Медициналық көрсеткіштерді тіркеу кезіндегі қателіктер негіздерінің көбі дерлік медицинадағы өлшеулердің көпшілігі физикалық және физика- химиялық өлшеулер болып табылады. Мысалы, сандық диагностикада қанның қысымы, биопотенциалдардың уақытқа тәуелділігі, көздің оптикалық күші және т.б. шамалар қолданылады. Зертханалық талдаулар жүргізу кезінде қанның тұтқырлығы, зәрдегі қанттың мөлшері т.б. анықталады. Науқастарды әртүрлі әдістемелермен емдеу кезінде иондаушы сәуле дозасын (мөлшерін), гальванизация кезінде ток күшін, ультрадыбыспен емдегенде оның күшін (интенсивтілігін) т.б. білу маңызды. Осындай маңызды мәліметтің болмауы тек қана емдеу дәрежесін төмендетіп қоймай, зиянды әсер етуі де мүмкін. Адамды қоршаған ортаның параметрлерін (ауаның ылғалдылығы, температурасы, атмосфералық қысым) сандық түрде бағалау аурудың алдын алып, болдырмаудың негізгі шарты болып табылады. Медициналық мақсатта жүргізілетін өлшеулердің жалпы метрологиялық талаптармен қатар әртүрлі ерекшеліктері де бар. Өлшеулерде тікелей өлшенетін физикалық шама мен сәйкес медика- биологиялық параметрлердің байланысы туралы мәлімет жеткіліксіз болуы мүмкін. Мысалы, қан қысымын өлшеудің клиникалық әдісінде (қансыз әдісте) манжетадағы ауа қысымы артериядағы қан қысымына тең деп есептеледі. Шындығында бұл байланыс шын мәнінде күрделі және бірнеше факторларға, соның ішінде бұлшықеттің босаңсу дәрежесіне байланысты. Лабораториялық өлшеулер (in vitro) нәтижесінің осы шаманы ағзада (іn vivo) өлшеу нәтижесінен айырмашылығы болуы мүмкін. Өлшеу кезінде медика- биологиялық параметрлер өзгеруі мүмкін. Егер қарастырылып отырған физикалық параметр өлшеу кезінде өзгермейтін болса, онда физика-техникалық өлшеулерде кездейсоқ қателіктерді ескеріп, болдырмау үшін бірнеше есептеулер жүргізіледі. Биологиялық жүйенің көрсеткіштері үзақ өлшеулерде, қоршаған ортаның психофизикалық әсерлері: өлшегіш құралдың, өлшеу жүргізушінің орын ауыстыруы және т.б.нәтижесінде едәуір өзгеруі мүмкін. Мүшелердің қозғалғыштығы, тіпті дененің өзінің қозғалғыштығы да бір-бірінен айырмашылығы зор әртүрлі өлшеу нәтижелерін беруі мүмкін. Физикалық, медика-биологиялық өлшеулер функционалдық белгілері бойынша немесе физика бөлімдеріне сәйкестігі бойынша топтастырылады. Және барлығы осы медициналық көрсеткіштерді тіркеу кезіндегі қателіктерге басты назар аударылады.Оларды келесі сатыларда анық ашып айтатын болсақ.
1.Медициналық аппаратураның электр қауіпсіздігі.
- Қазіргі заманғы медициналық аппараттарда электр қауіпсіздік дұрыс қолдану барысында үзіліссіз қамтамасыз етіліп отыруы керек.Қорғануды үш негізгі шартты сақтаумен жетіледі:
- Шартсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аппараттың дұрыс жинақталуы.
- Шартты қауіпсіздікті беретін арнайы сыртқы қорғаныс құралдарын қолдану.
- Аппаратпен жұмыс істеуде қауіпсіз болатын шарттарды көрсету(жазбалы қауіпсіздік).
2.Датчиктерге қойылатын шарттар.
