Бассүйек адам қаңқасындағы күрделі құрылысымен ерекше- ленеді. Жалпыбассүйекекібөліктентұрады. Олар ми сауытыжәне бет сүйектері.

Ми сауытыныңқұрамынашүйде, самай, маңдай, төбежәне сына сүйектеркіреді. Бет сүйектерінжоғарғыжәнетөменгіжақсүйек, бет, мұрын, бет, таңдай, мұрын, көзжасысүйектеріқұрайды. Бұлсүйектердібірбіріменбайланыстыратынжіктер, еңбектерболыптабылады. Еңбектержаңатуғаннәрестелердеболады. Ал 2-3 жастаеңбектержоғалып, жіктерпайдаболады. Есейгендежіктержоғалып, сүйектербітісіпкетеді.

 

Бас қаңқасының жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері

Бас қаңқасы

Бас сүйек, cranium,тек бір бөлігімен ғана тірек қимыл аппартына жатады. Қызметі:

  1. Ми және онымен байланысты сезім мүшелері жайғасатын орын
  2. Сыртқа ашылатын ас қорыту және тыныс алу жолдары мен бастапқы бөлігін қоршап тұрады

Бас сүйек екі бөлікке бөлінеді

  1. Ми сауыты Cranium cerebrale
  2. Висцеральды сауыт, Cranium viscerale

Адамның ми сауытының құрамына мұналар кіреді: тақ шүйде, жұп шеке, сына тәрізді, маңдай және торлы сүйектер, жұп самай сүйектері

Висцералды сауыттың құрамына: жұп жоғарғы жақ сүйек, төменгі мұрын қалқаны,  бет, мұрын, көз жасы сүйектері және төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйектері.

Ми сауыты,Cranium cerebrale,жұмыртқа тәрізді. Оның қуысы омыртқа өзегінің жалғасы болып табылады және ішінде ми болады. Олар өзара жүйектермен байланысқан және қозғалмайды.

Ми сауытының жоғарғы бөлігі – төбесі немесе күмбезі деп аталады. Оны екі шеке сонымен қатар маңдай, шүйде, самай сүйектерінің қабыршақтары түзеді. Бассүйек күмбезінің сүйегі тегіс әрі назік болып келеді. Көлденең кесіндісін қарайтын болсақ тығыз заттың ішкі және сыртқы табақшалары көрінеді, олардың арасында,diploe,деп аталатын кемікті зат бар. Одан қан тамырлары өтеді. Тығыз заттың сыртқы табақшасы қалың қатты, ал ішкісі жұққа сынғыш болады. Бассүйек жарқаттанғанда ішкі табақшасы жиі зақымданады. Тігінен кесіндісін қарайтын болсақ бассүйек күмбезінің ішкі бетін көруге болады. Ол нәзік, бірақ тегіс емес: артерия, вена жүлгелері және ми жататын қатпарлар көрінеді.

Ми сауытының төменгі бөлігі- негізі болып табылады. Маңдай, торлы, сына тәрізді, шүйде және екі самай сүйектерінен құралған.

Шүйде сүйек (os occipitale).Ми сауытының артқы төменгі бөлігінде орналасқан. Үлкен шүйде тесігінің айналасында орналасқан 4 бөлімнен тұрады.

Негізгі бөлік үлкен шүйде тесігінен алға қарай жатады, сынатәрізді сүйектің денесімен байланысады. Негізгі бөліктің бассүйек қуысының қарайтын жоғарғы беті нәзік, иілген, онда мидың күмбезді бөлігі орналасады. Сыртқы төменгі беті бұдырлы ортасында жұтқыншақ төмпешігі көрініп тұрады.

Жұп латералды бөлігінің сыртқы бетіндегі эллипс тәрізді шүйделік айдаршығы бар. Айдаршық артында айдаршық шұңқыры көрінеді. Латералды бөлігінің бүйір жиегінде  мойындырық тілігі бар. Ол самай сүйегімен байланысқанда мойындырық тесігін түзеді. Бұл арқылы мойындырық венасы, тіл-жұтқыншақ  кезбе нерфтері өтеді. Тіліктің артқы жүйегінде ұзын жіңішке мойындырық өсіндісі болады. Оның айналасыннан доға тәрізді және терең сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі өтеді. Латералды бөлігінің жоғарғы бетінде, шүиде айрашығының үстінде мойындырық төмпешігі орналасқан.

Қабыршақ- шүйде сүйегінің ең кең бөлігі. Ол бас сүйектің төбесін түзуге қатысады. Шүйде қабыршағының ішкі бетінде кресттәрізді томпақтар болады. Олардың орталығында ішкі шүйде шодыры көрінеді. Соңғысынан төмен үлкен шүйде тесігіне дейін ішкі шүйде қыры өтеді. Горизанталды екі жаққа көлденең қойнаудың жүлгесі бағытталады. Көлденең қойнаудың жүлгесінен төмен орналасқан шұңқырларда мишықтың сыңарлары жатады. Қабыршақтың сыртқы бетінің орталығында сыртқы шүйде шодыры көрінеді. Одан үлкен тесікке дейін сыртқы шүйде қыры созылады. Сонымен қатар «мойындырық сызығы» деп аталатын горизанталды қыры болады: жоғарғысы сыртқы шодыр деңгейінде, ал төменгісі сыртқы қырдың ортаңғы деңгейінде орналасқан.

