Жыртылу (ruptura)
Тері асты шелмайының жыртылуы қан құйылумен бірге жүреді. Шандырдың жыртылуын пальпация арқылы бұлшықеттер босаңсығанда анықтауға болады. Ол қиғаш немесе көлденең жарық болып білінеді. Бұлшықетті тырыстырса, ол шандыр жарығы арқылы домбығып шығып тұрады, жұмсақ және серпімді ісік ретінде анықталады, басқаша оны «бұлшықет жарығы» деп атайды. Жыртылулар толық жане толық емес болуы мүмкін. Көбінесе қатаю және күшті жиырылу жағдайындағы бұлшықеттер жыртылады: санның төртбасты бұлшықет, іштің тік бұлшықеті(артқа қарай құлағанда), балтыр бұлшық еті (жүгіріп келіп секіргенде), екібасты иық бұлшықетіның ұзын басы (ауыр зат көтергенде). Бұлшықет жыртылғанда қатты локальды ауыру сезімі райда болады, пальпация кезінде жарықты анықтауға болады, ол бұлшық ет жиырылғанда үлкейеді.
Сіңірдің жыртылуы сіңірдің бұлшықетке ауысқан жерінде не сүйекке жабысқан аймағында байқалады. Олар тырысқан бұлшықеттердің қатты созылып кетуінің салдарынан болады. Көбінесе Ахилл сіңірінің өкшеден, санның төрт басты бұлшықеті сіңірінің тізе тобығы байламының асықты жіліктің бұдырынан жұлынуы байқалады. Сіңір жыртылуы зақымдалған аймақтағы бұлшықет бірден бұзылуына әкеледі.
Менискілерлің жыртылуының ішінде тізе буынының ішкі менискінің үзілуі жиі кездеседі. Ол ішкі байламның жыртылуымен бірге жүреді. Мұндай жарақат бірден анықталмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін, буын бөгетінің белгілері пайда болады. Буын қуысында сұйықтық жиналады. Иілу контрактурасы байқалады. Баспалдақтан түскенде, қозғалудың қиындауына шағымданады. Буынды ұстап көргенде, ауыру сезімі пайда болады. Балтырды бұрағанда аурыру сезімі күшейеді. Сан бұлшықеттері семіп кетеді. Диагнозды нақтылау үшін артропневмография, контрастты рентгенография, артроскопия жасалады.
жыртылудың емі: ауыру сезімін басу, қысып тұратын таңғыш салу, зақымдалған аяқ-қолды иммобилизациялау, жергілікті суық басу. Буын байламдары созылғанда 8-12 күнге дейін гипс таңғыш салынады. Ұзақ уақытқа салынса, физиотерапия тағайындалады. Шандырдың жыртылуын тігу, тек бұлшықеттің қызметі бұзылғанда ғана орындалады. Бұлшықет толық жыртылғанда, сіңір жыртылуында хирургиялық жолмен тігіп, 3-6 аптаға иммобилизация жасайды, кейін массаж, емдік дене шынықтыру тағайындалады.