Метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар

Мазмұны

  1. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар
  2. Қара құйын
  3. Бұрқасындар мен қарлы борандар
  4. Көктайғақ
  5. Найзағай
  6. Дауыл
  7. Қатты боран
  8. Қар басу
  9. Шаңдық дауыл

Қауіпті метеорологиялық  құбылыстар – адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар.

Дауыл жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел.

Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.

Дауыл (кенеттен соққан) — жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.

Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы.

Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.

Құйын — айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын.

      Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер.

Қатты қар басу — көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы. Жауын-шашын мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.

        Қатты боран (күртік қар) – көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы. Ұзақтығы 12 сағ. және одан да жоғары, басым жағдайда желдің жылдамдығы 15 м/с және одан да жоғары.

Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты. Желілер бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады.

Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер. Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді.

Нөсер (қатты жауын) – үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар түрінде) жауады. Жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса.

Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін – дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс.

Қатқақ — ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі.

Ауа температурасының күрт төмендеуі, жоғарылауы – қысқа уақыт кезеңі ішіндегі ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі.

Қатты тұман — 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м – ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкіндігінін айтарлықтай ннашарлауымен қоса жүретін, сұйық түрге айналған заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы.

Шаңды дауыл – көру мүмкіндігінің төмендеуімен, тұқым және жас өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен, егістікті және көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның немесе құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің басым кезінде 15 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары.

        Құрғақшылық – жоғарғы температура және ауа ылғалдығының төмендеуін қоса алғандағы, ұзақ мерзімді жауын – шашынның болмауы түріндегі метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы

тепе – теңдігінің бұзылуына және олардың қурауына алып келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20 күннен астам сақталып тұруы, (күндіз) ылғалдық қоры жердің метрлік қабатында 35 мм және одан төмен болған кезінде 30% — дан аз.

Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның сақталуы. Орташа тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5 м/с және одан да жоғары ауаның ылғалдығы 30% аз болады.

Анықтамасы және сипаты, кеңістіктік таралуы, күші және қарқындылығы, жиілігі және ұзақтығы, жағымсыз әсерлері, болжам, алдын алу шаралары, атмосферадағы әр қауіпті құбылыс үшін құтқару жұмыстарының түрлері.

Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.

Құйын — айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын.

Қара құйынның құрылысы өте қарапайым- бұл жер бетінен түйдекті жаңбырлы бұлтқа дейін созылатын сұйыққұйғыш сияқты. Ол ішкі қуыс пен сыртқы бөліктен тұрады. Ішкі қуыстың ерекшелігі – ауаның сиреуі онда атмосфералық  қысым күрт төмендейді, сыртқы бөлікпен тіпті төңірегіндегі ауаны салыстырғанда ол кеңістік сияқты болып келеді. Сондықтын да дағдылы қысымдағы ауа толған тұйық затпен түйіскенде ол зат жарылып, одан шыққан ауа қара құйынның ішкі қуысына қарай ысырылады. Су құйғыштың айналу жылдамдығы, дәлірек айтқанда оның сыртқы бөлігіндегі желінің жылдамдығы — қара құйынның маңызды ерекшелігін көрсетіді. Бұл жылдамдық әр түрлі және бір су құйғыштың өзінде тез өзгереді. Алайда ол 1200 км/с 332 м/сек тең дыбыстың жылдамдығынан асып түсе алады.  Желдің жылдамдығы күшейген сайын оның қысымы да арта түседі. Сонымен қатар ол ауамен топыраққа қосылған қоспа салдарынан /ылғалды шаң/ арта түседі.