Торлы сүйек (os ethmoidale). Бұл сүйек бас сүйек негізін, мұрын қуысын, көзұяны түзуге қатысады. Оның горизонталды торлы табақшасы маңдай сүйектің торлы тілігіне кіріп тұрады. Жан-жағынан торлы ұяшықтары бар торлы лобиринт ілініп тұрады. Әр лобиринттің ішкі беттерінде жоғары қалқандары болады. Перпендикулярлы табақша мұрын қуысының қалқанын түзуге қатысады. Ол жоғарғы жағына қарай әтеш айдары тәрізді болып аяқталады. Торлы қабықшаның көптеген тесіктері арқылы мұрын қуысынан бассүйек қуысына иіс сезу нервтері өтеді.

Сынатәрізді сүйек (os sphenoidale)- бұл бас сүйек негізінде орталыұ орын алады. Ми сауытының барлық сүйектерімен байланысады. Ішкі көрінісі көбелекке ұқсас құрылысы күрделі болып келеді. Оның бөліктері: денесі, кіші қанаттар, үлкен қанаттар және қанаттәрізді өсінді.

Денесі (corpus)текше пішіндес және 6 жағы болады. Ертоқым пішімді иілген жоғарғы жағы түрік ер тоқымы (sella turcica)деп аталады. Оның орталағында гипофиз шұңқыры орналасады. Ол алдынан ер тоқым төмпешігімен (tuberculum sellae) шектеледі. Артқы беті шүйде сүйекпен байланысады. Алдыңғы бетінде ауалы сынатәрізді қойнауға (sinus sphenoidales)әкелетін екі тесік (aperturaesinus sphenoidales)көрінеді. Бұл қойнау 7 жастан кейін түзіліп сына тәрізді сүйектің денесінің ішінде орналасады. Қойнау қалқа арқылы бөлінген. Бұл қалқа сынатәрізді (rostrum sphenoidale) алдыңғы бетіне шығады. Денесінің төменгі бетінде желбезек бекінеді. Бүйірлік беттерінде кіші және үлкен қанаттары болады.

Кіші қанаттар (alae minora) үш бұрышты, денесінен лотералды және жоғарғы өтеді. Кіші қанаттар негізінде көру нерві өтетеін көру өзегі (canalis opticus) орналасқан. Кіші қанттардың төменгі беті көзұясының жоғарғы қабырғасының түзуге қатысады, ал жоғарғы беті бассүйек қуысына қарап орналасқан.

Үлкен қанатты (ala majora) жан жаққа беттейді. Олардың әр қайсысының негізінде 3 тесік болады: алдынан дөңгелек (for.rotundum), одан кейін сопақша (for.avale) және қанат бұрышының аймағында қылқанды тесік (for. spinosum). Алдыңғы екуі арқылы үшкіл нерв, ал соңғысы арқылы мидың қатты қабығын қоректендіретін артерия өтеді. Үлкен қанаттардың ішкі ми беті иілген болады. Сыртқы дөңес беті көзұясының қабырғасын түзуге қатысатын көзұялыққа және самай шұңқырлары құрамына кіретін самайға бөлінеді. Кіші және үлкен қанаттар көз ұяға нервтермен тамырлар өтетін жоғарғы көзұялығ саңылаумен (fissura orbitalis superior) шектеледі.

Қанат тәрізді өсінділер (processus pterygoidei) төменге бағытталған. Олардың әрқайсысы алдынан жалғасып өсетін екі табақшадан жасалған, артынана бөлініп, қанат тәрізді шұңқырда (fossa pterygoidei) шектейді.медиалды табақша (lam.medialis)мұрын қуысының түзуіне қатысады, төменінде қанат тәріді ілмекпен (hamulus pterygoidei) шектеледі. Латералды табақшаның сыртқы беті самай асты шұңқырға қараған. Әр қанат тәрізді өсіндінің негізінде алдынан артқа қарай жіңішке қанат тәрізді өзекпен (canalis pterygoide) тесілген. Ол қанаттаңдай шұңқырын тесік аймағымен байланыстырады.

Шеке сүйек (os parietale)бұл сүйек тегіс төртбұрышты, бассүйек күмбезін түзуге қатысады. Сүйек адамда үлкен ми сыңарларын қаптауына байланысты сүтқоректі жануарларға қарағанда максималды мөлшерде болады. Сыртқы дөңес бетінде шеке төмпегі (tuber parietale) анық көрінеді. Төмпектер және төменгі жиегі арасынан жоғарғы және төменгі самайсызықтары доға тәрізді горизанталды жүреді. Оларға самай шайнау  бұлшық еті және оның шандыры бекініп тұрады. Жоғарғы жүйек маңайында қоректендіріуші артерясымен венасы бар шеке тесігі орналасады. Олар бассүйек ішкі және сыртқы веналық желілерді байланыстырушы болып табылады. Жоғарғы жиек арқылы жоғарғы бас сүйек ішкі сагиталды веналық қойнаудың бірі болып табылатын кең жүлге өтеді

Ішкі ми беті тегіс және артериалық жүлгелерімен батыңқылары болады. Сүйектің 4 жиегін ажыратады: қатысты сүйектерге қараған маңдай және шүйде жүйегі, самай сүйегімен байланысқан қабыршақты жиегі, қарама қарсы жағынан аттас сүйекпен жанасатын сагиталды жійегі. Сонымен бірге 4 бұрышты болады: Шүйде, сына тәрізді, маңдай, емізік тәрізді бұрыштар.

Самай сүйегі (os temporale). Бұл сүйек бас қаңқасының негізін түзуге және күмбезін түзуге қатысады. Ол сына тәрізді, шүйде және төбе сүйектерімен байланысады. Самай сүйегінің 3 бөлігін ажыратады: тасты, дабылды және қабыршақты.

Тасты бөлігі (pars petrosa)немесн пирамида төбесімен алға және медиалды бағытталған, ал артынан және латералды жағы емізік тәрізді өсіндіге ауысатын 3 жақты пирамида пішінін иемденеді. Бұл бөлік арнайы есту және тепетеңдік мүшесінің берік сүйектің орны болып саналады. Пирамидада 3 беті жақсы көрсетілген: алдыңғы –жоғарғы және вертикалды орналасқан артқы бетімен ортаңғы бас сүйек шұңқырларын түзуге қатысады. Төменгі беті сыртқа бағытталып бассүйектің сыртқы қабырғасының негізін құрайды.

Алдыңғы бетінде кең ұңғыл – үшкүлдік батыңқы (impressio trigemini). Бұнда үшкіл нерв түйіні орналасады. Латералды қарасақ екі паралель жүлге көрінді. Медиалды жүлгесінде (sul.n.petrosi majoris) тасты нерв жатады. Ол жүлгенің латералды шетінде орналасқан саңылаудан (hiatus canalis n. petrosi majoris) шығады. Латералды жүлгеде (sul. n. petrosi minoris) өз саңылауынан (hiatus canalis n. petrosi minoris) шығатын кіші тасты нерв орналасады. Пирамида негізінде доға тәрізді томпақ (eminentia arcuata) шығады, оның астында ішкі құлақтың жоғарғы жартылай шеңбер өзегі орналысады. Доға тәрізді томпақтың және қабыршақтың алдыңғы бетіндегі тегіс алан дабыл қуысының төбесі (tegmen tympani) деп аталады, оның астында ортаңғы құлақтың дабыл қуысы орналасқан. Ортасына жақын атрқы бетінде ішкі есту тесігі (porus acusticus internus) анық көрінеді, ол ішкі есту жолынан (meatus acusticus internus) жалғасады. Мұнда бет және кіреберіс – ұлу нервтері өтеді.

Дабыл бөлігі (pars timpanica) сыртқы есту тесігін және сыртқы есту жолын (porus etmeatus acusticus externus) алдынан, төменгі жағынан және жұқа табақша түрінде шектейді.

Самай сүйек ішінен бірнеше өзектер өтеді.

  1. Бeт өзегінде (canalis facialis) бет нерві бар. Ішкі есту жолынан басталып пирамиданың алдыңғы бетінің ортасына дейін горизонталі жүреді. Бұдан саңылау арқылы үлкен тасты нерв өтеді. Осыдан өзек лотералды жағына тік бұрыш жасап бұрылады. Осы жерде дабыл қуысының медиалды қабырғасында вертикалды төмен бағытталып біз-емізік тәрізді тесікпен аяқталады.
  2. Ұйқы өзегі (canalis caroticus) пирамиданың төменгі бетінің сыртқы тесігінен басталады. Алдымен вертикалды жоғары жүріп, содан кейін иіліп, горизанталды бағытқа ауысады және пирамида төбесінен шығады. Өзектің ішкі қабырғасында бірнеше ұсақ тесіктер – ұйқы – дабыл өзекшелерінің бастамасы көрінеді. Өзекшелерде ішкі ұйқы артериясынан ортаңғы құлақт қуысына өтетін ұсаұ артериялар және нерв тармақтары болады.
  3. Бұлшық ет- түтік өзегі (canalis musculotubarius) пирамиданың алдыңғы шетімен самай сүйегі қабыошағының бұрышында тесікпен ашылады, ал дабыл қуысында аяқталады
  4. Еміздік тәрізді өзекше (canaliculus mastoideus) мойындық шұңқырынан басталып, дабыл- емізік тірізді саңылаудан шығады. Мұнда кезбе нервсінің құлақтың тармағы бар.
  5. Дабыл шегі өзекшесі (canaliculus chordae tympani) бет өзегінің вертикалды бөлігінде, самай сүйегінің пирамидасында басталып дабыл қуысы арқылы өтеді. Бұнда дабыл шегі яғни бет нервсінің тармағы бар.
  6. Дабыл өзегшесі (canaliculustympanicus) пирамиданың төменгі бетіндегі тасты шұңқыршаның түбінен басталады. Бұнда тіл- жұтқыншақ нервісінің дабыл тармағы бар.

Маңдай сүйек (os frontale)бұл бассүйек негізін және күмбезін, көз ұясын, мұрын қуысын және самай шұңқырын түзуге қатысады. Ми сауыты сүйектерінен торлы, сына тәрізді және шеке сүйектерімен байланысады. Оның 4 бөлігі ажыратылады: маңдай қабыршақты, жұп көз ұялы және мұрын.

Маңдай қабыршағы тегіс, артқа және вертикалды бағытталған. Оның сыртқы беті дөңес, тегіс және орталығында маңдай төмпектері(tubera frontalia) болады. Қабыршақ үлкен ми сыңырларының маңдай бөліктерін жабады. Адамда интеллект қызметін атқаратындықтан мидың бұл бөлігі  жақсы дамыған,сондықтан қабыршақ мандай сүйектің ең ірібөлігі болып табылады.Мандай қабыршағы төменнен өткір көзұяүсті жиегімен (margo supraorbitalis) шектеледі, оның медиалді бөлігіңде аттас тамырлар мен нервтерге арналған көзұяүсті тілігі (тесігі) (incisura (foramen) supraorbitalis) көрінеді. Көзұяүсті жиегінің латералді бөлігі бетсүйегі қосылатын өткір бетсүйек өсіндісімен (processus zygomaticus) аяқталады. Көзұяүсті жиегінің медиалді бөлігінен жоғары қасүсті доғалары (arcus superciliares) көрінеді, оның үстінде тегіс алаң – глабелла, кеңсірікүсті орналасады. Маңдай қабыршағының ішкі дөңес жағында ми және артерия қатпарларының батыңқылары (impressiones digitatae et juga cerebralia) көрінеді. Сондай-ақ, маңдай қырына (crista frontalis) өтетін жоғарғы сагиталді қойнаудың жүлгелерін (sul. sinus sagittalis superior) де көруге болады. Қыр соқыр тесікте (for. caecum) аяқталады. Маңдай сүйектің қыры және соқыр тесікаймағында қатты ми қабықшасы бекінеді. Ол жүлге үстінен жоғарғы сагиталді қойнау түзеді.Жұп көзұялық бөлігі горизонталді орналасқан үшбұрышты табақша түрінде болады. Төменгі, көзұялық беті тегіс және дөңес болып келеді. Оның бетсүйек өсіңдісі қасында көзжас безінің шұңқыры (fossa glandulae lacrimalis), ал аддыңғы медиалді бөлігінде шығыршық шұңқыры орналасқан.

Мұрын бөлігі иіс сезу мүшесінің қаптамаларын түзуге қатысады. Ол торлы тілікті (incisura ethmoidalis) таға тәрізді қоршайды. Маңдай сүйекте ауалы қойнау (sinus frontalis) орналасқан. Ол басқа да мұрын жанындағы қойнаулар сияқты тыныс алатын ауаны ылғалдатып жылытады. Қуыс туылғаннанкейін қалыптасады және оның мөлшері әр адамға әр түрлі болады.

Бет сүйектері

Жоғарғы жақсүйек (maxilla). Бүл жұп сүйек ауыз қуысын, мұрын қуысын, көзұясын, самайасты және қанаттәрізді-маңдай шұңқырын түзуге қатысады. Оның денесі және 4 өсіңдісі бар.

Жоғарғы жақсүйектің денесінде (corpus maxillae) мұрын қуысымен байланысатын ауалы жоғарғы жақсүйектік (гаймор) қойнау(sinus maxillaris) орналасады. Бұл құрсақ ішіндегі кезден бастап дамитын жалғыз ауалы мұрын қуысы болып табылады.

Денесінің сыртында 4 беті ажыратылады. Көзұясының төменгі қабырғасының біраз бөлігін түзетін тегіс үшбұрышты көзұя беті жоғарыға бағытталған. Бұл бетінде артынан алға қарай көзұяасты жүлге (sul. infraorbitalis) өтеді. Ол алдыңғы бетінде көзұяасты тесігі (for.infraorbitale) арқылы ашылатын көзұяасты өзегіне (canalis infraorbitalis) өтеді. Өзекте нервтер мен тамырлар бар. Көзұя беті алдыңғы бетінен өткір көзұяасты жиек арқылы бөлінген. Одан ит тіс шұңқыры (fossa canina) және көзұяасты тесігі (for.infraorbitale) көрінеді. Мұрын беті мұрын қуысының латералді қабырғасын түзуге қатысады. Бұл бетінде жоғарғы жақсүйектің қойнауының тесігі (hiatus maxillaris) орналасқан, оның алдынан жоғарыдан төмен қарай көзжас жулгесі (sulcus lacrimalis) өтеді. Бұл жүлгеде көзжасмұрын өзегі орналасқан. Жоғарғы жақсүйек денесінің дөңес самайасты беті (facies infratemporalis) артқа беттейді. Одан ұяшықтың тесіктер (for.alveolaria) көрінеді. Бұл тесіктер арқылы жоғарғы артқы тістерге нервтер мен тамырлар барады. Самайасты бетінің төменгі бөліміңде жоғарғы жақсүйектің төмпегі (tuber maxillae) болады.

Маңдай өсіндісі (processus frontalis) вертикалді жоғары бағытталған. Ол маңдай сүйектің мұрын бөлігімен байланысады. Оның латералді жағында көзжас қыры вертикаль жүреді. Ол алдынан көзжас қабының шұңқырын шектейді.

Латералді жағында жалпақ бетсүйек өсіндісі (processus zygomaticus) жүреді. Ол аттас сүйекпен байланысады. Үяшықтық өсінді (processus alveolaris) доғатәрізді, төменге бағытталған. Оның төменгі бос жиегінде тіс ұяшықтары – 8 тістің шұңқырлары орналасқан. Өсіндінің сыртқы бетінде тістерге байланысты ұяшықтық төмпектері болады.

Таңдайлық өсінді (processus palatinus) горизонталді бағытталады. Жоғарғы жақсүйектердің екеуі де мұрын сүйектерімен алмұрттәрізді апертураны – мұрын қуысына апаратын жалпақ тесікті шектейді.

Төменгі жақсүйек (mandibula). Ол жоғарғы жақсүйекпен бірігіп беттің үлкен бөлігін құрайды. Буын арқылы самай сүйектерімен байланысатын болғандықтан өте қозғалмалы болады. Оның денесі және екі тармағы ажыратылады.

Денесі (corpus mandibulae) тағатәрізді ойыс табақша пішіндес. Оның жоғарғы жөне төменгі, сыртқы және ішкі беттері бар. Ұяшықтық доға (arcus alveolaris) деп аталатын жоғарғы жиегінде 16 тіске арналған тіс ұяшықтары орналасқан. Жас үлкейген сайын тістердің толық жойылуына байланысты алдымен ұяшыққалқалар жойылады, содан кейін ұяшықтық доға да жойылады және төменгі жақсүйектің денесі буылтық сияқты түрге айналады. Төменгі жалпақ, дөңгеленген жиегі, тығыз заты сүйек төменгі жақсүйектің негізі (basis mandibulae) деп аталады. Сыртқы дөңес бетінің ортасында иек шодыры (protuberantia mentalis) көрінеді. Одан латералді орналасқан ұсақ тіс түбірлерінің деңгейінде иек тесігі (for. mentale) – төменгі жақсүйек өзегінің (canalis mandibulae) шығысы болады. Ішкі ойыс бетінің ортасында иек қылқаны (spina mentalis) – төменгі жақсүйектің онтогенездегі жұп қатпарының бірігу орны шығады. Оның латералді жағында аттас сілекей безі үшін тіласты шұңқыры (fossa sublingualis) орналасқан. Осы беті арқылы жақсүйек тіласты сызығы (linea mylohyoidea) диагональ өтеді. Оның артынан және төменінен төменгі жақсүйекасты шұңқыры (fossa submandibularis) көрінеді.

Денесінің артқы шеттерінен төменгі жақсүйегінің тармақтары (rami mandibulae) жоғарыға вертикалді көтеріледі.Олардың әрқайсысының жоғарғы шеттері екіге бөлінген. Тіліктің алдында тәждік өсінді (processus coronoideus) – самай шайнау бұлшықетінің бекінетін орны, ал артында айдаршьіқ өсіндісі (processus condylaris) орналасқан. Денесінің тармаққа өтетін орны төменгі жақсүйектің бұрышы (angulus mandibulae) деп аталады. Есейе келе оның мөлшері өзгереді. Жаңа туған нөрестелерде төменгі жақсүйек қуысты доға (шамамен 150°) түрінде болады. Орта жасқа келгенде төменгі жақсүйектің денесі мен тармақтары тік бұрышпен (110-130°) байланысады. Қартайған шақта тістер жойылған соң төменгі жақсүйектің иілу бұрышы қайтадан үлкейеді. Сыртқы бетінің бұрышы аймағыңда шайнау бұдырмағьі (tuberositas masseterica), ал ішкі жағында қанаттәрізді бұдырмақ (tuberositas pterygoidea) орналасқан. Тармақтың ішкі бетінде тілік астынан төменгі жақсүйек тесігі, яғни төменгі жақсүйек өзегінің бастауы көрінеді. Соңғысы доғатәрізденіп төменгі жақсүйектің денесі мен тармақтарына өтеді жөне тістер мен тіс аймағындағы тіндер үшін нервтері мен тамырларды құрайды. Өзек төменгі жақсүйектің сыртқы бетінде иек тесігімен аяқталады

Бem сүйектің сүйектері.

Таңдай сүйек (os palatinum) жұп сүйек болып келеді. Оның горизонталді табақшасы қарама-қарсы жағынан осыңдай табақшамен байланысып сүйекті таңдайдың артқы бөлімін құрайды. Перпендикуляр табақша мұрын қуысының латералді қабырғасын түзуге қатысады. Перпендикуляр табақша сынатәрізді-таңдай тілігі арқылы алдыңғы көзұялық және артқы сынатәрізді өсінділерге бөлінеді.

Төменгі мүрын қалқаны (concha nasalis inferior) білігі бойынша жұқа, ұзын, бүгілген табақша болып табылады. Бір жиегімен мүрын қуысының латералді қабырғасына беқінеді, екінші жиегі мұрын қуысына ілініп бекінеді. Сүйек ортаңғы және төменгі мұрын жолына бөлінеді.

Желбезек немесе өре сүйек (vomer) төртбұрышты жұқа табақша пішіндес. Торлы сүйектің перпендикуляр табақшасыменқосылып мұрын қуысы қалқасының бөлігін құрайды.

Бетсүйек (os zigomaticum) көзұяны, бетсүйектік доғаны және самай шұңқырын түзуге қатысады.

Мұрын сүйек (os nasale) қарама-қарсы жағынан осындай сүйекпен бірігіп мұрын арқашығын құрайды.

Көзжас сүйек (os lacrimale) жұқа, тегіс, төртбұрышты. Көзұясының медиалді қабырғасының алдыңғы бөлімінде жатадыжәне жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісімен бірге көзжас қабының шұңқырын түзеді.

Тіласты сүйек (os hyoideum). Төменгі жақсүйек астында мойын бұлшықеттерінің арасында тағатәрізденіп орналасқан. Тіласты сүйек денесінен жоғарыға екі кіші мүйіз, артқа қарай екі үлкен мүйіз шығады.

Самай – төменгі жақсүйек буыны (art. temporo-mandibularis) жұп болады. Самай сүйегінің төменгі жақсүйек шұңқыры мен буын төмпешігі төменгі жақсүйектің айдаршық өсіндісінің буын бетімен мүшеленеді. Қаптама буын беті жиегі арқылы бекінеді. Буын қуысының ішінде буын дискі орналасқан. Ол қаптамамен бітісіп өседі де буын қуысын 2 бөлімге бөледі: жоғарғы және төменгі. Қаптама самай сүйегінің бетсүйек өсіндісінен төменгі жақсүйектің айдаршық өсіндісінің мойнына баратын латералді байламмен (lig. laterale) бекітіледі. Пішініне байланысты буын айдаршықты, екі буында да қозғалыс бір уақытта жүреді.

Фронталді білік айналасында төменгі жақсүйектің түсірілуі мен көтерілуі болуы мүмкін. Сонымен қатар, төменгі жақсүйекті алға қозғау болуы да мүмкін.

ТҰТАС БАССҮЙЕК

Бассүйектің ішкі негізі (basis cranii interna). Ол ми негізіне тірек болады және оның бедерін қабылдайды. Оны 3 бассүйек шұңқырына бөледі.

Алдыңғы бассүйек шұңқыры (fossa cranii anterior) алдынан жөне бүйірлерінен маңдай қабыршағымен, ал артынан сынатәрізді сүйектің кіші қанаттарының артқы жиегімен шектелген. Шұңқыр мандай (көзұя бөлігі), торлы (торлы қабықша) және сынатәрізді (кіші қанаттары) сүйектерінен түзілген. Оның түбі тегіс емес. Көзұя бөлігі көтеріледі, олардың арасында үңгіршік орналасады. Шүңқырдың ортаңғы облыстарында әтеш айдары мен соқыр тесік көрінеді, оның жан-жағында торлы сүйектің табақшасынының көптеген тесіктері орналасқан. Олар иіс сезу жіпшелерін өткізу қызметін атқарады. Алдыңғы бассүйек шұңқырында ми сыңарларының маңдай бөліктері орналасқан.

Ортаңғы бассүйек шұңқыры (fossa cranii media) сынатәрізді және самай сүйектерінен тұрады. Ол алдыңғыға қарағанда тереңдеу орасты шұңқырының жоғарғы қабырғасы жатады. Сонымен бірге төменгі жақсүйек буынының құрамына кіретін төменгі самай шұңқыры және буын төмпешігі орналасқан.

Шүйде сүйектің негізгі бөлімінің жан-жағында бұрыс пішінді тесіктер, яғни шеміршекпен толтырылған жыртық тесіктер болады.

Негізгі бөлімінің артқы жағында мидың жұлынға өтетін аймағы – үлкен шүйде тесігі орналасқан. Оның жан-жағында бірінші мойын омыртқасымен байланысатын шүйде айдаршықтары болады. Айдаршықтар негізіңде тіласты өзегі өтеді, ал олардың артында тұрақсыз тесігі бар айдаршық шұңқыры көрінеді.

Негізгі бөлімнен және шүйде айдарларынан латералді орналасқан алаңдар самай сүйегі пирамидасының төменгі бетімен толтырылған. Бұңда мойындырық венасы орналасатын және емізіктәрізді өзекше басталатын шұңқырды көруге болады. Оның жаныңда ұйқы өзегінің сыртқы тесігі бар. Нерв түйіні орналасатын және дабыл өзекшесінің бастауы болатын кішкене тасты шұңқырша олардың арасындағы қырдан көрінеді. Шығып тұрған бізтәрізді өсінді мен емізіктәріздінің арасында біз-емізіктәрізді тесік болады. Ол бет нервісінің шығу орны болып табылады. Самай сүйегі пирамидасының артқы жиек шекарасындағы жыртық тесік жанында ұлу өзекшесінің сыртқы тесігі көрінеді.

Үлкен шүйде тесігінің артынан ортасына дейін сүйектің сыртқы қыры өтеді. Оның шетінде сыртқы шүйде шодыры көтеріледі. Бұлшықеттер бастауының бекіну орны қызметін атқарушы желке сызықтары шүйде қырынан жан-жаққа бағытталады

Мұрын қуысы (cavitas nasi) бетсүйегінің орталығында орналасқан. Жоғары жағында бассүйек қуысымен, төменгі жағында ауыз қуысымен шектеседі, ал бүйірлерінде көзұялар және жоғарғы жақсүйек қойнаулары орналасады. Мұрын қуысының алдыңғы және артқы тесіктерін, қалқасы мен 4 қабырғасын ажыратады: жоғарғы, төменгі және екі латералді.

Алдыңғы алмұрттәрізді тесік (apertura piriformis) мұрын сүйектерінен және жоғарғы жақсүйектің мұрын тіліктерінен түзілген. Артқы тесік – хоана арқылы мұрын қуысы жұтқыншақпен байланыста болады. Хоаналар медиалді жағынан қалқамен өзара ажыратылған. Әр хоана латералді жағынанқанаттәрізді өсіндінің медиалді табақшасымен, төменгі жағында таңдай сүйектің горизонталь табақшасымен, жоғарғы жағында сынатәрізді сүйектің денесімен шектеседі.

Мұрын қалқасының сүйекті бөлігі өре сүйектен және торлы сүйектің перпендикуляр табақшасынан түзілген. Мұрын қуысының төменгі қабырғасы сүйекті таңдай болып табылады. Мұрын қуысының жоғарғы қабырғасын алдыңғы жағынан мұрын сүйектері, маңдай сүйектің мұрын бөлігі, аттас сүйектің торлы табақшасы және сынатәрізді сүйек денесі құрайды.

Мұрын қуысының латералді қабырғасы күрделірек құрылған. Оны құрайтындар: мұрын және көзжас сүйектері, жоғарғы жақсүйек, торлы сүйекті лабиринті, төменгі мұрын қалқасы, таңдай сүйектің перпендикуляр табақшасы және сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіңділерінің медиалді табақшасы.

Латералді жагынан үш мұрын қалқасы ілінеді: жоғарғы және ортаңғысы торлы лабиринттің бөлігі, ал төменгісі өз бетінше сүйек болып табылады. Қалқалар мұрын қуысының қабырғасын 3 мұрын жолына бөледі. Төменгі мұрын жолы мұрын қуысының түбінен және төменгі мұрын қалқасынан түзілген. Оған мұрын-көзжас және күрек тіс өзектері ашылады. Ортаңғы және төменгі мұрын қалқаларының арасынан ортаңғы мұрын жолы өтеді. Оған жоғарғы жақсүйек жөне маңдай қойнаулары, торлы лабиринттің алдыңғы және ортаңғы ұяшықтары ашылады. Ортаңғы мұрын жолын қанаттәрізді – таңдай шұңқырымен жалғастыратын қанаттәрізді-таңдай тесігі (for. sphenopalatinum) де ортащы мұрын жолымен байланысады.

Жоғаргы мұрын жолы жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқаларының арасында орналасады. Ол торлы лабиринттің артқы ұяшықтарымен байланысады.

Ауыз қуысы (cavitas oris) жоғарғы жағынан сүйекті тандаймен, алдынан және бүйірлерінен ұяшық өсінділер мен тіс қатарларымен шектеледі. Сүйекті таңдайдың алдыңда ауыз қуысын мұрын қуысымен жалғайтын күрек тіс тесігі, ал артқы бөлімінде тамырлар мен нервтер өтетін үлкен таңдай тесігі көрінеді.

Көзұя(orbita) төртжақты пирамида пішіндес, артқа және медиалді бағытталған төбесі бар жұп қуысты. Көзұяға жоғарыдан өту маңдай сүйектің көзүсті жиегімен, төменгі жағынан жоғарғы жақсүйектің көзүсті жиегімен, медиалді жағынан жоғарғы жақсүйектің өсіңдісімен және маңдай сүйекпен, ал латералды жағынан бетсүйегімен және маңдай сүйектің бетсүйек өсіндісімен шектеледі.

Көзұяда 4 қабырғаны ажыратады. Жоғарғы қабырға маңдай сүйектің көзұя бөлігінен және сынатәрізді сүйектің кіші қанаттрынан түзілген. Төменгі қабырғаның көп бөлігін жоғарғы жақсүйектің көзұя беті құрайды. Латералді қабырғасы сынатәрізді сүйектің үлкен қанаттарының көзұя бетінен және бетсүйектен түзілген. Медиалді қабырғасы күрделірек құрылған. Оны алдынан артқа қарай жоғарғы жақсүйектің маңдай өсіндісі, көзжас сүйегі, торлы сүйектің көзұя табақшасы және сынатәрізіді сүйектің денесі құрайды,ал артқы бөлімдерінде қабырға мандай сүйектің көзұя бөлігімен толықтырылады.

Медиалді қабырғасының алдыңғы бөлігінде көзжас қабының шұңқыры көрінеді. Көзұя пирамидасының жоғарғы латералді бұрышы көзжас бездерімен, ал артынан жоғарғы көзұя саңылауымен тығыздалады. Төменгі латералді бұрышты төменгі көзұя саңылауы алыпжатады және сол арқылы көзұя қанаттәрізді – тандай шұңқырымен байланысады. Пирамиданың ең төбесінде көру нерві өтетін көру өзегі орналасады. Төменгі қабырға бойымен артерия мен нерв жататын көзұяасты жүлге өтеді. Медиалді қабырғасында алдыңгы және артқы торлы тесіктер мен көзжас қабының шұңқыры көрінеді

Самай шұңқыры (fossa temporalis) сынатәрізді сүйектің үлкен қанаттарынан, төбе сүйектен, кабыршақтан жөне самай сүйектің қабыршақты бөлігінен құралған. Жоғары жағынан және артынан жоғарғы самай сызығымен, төменгі жағынан бетсүйек доғасымен, ал алдынан бетсүйекпен шектеледі.

Самайасты шұңқыры (fossa infratemporalis) жоғары жағынан сынатәрізді сүйектің үлкен қанаттарымен, алдынан жоғарғы жақсүйектің самайасты беті және бетсүйекпен, медиалді жағынан сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіндісімен, ал латералдіжағынан төменгі жақсүйектің тармағымен шектеледі. Шұңқыр бұлшықеттермен толтырылған. Төменгі көзұя саңылауы арқылы көзұямен, ал сопақша тесік арқылыортаңғы бассүйек тесігімен байланыста болады. Медиалді жағынан қанаттәрізді – таңдай шұңқырына өтеді.

Қанаттәрізді – таңдай шұңқыры (fossa pterygopalatina) төменгі жақсүйектің төмпегінің артыңда орналасады, артынан сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсіңдісімен, медиалді жағынан таңдай сүйектің перпендикуляр табақшасымен шектеледі. Латералді жағынан самайасты шұңқырына ашылады. Мұрын қуысымен, бассүйек қуысымен, көзұямен, ауыз қуысымен жөне жыртық тесік аймағымен байланыста болады. Құрамында вегетативті нерв түйіні бар.

НӘРЕСТЕ БАССҮЙЕГІ

Нәрестенің бассүйек бөлімдерінің мөлшері дене салмағы мен ұзындығына байланысты ересек адамға қарағанда үлкендеу болады. Бассүйек ересек адамда бойының 1/10-1/8 құраса, нәрестеде – 1/4 шамамен құрайды.

Нәрестенің бассүйек сүйектері бірігіп кеткен. Төменгі жақсүйегі желбезек доғасынан дамиды. Маңдай сүйек те осылай дамиды. Шүйде сүйегі 4 сүйекті қатпарлардан түзілген.

Шүйде және сынатәрізді сүйек денелері бөлінген. Олардың арасыңдағы кең кеңістіктер дәнекер тіннің қабаттары мен әлі сүйектенбеген шеміршекке толтырылған. Бассүйек еңбектерінің ең үлкені алдыңғысы (4×5 см) болып табылады. Ол маңдай сүйектің екі жарты қабыршағы мен екі шеке сүйек асарыңда орналасқан ромб тәрізді болып келеді. Еңбек ұзақ уақыттан кейін 2 жасқа келгенде бітісіп өседі. Артқы еңбек екі шеке сүйек пен шүйде сүйектің жоғарғы қабыршақты бөлімінің арасында орналасқан кішілеу (1,5 х 2,0 см) болып келеді. Ол туылғаннан кейін 2 айда бітісіп өседі. Бассүйектің бүйір бетінде тағы да 4 еңбек бар. Жұп алдыңғы латералді – сынатәрізді еңбек шеке, сынатәрізді, маңдай және самай сүйектерінің бірігу орнында орналасады. Өлшемі бойынша артқысына тең келеді. Бүл да 2-айда бітісіп өседі. Емізіктәрізді өсінді де кіші (1,5 х 1,5 см) болады. Сынатәріздімен бір уақытта бітісіп өседі.

Еңбектердің болуы сүйектердің әлі дамып бітпегенін көрсетеді. Олардың қызметі маңызды. Туылу кезінде бассүйек төбесі еңбектер әсерінен бір-біріне жақындап, өлшемі мен конфигурациясын өзгертуі мүмкін.

Туылған кезде жоғарғы жақсүйекті деп ауалы қойнау біреу болады, бірақ оның өлшем кіші болады. Нәрестелерде ол бұршаққа ұқсас келеді. Емізіктәрізді өсіндінің ұяшықтары 1 жылы (6-8 ай) пайда болады. Торлы сүйектің пневматизациясы 1-жылдың аяғы 2-жылдың басыңда білінеді. Осы кездерде маңдай қойнауы қалыптаса бастайды. Сынатәрізді қойнау 3-5 жаста бәрінен кейін дами бастайды. Бассүйекте бұлшықеттер бекінетін орыңдар тегістелген (қырлар, қылқан, щұңқырлар болмайды).

Нәрестенің бассүйек мөлшері бетсүйек мөлшерінен асады. Бүл қатынас 8:1 құрайды. Туылғаннан кейін бетсүйек өседі және ересек адамда бүл қатынас 3:1 құрайды.

Қорытынды

Еркек бассүйегі орташа алғанда әйел бассүйегінен үлкендеу; оның сиымдылығы шамамаен әйел бассүйегі сиымдылығынан 10% үлкендеу, бұл олардың дене шамаларының айырмашылықтарына байланысты. Әйел бас- сүйегінің беті тегістеу, өйткені бұлшықеттік бұдырлық онша күшті емес. Әйел бассүйегінің қасүсті доғалары нашарлау дамыған әрі еркектерге қара- ғанда маңдайы тіктеу, ал шекесі жайпақтау. Алайда, кейде бассүйекте жы- ныстық белгілер нашар білінетіндіктен, оларға қарап нақты адамның жыны- сын айыру мүмкін емес, оның үстіне шамамен 20% жағдайда әйел бассүйе- гінің орташа сиымдылығынан кем болмайды.

Әйел бассүйегінің шамасы еркекпен салыстыра алғанда кішірек болуы, еркектен миы аздау дамыған дегенді білдірмейді, әйел денесінің кішілеу шамасы мен оның пропорциясына сәйкес келеді.

 

Share This Class:

Яндекс.Метрика