Шартсыз электр қауіпсіздік:
Дәрігерлік аппараттардың электірлік қауіпсіздігіне негізгі талаптың бірі ол техникалық шарттарға сәйкес барлық жұмыс атқару режимдеріне дұрыс қолданғанда оператор мен науқас үшін шартсыз қауіпсіздік.Кез-келген ақаулық жұмыстың қауіпсіздігін төмендетпеуі керек.24 В-тан жоғарызбанұсы кернеуден тұрған бөліктермен кездейсоқ жанасу мүмкіндіктерін болдырмау керек.Ол үшін кернеумен қоректеніп тұрған аппарат бөліктері және аппататтың корпусы изоляцияланған болу керек.Осыған байланысты аппарат құрылысына мына талаптар қойылады:
1.Аспаптардың қорабы берік,жанбайтын,ылғал өткізбейтін материалдан жасалуы керек.
2.Аспаптың сызбанұсқаларының элементтері бір-бірінен 6 мм қашықтықта орналасуы қажет.
3.Сымдар мен тетіктердің кедергілері 2МОм-нен кем болмауы керек.
4.Аппарат бөліктерінде 10000 В кернеу таңбасы-қызыл найзағай тұруы керек.
5.Аспаптардың токтан толық ажыратылатын блоктары ьолуы керек.
Шартты қауіпсіздік:
Сынып
0 01 және 1 II III |
Қосымша қорғаныс.
Қосымша қорғанысы жоқ. Жерге қосу немесе нольге келтіру. Қорғаныс жабдығы (изоляциялау). 24 В-тан аспайтын желі кернеуі. |
Сипаттамалы қауіпсіздік.
Сипаттамалы қауіпсіздіктің басты шарттары:
1.Электрондық аппараттарды электрлік қауіпсіздікке тексеру.
2.Қондырғыларды арнайы сипаттамасына сүйене отырып қолдану.Медицина мекемелерінде емдеу мақсатында және эксперименттік бөлімдерінде қондырғыларды электрлік қауіпсіздікке тексеруде бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Лазерді қолдануға қауіпсіздік шаралары.
1.Лазерлермен жұмыс жасау үшін ГОСТ 12.1.040-83 «Лазерлік қауіпсіздік» талаптарын орындауды қамтамасыз ету керек.
2.Лазерлер шығару сәулелерінің қауіптілік дәрежесі бойынша төрт топқа бөледі:
- 1 топ:көз бен тері үшін шығыс сәулелерінің зияны жоқ лазерлер.
- 2 топ:шығыс сәулесінің көзге зияны бар сәулелер.
- 3 топ:шығыс сәулесінің көзге тәкелкй айналы шағылумен,сонымен қатар диффузиялы шағылған сіулемен келіп түсуі зиянды.
4 топ:дене терісінің диффузиялы шағылдырушы беттен 10 см қашықтықтағы диффузиялы шағылған сәулемен сәулелендіруде шығыс сәулелерінің эияны болады.
Медициналық аппараттар
3.Медико-биологиялық ақпараттың датчиктері.Датчиктердің тағайындалуы және классификациясы,сипаттамасы. Датчиектердің қателіктері.
Кез келген дәрігерлік биологиялық зерттеулерге сәйкес хабарламаны алу және тіркеу,электрлік емес шараларды тіркеу болып келеді.Хабарламаны қабылдаушы кез келген техникалық жүйедегі бастапқы элемент датчик болып келеді.
Генераторлы және параметрлі датчиктер болады.
4.Биопотенциалды тіркеуші медициналық приборлармен жұмыс істеу принциптері.
Көптеген ауруларда диагностикалық көрсеткіші ретінде биоэлектрлік потенциал пайдаланылады.Біріншіден, бұл потенциалды дұрыс тіркеу,екіншіден міндетті түрде медициналық ақпараттық өзгерісін анықтау керегін ұмытпау керек.Бас миындағы биоэлектрлік активтілікті тіркеудегі биопотенциалдық жазу энцефолография деп аталынады,ал осыған қолданылатын құрылғы энцефологроф,биопотенциалдардың уақытша жазылу графигі энцефолограмма деп аталынады.Бұлшықеттегі биоэлектрлік активтіліктің тіркелу әдісі электромиография,құрылғысы электромиография,ал графигі электромиограмма деп аталады.
- Қателіктерді мынадай түрлерге бөледі:
- қоршаған ортаның физикалық параметрлерінің өзгеруі
- ағзаның жеке ерекшеліктеріне
- ағзаның физикалық параметрлерін өлшеу процесін дәл емес орындау
- өлшеу жүйесінің жеткіліксіздігі
6.Датчиктердің тағайындалуы және классификациясы, сипаттамалары.
