Жүректің электрлік белсенділігі

Жоспар:

  1. Жүрек
  2. Құрылысы мен Қызметі
  3. Жүрек ырғағы
  4. Жүрек қызметінің көрсеткіштері.
  5. Электрокардиография
  6. Миокард жасушасының электрлік белсенділігі
  7. Жүрек қызметі ырғағының өзгеруі
  8. Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі.
  9. 1.Жүрек

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) – жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек етжасушалары түзеді.

1.1 Жүректің құрылысы мен қызметі

Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.

Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.

Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.

Адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді. Омыртқасыз жануарлардың кейбір түрлерінде (буылтық құрттарда, моллюскілерде, буынаяқтыларда) жүрек арқа жағында орналасқан, бір қарынша және бірнеше жүрекшелерден тұрады. Барлық омыртқалы жануарларда және адамда жүрек дененің кеуде қуысында орналасқан. Дөңгелекауыздыларда, балықтарда жүрек екі камералы – бір жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Жүрекшенің қабырғасы жұқалау, ал қарыншанікі – біршама қалыңдау келеді. Балықтар жүрекшесінің маңында вена қолтығы, ал қарыншасының жанында артерия конусы (шеміршекті балықтарда), ал сүйекті балықтарда қолқа жуашығы болады. Дөңгелекауыздылардың, балықтардың жүрегі арқылы вена қаны ағып өтеді, олардың қан айналымы бір шеңберден ғана тұрады. Қосмекенділердің құрлықта тіршілік етуіне сәйкес жүрек үш камералы (екі жүрекше, бір қарынша), әрі қосымша кіші қан айналым шеңбері (немесе өкпелік шеңбер) пайда болған. Бауырымен жорғалаушылардың да жүрекгі үш камералы, бірақ қарыншасы жартылай жұқа перде арқылы екіге бөлінгендіктен қарыншада қан онша араласпайды. Тек қолтырауында жүрек толық 4 камераға (екі жүрекше, екі қарынша) бөлінген. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі 4 камералы (екі жүрекше және екі қарынша). Жүрек, негізінен, ұшына қарай қалың бұлшық ет арқылы екі бөлімге бөлінген және әрбір бөлімдегі камералар өзара бір-бірімен ғана байланысады. Олардың жүрегінің оң жақ бөлімінен тек вена қаны ағып өтетіндіктен венозды бөлім, ал сол жақ жартысынан тек артерия қаны ағатындықтан артериялы бөлім деп аталады. Сүтқоректілердің ұрығының дамуы кезінде оң жүрекше мен сол жүрекшенің арасы сопақша тесік (боталлов өзегі) арқылы байланысып тұрады, кейін ұрпақ дүниеге келген соң ол бітеліп қалады. Адамның жүрегі, негізінен, кеуде қуысының сол жағын ала орналасады, оның үштен екі бөлігі кеуде қуысының сол жағында, ал үштен бір бөлігі кеуде қуысының оң жағында орналасады. Өте сирек жағдайда жүректің ауытқып орналасуы да кездеседі. Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүректің сыртындағы дәнекер ұлпадан тұратын қабын – үлпершек (перикард) деп атайды. Жүрек үлпершектің ішінде бос жатқандықтан, еркін жиырылып босаңсиды. Сыртындағы көлденең сайшалар жүрекшелер мен қарыншалардың арасын бөліп тұрады. Жүрекшелер жүректің негізі жағында, қарыншалар ұшы жағында орналасады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалары болады кейде оларды саңырауқұлақ деп атайды. Жүрек үш қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты – эпикард, ортаңғы қалың бұлшық етті қабаты – миокард, ал камераларды астарлап жатқан жұқа қабаты – эндокард деп аталады. Миокард қабатындағы бұлшық ет талшықтары жүрекшелердің сыртында екі түрлі бағытта орналасқан. Сыртқы қабатындағы бұлшық ет талшықтары екі жүрекшені де тұтасымен қоршап тұрса, ішкі қабатындағы бұлшық ет талшықтары әрбір жүрекшені жекелей қоршап жатады. Қарыншалардағы бұлшық ет талшықтарының қабаттары (сыртқы және ішкі) екі қарыншаны да тұтасымен қоршап, ал ортаңғы қабаты әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. Сол қарыншаның миокард қабаты оң қарыншаның миокард қабатынан 2 – 3 есе қалың. Өйткені сол қарыншадан бүкіл денеге тарайтын қолқа қан тамыры басталады. Жүрекшелер мен қарыншалар арасындағы тесікті жақтаулы қақпақшалар (клапандар) жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. Оң жүрекше мен оң қарыншаның арасын үш жақтаулы, ал сол жүрекше мен сол қарыншаның арасын қос жақтаулы (митральді) қақпақшалар жауып тұрады. Жақтаулы қақпақшалардың жиегіне қарыншалардың ішінде орналасқан емізік тәрізді бұлшық еттер бекіп, жақтаулы қақпақшаларды қарыншаларға қарай ашады. Ж-тің қарыншалары мен олардан басталатын артериялық қантамырлардың арасында үш жарты тәрізді қақпақшалар бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады. Ж-тің миокард қабаты да көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан тұрады, оның қаңқа бұлшық ет ұлпасынан айырмашылығы – Ж-тің бұлшық ет талшықтары торланып орналасқан және бір-бірімен қосылып жатады. Ж-тің миокард қабатында миофибриллалары аз, көбіне саркоплазмаға бай бұлшық ет талшықтары шоғырланып орналасады. Олар Ж-тің ырғақты жұмысын реттеп отырады. Оны Ж-тің өткізгіш жүйесі деп атайды. Ондағы бұлшық ет талшықтарында оқтын-оқтын қозу импульстары пайда болып, өткізгіш жүйедегі клеткалар өздігінен жиырылады. Ересек адамдарда Ж-тің салм. 250 – 330 г-дай, ұзындығы 10 – 15 см, көлденеңі 8 – 11 см, қалыңд. 6 – 8,5 см. Шамамен Ж-тің үлкендігі әркімнің өзінің жұмған жұдырығындай болады. Ж-тің қызметі жүрекше бұлшық еті мен қарынша бұлшық етінің белгілі бір ырғақпен кезектесе жиырылуы (систола) және босаңсуы (диастола) арқылы атқарылады. Ең алдымен, жүрекше жиырылып, қанды бос қарыншаға итереді, оған 0,1 с уақыт кетеді; екінші кезеңі – қарыншалардың жиырылуы (қан қолқа мен өкпе артериясына итеріледі), оған 0,3 с, ал үшінші кезеңі – жүрекшелердің де, қарыншалардың да босаңсуы (диастоласы), мұны жалпы пауза деп атайды, оған 0,4 с уақыт кетеді. Ж-тің осындай жұмысына 0,8 с уақыт кетеді. Ересек адамның Ж-гі минутына 72 – 75 рет соғады. 1 мин-та Ж-тің қантамырларға шығаратын қан мөлшерін Ж-тің минуттық көлемі деп атайды. Ж-тің жұмысы қанмен бірге келетін гормондар арқылы, сондай-ақ, өзіндегі шеткі жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырылады. Ж-тің адам организмінде алатын орны ерекше.

