Адам анатомиясы – адам организмінің құрылысы мен пішіні, шығу тегі мен дамуы туралы ғылым. Анатомия дене ағзалары мен бөліктерін жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктеріне байланысты пішінін, құрылысын, орналасуы мен топографиялық өзара қатынасын жүйелі түрде зерттейді. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия, антропология негіздеріне сүйене отырып, қоршаған ортаның және әлеуметтік факторлардың, еңбек пен дене шынықтырудың адам ағзаларының құрылысына әсерін қарастырады.
Адам денесінің сүйектері, ossa, тірек – қимыл мүшелерінің жұмсақ мүшелердің тірегіі мен бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын ірі тұлғалы мүше. Адамның денесінде 200 – ден астам тақ және жұп сүйектер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды.
ІІ. Негізгі бөлімі:
- Қас үстілік доға – margo superciliaris бас қаңқасында маңдай бөлімінде орналасқан. Көз шарасының жоғарғы жиегінен жоғарырақ айқын байқалады.
Коз үсті доғаның медиалды және ортаңғы бөлігі арасында коз үсті кетігін( incisura supraorbitalis) сипап сезуге болады. Бүл сайда коз үсті тамырлары мен нерві орналасады. Коз үстінде ңас үстілік доға (superciliares) орналасңан. Ол ер адамдарда көлемділеу. Оның көлемі, артындағы орналасңан ңуысына байланысты. Қас үстіндегі доғадан жоғары екі маңдай төмпеш іктерін сипауға болады. Олар әсіресе балаларда жақсы дамыған.
Маңдай сүйектің дөңесі
Маңдай сүйектің дөңесі – tuber frontale,қас үстілік доғадан жоғарырақ қабықшалы бөліктің алдыңғы бетінде орналасқан.
Маңдай терісінде көлденең және вертикалды бағыттағы ңыртыстар көрінеді. Олар маңдайдағы екі бүлш ыңеттің бас ңорабы үстіндегі (т . ерісгапіі) бүлш ықетінің маңдай бөлігі және тәкаппар бүлшыңетінің(т. procerus) ж иырылуынан пайда болады.
Кейбіреулерде маңдайда вена білеуленіп көрінеді (v. frontalis). Көздің іш кі бүрышында, ж үқа терілі адамдарда бүрыштың вена (v. angularis)көрінеді. Тобеде төмпеш іктер аныңталады . Бас ңорабы артында шүйде сүйектің бүдырларын(squama occipitalis), ал кейбіреулерде, бас сүйектерінің арасындағы ж іктер бағытын сипап сезу ге болады.
Сыртқы шүйделік төмпешік
Шүйделік төмпе – protuberantia occipitalis externa шүйде сүйегінің сыртқы бетінің орталық бөлігінде айқын байқалатын шығыңқы бөлігі.
«Емізік тәрізді өсінді»
Емізік тәрізді өсіні аймағының терілік шекарасы: алдынан, төменнен, артынан самай сүүегінің емізік тәрізді өсіндісіне; жоғарғы шекарасы самай сүйегіне сәйкес келеді. терісі қозғалмалы, аз қыртыстанады, артқы бөлігі шашпен жабылған, алдыңғы бетіне қарағанда қалыңдау. тері асты шел майында артқы құлақ артериясы, венасы, лимфа тамырлары, түйіндері, үлкен құлақ нервінің тармақтары, құлақтың артқы бұлшықеті орналасқан. сүйек тысы сүйекпен тығыз байланысқан, әсіресе бұлшықеттің бекитін жерінде. шипо ұшбұрышы аймағында ол сүйектен оңай ажыратылады. Емізік тәрізді өсінді пішіні конус тәрізді. Өсіндінің алдыңғы жоғарғы бөлігінде шипо ұшбырышы орналасқан. оның беті тегіс, терең орналасқан емізікше сүйектің үңгіріне сәйкес келеді. Өсіндінің сыртқы қабырғасын алып тастағанда көлемі мен мөлшері әртүрлі ұяшықтар көрінеді. Шипо ұшбұрышында ең үлкен үңгір орналасқан. Үңгірге қатысты маңызды бар маңызды мүше – сигма тәрізді веналық қойнау.
