ИЫҚ БУЫННЫҢ ШЫҒУЫ

Иық буынның шығуы

Бұл буының шығуы тікелей зақымданудан, ал көбінде қолды тiк озып, не оны денеден алшақтатып соза құлағанда пайда болады. Буын шаққанда иық буының қаптамасын жырып, иық сүйегініңбасы орнынан басқа жағына қарай жылжуы мүмкін. Осыған байланысты: алға, артына және төмен қарай жылжуы болады, ал оның жоғары қарай жылжуына жауырынның иық және бұғаналық өсінділері тежейді. Иықтың шығуы, иықтың хирургиялық мойынының сынумен не оның төмпесінің жұлынуымен және буын ойысының шетінің сынуымен қосарлана пайда болуы мүмкін. Кейбір кезде қолтық астындағы қан тамыр, жүйке құрамдарының қысылып не олардың үзілуі кездеседі.
Белгілері:
1) аурсынуы,
2) ерікті қозғалысты жасай алмауы,
3) қолдың денеден алшақтауы,
4) буын орнында ойыстың пайда болуы,
5) акромиональды өсіндінің көрініп тұруы,
6) жауырының буын ойысының бос болуы,
7) иық сүйектің басы:
• буғана,
• құс тұмсық өсіңдісі,
• қолтық астында болуы мүмкін.
8) еріксіз қозғалыс кезінде өте қатты аурсынады, ал оның козғалу көлемі шектеледі.
Алғашқы көмек пен емі:
• иықтың шығуы — жалпы не жергілкті жансыздандыру арқылы жедел түрде қайта орнына салуды талап етеді
• жалпы жансыздандыру кезінде, бұлшық еттерді босату үшін қысқа мезгілдік әсері бар релаксанттар қолданылады.
• жергілікті жансыздандыру — буын қуысына 10 мл. 10% новокаинді енгізу арқылы жүргізіледі.
• әдетті иық буынның шығуын орнына салу -жансыздандырусызақ орындауға болады.
Буынның шығуын салудың бірнеше түрлерімен әдістері бар:

1. Джанелидзе тәсілі — науқасты жалпақ тақтайлы орындыққа жатқызады, басын басқа бip жалпақ тақтайлы орындыққа қояды немесе көмекші адам ұстап тұрады. Зақымдалған қолы осы екі орындық ортасында салбырап тұрады. 10-20 минут өткен соң, қолын шынтақ буынында 90 градусқа иіп, eкi қолымен білегін төмен қарай басып, иық сүйекті жайлап бұрап, орнына салады. Иық сүйектің басы орнына келсе, осы кезде сыртыл естіледі.

2. Кохер тәсілі — хирург бip қолымен иықтың шынтақ бөлігінен ұстап, екіншісімен — білекті білезік буынның үстінен ұстап, шынтақ буынды тік бұрыш етіп, иық сүйекті төмен тартып, жайлап шынтақты денесіне қарай жақындатады. Сол кезде иық сүйектің басы сыртқа қарай айналады. Содан соң, білекті cepiппe ретінде қолданып, иық сүйекті жайлап сыртқа қарай қарсы алды (фронтальды) жағдайға жеткізе бұрайды, кейде осы жағдайда шыққан буын орнына түседі, себебі бұл кезде иықтың басы жауырынның буын беткейге қарсы тура келіп тұрады. Егер орнына келмесе, онда иық сүйекті жаймен алға, орта сызыққа қарай жоғары көтереді, содан кейін қолды тез сау иыққа қарай асады. Шыққан буын орнына келсе белгілі сыртылдақ естледі. Осы тәсілмен орнына келген буынға, орнынан қозғалтпау үшін Дезо таңғышын салады.
Буынның қозғалысын 4-күнен бастайды, массаж және емдік денешынықтыру жасайды, ал орнына келмейтін буынның шығуын операция арқылы орнына келтіреді.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Жараның дифтериясы диагностикасы

 Жараның дифтериясы диагностикасы. Жаралардың жіктелуі Жарақатқа байланысты-жаралар операциялық және кездейсоқ...

Көмей және кеңірдектің аурулары

КӨМЕЙ МЕН КЕҢІРДЕКТІҢ АУРУЛАРЫ. Көмейдің тарылуы Көмейдің тарылуы – дем алуды  қиындататын...

Жарақаттар

ЖАРАҚАТТАР Жоспар  Жарақат түрлерi Алғашқы көмек Жара.   Барлық механикалық зақымдаушылар...

Лимфедема туралы жалпы сипаттама

Лимфедема –бўл жўмсаќ тіндегі лимфалыќ бўзылыстар.Ыќпал ететін жаєдайлар бездердіѕ...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика