ҚАН ТОБЫ

Қан тобы

Тарихи мәлімет. Қанның АВО жүйесі 1901-жылы К.Ландштейнер, ал оның IV-тобын Янский (1907 ж) мен Моссо (1910 ж) ашқан. Қан құрамының сары суында екі α және β деген аглютининдер, ал эритроцитында да екі А және В деген аглютиногені болады.
Қан тобы гемаглютинациялық реакция негізінде бөлінеді. Гемаглютинация негізінде бip-бiрнe сәйкес аглютинин мен аглютиноген косылғанда ( α+ А немесе β+ В болған жағдайда) пайда болады. Қан құйғанда реципиенттің сарысуының әсерінен, донордың тек қана эритроциті гемолиз болады, ал басқа керісінше жағдайда мүмкін емес.
Осы аглютиндер мен аглютиногендердің қанда кездесуіне қарай, қан негізгі 4 топқа бөлінеді:
1- қан тобы -0(І)- деп белгіленеді. Оның эритроцитінде — А мен В аглютиногендер жоқ, ал сарысуында — α мен β аглютинині бар. Бұл қан тобы -32 пайызын құрайды.
2- қан тобы А (ІІ) -деп белгіленеді, Оның эритроциттінде — А аглютиногені, ал сарысуында β аглютинині, бұл қан тобы — 40 пайызын құрайды.
3- қан тобы В (ІІІ) -деп белгіленеді, Оның эритроцитінде — В аглютиногені бар, ал сарысуында α аглютинині бар, бұл қан тобы — 20 пайызын құрайды.
4- қан тобы АВ (ІV) — деп белгіленеді, Оның эритроцитінде -А мен В аглютиногені бар. ал сарысуында аглютинидері жоқ, бұл қан тобы — 8 пайызын құрайды.
Гемотранфузия кезінде тек қана бip-бipiнe сәйкес қанды ғана құйу керек. Қан берушіні — донор, ал қанды құйушыны — реципиент дейді. Қан құйғанда донордың эритроцитын, ал реципиентің — сары суын ескеру керек. Бірінші топтың қанын ерекше жағдайларда, барлық төрт топты қаны бар адамға құйуға болады. Бip-бipiнe аглютинин мен аглютиноген сәйкес (аттас) болса, мысалы А мен α, не В мен β кездескенде- аглютинация болады, ал рецепиенттің қанында- гемолиз пайда болады.

Қан тобын анықтау.

Қан тобын анықтау деп, белгілі аглютининдер мен белгісіз аглютиногендерді, не керісінше оларды табуды айтамыз. Қан тобын арнайы стандартты сарысулар мен, өте сирек жағдайда стандартты эритроциттермен анықтайды. Қан тобы анықталатын бөлме жарық, ауа температурасы 15-20° С жылы болуы керек. Егер белме суыкқ немесе ыстық болатын болса, онда жалған аглютинация жүруі мүмкін. Екі топтамалы стандартты қан тобының сарысулары мен 0(І), А(ІІ), В(ІІІ), АВ (ІV) қан тобы анықталады.
Сыртқы жапсырылған қағазында (этикеткасында):
• сарысудың топтық атауы,
• дайындалған мерзімі,
• сақталу мерзімі (күні),
• сериясының нөмірі.
Қолданылатын сарысулар мөлдір, өздеріне арналған түстері бар:
1-тобы-ашық(түссіз ),
2-тобы- көк,
3-тобы — қызыл,
4-тобы — сарғыш.
Қан тобын анықтау үшін керекті заттар: арнайы планшет (ұялы табақша), не таза ақ тарелка, олардың беті сызықпен бөліп, таңбалау (маркировкалау) керек, әйнек таяқшалар, не төрт бұрышты заттық шыны, мақта, спирт, пробиркалар, тамшуырлар (пипеткалар).

Қан тобын анықтау:
• таңбаланған, не стандарты дайындалған уяшықтары бар табақшаға — бip тамшыдан сарысуды тамызады,
• олар таңбаланған қан тобына сәйкес, сол жағында 0, ортасында А, ал оңжағында В тобы екі сериялы болу керек,
• тырнақ бунақты спиртпен тазалап, кепкен соң ине мен теседі,
• әйнек таякшамен, ең тиімдісі төрт бұрышты заттық шыны мен, саусақтағы қанды алып, сарысумен 1:10 қатнасында араластырады,
• қан тобы эритроциттердің аглютинациясына қарай анықталады,
• аглютинация көзге жақсы көрінеді ол кішігірім қызыл түйіршіктер,,олар біртіндеп бір-біріне жабысып, үлкейіп, шеттері тегіс емес, ipi бөлшектерге айналады,
• егер аглютинация болмаса, ол қосындылар, бірыңғай алқызыл түсті түрінде қалады,
• 0(І)- топтың қаны болса — аглютинация ешқайсында болмайды,
• А(ІІ)- топтың қаны болса — аглютинация 0(І)-де және В(ІІІ)- да болады да, А(ІІ)-де болмайды,
• В(ІІІ) — топтың қаны болса — аглютинация 0(І)-де және А(ІІ)-да болады да, В(ІІІ)- де болмайды,
• аглютинация барлығында болса, онда ол АВ (ІV) қан тобына жатады.

Related articles

Ұзақ жөтелу зиян ба? — SANTO

ЖЕҢІЛ ӨКПЕ! 24 қарашада Алматыда, SANTO компаниясы «Жеңіл өкпе»...

Жараның дифтериясы диагностикасы

 Жараның дифтериясы диагностикасы. Жаралардың жіктелуі Жарақатқа байланысты-жаралар операциялық және кездейсоқ...

Көмей және кеңірдектің аурулары

КӨМЕЙ МЕН КЕҢІРДЕКТІҢ АУРУЛАРЫ. Көмейдің тарылуы Көмейдің тарылуы – дем алуды  қиындататын...

Жарақаттар

ЖАРАҚАТТАР Жоспар  Жарақат түрлерi Алғашқы көмек Жара.   Барлық механикалық зақымдаушылар...

Case Studies

Content & copywriting

Compass Music Platform

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Content & copywriting

NewsWeek Magazine

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
E-commerce development

Beauty & Makeup Shop

A clothing brand wanted to launch a new e-commerce website that would allow customers to browse and purchase their products online. We developed a...
Яндекс.Метрика