«Төс сүйегінің мойындырық ойығы»
Саптың жоғары жиегінде қамытты ойық, incisura jugularis, орналасады; оның бүйірлерінде әр жағында біреуден бұғана ойығы, incisura clavicularis, болады, онда бұғананың төстік ұшымен буындасады.
«Иық өсінді – бұғаналық өсінді»
Бұғананың төменгі бетінде төмпешік, tuberculum conoideum жатады.
«Жауырын бұрышы»
Жауырын (лопатка); (лат. scapula) — пішіні үшбұрыш-төменгі бұрыштары, сыртқы және ішкі беттері болады. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына жауырын шеміршегі байланысып тұрады. Жоғарыдан төмен қарай өтетін жауырын қыры — жауырынның сыртқы бетін – кішілеу келген алдыңғы қыралды шұңқырына және жалпақтау келген артқы қырарты шұңқырына бөледі. Жауырын қыры жоғарыдан темен қарай созылып, кейбір жануарларда акромион өсіндісімен аяқталады. Ал басқаларында жауырын қырының орта тұсында жауырын қырының төмпегі болады. Жауырынның төменгі вентральды бұрышына жақын жіңішкеріп келген жауырын ойығы орналасқан жерін жауырын мойыны деп атайды. Жауырынның алдыңғы сыртқы жағында, жауырын мойынынан сәл төменірек, оның буын үсті төмпегі орналасады.Тоқпан жілік басымен буынды байланыс түзетін жауырынның төменгі бұрышының гиалин шеміршегімен қапталған жағы, жауырынның буын беті деп аталады. Жауырынның қабырға жағындағы ішкі бетінің жоғарғы жағында төменгі (адамда — алдыңғы) тісше Бұлшық ет бекитін жауырынның тісше беттері мен тісше сызықтары болады. Бұлардан сәл төменірек жауырынасты шұңқыры орналасады. Буынүсті төмпегінің медиальды жағында құстұмсықша өсінді шығып тұрады.
«Қабырғалық доға»
Қабырғалардың денесі, corpus costae, барлық қағырғаларда жалпақтау келіп сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің дөңестеу келген сыртқы беті, ойыс келіп кеуде қуысына қараған ішкі беті және доғалау келген төменгі қыры ажыратылады.
«Тоқпан жіліктің айдаршық үстілері»
Тоқпан жіліктің дистальдық эпифизінің extremitas inferiorseu epiphysis distalis,алдыңғы артқы бетіне қарай қысыңқылау келген. Дистальдық эпифиздің төьенгі бөлігін айдаршық, condylis humeri, деп аталынады. Тоқпан жіліктің айдаршығы:тоқпан жіліктің кішілеу келген басынан, capitulum humeri, және шығырынан, trochlea humeri, тұрады.Тоқпан жіліктің кішілеу келген басы, кәрі жілік басының шұңқыршасымен беттесіп, тоқпан жілік –шынтақ жілік буынын құрауға қатысады.
«Шынтақ жіліктің шынтақ өсіндісі»
Шынтақ жіліктің алдыңғы бетінің проксимальды бөлігінде денесі мен бұл сүйектің проксимальды бөлігінің аралығында шынтақ жілік сүйегінің бұдыры, tuberositas ulnae, айқын байқалады. Проксимальды эпифизі, epiphysis proximalis жоғары қарай өрлеме бағытта өтіп. Бұл сүйектің шынтақ жіліктік өсіндісін, olecranon, құрайды.
Шынтақ жілік сүйегінің дистальдық эпифизі epiphysis distalis, жұмырланып шынтақ жілік сүйегінің басын құрайды. Шынтақ жілік басының ішкі қапталынан төмен бағытта сипап қарағанда айқын сезілетін біз тәрізді өсінді құрайды.
ІІІ. Қорытынды:
Туғаннан кейін сүйектену мен оның өсуі де қанмен қамтамасыз етілуге тығыз байланысты. М.Г.Привестің зерттеулері көрсеткендей, сүйектің жас келуіе қарай өзгеруінің қан арасының тиісті өзгерістеріне байланысты бірнеше кезеңдер болады. Сүйектердің пішіні мен жан – күйіне ішкі мүшелер де әсер етеді, олар үшін сүйектер орын, шұңқыр ойық, шығынқы т.б. түзіледі.