Гидрологиялық төтенше жағдайлар

Мазмұны

  1. Рефераттың мақсаты
  2. Төтенше жағдайлар және олардың жіктелінуі
  3. Гидрологиялық төтенше жағдайлар
  4. Гидрологиялық төтенше жағдайлардың түрлері
  5. Су тасқыны
  6. Цунами
  7. Мұз көшкіні
  8. Құрғақшылық
  9. Қатты аяз

Рефераттың мақсаты

Бұл реферат, яғни Гидрологиялық төтенше жағдайлар адамдар цунамиден,мұз көшкінінен,су басудан,құрғақшылықтан,қатты аяз кезінде қандай шаралар қолдану мақсатында жазылған.

Төтенше жағдайлар және олардың жіктелуі

Төтенше жағдайлар деп – апат,зілзала,қауіпті табиғи көрініс,эпидемия,эпизоотия,эпифитотия әсерінен, сонымен қатар жаппай жою қаруын қолдану нәтижесінде сол аймақта адамдар щығыны болып, олардың денсаулығына , қоршаған ортаға және шаруашылық нысандарына зиян келтіретін ,орыны толмас материалдық шығын туындайтын жағдай болып табылады. Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді

Төтенше жағдайлар:

  1. Даму түріне байланысты
  2. Ведомастволық жағдайға байланысты
  3. ТЖ масштабы мен шығын түріне байланысты болып бөлінеді.

Даму түріне байланысты ТЖ:

  1. Техногенді (көліктегі авариялар,ХҚЗ,РЗ,өрттер мен жарылыстар)
  2. Табиғи(геофизикалық,геологиялық,метеорологиялық, гидрологиялық,табиғи өрттер)
  3. Әлеуметтік (жаппай тәртіп бұзу,терроризм,ұлтаралық қақтығыстар,қарулы қақтығыстар)
  4. Биологиялық(жаппай ауру, өсімдіктердің жұқпалы аурумен ауруы)
  5. Экологяилық(атмосфера,гидросфера,биосфераның өзгеруі) болып 5 топқа бөлінеді.

Ведомавстволық ағдайға байланысты ТЖ – құрылыста,өндірісте,көлікте,орман шаруашылығында,ауыл шаруашылығында болып келеді.

Төтенше жағдайдың жайылу масштабы мен шығын түріне байланысты жергілікті(қала,аудан,облыс),кең көлемді(ҚР-ның аумағы және басқа мемлекеттер),аймақтық(бірнеше облыстар,ірі аймақтар) болып бөлінеді.

Гидрологиялық төтенше жағдайлар-әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауыл шаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.

Гидрологиялық төтенше жағдайлардың түрлері:

  1. Су тасқыны
  2. Цунами
  3. Мұз көшкіні
  4. Құрғақшылық
  5. Қатты аяз 

Су тасқыны – бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді су  басуының жоғарғы деңгейі.

            Ескерту.Су басу су тасу немесе тасқын кезіңдегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесіңде, сондай-ақ гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.

Су басулар адам өлімімен, тұрғын және кәсіпорын нысандарының қирауымен байланысты, мал басының өлім – жітімі мен дәнді дақылдардың құруымен, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін тигізумен айтарлықтай шығынға ұшыратады. Соңғы 10 жылда әлемде су басудан 100 мыңға жуық адам қаза тауып, 1,5 млн. аса адам зардап шеккен, ал су басудан келген жалпы шығын 300 млрд. долларды құраған.

Қазақстанда апаттық құбылыстардың қатарында су басуларды да атап көрсетуге болады. Республикада белгілі бір жағдайларда су басулар болатын ұзындығы 50 км және одан да асатын 800-ге жуық өзен бар. Соңғы 10 жылдың ішіңде Қазақстанда әртүрлі генезисті 300-ден аса су басулар болды, 70%-ы көктемдегі су тасулармен байланысты су басулар болса, 20% -ы жауын – шашынның салдарынан болған және 10%-ы басқа да себептерге байланысты болған су басуларға тиесілі. Су басулар Республикада жыл сайын тіркеліп отырады, 1993 жылдың көктеміндегі болған су басу тектес апаттық су басулар өте сирек кездеседі, онда қар қорының шамадан тыс көп болуына байланысты, сондай-ақ қатты жауынның жаууы кенеттен күннің жылуымен сәйкес келіп, республиканың барлық жазық өзендерінде апаттық тасқындар қалыптасқан еді.