Қара құйынның келесі мысалы бұл құбылыстың айрықша екендігін көрсетеді. 1947 жылгы 9 сәуірде АҚШ-тың Оклахома штатының біріндегі ферманың бір қабатты үйінде фермердің отбасы мен мейман отырды. Кенет бөлме қараңғыланып сырт жағынан ерекше дұрсiл мен гуіл естілді. Екі ер адам не болғанын білгісі келеді.Олардың есікті ашуы мұң екен, соққан құйын есікті жұлып әкетіп екеуін де аспанға бірақ көтереді. Бірнеше ондаған мерт биіктіктен оларды жерге қалықтатып түсірді,бақытқа қарай олар зардап шеккен жоқ. Ал үйден ес жұрнақ қалған жоқ. Олар ұшқаннан кейін бірнеше секундтан кейін ол жарылып сынық бейнесін де көзден ғайып болды. Бір қызығы үйдің едені орнында қалып, оның ортасындағы диван сол қалпында қалған, ал фермердің әйелі мен оның екі баласы естері шығып орындарында қалған. Бір таң қаларлығы олардың жанындағы шағын үстелде шыны кәсесін шамы тұрған сол қалпында қалған. Бұл жағдайқұжат бойынша айғақталған.

Қазақстанда қара құйын өте сирек байқалады және негізінен орташа деңгейде болды. 1947 жылғы тамызда алапат күшті ені 160 метр қара құйын Шығыс қазақстан облысының Северный поселкісінде болып, 17 үйді, 3 мекемені және 12 шаруашылық тұрағын құлатты.

Қара құйыннанның қозғалысына қарай тік бағытта жүру керек. Қара құйынның ортасында тап болған жағдайда жинақталып, кез келген қозғалмайтын жерге бекітілген заттан қатты ұстап, мүмкіндігінше бет пен көзді кез келген матамен немесе қолмен жабу керек. Кез келген ауыр, желпілдейтін киімді алдын ала шешіп тастаған жөн.

Бұрқасындар мен қарлы борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әр түрлі таралуына және топырақтың әр түрлі деңгейде тоңазуына алып келеді. Соынмен қатар бұрқасындар авиацияның, темір жол және басқа да көліктердің қалыпты жұмыснын тоқтататын биік күртік қардың пайда болуына ықпал етеді. Қатты боран телеграф және телефон байланыбұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурадағы қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік қазақстан және Ақмола облысында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болды. Шығыс қазақстан облысының Жалғызтөбе ауданында бұрқасынды күндер саны айына 27- ге дейін жетеді.

Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығуды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен өңдеу үшін ғимаратты қымтап, азық-түлікпен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек. Қажет жағдайда үйлер арасында бағдар жасауға күшті желден өтуге көмектесетін арқан байлау қажет. Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық-түлікпен, күдіргіш шаммен және киіммен қамтамасыз ету қажет.

Дауылды жел, бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуы тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген ныфсаналар: телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек. Ең жақсысы үйден шықпай отыру. Егер бұрқасында  автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап., тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқышты радиатр жағынан қымтау керек. Машина копотын жерге қарай бұрып, отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпі болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тоңсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз. Ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақаған суықтан бұрын өзіңізден өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жылынғыңыз келсе далаға шығып, түтін трубасын газдың ауаға шықпайтыны етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрді өзіңізді арқанмен байлаңыз. /бір үшін автомобильде қалдырыңыз/. Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптеп кездеседі.

Көктайғақ. Жолдағы көктайғақ аса қауіпті, ал қиылысы көп жерлерде автомобиль қозғаласан мүлдем тоқтатуы мүмкін. Жаяу жүру өте қиын. Әртүрлі заттардаың аяқ астынан жерге құлауы және ұшуы өте қауіпті.

Көктайғақ кезінде қалай жарақаттанбауға болады?

Мұндай ауа райында ең алдымен ойық немесе жұмсақ табанды аяқ киім киген жөн. Былғары әсірісе тайғайды.

Табанға қиылған паролонның немесе жапсырғыштың кесіндісін желімдеуге болады. Жапсырғыштың  немесе оқшауландырғыш лентасын өкшеге бір біріне айқастырып жапсырып, шығарда құмға үйкеуге болады. Мұндай әдіс 1-2 күнге жетеді.

Мына қарапайым әдісті қолдануға болады: шығар кезде өкшені қырғыш қағазбен үйкелеуге болады. Көктайғақ уақытында оны өкшеге жапсыруға болады. Тағы бір қарапайым кеңес: табаннан өкшеге дейін 2 резина жүзікшесін кигізуге болады. Мысалы оны ескі қыздырғыштан кесіп алуға болады.Асығып жүрудің көктайғақта қаіпті екендігін есте ұстаған жөн. Жолдан өтетін уақытта аса сақ болуы керек. Мұндай кезде жүргізушіге өте қиын.

Құлай білу керек. Құлар кезде бүгіле отыра қолдың көмегімен аунап кетуі керек, сонда сізге бағытталған соққы күші азайып, оның қуаты айналған уақытқа кетеді.

Қардың астында қалу. Табиғаттың  тосын күштерің көріністерінің бірі-  қардың астында қалу. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнешесағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қар нәтижесінде пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады ,ал кейде адам мен малдың өлім – жітіміне, материалдық құндылықтардың жойылуына алып келеді.

1970-1980 жылдар бойында /18 қыс/ Қазақстан аумағында қар басудың 600 жағдайы тіркелді. Олардың жартысы Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының үлесіне тиеді. Қардың қалың түсуі жөніндегі рекорд Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. 1986 жылғы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағат ішінде жауған қар нәтижесінде 133 мм ылғал түсті. /Жаңа жауған қардың биіктігі 133 см/ мұны тіпті елестету мүмкін емес.

Қалың қар Шығыс Қазақстан облысында көп жауады. 2000 метр биіктікте Ұлба өзенінің жоғары жағында Қазақстанның «қар полюсі» орналасқан. Мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.

1969 жылдың қаңтар – наурызында Қазақстанының Оңтүстік шығысында жауған қардың қалыңдығы 1,5-2 метрге жетеді.Қардың қалыңдығының болғаны соншалықты шөп маяларына қуатты К-700 алып тракторларында өте алмады. Кейбір аудандарға малшыларға шөпті сол жерде орналасқан танк бөлімдері жеткізіп береді. Республиканың таулы аудандарында жол қозғалысын тақтатқан қар көшкіндері байқалады.

Қардың жаууы, боран туралы хабар алған бода, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың, ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалқан, қар тосқауылы қойлады.

Қар жауған кезде және одан кейінгі уақыттағы негізгі жұмыс түрлері:

  • жоғалған адам мен малды іздеу;
  • зардап шеккендерге алғашқы медециналық көмек көрсету;
  • жол мен үй-жай төңірегіндегі қарды тазалау.
  • жолда тұрып қалған көлікке көмектесу.
  • комуналдық және энергетикалық желідегі авариаларды жою

Барлық жұмыс бірнеше адамнан тұратын топпен бірге жүргізіледі.

Найзағай. Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариалық, ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін.

Егер сіз найзағай болардың алдында қала сыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, қауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, ұшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға, шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте сақтау қажет. Ал үйеңкі мен қайыңға өте сирек түседі. Тоғайдың шетімен үлкен егістікте болу да қауіпті.Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау да аса қауіпті.

Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, — жотадан, төбеден, төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Жартас арасында жасырунуға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде 2 метр қашықтықта жасырынуғаболады.

Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз. Найзағай кезінде жүруге, абдырауға болмайды. Барлық метал заттарын адамдардан 15-20 метр қашықтықта жинау керек. Отырғанда астыңызға полиэтилен , жапырақ, киім, тас және т.б. қойған дұрыс. Арқаны еңкейтіп, басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы. Сулы дене мен киімге найзағай түсу мүмкіндігін есет сақтаған жөн.

Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұл мүмкін болмаса қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Ал бұл жағадайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс. Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электр өткізгішке айналады.

Найзағай адам үшін өте қауіпті, сонымен қатар ол авариялық ахуалды тудыратын көзге айналуы мүмкін. Найзағай жақындаған кездегі сақтық шаралар:

  1. Егер сіз найзағай болардың алдында қаласыртында болсаңыз, алдын ала тоқтап, кауіпсіз орынды іздеңіз. Найзағай кезінде орманда жалғыз ағаштың және бір деңгейде орналасқан ағаштардың жанына тоқтауға болмайды. Биік емес, үшар басы қалың ағаш арасына жасырынған жөн. Алайда найзағайдың еменге, терекке, талшынға,шегершінге жиірек, ал шыршаға, қарағайға, бүкке сирек түсетіндігін есте үстау қажет. Ал үйеңкі мен қайынға өте сирек түседі. Тоғайдың шеті мен үлкен егістікте болу да қауіпті. Сулы жер мен суаттардың жанында жүру мен тоқтау аса қауіпті.
  2. Таулы жерде найзағай болардың алдында биіктіктен, — жотадан, төбеден, төмен түсу керек. Жүрген немесе дем алған кезде жартасқа, қабырғаға сүйкенуге немесе ұстауға болмайды. Табиғи мекен – жартастағы үңгірде қабырғадан кемінде екі метр қашықтыққа жасырынуға болады.
  3. Ашық алаңда найзағайдан құрғақ шұңқыр мен жырада жасырынуға болады. Егер олар суға толса, одан кеткен жақсы. Құм мен тас аралас топырақ таза топыраққа қарағанда қауіпсіз.
  4. Найзағай аймағында абдырап жүгіруге болмайды.
  5. Барлық металдық заттарды адамдардан 15-20 метр қашықтыққа қою керек.
  6. Отырар алдында топырақ үстіне полиэтилен, киім төсеңіз.
  7. Арқаны еңкейтіп басты төмен қаратып, аяқтың табанын бірге қосып, қатарласа отырған жақсы.
  8. Найзағай болардың алдында жүзу құралында болған адам кешікпей жағаға ұмтылу керек. Егер бұлмүмкін болмаса, қайықты кептіріп, құрғақ киім киіп, діңгекті түсіру керек немесе оны суға ескек немесе бөрене арқылы төмен түсіру керек. Құтқару желетін, етікті киіп, жаңбыр суының қайықтың сыртына қарай ағатынды етіп полиэтилен жамылу керек. Ал бұл жағдайда полиэтилен діңгекке немесе суға тимеуі тиіс.Найзағай кезінде якорьді беруге немесе таңдауға болмайды, өйткені якорь арқаны найзағай соққысынан электрөткізгішке айналады.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:

Көмекті кешіктірмеуге қажет. Найзағайдың соғуынан адамның тірі қалатын кездері де болады. Жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылауды бір минуттен артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру керек.

Шаңдақ  дауыл. Шаңдақ  дауыл  — бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмының, топырақтың, түздің және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.

Қазақстан аумағында шаңдақ  дауыл – сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады. Күшті шаңдақ дауыл Қазақстанның батысында , Каспийдің шығыс жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып өтті. Бұл дауылдардың саны аталған аудандарда жылына 5-6 дан бастап, бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін.

Дауыл адам организіміне, қоршаған табиғат пен механизмге жағымсыз  әсер етеді. 1960 жылғы 19 мамырда Ертіс бойында шаңдақ дауыл 12 сағатқа созылып, соның нәтижесінде егіс алқабы шөлейтке айналды. Дауыл кезінде қалың шаңнан 3-4 метр жердегі адам көрінбейтін, ал үйлерде күндіз шам жағылды.

Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар туралы ертедегі мәліметтерден мынаны көруге болады: «1910 жылдың қарашасында кешке таман дауыл басталды. Алғаш күні жуақыт бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ. Ауада шаң, құм және қармен қатар ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы малды белгісіз жаққа айдап кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстақ ауданының өзінде 0,5 млн қой мен ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды.

Сақтық шаралары. Егер дауылды шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаңыз. Үй хайуанаттарын, оларға арналған  қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет.егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.

Егер дауыл сізді елді мекеннен қашық жерде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, жүруді тоқтау керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда қозғалу қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалдан от жаққан жақсы.

Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе көрінбесе, қозғалтқышты өшіріп, есік пен терезені мықтап жакып, жолдың шетіне тоқтау қажет. Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобилькорпусын төмен түсіру керек. Дауыл аяқталғаннан кейін қозғалтқышты шаңнан, құмнан тазартып,  ауау сүзгісіндегі материалды алып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.

Егер  шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңзі түмелеп, бас киімдеріңзі киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, бір нәрсе түмпей үшін аранйы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәнегіңіздің бүйірін қолыңызбен жауып қорғанының. Желден тығылатын қандай да бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы – қырлы жерін пайдалану керек.  Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңгнан, суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады. Күн ыстықта соққан шаңдық дауыл кезінде /35° тан жоғары/ дененің ысынуына қарсы шаралар қолдану қажет. Бұл үшін тәулігіне бір адам үшін 3 литр тұщы судың қоры болуға тиіс. Дауыл кезінде судың бірнеше тамшысын іше отырып организмнен тер бөліну процесін қамтамасыз ету керек. Мұндай темпиратурада жүрісті тоқтатқан жақсы.

Шаңнын тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін дауыл кезінде дәкенің бірнеше қабатынан жасалынған ауыз жапқышты немесе бет орамалды ауызға байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса, «лепесток» немесе «Р-2» үлгісіндегі қорғаныс респираторын пайдаланының.

Дауыл  кезінде атмосфералық электр мен найзағай ұшқыны болса, үйді, автомобильді, радиоқабылдағыш пен теледидар апаратурасының антэнасын жермен қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр беру және байланыс желілерін электр тогынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.

ел алапат күшпен соғып, 3 күн бойы толастаған жоқ. ОсыЭлектр беру желілерінің жеке тұрған ағаш төңірегінен дауылдан қорғанатын пана іздеуге болмайды.

      Дауыл – жойқын күші бар және едәуір созылатын, 300 м/с (108 км/с) жылдамдықпен соғатын жел.

Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайда пайда болып, атмосферадағы тепетеңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді.

Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінеп, материалдық залал келтіреді.

Жылдамдығы 40 м/сек. күшті дауыл 1998 жылдың 18 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында болды. Байланыс пен электрберу желілері үзіліп, үйдің шатырларын ұшырып әкетті. 11 аудынының үстінен өткен бұл дауыл 360 млн. теңгеге залал келтірді. Екі адам қаза болды.

Жалаңашкөл метеостанциясының ауданында (Алматы облысы) 1958 жылғы 28 қаңтарында дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек.

Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы ретінде таянған қауіп туралы халыққа хабарлаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесімен қатар дауылдарды қауіптілік деңгейі бойынша аудандастыру болып табылады. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тиым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық аудандаар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайданылатын материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс.

      Дауылдың жақындағаны туралы хабарлы алған бойда мыналарда істеу қажет:

  1. Панахананы, жертөлені әзірлеу;
  2. Есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап жабу;
  3. Есік пен терезенің жел соғатын жағын ашып қалдыру, ғимараттың ішкі қысымының тепе-теңдігін сақтау үшін, оны сол қалпында бекіту;
  4. Төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қауіпі бар заттарды алу;
  5. Ауладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу;
  6. Газды, электроэнергиясын ажырату, суды жабу, пешті сөндіру және арнаулы органға бару;
  7. Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, кондырғыларды бекіту, агрегаттарды, механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну;
  8. Ауылға жерлерде фермалардағы мал үшін жемнің судың қорын даярлау.

Халықтың дауыл кезіндегі іс-әрекеті:

— бұқаралық ақпарат құралдарын ұдайы тыңдау;

— ғимарат ішінде ұшқан шыны сынықтарынан сақтанған жөн;

— жел баяулағаннан кейін панаханадан шығуға мүлдем тиым салынады;

— далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, іздеу немесе жерде етпетінен жату керек;

— орманда болған кезде ең жақсысы ашық орынға шығу;

— нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа жасырынбаңыз, электрберу желілерінің тіректеріне жақындамаңыз;

— дауылды жел, қарлы боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығыңыз.

Дауылдан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:
— зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;

— жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару;

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;

— шыққан өртті сөндіру;

— өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды жою.

         Сақтық шаралары

Егер дауылды шаңдақ жақындағанда елді мекенде болсаңыз есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттаншықпаңыз.Үй хайуанаттарын, оларға арналған қораға немесе ғимарат ішіне қамау керек.

Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз малды құм үйінділерінің арасындағы тасаға жасыру қажет. Егер жақын жерде сексеуіл немесе биік бұтақ болса, дауыл аяқталғанша малды сол жерде ұстай тұрған жақсы.

Егер дауыл Сіз елді меккеннен қашық жерде жүргенде басталса, көру қашықтығы азайып, адасып кету мүмкін болса, қозғалысты тоқтату керек. Дауыл аяқталғаннан кейін немесе көріну қашықтығы бір шақырым және одан асқан жағдайда жүру қажет. Егер жолды таппасаңыз сол жерде қалып, дауылдан кейін бақытсыздық дабылы – түтіні қатты шығатын материалды от жаққан жақсы.