  1. Жүрек ырғағы

Жүрек ырғағы      яғни 1 саны          және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне 6 айланысты болады. Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп          жиілігі төмендейді – 6 радикардия. Жүрек ырғағына ми қыртысының күйі әс ер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін кезінде. Тәжірибелерден оң жақ

жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырма у- татарпау- локализация) жылумен    осы керісінше суытқанда қарама-қарсы эффектінің болатындығы анықталған жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады.

  1. Жүрек қызметінің көрсеткіштері.

Жүрек жұмысының көрсеткіштеріне жүректің систолалық және минуттық көлемі соққы көлемі дегеніміз – әр жиырылу кезінде сәйкес тамырларға жүректің ығыстырып шығаратын қанының мөлшері. Систолалық көлемнің шамасы жүректің өлшеміне,   және Салыстырмалы тыныштықтағы ересек сау адамның әр қарыншасының систолалық көлемі шамамен 70 — 80мл- ді кезінде артериялық жүйеге қанның 120— 160 мл көлемі келіп түседі.

Жүректің минуттық көлемі дегеніміз – өкпе мен 1л қанының мөлшері. Орташа минуттық көлем 3-5 л құрайды.

Жүректің систолалық және аппаратының қызметін сипаттайды.

  1. Электрокардияграфия

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

  1. Миокард жасушасының электрлік белсенділігі

Кәдімгі жағдайда миокард жасушалары белсенді   ырғақты күйде (қозу) болады, сондықтан олардың тыныштық потенциалы туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Көптеген жасушаларда оның мәні шамамен 90 мВ-ті құрайды және ол К+иондарының мөлшерлік градиентімен анықталады. Жасушаішілік электродтар көмегімен тіркелген жүректің әр бөлігіндегі әрекет потенциалдарының (ӘП) пішіні, амплитудасы, ұзақтығы жағынан елеулі айырмашылықтары болады (сурет 2, А). 2, Б – суретте қарыншаның дара жасушасының ӘП-ң сызбасы көрсетілген. Осы потенциалдың пайда болуы үшін мембрананы 30 мВ-қа деполяризациялау қажет болды. ӘП- да мынадай фазалар бар: бастапқы жылдам деполяризация- 1-ші фаза; плато деп аталатын баяу реполяризация- фаза 2; жылдам реполяризация- фаза 3; тыныштық фазасы- фаза 4. Жүрекшелер миокардының жасушаларындағы, жүректің өткізгіш миоциттеріндегі (Пуркинье талшығы) және қарыншалар миокардының жасушаларындағы 1-ші фазаның табиғаты жүйке және қаңқа бұлшықет талшықтарындағы ӘП-ының пайда болу (үдемелі) фазасының табиғатымен бірдей. Бұл фаза натрийдің өтімділігінің артуымен анықталады, яғни жасушалы мембрананың жылдам натрий каналдарының белсенділігімен анықталады. ӘП-ң шыңы кезінде мембраналық потенциалдың таңбасы өзгереді ( -90мВ-тан +30 мВ қа дейін). Сурет 2. ЭКГ-ң уақытқа байланысты корреляцияланған жүрек жасушаларының ӘП-ң әртүрлі типтері. А — жүректің түрлі бөліктерінің кардиомиоциттерінің ӘП-ң конфигурациясы (нұсқасы); С—А — синоатриалды түйіншек; П — жүрекше; А—В— жүрекше – қарынша (атриовентрикулярлы) түйіншегі; ПЖ — жүрекше -қарынша шоғыры (Гис шоғыры); ПП және ЛП — шоғырдың оң және сол аяқтары; Ж — қарыншалар. 1—6 — миокард жасушаларының ӘП-ы; 7 — ЭКГ; Б — миокардтың дара жасушасының ӘП-ы; а — қарыншаның ӘП-ы. Тілдер- ӘП-ң әртүрлі фазаларына жауапты (1-4) Na+, Са2+, К+ басым иондар ағыны көрсетілген; б — синусты- құлақша (синоатриалды) түйіншегінің автоырғақты белсенділігі. Тілдермен баяу диастолалық деполяризация көрсетілген.

  1. Жүрек қызметі ырғағының өзгеруі.

Электрокардиография жүрек ырғағының өзгерісін тыңғылықты талдауға мүмкіндік береді. Жүректің қалыпты жиырылу жиілігі минутына  60—80 рет, аса сирек ырғақта- брадикардия кезінде – 40—50 рет, ал аса жиі ырғақта – тахикардияда – минутына  90—100-ден асады және  150- ге жетеді, одан да жоғары болады.  Брадикардия спортшылардың тыныштық күйінде жиі тіркеледі, ал  тахикардия —  интенсивті бұлшықет жұмысы мен эмоционалды қозу кезінде тіркеледі.

Жастарда тыныс алумен- тынысты аритмиямен байланысты жүрек қызметінің ырғағының үнемі өзгеруі байқалады. Оның мәні әр дем шығарудың соңында жүректің жиырылу жиілігі сирейді.