Айтарлықтай қауіпті Каспий теңізінің көп жылдық деңгейінің көтерілуі алып келетін, теңіздің солтүстік жағалауында жел толқытуынан пайда болған су басулар туғызады.

Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы

Апаттық тасқын – қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын түсінігі, сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.

Казақстанда 2003-2004 ж. апаттық салдары бар тасқындар тіркелген. Мысалы, Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің арнасына айтарлықтай мөлшердегі судың құйылуынан су басу аймағы 660м3 құрады, 360 – тан аса тұрғындық құрылыс су астында қалды,қауіпсіз аймаққа 2085 адам көшірілді. Тасқын кезіндегі өндірістік қызметкерлер мен халықтың өзін-өзі ұстау тәртібі және іс-әрекеті. Халыққа көшудің басталуы мен тәртібі туралы жергілікті радиохабар торабы мен теледидар бойынша , ал жұмыс істейтіндерге кәсіпорын, мекеме және оқу орындары арқылы, ал өндіріс пен қызмет көрсету саласында жұмыс істемейтін халыққа тұрғын үй басқармасы органдары арқылы хабарланады.

Халыққа жиналатын нүктелерінің орны, осы нүктеге келу мерзімі, көшу кезінде жаяу баратын бағыт, сондай- ақ апаттың күтілген көлеміне орай туындаған жергілікті  жағдайда, оны ауыздықтау уақытына қатысты басқа да мәліметтер хабарланады.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда қауіпті аймақтағы халық дүние- мүлікпен бірге көшіріледі. Көшіру су басу аймағынан тыс орналасқан жақын елді мекендерге бойынша жүргізіледі. Халық қоғамдық ғимараттарға және жергілікті тұрғындардың тұрғын  алаңдарына қоныстандыру жолмен орналастырылады.

Кәсіпорындар мен мекемелерде су қаупі  төнге жағдайда жұмыс режимі өзгереді, ал кей жағдайда жұмыс тоқтайды. Су басу ықпалы аймақта мектептер мен балалардың мектепке дейінгі мекемелері уақытша жұмысын тоқтатып, балалар қауіпсіз жерге орналасқан мектеп пен балалар мекемесіне ауыстырылады. Егер төменгі қабатта тұратын және көшедегі адамдар судың көтерілуін байқаса, жоғарғы қабаттардаға көтерілуге, егер үй бір қабатты болса, шатырға шығуға тиіс. әкімшілік нұсқаумен жұмыста болған кезде белгіленген тәртіпті сақтап, биік жердегі орындарға бару керек. Далада кенеттен су басқан кезде дөңеске немесе ағашқа шығып, әр түрлі жүзу құралдарын пайдаланған жөн.

Үйден /пәтерден/ шыққан кезде өзіңізбен құжаттарыңызды, ұндылықтарды, аса қажетті заттармен, 2-3 тәуліктік азық- түлік қорын алу ұсынылады.

Судың басуынан сақтауды қажет ететін және алу мүмкін емес мүлікті жоғарғы қабатқа , шатырға шығару керек. Үйден /пәтерден/ шығадың алдында электр мен газды ажырату, пешті өшіру, есікі, терезені, ғимараттағы желдету және басқа да саңлауларды нығыздап жабу керек.

Су басқан аумақтағы адамдар іздеу шұғыл ұйымдастырылып, сол үшін АҚ және ТЖ құрамаларының, әскери бөлімдерінің жүзу құралдарының экипажы мен басқа барлық қолда бар күшпен құралдар таратылады. Құтқару жұмыстары кезінде, ұстамдылық танытып, құтқарушылар талабын қатаң орындау керек. Құтқару құралдарын катер, қайық,желкен және т.б. шектен тыс толтыруға болмайды, өйткені бұл а

Цунами – су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды. Индонезияда  26 желтоқсанда 2004 жылы жер 9 баллдық жер сілкінудің әсерінен цунами болды. Ол кезде көптеген адам қаза болып , қала толығымен жойылған.

Мұз көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.

Мұз көшкіні  қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін мұз көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.