Егер сіз автомобильмен келе жатсаңыз, ештеңе көрінбесе, қозғалтқышты өшіріп, есік пен терезені мықтап жауып, жолдың шетіне тоқтау қажет. Қозғалтқыштың әуе сүзгісін қымтап, автомобиль корпусын төмен түсіру керек. Дауыл аяқталғаннан кейін қозғалтқышты шаңнан, құмнан тазартып, ауа сүзгісіндегі материалдалып, қозғалтқышты қосып, қозғалысты бастаңыз.

Егер шаңдақ дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаңмен тас, бірнәрсе түспеу үшін арнайы көзілдірік киіңіз, егер ол жоқ болса, дағдылы көзәйнегіңіздің бүйірін қолңызбен жауып қорғаныңыз. Желден тығылатын қандайда бір пананы табу керек: бұтақ, сексеуіл, жер бедерінің ойлы-қарлы жерін пайдаланыңыз. Егер қандайда бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қорғаныс ретінде пайдалануға болады.

Күн ыстықты соққан шандақ дауыл кезінде (35%-тан жоғары) дененің ысынуына қарсы шаралар қолдану қажет. Бұл үшін тәулігіне бір адам үшін 8 литр түщы судың қоры болуға тиіс. Дауыл кезінде судың бірнеше тамшысын іше отыра организмнен тер бөліну процессін қамтамасыз ету керек. Мұндай температурада жүрісті тоқтатқан жақсы.     Шаңның тыныс алу органдарына өтуін азайту үшін дауыл кезінде дәкінің бірнеше қабатынан жасалынған ауыз жапқышты немесе бет орамалды ауызға байлап алған жөн. Егер мүмкіндік болса «Лепесток» немесе «Р-2» үлгісіндегі қорғаныс респираторын пайдаланыңыз.

Дауыл кезінде атмосфералық электр мен найзағай ұшқыны болса, үйді, автомобильді, радиоқабылдағыш пен теледидар аппаратурасының антенасын жермен қосу қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр беру және байланыс желілерін электр тоғынан қорғауды қамтамасыз ету керек. Электрберу желілерінің жеке тұрған ағаш төңірегінен дауылдан қорғанатын пана іздеуге болмайды.

Бұрқасындар мен қарлы борандар.  Қазақ даласының долы желдері қыста аса қауіпті. Олар бұл уақытта ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады.

Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды, бұл аумақтағы қар жамылғысының су ресурстарына әртүрлі таралуына және топырақтың әртүрлі деңгейінде тоңазуына алып келеді. Сонымен қатар бұрқасындар авиацияның, темір жол және басқа көліктердің қалыпты жұмысын тоқтататып биік күрттік қардың пайда болуына ықпал етеді.

          Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеліп соқтырады. Халықты таяуда болатын төменгі температурада қарлы боран туралы өз уақытында құлақтандырғанына қарамастан 1995 жылғы желтоқсанның аяғында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында 100-ге жуық адам қаза болды.

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысының Жанғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27-ге дейін жетеді.

Ықтимал бұрқасын мен қарлы боран туралы хабар алған бойда сыртқа шығұды доғара тұру керек. Отынды сақтау мен ондеу үшін ғимаратты қынтап, азық-түлікпен судың артық қорын жинау керек. Ауылды жерде малдың қажетті жемі мен суын әзірлеп, оларды жылы қорада ұстау керек. Қажет жағдайда үйлер арасына бағдар жасауға күшті желден өтуге көмектесетін арқан байлау қажет.

Машиналарды жолға аса шұғыл жағдайда ғана шығарып, оларды сырғанатпайтын шынжырмен, азық түлікпен күйдіргіш шаммен және жылы киіммен қамтамасыз ету қажет.

Дауылды жел бұрқасын, қарлы боран кезіндегі барлық жұмыс ұжымдасқан түрде орындалады. Әрбір жұмысшы бір-біріне көмекке келу үшін көз көретін жерде болуға тиіс. Бұрқасын кезінде нақты көрінген нысаналар:телефон желісі, орман, жол бойымен ғана жүру керек. Ең жақсысы үйден шықпай отыру.

