасқа реакция тудырмайды және қан тобын анықтауға, сәйкестліктерге сынама жүргізудің қажет болмайды.
Қан құю әдістері
Көк тамыр арқылы қан құйу әдісі кең тараған және жиі қолданылады, себебі бұл әдіс өте колайлы. Оны тамшылатып (минутына 20-30 тамшыдан) және ағызып кұйады. Тамшылатып құйған әдістің тиімділігі, бірден қан қысымы көтеріліп кетпейді және ұзақ уақыт құйылған қан, қан тамыр ортасында сақталады. Сонымен қан тамырлы әдіс, жүрек-қан тамыр жүйесіне күш түсірместен өте көп мөлшерде қан құйуға мүмкіндік береді. Бұл көп мөлшерлі қан, оны жоғалтқан кезде, әcipece гемморрагиялық есеңгіреу кезде маңызды.
Қан құю әдістері:
1 – артерия арқылы. Қазіргі кезде жанталасу электр тогының Ш-1У дәрежесіндегі әсерден, тыныс алумен қан айналу жүйелерiнің, электр тоганың жарақатынан кейін клиникалық өлімдегі, ағзалардың өмірлік қызметін қалпына келтіруде, емдік шараларды үйлесімді тармағы артериялық қан құйу болып табылады. Көбінде жүрекке қан жетіспеушілігінде қолданылады. Артериялық қан құйуға қарсы көрсеткіш- ол бас сүйек мидың жарақаты. Артерия арқылы қан құйуда, 10-15 минут ішінде, қан қысымын 78-80мм с.б бастап, 180 мм с.б дейін, жеткізуге болады.
2 – сүйек іші арқылы. Сүйектің кемік жерлеріне енгізеді. Енгіетін жерлері – төс пен балтыр сүйегі. Бұл әдіс көк қантамыр, артерия арқылы қан кұйуға мүмкіндік болмағанда қолданады. Ол үшін мандренді инені қолданады, оны енгізгеннен кейін жақсылап бекіту керек, үйтпесе ине қозғалғанда оның іші тез сүйек ұлпаларымен бітеліп отырады.