Аяқ-қолдың ақаулары
Олар:
• эктромелия – аяқ-қолдың толығымен болмауы,
• гемимелия -аяқ-қолдың прокцимальды не дистальды жақтарының жоқ болуы немесе жетерліктей жетйспеушілігі.
• полидактилия – бip қолында бес саусақтан артық болуы (12- ге жетуі мүмкін).
Сан сүйегі буынның туа біткен шығуы.
Қыздарда көп кездеседі. Сан ұршығының басы, ұршық ойығының көлеміне сәйкес болмайды, ұршықтың басы ұршық ойығының үстінде орналасып, ол не алға немесе артына қарай ығысады. Ұршық басы мыжылып, деформацияланып оның мойны қысқарады. Бұл ауру перзентханада анықталуы тиіс.
Eмі:
• жас баланының аяғын жабық түрде орнына салып, санды талтайта тартып, тізе буынды 90°-қа иіп, 4 айға гипстік таңғыш салу, одан соң аяғын түзулеп тағыда 6 аптаға дейін гипстік таңғышта болуы,
• 5 жастан асқанда – ашық салу әдісімен орнына салып, гипстік таңғыш салынады.