Егер бұрқасынға автомобильмен келе жатып тап болсаңыз тоқтап, тұрған жерді белгілеу керек, сол үшін ашық матаны ілген жөн. Машинаның үстін толығымен жауып, қозғалтқышты радиатор жағынан қымтау керек. Машина капотын жерге қарай бұрып отынды үнемдеу үшін, пешті ұдайы қоспаңыз. Машинаны қар басып қалу қауіпті болса, есіктің бірін жиі ашып, күртік қарды әрірек сырыңыз. Далада қалған машинада қатты тонсаңыз да қозғалтқышты қоспаңыз, ол жұмыс істеп тұрған кезде бөлінген улы газ автомобиль ішіне жиналып, қақайған суықтан бұрын өзіңізді өмірден алып кетуі мүмкін.

Егер жалыңғыңыз келсе далаға шығып, түтен трубасын газдың ауаға шықпайдандай етіп көміп тастаңыз. Есіктен шыққанда міндетті түрде өзіңізді арқанмен байлаңыз (бір үшін автомобильде қалдырыңыз). Адам үйден немесе машинадан жарты метр ұзағанда бағдардан айырылып, қаза болған жағдайлар көптен кездеседі.

       Қар басу — бірнеше тәулік бойы жауатын қалың қардың әсерінен пайда болады. Соның салдарынан тіршіліктің қалыпты арнасы бұзылады, кейде адамдарқұрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндықтарының жойылуына алып келеді. 1970-1987 жылдары (18 қыс) Қазақстан аумағында 600 күшті қар басу тіркеліп, оның 50% -ке жуығы тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында байқалды.  1986 жылы 7 желтоқсанда Ащысайда 10 сағаттың ішінде 133 мм қар жауды.

Қардың қатты жаууы Шығыс Қазақстан облысында жиі байқалады. Улба өзенінің сағасында биіктігі 2000 метрден асатын Қазақстанның «қар полюсі» жатыр, мұндағы қар жамылғысының биіктігі 8 метрге дейін жетеді.

1969 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстанның оңтүстік-шығысында қалың жауған қар бір-қатар облыстардың мал қыстайтын жерлеріндегі тау етегін 1,5-2 метр қар жамылғысымен жапты. Осындай зілзала 1999 жылдың қаңтарында Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында болды.

Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда жолдың, ғимараттың жел соғатын жағынан қар қалқандары мен тосқауылдар орнатылады.

       Шаңдақ дауыл – бұл күшті жел салдарынан жер бетінен шаңнын, құмның, топырақтың,тұздың және көлемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы.

Қазақстан аумағында шаңдақ дауыл – сәуір-мамыр және қыркүйек айларында жиі байқалады. Қыс айларында, егер жер бетін қар жаппаса сирек байқалады. Күшті шаңдақ даул Қазақстанның батысында, Каспийдің шығыс жағалауында, Сырдария өзені мен Арал төңірегіндегі жазықта болып өтті. Бұл даулдардың саны аталған аудандарда жылына 5-6 дан бастап, бірнеше ондықтарға жетуі мүмкін.

Дауыл адам организміне, қоршаған табиғат пен механизме, жағымсыз әсер етеді. 1960 жылғы 19 мамырда Ертіс бойында шандақ дауыл 12 сағатқа созылып, соның нәтижесінде егіс алқабы шөлеітке айналды. Дауыл кезінде қалың шаңнан 3-4 метр жердегі адам көрінбейді, ал үйлерде күндіз шам жағылды.

Қазақстандағы апатты шаңдақ дауылдар туралы ертедегі мәліметтерден мынана көруге болады: 1910 жылдың қарашасында кешке таманбасталды. Алғашқы күні жел алапат күшпен соғып, үш күн бойы толастаған жоқ. Осы уақыт бойы күндіз қараңғы болғандықтан үйлерінен шыққан жоқ. Ауада шаң құм және қармен ұсақ тастар да ұшып жүрді. Жел даладағы малды белгісіз жаққа айдап кетіп, жаппай қырып кетті. Бір Маңғыстақ ауданының өзінде 0,5 млн қой мен ешкі, 0,4 млн жылқы, 0,3 млн түйе қырылды.

 

Бөлісуді ұмытпа

Яндекс.Метрика