Датчик дегеніміз-өзінің сезгіштік элементімен өлшенетін шама ықпалына әсер етуші болатын хабарлама алатын қондырғы,сонымен қатар осы әсерді әрі қарай күшейту,тіркеу,өңдеу және т.б. үшін ыңғайлы түрге түрлендіргіш қондырғы.
Датчиктердің метрологиялық көрсеткіштері.
Сезгіштік-берілген түрлендіргіш арқылы орнықты анықтауға болатын алынатын параметрдің минималь өэгерісі.
Қате–алынған және номиналь кіріс шамалары арасындағы максималь айырым.
Реакция уақыты–кіріс шамасының өзгертілген деңгейіне сәйкес келетін деңгейге шығыс шаманы келтіруге кететін минималь уақыт аралығы.
7.ШУЛАР МЕН ҚАЖЕТ ЕМЕС СИГНАЛДАРДЫҢ (БӨГЕТТЕРДІҢ АРТЕФАКТТАРДЫҢ ) БОЛМАУЫ
- Түрлендіргіштен түсетін сигнал, – өлшенетін ақпаратқа сәйкес келетін кернеудің өзгерісі. Сигнал кернеуімен бірге басқа да өзгерістер қабаттасуы мүмкін.Мұндай керек емес өзгерістер шулар, интерференция, бөгеттер немесе артефакттар деп аталып дисплейден көрінетін қорытынды нәтижені құрастыруға қатысады. Артефакт өлшенетін көрсеткіштің кез келген жасанды өзгерісі .Мысалы ,ЭКГ да пациенттің қозғалысынан пайда болуы мүмкін .Егер дисплей ретінде монитор экраны пайдаланылатын болса,онда бөгеттер жоғары жиіліктегі өзгерістер түрінде ,графикте «шашыраңқы » қисық түрінде бейне береді.
Аппаратураның қоректік желілерімен әрекеттесетін немесе аппаратура ішінде генерацияланатын әрекеттерден шулар пайда болуы мүмкін.Өлшенетін көрсеткіштермен бірге түрлендіргіш өлшемдегі басқа керек емес мәліметтерді де ұстап алуы мүмкін.
- Өлшенетін көрсеткіштермен бірге түрлендіргіш өлшемдегі басқа керек емес мәліметтерді де ұстап алуы мүмкін. Егер ЭКГ электроды бұлшық ет үстінде орналасса бұл бұлшық еттің белсенділігі ЭКГ-да .керек емес электромиограмма (ЭМГ) сигналдарының қабаттасып пайда болуына әкелуі мүмкін.
- Кейбір құралдарда шулардың немесе интерференцияның белгілі бір бөлігін жою немесе әлсірету үшін арнайы амалдар қолданылады . Көптеген жағдайларда құралды жақсы біліп меңгеру операторға интерференцияны азайту үшін белгілі бір шараларды қолдануға мүмкіндік береді.
- Қорыта келе, мен бұл СӨЖ-де басында қарастырылған сұрақтарды толық қамтыдым деп ойлаймын. Датчиктер мен электродтардың түрлерін және жұмысымен таныстым. Медициналық аппараттардың классификациясы және оның алуан түрлі екендігін білдім. Күшейткіштердің түрлерімен таныстым. Қазіргі кезде медициналық аппаратураның нанотехнологияда шетелдерден қалыспайды. Барлық операциондық бөлмелер мен жеке палаталарда әр науқасқа керемет жағдай көрсетілген. Жабдықтар жаңа технологиялармен жабдықталған.
- Ең соңында айтарым, биофизика пәніндегі барлық физикалық жағдайлар адам ағзасымен өте тығыз болады және адам ағзасында болып жатқан процестерге кез келген сыртқы, ішкі факторлар әсерін тигізбей қоймайды.
Медициналық –биологиялық ақпараттарды алу құрылымдарының қателіктері ақпарат – өлшеу қателерінің жалпы тізбегінің бір тармағы, ол техникалық және ерекшелік себептерге тәуелді.