Экстрасистолалар.  Жүректің кейбір патологиялық жағдайларында дұрыс ырғақ эпизодты не үнемі кезексіз жиырылуымен (экстрасистола) бұзылады. Егер кезексіз қозу синусты –жүрекше түйіншегінде рефрактерлік период аяқталған мезетте пайда болса, бірақ кезекті автоматты серпініс әлі пайда болмаса, жүректің ерте жиырылуы басталады- синусты экстрасистола. Осындай экстрасистоладан кейінгі үзіліс әдеттегі систола уақытындай созылады. Қарыншалар миокардында пайда болатын кезексіз қозу синусты-жүрекше түйіншегінің  автоматиясына әсер етпейді. Осы түйіншек кезекті серпіністі уақытында жібереді, ол қарыншалардың  экстрасистоладан кейін әлі рефрактерлік күйде болған моментте қарыншаларға жетеді, сол себепті қарыншалар миокарды жүрекшеден келетін кезекті серпініске жауап бермейді. Содан кейін жүрекшелердің рефрактерлік периоды аяқталады және олар қозуға қайтадан жауап бере алады, бірақ синусты-жүрекше түйіншегінен екінші серпініс келгенше, біраз уақыт өтеді. Сөйтіп, қарыншаның бірінде пайда болған қозумен туған экстрасистола  (қарыншалы экстрасистола) жүрекшелердің өзгермеген ырғақты жұмысы кезіндегі қарыншаның ұзақ компенсаторлы үзілісіне әкеліп соғады.

Адамда экстрасистолалар миокардтың өзінде тітіркену көздері болған кезде, жүрекше немесе қарынша ырғағын  басқарушы аймағында пайда болуы мүмкін. Орталық жүйке  жүйесінен жүрекке келетін әсерлер экстрасистолаға ықпал ете алады.

Жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы. Патология кезінде жүректің жүрекшелері немесе қарыншаларының бұлшықеттерінің өзіндік бір күйін бақылауға болады. Ол жүректің дірілдеуі (қалтырауы) және жыпылықтауы деп аталады (фибрилляция). Осы кезде жүрекшелердің не қарыншалардың бұлшықетті талшықтарының өте жиі және асинхронды жиырылулары орындалады- минутына 400-ге дейін (дірілдеу, қалтырауы кезінде) және 600-ге дейін (жыпылықтауы кезінде). Фибрилляцияның басты айрықша белгісі жүректің берілген бөлігінің жеке бұлшықетті талшықтарының біруақытта жиырылмауы. Осындай жиырулар кезінде жүрекшелер немесе қарыншалар бұлшықеттері қанның ығыстырылуын жүргізе алмайды. Адамда қарыншалар фибрилляциясы егер оны тоқтату үшін шаралар жылдам қабылданбаса, өлімге әкеліп соғады. Оны тоқтатудың аса тиімді тәсілі электр тогының күшті соққысымен әсер ету (бірнеше киловольт кернеулі), ол қарыншаның бұлшықетті талшықтарының қозуын тудырады, одан соң олардың синхронды жиырылуы қалпына келеді.

  1. Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі.

Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографының техникалық мәліметтері: Электрокардиограф кернеуі 110- 220 Вт-қа дейінгі, жиілігі 50 Гц айнымалы токпен; ішкі қоректендіру көзінен- 12,6 В аккумулятордан қоректенеді. Электрокардиосигналдардың ену кернеуінің диапазоны 0,03 – 10 мВ шамасындай. 2 Гц жиілікте кернеуді өлшеудің салыстырмалы қателігі 0,1- 0,5 мВ диапазонында 10%- тен артық емес; ал 0,5- тен жоғары- 5 мВ-қа дейінгі диапазонда- 5%- тен артық емес. Үшканалды автоматты режимде жұмыс істейтін ЭКЗТ-12-03 «Альтон» электрокардиографы- әртүрлі жағдайларда электрокардиограмманы оперативті алуға мүмкіндік беретін портативті электрокардиограф. Электрокардиограф құрылысының жасалуы пациент пен жұмыс істейтін персоналдың сенімді электроқауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Share This Class:

Яндекс.Метрика