Қар немесе мұз  көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады. Қар көшкінінің алуан түрлі қалыптасу жағдайының нәтижесінде олардың түрі мен көлемінің айтарлықтай айырмашылықтары бар. Қар көшкіні тау баурайындағы қардың салмағы оның беріктігінен асып кеткен кезде пайда болады. Қазақстаңдағы қар көшкіні қауіпі бар аймақ 95 мың км2 жуық аймақты алып жатыр, жоғарғы және орташа қар көшкіні қауіпі бар аймақ – 25 мың км2 жуық. Олар негізінен еліміздің таулы аймақтарының шығыс және оңтүстік – шығыс аймақтарында орналасқан. Республикада жаңа жауған қардан пайда болатын және қаркынды жылымық кезінде пайда болатын қар көшкіндері саны жағынан көптеп кездеседі.

Апаттық қар көшкіні құбылыстарының арасынан атап көрсетуге болатыны 1966 жылдың наурыз айындағы оқиғаны айтуға болады, 1ле Алатауының солтүстік баурайындағы көшкінді қардың жиынтық  көлемі 110 млн. м3 құрады. Аса үлкен, 300 мың м3 болатын қар көшкіні Кіші Алматы өзенінің бассейінінде байқалды. 1951 жылғы кезеңнен Іле Алатауындағы қар көшкінінен 91 адам зардап шегіп, оның ішінде 56 адам қаза тапқан.

1974 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зубовский елді мекенінде қар көшкінінен бір мезгілде 30 адам қаза тапқан. Қазақстанда қар көшкінінен қорғау бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі.

Қар көшкініне қарсы қорганыс — қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі – техникалық іс – шаралардың жиынтығы. 

Мұз көшкіні Монро қаласында  (Коннектикут штатының Фэйрфилд (Fairfield) округіне жататын АҚШ қаласы) 22 наурыз 2014 жылы болған.

Құрғақшылық – ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы  төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі.

Қатты ыстық – қоршаған ауаның орташа плюстік температурасының  бірнеше күн бойы 10 және одан да астам градусқа артық болуын айтады.

Мұның қауіптілігі адамның шамадан тыс ыстықтауы яғни оның денесінің температурасы 37,1°С жоғары болуы немесе дене қызуы бұзылып, 38,8°С жетеді. Ұзақ уақыт және қатты ыстық болуы ыстық өтуіне немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. Ыстық өтудің белгілері: терінің қызаруы, таңдайдың кебуі, қатты шөлдеу. Бұдан ары қарай адам есінен танып, жүрегі немесе тыныс алуы тоқтауы ықтимал

Құрғақшылыққа дайын болу принциптері:

  1. Қосымша ыдыстар жинап, қажет болса оларға алдын ала су толтырып қою.
  2. Ыстық күнге лайық киімдер, тұрмыстық электр құралдарын (желдеткіштер, кондиционерлер) әзірлеп қою.
  3. Егер селолық жерлерде тұратын болсаңыз – жаппалар, қалқалар, даладағы орындықтар құдықтар, сондай-ақ терезе жапқыштар сайлануы тиіс.
  4. Мүмкіндігінше электр құралдарының жұмысын қамтамасыз ету үшін электр қуатының автономиялы көздерін сатып алу.
  5. Суды үнемдеп пайдалану.

Құрғақшылық кезінде қолданылатын шаралар:

  1. Көтеріңкі температураның әсер етуінен сақтану.
  2. Бас киім киіп, ауа өтіп тұратын мақта-матадан тігілген ашық киім кию.
  3. Асықпай жылжыңыз, мүмкіндігінше көлеңкеде болуға тырысу.
  4. Сыра немесе басқа бір алкогольді ішімдіктер іщпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайын нашарлатады.

Құрғақшылықтан кейін қолданылатын принциптер:

  1. Күтпеген апат және халыққа көрсетіліп жатқан көмек туралы ақпарат алу үшін жергілікті өкімет органдарына хабарласу.

Қатты аяз– ауа температурасы 39 градустан асатын мөлшер.
Бұндай ауа-райы Қазақстанның солтүстік жерін мекендейтін жерлерге тең.

Қарлы боран (дауыл)

Егер сіз боранда қалсаңыз:

Қар үстінен паналайтын орын дайында;

  • ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
  • паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
  • ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.

Егер аяғыңыздың астында мұз жарылсы: Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.

Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз: Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз. Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б.

лақтыру керек.

  • мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б.

Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт.Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.

Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адм суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.

Құтқару құралдарын ағаштан, резина камераларынан, ұйықтайтын қапшық т.б. жасауға болады.

 

Үсік алу. Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.

Share This Class:

Яндекс.Метрика